Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының м.а. 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 12-ОД Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 ақпанда № 7435 тіркелді.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 15 шілдедегі Заңының 1-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.04.2022 № 119 (алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 16 қазандағы "Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" № 185-Пбұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5866, "Юридическая газета" газетінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 (1792) және "Заң газеті" газетінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 195 (1618) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Ауылдық елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын (жоспарларын) әзірлеу, келісу, бекіту және беру жөніндегі нұсқаулығында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жобаларды әзірлеуді жерге орналастыру жұмыстарын орындайтын азаматтар және заңды тұлғалар (бұдан әрі - жобаны әзірлеуші) жүзеге асырады.".

      3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және мемлекеттік жер кадастры және жерлердің мониторингі департаменті мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жер ресурстарын басқару агенттігі


Төрағасының м.а.

K. Раймбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады