Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу Қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 6 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 25 қаңтарда № 7398 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 Бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012.09.21 № 334 (ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 23) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу Қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (А. Тұрлубек) осы бұйрықтың одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялау арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Б.М.Жақсалиевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2012 жылғы 31 қаңтарынан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі           Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары
– Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технологиялар министрінің
2012 жылғы 12 қаңтардағы
№ 6 бұйрығымен бекітілген

Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 5-бабы 23) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның ұйымдар және олардың электр зертханаларына аккредиттеуді жүргізу, аккредиттеу туралы куәліктерді беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) аккредиттеу – энергетикалық сараптама жүргізуде ұйым құзыреттiлiгiн уәкiлеттi органының ресми тану рәсімі;
      2) аккредиттеу туралы куәлік – уәкілетті органның сарапшы ұйым жүзеге асыратын қызметті ресми тануын растайтын құжат;
      3) сарапшы – энергетикалық ұйымның қызметкері ретінде және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізуші қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;
      4) сарапшы ұйым – электр энергетикасы саласындағы энергетикалық сараптама жүргізу үшін аккредиттелген ұйым;
      5) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      6) электр қауіпсіздігі бойынша II рұқсат тобы бар сарапшы-жылу технигі – электр қондырғылары туралы қарапайым техникалық білімі бар; электр тоғының және тоқ жүретін бөлшектерге жақындау қауіптілігі туралы айқын түсінігі бар; электр қондырғыларындағы жұмыс және электр тоғынан жәбірленгендерге алғашқы көмек көрсетудің тәжірибелік дағдылану кезінде негізгі сақтандыру шараларын білетін тұлға;
      7) электр қауіпсіздігі бойынша IV және одан жоғары рұқсаты бар сарапшы – арнайы кәсіптік техникалық училище көлемінде электр техникада білімі бар; жұмысты қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыруды және кернеулігі 1000 В-қа дейін және одан жоғары электр қондырғыларында қадағалау жүргізуді білетін, қауіпсіздік техникасы қағидаларына және электр тоғынан жәбірленгенге алғашқы көмек көрсетуді басқа топтардың персоналына үйретуді білетін тұлға.
      8) 1-ші санатты сарапшы ұйым – Қазақстан Республикасының кемінде он облысында және Астана, Алматы қалаларында тұрақты жұмыс істейтін оқшау құрылымдық бөлімшелері (филиалдар және (немесе) өкілдіктері) бар, сондай-ақ энергетикалық сараптама жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі үш жылдан кем емес энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдар мен электр және жылу энергиясын тұтынушыларының электр қондырғыларының қуаты 500 кВА (КилоВольтАмпер) дейін және одан да жоғары және (немесе) жылу қондырғыларының қуаты 1 Гкал/сағ (Гигакаллорий сағатына) дейін және одан да жоғары қосылған ұйымдарға энергетикалық сараптама жүргізуге уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
      9) 2-ші санатты сарапшы ұйым – энергетикалық сараптама жүргізу саласында тәжірибесі бір жылдан кем емес және электр қондырғыларының қуаты 500 кВА дейін және (немесе) жылу қондырғыларының қуаты 1 Гкал/сағ дейін қосылған электр және жылу энергиясын тұтынушыларының энергетикалық сараптамасын жүргізуге уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
      10) 3-ші санатты сарапшы ұйым – электр қондырғыларының қуаты 100 кВА дейін және жылу қондырғыларының қуаты 1 Гкал/сағ дейін қосылған электр және жылу энергиясын тұтынушыларының энергетикалық сараптамасын жүргізуге уәкілетті орган аккредиттеген ұйым.
      3. Аккредиттеу энергетикалық сараптама бойынша қызмет көрсету құқығын алу үшін ұйым мен оның электр зертханаларына (бұдан әрі – ұйымдар) қатысты жүзеге асырылады.
      4. Ұйымдарды аккредиттеу уәкілетті органмен жүргізіледі.

2. Ұйымдарды аккредиттеу жүргізу тәртібі

      5. Аккредиттеуден өту үшін ұйым уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және ұйым жарғысы туралы куәліктерінің көшірмелері;
      3) мыналардың бар болуын растайтын құжаттар:
      электр зертханалары (1 және 2-санатты сараптама ұйымдары үшін – меншік құқығындағы, 3-санатты сараптама ұйымдары үшін – меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде), электр жабдықтары, ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдарының құрамы, олардың аттестатциялары мен мемлекеттік тексерулері;
      электр қауіпсіздігі бойынша тиісті рұқсат тобы (IV және одан жоғары – сарапшылар мен II топтың сарапшы-жылу техниктері үшін) бар білікті персонал (сарапшылар);
      1-ші санатты сарапшы ұйым үшін – Қазақстан Республикасының кемінде 10 облысында және Астана, Алматы қалаларында тұрақты жұмыс істейтін кемінде үш жыл энергетикалық сараптама өткізу жұмыс тәжірибесі бар, оқшау құрылымдық бөлімшелер (филиалдар және (немесе) өкілдіктер);
      2-ші санатты сарапшы ұйым үшін – энергетикалық сараптама жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі бір жылдан кем емес.
      6. Уәкілетті органға құжаттардың көшірмелері салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бірге не құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері ұсынылады.
      7. Аккредиттеуден өтуге сарапшы ұйымның құжаттары түскен күннен бастап уәкілетті орган 30 күнтiзбелiк күн ішінде аккредиттелген ұйымдар тізіліміне ұйымды аккредиттеу туралы жазу енгізеді және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiк бередi немесе аккредиттеуден жазбаша уәжді бас тартады.
      Аккредиттеуден өткізуден бас тартудың негізі сарапшы ұйым ұсынған құжаттардың осы Қағидалардың 5-тармағындағы талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.
      8. Осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аккредиттеуден өту үшін жіберілген құжаттар толық болмаған жағдайда, уәкiлеттi орган құжаттар түскен күннен бастап 7 жұмыс күнi iшiнде қайтарудың уәжделген жазбаша себептерін көрсете отырып, ұйымға қайтарады.
      9. Уәкілетті орган осы Қағидаларда 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттелген ұйымдар тізілімін жүргізеді.
      10. Аккредиттеу жөніндегі куәліктің қолданылу мерзімі:
      1) 1-санатты сарапшы ұйымдар үшін – үш жыл;
      2) 2 және 3-санатты сарапшы ұйымдар үшін – екі жыл.
      11. Аккредиттеу туралы куәлік ажыратылмайтын болып табылады және басқа заңды тұлғаларға беруге болмайды.
      12. Уәкілетті орган аккредиттеу жөніндегі куәліктің дайындалуын, тіркелуі мен сақталуын қамтамасыз етеді.

3. Аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу, тоқтату

      13. Уәкілетті органмен аккредиттеу туралы куәлікті қайтарып алу келесі жағдайларды жүргізіледі:
      1) аккредиттелген ұйымның жазбаша өтініші бойынша;
      2) аккредиттеу туралы куәлікті алу кезінде сарапшы ұйымның анық емес ақпарат жолдауы;
      3) заңды тұлғаны таратуы, қайта ұйымдастыруы;
      4) бөліну немесе құрамынан шығу формасындағы заңды тұлғаның таратылуы, қайта құрылуы;
      5) аккредиттеу туралы куәліктің қолдану мерзімінің аяқталуы.
      14. Электр зертханаларына иелік етуі тоқтатылған жағдайда сарапшы ұйым бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы туралы хабарлайды.
      15 Қосылу, бірігу немесе қайта өзгерту формасындағы заңды тұлғаның қайта құрылуы кезінде заңды тұлғаның атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны өзгерген жағдайда, аккредиттелген ұйымдар уәкілетті органға аккредиттеу жөніндегі куәлікті осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      16. Уәкілетті орган тиісті жазбаша өтініш түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі куәлікті қайта ресімдейді.
      Бұл ретте бұрын берілген аккредиттеу туралы куәліктің күші жойылды деп танылады және аккредиттелген ұйымдар тізіліміне тиісті ақпараттар енгізіле отырып, уәкілетті органға қайтарылады.
      17. Аккредиттеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган аккредиттелген ұйымның жазбаша өтініші бойынша он жұмыс күніне дейінгі мерзімде аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      Жоғалған аккредиттеу туралы куәліктің түпнұсқасы жарамсыз деп танылады, ол туралы аккредиттелген сарапшы ұйымдар тіркеліміне тиісті жазба енгізіледі.

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электр зертханаларын
аккредиттеу қағидаларына
1-қосымша

форма
____________________________
(мемлекеттік органның атауы)
____________________________
(заңды тұлға атауы)

Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды және электр зертханаларын аккредиттеу өтініші

_____________________________________________________________________                             (заңды тұлға атауы)
_____________________________________________________________________
(БСН (СТН), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік нөмірі мен күні)
_____ санаты бойынша электр зертханалары мен энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеу өткізуді сұрайды.

Заңды тұлғаның орналасқан орны (болған жағдайда оның филиалдарының, өкілдіктерінің):
Мекенжайы:___________________________________________________
Телефон нөмірлері: __________________________________________
E-mail: _____________________________________________________
Факс:________________________________________________________

Ұсынылатын құжаттар тізбесі:

      1. ______________________
      2. ______________________
      3. ______________________
      4. ______________________
      5. ______________________
      6. ______________________

Ұйым басшысы (лауазымы)
___________________________
      (қолы) (Т.А.Ә)

      М.О. «_____» _________________ 20___ж.

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электр зертханаларын
аккредиттеу қағидаларына
2-қосымша

форма

__________________________________________________________________
         (куәлік берген мемлекеттік органның толық атауы)

электр зертханаларын және энергетикалық сараптама жүргізуге
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

«____» _____________ 20___ж.
           (күні)_____________________________________________________________________
(ұйымның толық және қысқаша атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны
көрсетіледі)
___________________________________________________________берілді.
Орналасқан орны:_____________________________________________________
                              (заңды тұлғаның мекенжайы)_____________________________________________________________________
Сарапшы ұйым санаты: ________________________________________________

Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Куәліктің қолданыс мерзімі берілген күннен бастап ______ жыл

Басшысы (уәкілетті органның)
_____________________________________________________________________
                       (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      М.О.
      Серия _______ № ______

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды және электр зертханаларын
аккредиттеу қағидаларына
3-қосымша

форма

Аккредиттелген сараптама ұйымдардың тізілімі

р/с №

Күні

Сарапшы ұйымдардың атауы

Аккредиттеу туралы куәлік сериясы мен нөмері, санаты

БСН СТН

Заңды мекен-жайы, байланыс деректері

Куәлікті қайта ресімдеу, тоқтату, жоғалту








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады