"Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 365 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7848 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 236 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 20.05.2014 № 236 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 13 ақпандағы № 96 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7437 тiркелдi, 2012 жылғы 4 мамырда «Заң газетінде» жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа қоса беріліп отырған Республикалық мүлікті мүліктік жалға (жалға алу) беру кезінде тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық ставкасы мен мөлшерлерінде:
      4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

4

Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр):



4.1 Астана және Алматы қалалары үшін

3

4.2 облыстық орталықтар үшін

2

4.3 облыстық мәні бар қалалар үшін

1,5

4.4 аудандық орталықтар үшін

1

4.5 кент, село (ауыл)

0,5

      2. Республикалық мемлекеттік мүлікті иелік ету және оңалту мен банкроттық рәсімдері әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Р.Е. Дәленовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады