"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В.Лепеха) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Қ.С.Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты |
Қ. Қасымов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығымен бекітілген |
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындары ішкі тәртібінің қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ұстау режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртібін белгілейді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қабылдау-тарату орындарында режимді қамтамасыз ету, онда ішкі тәртіпті ұстау қабылдау-тарату орнының әкімшілігі мен қызметкерлеріне жүктеледі.
3. Қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртібін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ішкі істер органының бастығы айқындайды және бекітеді. Ішкі күн тәртібі ережесі әрбір камерада ілінеді.
4. Осы Қағидада пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам – тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйі жоқ адам;
2) жүріп-тұру еркіндігін бастапқы шектеу – белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамды ішкі істер органдарының арнайы мекемесінде уақытша оқшаулауды қамтитын, оған қатысты құқық бұзушылық профилактикасының жеке шарасы.
5. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды ұстау туралы қаулының негізінде жүзеге асырылады.
6. Қабылдау-тарату орнына жеткізілетін адамдарды қабылдау-тарату бойынша кезекші тәулік бойы қабылдайды.
7. Қабылдау-тарату бойынша кезекші қабылдау үшін негіздердің бар-жоғын тексереді, содан кейін осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) құжаттары жоқ, қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды тіркеу журналында тіркейді.
8. Ұсталған сәттен бастап қырық сегіз сағаттың ішінде адамның тұрғылықты жері мен жеке басын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ішкі істер органдары осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) құжаттары жоқ, қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамға қатысты отыз тәулікке дейін жүріп-тұру еркіндігін бастапқы шектеу қолдану туралы қаулыны сотқа жолдайды.
9. Соттың санкциясын алған соң қаулы белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қолхат арқылы дереу жарияланады.
Сот жүріп-тұру еркіндігін бастапқы шектеуді қолдану туралы қаулыға санкция беруден бас тартқан жағдайда, мұндай адам қабылдау-тарату орнынан босатылады.
10. Қабылдау-тарату орнына жеткізілген, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты жүріп-тұру еркіндігін бастапқы шектеуді қолдану соттың санкциясын алған соң жүргізіледі.
11. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған әрбір адамға тексеру материалы басталады, оған ішкі істер органдарының қаулысы, сот санкция берген жүріп-тұру бостандығын бастапқы шектеуді қолдану туралы қаулы, жеке тексеру хаттамасы, жауап алу хаттамасы және басқа да материалдар қоса тігіледі.
12. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адам туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген деректер банкіне енгізіледі.
Бұл ретте адам санатын – "БТЖЖА", жұмыс желісін – "қабылдау-тарату орны" көрсетіп және міндетті түрде адамның суретін ұсына отырып, "Адамға арналған ақпараттық-іздеу карточкасы" (А-АІК) толтырылады және аумақтық ақпараттық-техникалық бөлініске жіберіледі.
13. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады.
14. Егер ұсталғандармен бірге балалары болса, олар соттың шешімімен жеке камераға бірге орналастырылуы және "Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуын ескерту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.
15. Адам қабылдау-тарату орнынан босатылған кезде қабылдау-тарату орнының бастығы немесе оның орынбасары осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босату туралы қаулы шығарады және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Біріктірілген деректер банкінің "Есептегі элемент" есебінен алу үшін осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босату туралы анықтаманың көшірмесі аумақтық ақпараттық-техникалық бөлініске жолданады.
16. Босатылған сәттен бастап жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға, сотқа және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығына жазбаша түрде хабарланады.
17. Қабылдау-тарату орнынан босатылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға сақталуы заңсыз болып табылатын заттардан басқа олардан сақтауға алынған құжаттар, ақша мен заттар қолхат арқылы қайтарылады.
18. Қабылдау-тарату орнынан босатылған кезде белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарға одан әрі орналастырылатын жерге жол жүру уақытына "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын айыпталушылар мен сотталғандарды күдіктілерді тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 448 бұйрығына сәйкес құрғақ тамақ және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тарату орнынан босату туралы анықтама беріледі.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 24.01.2024 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.19. Егер адамның жеке басы анықталса, адам қабылдау-тарату орнынан босатылғаннан кейін қабылдау-тарату орнының әкімшілігі бес жұмыс күні ішінде босатылғаны туралы анықтаманың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық басқармасына жібереді.
20. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адам қайтыс болған жағдайда, қабылдау-тарату орнының әкімшілігі бір тәулік ішінде бұл туралы ішкі істер органының кезекші бөліміне, сондай-ақ прокурорға хабарлайды.
21. Қайтыс болған адамның мәйіті патологоанатомиялық зерттеуден, сондай-ақ тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін оны талап еткен адамдарға беріледі, ал талап етілмеген жағдайларда, оның мәйітін жерлеу бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады.
22. Шетелдік қайтыс болған жағдайда қабылдау-тарату орнының әкімшілігі бұл туралы ішкі істер органының кезекші бөліміне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Ішкі істер министрлігіне хабарлайды.
2-тарау. Жеке тексеруді жүргізу, медициналық куәландыру, санитарлық өңдеу, саусақ іздерін алу, суретке түсіру тәртібі және медициналық-санитарлық қызмет көрсету нормалары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23. Қабылдау-тарату орнына жеткізілген және орналастырылған әрбір адамды кезекші толық жеке тексереді, медициналық куәландырудан, санитарлық өңдеуден өткізеді, саусақ іздерін алады, суретке түсіреді, содан кейін мұндай адам қолын қоя отырып, босатылғанға дейінгі қабылдау-тарату орнының ішкі күн тәртібімен таныстырылады.
24. Тексеру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) жеке тексеруді қабылдау-тарату орнының қызметкерлері жүргізеді;
2) жеке тексеруді тек тексерілетін адаммен жынысы бірдей екі куәгердің қатысуымен осындай жынысты адам ғана жүргізе алады;
3) заттарды тексеру, яғни олардың конструктивтік тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеу осы заттардың иесі болып табылатын адамның және куәгердің қатысуымен жүргізіледі;
4) қабылдау-тарту орнына орналастырылған адамда айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін заттар бар деп ұйғаруға негіздер бар болған жағдайда жеке тексеру, заттарды тексеру бұл туралы 24 сағаттың ішінде прокурорға хабарлай отырып, куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
5) егер фото - және бейне түсірілім жүргізілсе, тексеру хаттамасында оларды қолданғаны туралы тиісті жазба жазылады;
6) тексеру аяқталған соң осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке тексеру, жеке тұлғадағы заттарды тексеру хаттамасына оны толтырған лауазымды адам, жеке тексерілген адам, тексерілген заттардың иесі, куәгерлер қол қояды. Жеке тексерілген адам хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, онда тиісті жазба жазылады.
25. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамның жеке басын анықтау және есепке қою мақсатында "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылатын адамдардың, қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың арнайы есебін, ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдардың дактилоскопиялық арнайы есебін жүргізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша дактилоскопиялық карталар толтырылады және оның екі данасы полиция департаменттерінің жедел-криминалистикалық бөліністері мен аумақтылығы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жолданады";
Жедел-криминалистикалық бөліністер мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті басқармасының есептері бойынша жеке басы анықталмаған жағдайда дактилоскопиялық карталар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақпараттандыру және байланыс департаменті арқылы Ресей Федерациясының Ішкі істер министрлігінің бас ақпараттандыру-талдау орталығының базасы негізінде жұмыс істейтін Мемлекетаралық деректер банкі есептері арқылы тексеру үшін жолданады.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адам оң жақ, сол жақ бейінде және бойын толық көрсете отырып суретке түседі.
27. Қабылдау-тарату орнына жеткізілген, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамда дене жарақаттары және денсаулыққа зиян келтірудің айқын белгілері бар болған жағдайда қабылдау-тарату орнының кезекшісі жауап алу арқылы олардың пайда болу себептерін анықтайды және қабылдау-тарату орнының бастығына жазбаша түрде баяндайды.
28. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету Заңның 23-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 01.09.2023 № 673 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. Қабылдау-тарату орындарында ұстау шарттары, материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету нормалары
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
29. Камераларды жинастыруды және едендерді жууды медицина қызметкерінің қорытындысына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша көрсетілген жұмыстардан босатылған адамдарды қоспағанда, қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдар кезекші мен бекетшінің бақылауымен жүзеге асырады.
30. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарды өзіне өзі қызмет көрсетумен байланысты емес қандай да бір жұмыстарға пайдалануға жол берілмейді.
31. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарға серуендеу қабылдау-тарату орнының бастығы құрастырған кесте бойынша тәуліктің жарық уақытында беріледі.
32. Жүкті әйелдер мен өздерімен бірге баласы бар әйелдерге күн сайынғы серуендеу ұзақтығы кемінде үш сағатқа беріледі.
33. Осы Қағиданың талаптарын бұзған адамдарға теріс қылықтың сипаттамасы мен ауырлығына қарай мынадай ықпал ету шаралары:
ескерту;
үй-жайларды жинастыру бойынша кезектен тыс нарядқа түсу қолданылады.
Ықпал ету шараларын қолдану туралы шешімді қабылдау-тарату орнының бастығы қабылдайды және осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға ықпал ету шарасын қолдану туралы қаулымен ресімдейді.
34. Қабылдау-тарату орнының әкімшілігі қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарға гигиена, санитария, өрт қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін жағдайлар жасайды. Санитарлық алаң нормасы бір адамға кемінде 2,5 шаршы метр есебінен белгіленеді.
35. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдар жеке пайдалану үшін:
1) жататын орынмен;
2) төсек-орын жабдығымен: матрацпен, жастықпен және көрпемен;
3) төсек-орын тысымен: екі жаймамен және жастық тысымен;
4) тамақтану кезінде ыдыспен;
5) орамалмен;
6) сабынмен қамтамасыз етіледі.
36. Осы Қағиданың 35-тармағында көрсетілген заттар қабылдау-тарату орнында ұстау кезеңінде уақытша пайдалану үшін тегін беріледі.
37. Күн сайын камераларға ішу үшін қайнатылған су беріледі.
38. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған әрбір адамға аптасына кемінде екі рет ұзақтығы кемінде 15 минутқа душқа түсу мүмкіндігі беріледі.
39. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарға қырынуға арналған керек-жарақтар олардың өтініші бойынша белгіленген мерзімде беріледі. Содан кейін кезекшінің бақылауымен қайтадан сақтау камерасына қайтарылады.
40. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдар қамауда ұсталатын және уақытша ұстау изоляторындағы адамдар үшін белгіленген нормалар бойынша тамақпен қамтамасыз етіледі.
41. Азық-түлік өнімдерін кезекші осы Қағидаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдарға азық-түлік өнімдерін беру ведомосіне сәйкес күн сайын береді.
42. Шағымдар мен өтініштер жазу үшін кеңсе заттары (қағаз, қаламсап) беріледі.
43. Пайдалану үшін осы Қағидаға 10-қосымшаға сәйкес қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдар өзімен бірге алып жүре алатын және сақтай алатын заттар мен азық-түлік өнімдері тізбесіне сәйкес жеке төсек-орын заттары, сондай-ақ басқа да заттар мен бұйымдар қабылданады.
4-тарау. Камералардың жабдықталуы
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
44. Қабылдау-тарату орнының камералары:
1) санитарлық тораппен (арналық кәріз болмаған жағдайда, өз қажеттілігін өтеуге арналған күбішемен);
2) су құбыры бар шүмекпен (пластмассадан жасалған аспалы қолжуғышы бар су құбыры болмаған жағдайда);
3) сыртқы киімдерді ілуге арналған ілгішпен;
4) дәретхана бұйымдарына арналған сөремен;
5) ауыз суға арналған күбішемен;
6) радиохабар құралдарымен;
7) қоқыс тастауға арналған жәшікпен;
8) үстелмен және камерадағы орындардың саны бойынша отырғызу орны бар орындықтармен;
9) киімге арналған тумбамен;
10) керуерттермен жабдықталады.
5-тарау. Алып қоюға жататын заттар тізбесі
Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
45. Тексеру кезінде мыналар:
1) қару, жарылғыш, улы, уландыратын және өртке қауіпті заттар, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар, спирттік ішімдіктер, бұрыш, тұз, оттық;
2) шәрпі, белдік, белбеу, иық бау, бау, галстук, ұзындығы 50 сантиметрден асатын орамал;
3) шыны ыдыс, кесетін, аралайтын, тілетін заттар;
4) білезік, темекі сауыты, ойын карталары, ілмек, жүзік, сырға, сағат, ордендер, медальдер, метал заттар мен бағалы заттар;
5) иіс су, одеколон және спирттік негіздегі өзге де бұйымдар;
6) фотоаппараттар, бейнекамералар, ұялы телефондар;
7) ақша, құнды қағаздар, зергерлік бұйымдар;
8) қажеттілік мерзімі үш тәуліктен аспайтын азық-түлік өнімдері алып қоюға жатады.
46. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдардың тыйым салынған бұйымдары, заттары, азық-түлігі, ақшасы, құнды қағаздары осы Қағидаға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заттарды, құжаттарды, бұйымдар мен өзге де материалдық бағалы заттарды беру актісі бойынша қабылдау-тарату орнының сақтау камерасына тапсырылады, актінің көшірмесі орналастырылған адамның тексеру материалына тігіледі.
47. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен не болмаса бүліну белгілері бар азық-түлікті құрамында қабылдау-тарату орнының кемінде екі қызметкері бар комиссия жояды, бұл туралы осы Қағидаға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жою актісі толтырылды.
48. Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адам қайтыс болған жағдайда оған тиесілі ақша, бағалы заттар, бұйымдар, заттар мен сақталудағы азық-түлік азаматтық заңнамада белгіленген тәртіппен оның мұрагерлеріне беріледі.
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 1-қосымша |
нысан
БЕКІТЕМІН
Бастық _______________________
______________________________
______________________________
20___жылғы "____"_____________
ІШКІ КҮН ТӘРТІБІ
(үлгі)
1. Қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдар Ішкі күн тәртібін қатаң сақтайды және қабылдау-тарату орны қызметкерлерінің талаптарын орындайды.
2. Қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдар үшін мынадай күн тәртібі белгіленеді:
Тұру - сағат 7.00-де
Жуыну - сағат 7.00 мин. - сағат 7.30 мин.
Үй-жайларды жинастыру - сағат 7.30 мин. - сағат 8.30 мин.
Таңғы ас - сағат 8.30 мин. - сағат 9.30 мин.
Арнайы қабылдау орны
қызметкерлерінің
камераларды аралауы - сағат 9.30 мин. - сағат 10.30 мин.
Түскі ас - сағат 14.00 мин. - сағат 15.00 мин.
Кешкі ас - сағат 19.00 мин. - сағат 20.00 мин.
Үй-жайларды жинастыру - сағат 20.00 мин. - сағат 21.00 мин.
Жуыну - сағат 21.00 мин. - сағат 22.00 мин.
Ұйықтау - сағат 22.30 мин.
Қабылдау-тарату орнының бастығы ____________________
(қолы)
20___жылғы "____"______________
Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды ұстау туралы
ҚАУЛЫ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__жылғы "__" __________ "__" сағ. "__" мин. қала (кент) __________________
Мен,__________________________________________________________________
(лауазымы, ішкі істер органының атауы, атағы тегі, аты, әкесінің аты)
______________________________________________________________________
азамат (ша) _______________________________ұстау материалдарын қарап,
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) туған күні, айы, жылы және жері)
______________________________________________________________________
АНЫҚТАДЫМ:
Азамат (ша)____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (айтуы бойынша)
______________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаттары, белгілі бір тұратын жері жоқ.
Өз түсініктемесінде азамат (ша) ______________________мынаны хабарлады:
______________________________________________________________________
Ұсталғанның қолы:_________________________
Баяндалғанның негізінде және "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-1-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Азамат (ша) ____________________ ұсталсын, тексеру және жеке басын анықтау үшін
_____________________________ қабылдау-тарату орнына қамауға алынсын.
(ішкі істер органының атауы)
__________________________________________________
(қаулыны толтырған қызметкердің лауазымы, атағы және қолы)
Қаулы маған хабарланды: _________________________________________________
(ұсталғанның қолы)
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 3-қосымша нысан |
Қабылдау-тарату орнына жеткізілген және орналастырылған, белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды тіркеу
ЖУРНАЛЫ
Басталды: 20__жылғы "___" __________________
Аяқталды: 20__жылғы "___" __________________
№ р/с | Жеткізілген адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы, соңғы тұрған жері | Ұсталғанды жеткізу күні мен уақыты | Анықталған анықтамалық деректері | Кім жеткізді (атағы, тегі және лауазымы), қандай мекен-жайдан жеткізілді | Жеткізу себептері | Ұсталғанды тексеру кімге тапсырылды | Тексеріс жүргізу нәтижелері, қабылданған шаралар (әлеуметтік бейімдеу және оңалту орталығына, тұрғылықты жеріне жіберілді, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, денсаулық сақтау ұйымында) | Босату негіздері, босатылған күні мен уақыты. Кезекшінің қолы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға қатысты жүріп-тұру бостандығын бастапқы шектеуді қолдану туралы
ҚАУЛЫ
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 06.02.2020 № 91 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20 __ жылғы " __ " _______ " __ " сағат " __ " мин. қала (кент) _____________
Мен,___________________________________________________________________
(лауазымы, ішкі істер органының атауы,атағы, тегі)
_______________________________________________________________________
Азамат(ша)_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (бар болған жағдайда) туған жылы мен жері)
_________________________________________________ материалдарын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
Азамат(ша) _____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (айтуы бойынша)
_______________________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттары, белгілі бір тұратын жері жоқ)
Өз түсініктемесінде азамат __________мынаны хабарлады _____________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының "Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы Заңның 29-бабын басшылыққа ала отырып,
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Азамат (ша) ______________________ қатысты 30 (отыз) тәулік мерзімге жүріп-тұру
бостандығын бастапқы шектеу қолдансын және тексеру, жеке басын анықтау үшін
__________________________________ қабылдау-тарату
(ішкі істер органының атауы)
орнына қамауға алынсын.
________________________________________________________________________
(қаулыны толтырған қызметкердің лауазымы, атағы мен қолы)
Қаулы маған жарияланды __________________________________________________
(ұсталғанның қолы)
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 5-қосымша нысан БЕКІТЕМІН |
Бастық _______________________
______________________________
______________________________
20___жылғы "____"_____________
Қабылдау-тарату орнынан босату туралы
ҚАУЛЫ
20__ жылғы "___" _______________ қала (кент)________________
Мен,_________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, әкесінің аты)
20__жылғы "__" _________________ ұсталған және 20___жылғы "____" _________ бастап 20___жылғы "__"______ аралықта
_____________________________________қабылау-тарату орнында ұсталған
(ішкі істер органының атауы)
аз._____________________________________________материалдарын қарап,
(тегі, аты, әкесінің аты)
АНЫҚТАДЫМ:
Аз. _________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
Туған күні _________________ Туған жері ____________________________
(күні, айы, жылы) (қала, аудан, облыс, республика)
Ұлты ______________ Отбасы жағдайы __________________________________
(егер тұрмыс құрған болса,
_____________________________________________________________________
онда әйелінің (күйеуінің) тегін, атын, әкесінің атын,
_____________________________________________________________________
некені кім және қашан тіркеді, куәліктің сериясы мен № көрсету керек)
Әскери міндеттілігі ________________________________________________
Соттылығы __________________________________________________________
(қашан, ҚК-нің қандай бабы бойынша және қандай мерзімге сотталды
____________________________________________________________________
және неге байланысты босатылды)
Жұмыс істемейді __________. Осы елді мекенге келу мақсаты____________
(қай уақыттан бастап)
Жеке басы
_____________________________________________________________________
құжаттың атауы, жеке басты куәландіру құжат, сериясы, N, кім және қашан берді)
___________________________________________________________расталды.
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Аз. _____________________________қабылдау-тарату орнынан босатылсын,
(тегі және аты-жөні)
____________________________________________________________берілді
құрғақ тамақ, босатылғаны туралы анықтама
__________________________________________________________жіберілсін.
(облыстың, республиканың, ауданның атауы)
__________________________________________
(қаулы шығарған қызметкердің қолы)
Қаулы маған жарияланды __________________________
20___жылғы "____" _________________
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 6-қосымша |
нысан
Қабылдау-тарату орынан босату туралы
АНЫҚТАМА
__________________________________________________________жылы туған
_____________________________________________________________берілді.
(тегі, аты, әкесінің аты)
Ол 20__жылғы "___"_______бастап 20__ жылғы "___"_____________аралықта
қабылдау-тарату орнында ұсталды және тұрғылықты жері бойынша _____________________________________________________________________
(облыстың, өлкенің, республиканың, ауданның атауы)
бағыты бойынша ___________________________________________жіберіледі.
Жеке басы _________________________________________________расталады.
(құжаттың атауы, сериясы, №, кім және қашан берді, бұрын
_____________________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжаты болса, оның сериясын, №, кім және қашан бергенін көрсету керек)
Қабылдау-тарату орнының бастығы ____________________
(қолы)
20___жылғы "____" ________________
М. О.
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 7-қосымша |
нысан
Қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамды жеке текcеру және оның заттарын тексеру
ХАТТАМАСЫ
Толтырылған жері мен уақыты 20__жылғы "__"____сағат ____мин.____
Мен,
_____________________________________________________________________
(хаттама толтырған адамның лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)
Куәгерлердің қатысуымен: 1.___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., тұрғылықты жері)
2.___________________________________________________________________
(Т.А.Ә., тұрғылықты жері)
Куәгерлердің қолдары: 1.__________________ 2.________________________
_____________________________________________________________________
(тексерілушінің Т.А.Ә.)
_________________________________ азаматты (шаны) тексеру жүргізілді.
Тексерілушінің киімі _______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сыртқы тексеру кезіндегі дене жарақаттары ___________________________
_____________________________________________________________________
(анықталған жоқ, егер анықталса, дене жарақаттарының сипаттамасын көрсету қажет және медициналық көмек көрсетілді ме)
Тексеру барысында анықталған және алынған
заттар:______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексеріс кезінде келіп түскен өтініштер _____________________________
_____________________________________________________________________
Қабылдау-тарату орнына келіп түскен кезде денсаулық жағдайыма шағымдар бар (жоқ)
_______________________
(керегін жазыңыз)
Қабылдау-тарату орнында ұстау шарттарымен таныстым: ________________
(қолы)
Қолдары:______________(тексеруді жүргізген лауазымды адам)
______________(жеке тексерілген адам)
Куәгерлердің қолдары: 1.____________2._______________
Хаттаманың көшірмесін алдым___________________________________________________________
(жеке тексерілген адамның Т.А.Ә., қолы)
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп ережесіне 8-қосымша |
|
Нысан | |
БЕКІТЕМІН Бастық _____________________ ____________________________ 20___жылғы "____"__________ |
Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамға ықпал ету шараларын қолдану туралы
ҚАУЛЫ
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 05.05.2020 № 374 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20__жылғы "___" ____________ қала (кент)_________________
Мен ____________________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі)
________________________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20___жылғы "__"____ұсталған және 20___ "___" бастап қабылдау-тарату орнында ұсталған
Аз._____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
теріс қылығын қарап,
АНЫҚТАДЫМ:
Аз._____________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
________________________________________________________________________________
(жасалған теріс қылықтың фабуласы)
ҚАУЛЫ ЕТТІ:
Аз.______________________________________________________________________қатысты
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде,
арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" 1999 жылғы 30 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Заңы 46-5-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген ішкі тәртіп
қағидаларын бұзғаны үшін: мынадай ___________________________________________ ықпал
ету шарасы қолданылсын.
(ескерту, қабылдау-тарату орнының үй-жайларын жинастыру бойынша кезектен тыс нарядқа түсу)
________________________________________
(қаулы шығарған қызметкердің қолы)
Қаулы маған жарияланды ______________________ 20___жылғы "___" ___________________Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 9-қосымша |
нысан
20__жылғы "____" ________
қабылдау-тарату орнында ұсталатын адамдарға
азық-түлік өнімдерін беруге арналған
ведомость
№ | Тіркеу журналы немесе жаңадан келген адамдарды есепке алудың ведомосі бойынша тіркелген күні мен айы | Тегі, аты, әкесінің аты | Азық-түлік өнімдерінің атауы | ||||||
нан | бірінші тағам | екінші тағам | қант қосылған шәй | қантсыз шәй | Басқа да тағамдар (нақты көрсету) | Алғаны туралы қолы | |||
1 |
Қабылдау-тарату орнының бастығы __________________
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 10-қосымша |
нысан
Қабылдау-тарату орнына орналыстырылған адам өзімен бірге алып жүре алатын және сақтай алатын заттар мен азық-түлік өнімдерінің тізбесі
1) жылумен өңдеуді қажет ететін, сақтау мерзімі өтіп кеткен, тез бүлінетін азық-түлікті қоспағанда, азық-түлік өнімдері. Азық-түлік өнімдерінің тізбесі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің ұйғарымы бойынша шектеледі;
2) темекі бұйымдары, сіріңке;
3) бел буатын белдіксіз, иық бау мен галстуксіз бір жиынтық киім, сондай-ақ бас киім, маусымға сәйкес аяқ-киім (супинаторларсыз, металл нәлсіз);
4) бір жиынтық спорт костюмі немесе үйде киетін халат (әйелдер үшін), ішкі киім, шұлық, қолғап (биялай), қол орамалдары, бөлмеде киетін немесе спорт шәркесі;
5) туалет бұйымдары (иіс, кір сабын, сұйық сабын немесе сусабын, тіс ұнтағы, тіс жууға арналған щетка, сабын мен тіс ұнтағын салу үшін пластмассадан жасалған футляр, кремдер, тарақ);
6) қалтаға салынатын айна (камерада айна болмаған жағдайда), электр немесе механикалық ұстара, қауіпсіз бір реттік ұстаралар (арнайы қабылдау орнының сақтау камерасында сақталады);
7) көзілдіріктер мен көзілдіріктерге арналған пластмассадан жасалған футлярлар;
8) үшкіл орамал, рейтуздар, белдіктер, бюстгальтерлер, дәке, шаш қыстырғыштар, мақта, гигиена және косметика бұйымдары, пластамассадан жасалған бигуди (әйелдер үшін);
9) балдақтар, ағаш таяқтар, протездар (дәрігердің рұқсаты бойынша);
10) зауытта дайындалған тұрмыстық электр су қайнатқыш;
11) жөке, губка, дәретхана қағазы;
12) қаламсап, қара қарындаш;
13) хат жазуға арналған қағаз, дәптерлер, пошта конверттері, пошта маркалары;
14) тағуға немесе қалтаға салуға арналған діни наным бұйымдары;
15) бір жиынтық төсек-орын жабдығы (екі жайма және жастық тыс), орамал;
16) көркем және өзге де әдебиет, сондай-ақ мерзімді басылым шығарылымдары;
17) фотосуреттер - кемінде екеу;
18) үстел ойындары (шашка, шахмат, домино, нарды);
19) дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмек препараттары.
Санамаланған заттардан басқа қабылдау-тарату орнына орналастырылған адамдарға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру мәселелеріне қатысты құжаттар мен жазбаларды, сондай-ақ пошталық жіберілім бланкілерін, сақтауға тапсырылған ақшалай қаражат, бағалы заттар мен құжаттардың түбіртектерін өздерімен бірге алып жүруге және сақтауға рұқсат етіледі.
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 11-қосымша |
нысан
Заттарды, құжаттарды, бұйымдар мен өзге де материалдық бағалы заттарды сақтау камерасына тапсыру
АКТІСІ
20____жылғы "___" ________ Қала (кент)______________
Мен,_________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі)
_____________________________________________________________________
(ішкі істер органының атауы)
20___жылғы "__"_____________ұсталған
Аз. __________________________________________________________тиесілі
(тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
заттардың, бұйымдардың, құжаттар мен өзге де материалдық бағалы заттардың атауы көрсетілсін (жазбаша түрде))
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
қабылдау-тарату орнының сақтау камерасына тапсыру туралы осы актіні толтырдық.
Осы акт екі данада толтырылды (бір данасы тексеру материалына тігіледі, екінші данасы иесіне беріледі)
Актінің көшірмесін алдым ___________________________________________
(орналастырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты)
Актіні толтырған қызметкердің қолы _______________________
(қолы)
Ішкі істер органдары қабылдау-тарату орындарының ішкі тәртіп қағидасына 12-қосымша |
нысан
Жою актісі
20__жылғы "___"_________ Толтырылған орны _________________
Құрамында:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________комиссия
(комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
Азық-түлікті (сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе бүліну белгілері бар) жою туралы осы актіні толтырды.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жойылған орамалардың атауы, саны (жазбаша), бар-жоғы) _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(жою орны мен тәсілі)
Комиссия мүшелерінің қолдары: 1._______________
2._______________