Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7475 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен шарттың негізінде бөлінген активтердің құрамына кіретін бөлінген активтерді және ақшаны инвестициялауды мына қаржы құралдарында жүзеге асыратынын белгілесін:

      1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға (бұдан әрі - № 54 талаптар) сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар;

      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 54 талаптарда көзделген талаптарға сәйкес келетін акциялар;

      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (шет мемлекеттің аумағында шығарылғандарын қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік беруімен шығарылған бағалы қағаздары;

      4) шетелдік қор биржаларында айналыстағы Қазақстан Республикасының бейрезидент-эмитенттерінің бағалы қағаздары;

      5) мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдары:

      "Standard & Poor's" (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе "Standard & Poor's" (Стандард энд Пурс) ұлттық шәкiлi бойынша "kzBB"-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар банктер;

      бейрезидент- бас банктерде "Standard & Poor's" (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент еншілес банктер болып табылатын банктер;

      6) мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар:

      Халықаралық қайта құру және даму банкі;

      Еуропалық қайта құру және даму банкi;

      Америкааралық даму банкi;

      Халықаралық есеп айырысу банкi;

      Азиялық даму банкi;

      Африкалық даму банкi;

      Халықаралық қаржылық корпорация;

      Ислам даму банкi;

      Еуропалық инвестициялық банк;

      Еуразиялық даму банкi;

      Еуропалық Кеңестің Даму Банкі;

      Скандинавия инвестициялық банкі.

      7) шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған, "Standard & Poor's" (Стандард энд Пурс) агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсiз рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттiк мәртебеге ие бағалы қағаздары;

      8) Лондондық қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткiзiлiм" ("London good delivery") стандарты ретiнде белгіленген тазартылған қымбат металдары;

      9) Қазақстан Республикасы ұйымының инфрақұрылымдық облигациялары;

      10) базалық активі мыналар:

      шетелдік және ұлттық валюта;

      валюталық индекстер;

      Лондондық қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сай келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында "Лондондық сапалы жеткiзiлiм" ("London good delivery") стандарты ретiнде белгіленген тазартылған қымбат металдар;

      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 54 талаптарда көзделген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздар;

      осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Есептік көрсеткіштердің (индекстердің) тізбесінде айқындалған есептік көрсеткіштер (индекстер);

      көрсетілген тауар активтерінің нақты жеткізілуін жүзеге асырмай, осы қаулыға 2-қосымшада Тауар активтерінің тізбесінде айқындалған тауар активтері, сондай-ақ тауар активтерінің индекстері болып табылатын туынды қаржы құралдары және туынды бағалы қағаздар;

      11) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығарған меншікті облигациялар.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.09.2023 № 70 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Арнайы қаржылық компанияның бөлінген активтері бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы № 89 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4190 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 38 қаулысының
1-қосымшасы

Есептік көрсеткіштердің (индекстердің) тізбесі

      1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index);

      2. DAX (Deutscher Aktienindex);

      3. CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);

      4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index);

      5. TOPIX (Tokyo Price Index);

      6. HSI (Hang Seng Index);

      7. ENXT 100 (Euronext 100);

      8. RTSI (Russian Trade System Index);

      9. DJIA (Dow Jones Industrial Average);

      10. S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);

      11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);

      12. KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index);

      13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index).

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 38 қаулысының
2-қосымшасы

Тауар активтерінің тізбесі

      1. Мұнай және мұнай өнімдері;

      2. Табиғи газ және газ конденсаты;

      3. Түсті металлдар;

      4. Қара металлдар;

      5. Астық және астық өнімдері;

      6. Көмір және кокс;

      7. Қант;

      8. Мақта;

      9. Электр қуаты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады