"Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 08-1-1-1/24 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 45 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 07 ақпанда № 7416 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2013 жылғы 05 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 07 наурыздағы № 175 Бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 05.03.2013 № 08-1-1-1/71 және ҚР Ішкі істер министрінің 07.03.2013 № 175 Бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6011 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2010 жылғы 7 шілдедегі № 10-құжатында жарияланған), мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықтағы:
      2-қосымша мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:
      «48. Иордан Хашимит Корольдігі».
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі                 Ішкі істер министрі
      _____________ Е. Қазыханов            _____________ Қ. Қасымов

      2012 жылғы 30 қаңтар                  2012 жылғы 25 қаңтар

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      ___________________ Н. Әбіқаев
      2012 жылғы 30 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады