Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 96 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 ақпанда № 7437 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 236 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.05.2014 № 236 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1102 қаулысымен бекітілген Республикалық мүлікті мүлiктiк жалға (жалдауға) беру қағидасының 57-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлері бекітілсін.
      2. Республикалық мемлекеттік мүлікті иелік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                       Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 96 бұйрығына  
қосымша      

Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде
тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық
дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі,
жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін
коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен
мөлшерлері

      Ескерту. Ставка мен мөлшерлерге өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.08.01 № 365 Бұйрығымен.

Базалық ставкалар


Әкімшілік-аумақтық бірлік

Базалық ставка мөлшері

1.

Астана және Алматы қалалары

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 2,5 айлық есептік көрсеткіш

2.

Облыстар мен Байқоңыр қаласы

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

р/т

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс типін ескеретін коэффициент (Кт):


1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)


2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

3

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)


3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түрге 0,1-ге азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):



4.1 Астана және Алматы қалалары үшін

3


4.2 облыстық орталықтар үшін

2


4.3 облыстық мәні бар қалалар үшін

1,5


4.4 аудандық орталықтар үшін

1


4.5 кент, село (ауыл)

0,5

5

Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд):


5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің, «Қазпошта» АҚ-ның есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін (қол жетімділігі шектеулі республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады): Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Тараз, Шымкент қалалары қалған елді мекендер

2,5
2,0

5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

5.3. сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін

2,5

5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін

1,5

5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін:
ғылым және жоғары білім беру
орта білім беру
мектепке дейінгі білім беру


1,1
0,9
0,8

5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,0

5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) республикалық заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы асхана мен буфеттер үшін

0,5

5.8. 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):


6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін

0,9

6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

6.3 қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

6.4 қалғандары үшін

1,0

      Ескерту:

      1. Республикалық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес жатпайтын қордың объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
      Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
      мұнда:
      Рбс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық ставкасы;
      S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
      Кт – құрылыс типін ескеретін коэффициент;
      Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
      Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
      Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
      Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
      Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент;
      2. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:

Ап = С х Nam /100 х Кп

      мұнда:
      Ап – жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысының ставкасы;
      С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
      100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалға (жалдауға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
      Nam – «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
      Кп – төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады