"Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 8 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 31 қаңтарда № 7402 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 7 тамыздағы № 80 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 07.08.2014 № 80 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7330 санымен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулықта (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) (бұдан әрі - Нұсқаулық):
      13-бөлім және Нұсқаулықтың 15-қосымшасы алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне орындау үшін жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
            Бас Прокуроры                        А. Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады