Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 2 ақпандағы № 15 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 ақпанда № 7454 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 18 шілдедегі № 72 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 18 шілдедегі № 72 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 888 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі туралы ереженің» 14-тармағы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асырушы тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (С.Қ.Оспанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Әкімшілік департаменті (Қ.Т.Қалышев) оның әділет органдарында тіркелуінен кейін ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) интернет-ресурстарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті (С.Қ.Оспанов) бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне басшылыққа және орындау үшін жолдасын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Агенттіктің төраға орынбасары М.А.Әзілхановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық ресми бірінші жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Лама Шариф

Қазақстан Республикасы   
Дін істері агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 2 ақпандағы  
№ 15 бұйрығымен     
бекітілген        

Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті
жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу
жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерінің қызметін регламенттейді.
      2. Нұсқаулықта келесі ұғымдар пайдаланылады:
      1) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктердің атынан Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
      2) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі – діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді мемлекеттік орган;
      3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі - белгілі бір әкімшілік аумақта діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді орындайтын және Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркейтін (қайта тіркейтін) мемлекеттік орган;
      4) дiнтану сараптаманың субъектілері - дiнтану сараптаманың субъектілері, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердің өкілдерi дiнтанушылар, заңгерлер және басқа да мамандар ретінде тартқан діни бірлестіктердің өкілдері, басқа мемлекеттерден, шетелдiк және халықаралық ұйымдардың мамандары, уәкілетті орган бөлімшелерінің дін саласында арнайы білімі бар қызметкерлері.
      3. Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) келесі мақсаттарда:
      1) миссионерлік қызметті тіркеудің фактісін анықтау;
      2) Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тіркелген, қайта тіркелген тұлғаларды есепке алу;
      3) Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), миссионерлік қызметті тоқтату туралы мәліметтерді дерекқорға енгізу (бұдан әрі - Дерекқор);
      Дерекқор уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелерімен жүргізіледі.
      4) жеке және заңды тұлғалардың сұраулар бойынша Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпаратты ұсыну үшін жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті
жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу)

      4. Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінде миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерімен жүзеге асырылады.
      5. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тiркеу (қайта тіркеу) уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 8 бабының 2 тармағында көрсетілген мерзімде жүргізіледі және Заңның 8 бабының 4 тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдардың толықтығын және тексеруін қамтиды.
      6. Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың материалдары мен құжаттарының өткізуінің растауы, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен өтінішті тіркеуі (кіріс нөмірі, күні) болып табылады.
      7. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері миссионерлік қызметі жүзеге асыратын тұлғалармен тіркеуге (қайта тіркеуге) ұсынылған құжаттарды тексеру кезінде Қазақстан Республикасы аумағында шетел азаматының және азаматтығы жоқ тұлғалардың келуінің тіркелгендігін анықтау мақсатында мемлекеттік органдарға тиісті сауалдарды жолдайды.
      8. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері тіркеуге (қайта тіркеуге) берілген материалдар мен құжаттарды қабылдағаннан кейін дінтану сараптамасын жүргізу туралы шешім қабылдайды және діни мазмұндағы материалдар мен діни мақсаттағы заттарды дiнтану сараптаманың субъектісіне (дiнтану сараптаманың субъектілеріне) дінтану сараптама қорытындысын алу үшін жолдайды.
      9. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі орналасқан облыста (тиісінше Алматы, Астана қаласында) дiнтану сараптаманың субъектілері және дiнтану сараптамасын жүргізу мүмкіндігі болмаған жағдайда, материалдар мен заттар сараптаманы тағайындауға уәкілетті органға жіберіледі.
      10. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі сараптама жүргізуді ұзарту туралы мәлімет алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде материалдар мен құжаттарды тапсырған тұлғаға тіркеу мерзімінің ұзартылғандығы туралы жазбаша түрде хабарлайды.
      11. Дiнтану сараптамасы жүргізуден кейін дiнтану сараптамасының субъектiсі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне дiнтану сараптамасының қорытындысын жібереді.
      12. Дiнтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері:
      1) миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) немесе тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту туралы шешім қабылдайды;
      2) дерекқорға миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді енгізеді;
      3) тиісті мөртабан мен мөрлерді қоя отырып, бір данадан тұратын, миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың құжаттары бар істі ресімдейді;
      4) миссионерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе жазбаша тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
      13. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуден (қайта тіркеуден) бас тартудың негіздері:
      1) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;
      2) дұрыс емес мәліметтер ұсыну;
      3) дінтану сараптамасының теріс қорытындысы болып табылады сондай-ақ егер миссионерлік қызмет конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпке, адамның құқықтары мен бостандықтарына, халықтың денсаулығы мен имандылығына қатер төндіретін болса.
      14. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға (не сенімхат бойынша өкілге) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жеке келгенде беріледі.
      15. Осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес үлгісі бойынша есепке алу журналында куәлiктің беруi тiркеледi.
      16. Есепке алу журналының 2 бағанында аумақтық бөлімшесінде миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның тіркеу (қайта тіркеуі) күні көрсетіледі.
      17. Есепке алу журналының 3 бағанында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің серия мен нөмірі көрсетiледi.
      18. Есепке алу журналының 4 бағанында Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметінің жүргізілуінің мерзімі көрсетіледі.
      19. Есепке алу журналының 5 бағанында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.
      20. Есепке алу журналының 6 бағанында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның азаматтығы көрсетiледi.
      21. Есепке алу журналының 7 бағанында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның жеке басын куәландыратын құжатының нөмiрі мен берілген күні көрсетiледi.
      22. Есепке алу журналының 8 бағанында Қазақстан Республикасы аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның мекен-жайы көрсетiледi.
      23. Есепке алу журналының 9 бағанында Қазақстан Республикасына миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны жіберген дiни бiрлестiктiң атауы көрсетiледi.
      24. Есепке алу журналының 10 бағанында Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің атауы көрсетіледі, оның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға әрекет етеді.
      25. Есепке алу журналының 11 бағанында діни бірлестіктің әдiлет органдарында тіркелуі туралы (нөмiр және тiркеу күн) мәліметтер көрсетіледі.
      26. Есепке алу журналының 12 бағанында діни бірлестіктің заңды мекен-жайы көрсетiледi, оның өкілі миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға болып табылады.
      27. Есепке алу журналының 13 бағанында толтыруға жауапты уәкілетті органның қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) және қолы көрсетіледі.
      28. Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары, бас бостандығынан айыру түрдегi санкция қолдану туралы сот үкімінің заңды күшiне енуі кезінен бастап өзінің қызметін тоқтатылған деп есептеледi.
      29. Қазақстан Республикасының аумағында миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерінде тiркелген шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар бас бостандығынан айыру түрдегi санкция қолдану немесе Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру сот қаулысының заңды күшіне енген кезінен бастап, өз қызметін тоқтатылған деп есептеледi.

Қазақстан Республикасы аумағында 
миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
тұлғаларды тіркеу бойынша   
Нұсқаулыққа қосымша       
үлгісі              

Есепке алу журналы


р/р

Тіркеу (қайта тіркеу) күні

Куәлік бланкісінің нөмірі мен сериясы

Миссионерлік қызметті жүргізуінің мерзімі

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның аты, тегі, әкесінің аты

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаның азаматтығы

Тұлғаны растайтын құжаттың берілу нөмірі мен мерзімі

1

2

3

4

5

6

7















      кестенің жалғасы

Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мекен-жайы

Қазақстан Республикасына миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаны жіберген дiни бiрлестiктiң атауы

Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің атауы көрсетіледі, оның атынан миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға әрекет етеді

Діни бірлестіктің тіркелгендігі жөнінде мәлімет (нөмірі мен тіркелген күні)

Діни бірлестіктің заңды мекен-жайы көрсетiледi, оның өкілі миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға

Толтыруға жауапты уәкілетті органның қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен қолы

8

9

10

11

12

13













Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады