Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округі әкімінің 2011.12.29 № 7 Шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, Шыңғырлау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық инспекторының 2011 жылғы 17 қазан № 454 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қызылкөл селолық округінің Қопа, Қоспа жайлауларына ірі қара малының арасында қарасан ауруының шығуына байланысты карантин режимін және шектеу іс–шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Досказиевке (келісім бойынша), Қызылкөл селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, малдәрігері С. Кулмагамбетовке ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық жануарларының арасында аса қауіпті індеттің таралуын алдын алу мақсатында өз құзыреттері шегінде осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 17 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қызылкөл селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, малдәрігері С. Кулмагамбетовке жүктелсін.
Қызылкөл селолық
округі әкімі С. Исбулатов
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Шыңғырлау
аудандық аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________С. Досказиев