Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 "Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiн бекіту туралы" бұйрығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 18-02/85 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7499 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiн бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6321 тіркелген, 2010 жылғы 12 қарашадағы «Казахстанская правда» газетінде № 306-309 (26367-26370) жарияланған), мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұсынылып отырған, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы бекітілсін.»;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу ережесiндегі:
      Бүкіл мәтінде мемлекеттік тілдегі «Ереже» сөзі «Қағида» сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
      Ереженің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы, Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидасы (одан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi «Ветеринария туралы» Заңының 8-бабының 39) тармақшасына сәйкес дайындалған және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру, жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру (одан әрі – Деректер базасы) тәртібін белгілейді.»;
      2–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасы – ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың бөлiмшелерi жүзеге асыратын және уәкiлеттi орган пайдаланатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерiн қоса алғанда, жануарлардың жеке нөмiрi туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректердi, сондай-ақ жануардың иесi туралы деректердi тiркеудiң бiрiңғай, көп деңгейлi жүйесiн көздейтiн ветеринариялық есептiң бөлiгi;
      2) топтастыру - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi мағлұматтарды жинақтау, бiрiктiру және орталықтандырылған сақтау;
      3) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ өз өкілеттігі шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның ведомствасы (бұдан әрi - уәкілетті органның ведомствасы) – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның комитеті;
      4-1) ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме – мал иелерінің талап етуі бойынша тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алатын диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;
      5) ветеринариялық бөлiмше – облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтiң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдарының бөлiмшелерi.»;
      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:
      «15. Мал иесінің талабы бойынша еркін түрдегі жазбаша өтініші тіркелген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті аумақтық-әкімшілік бірлікте ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме шығарып береді. Дерекқордан алатын аталған үзінді көшірме бір данада басылып шығарылады.
      Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірменің формасы, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес ұйымның мөрімен, ветеринариялық дәрігердің лауазымының атауы көрсетіліп, қолымен расталады.».
      Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне (Н.Х. Жақыпбаев) заңнамада белгiленген тәртiпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министрдің
      міндеттерін атқарушы                            Е. Аман

Қазақстан республикасы   
Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.
2012 жылғы 2 наурыздағы  
№ 18-02/85 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы Министрінің
2010 жылғы 2 маусымдағы 
№ 367 бұйрығына қосымша 

Үлгі

Ауыл шаруашылығы жануарын бірдейлендіру жөніндегі
дерекқордан үзінді көшірме/
Выписка из базы данных по идентификации
сельскохозяйственных животных

Ветеринариялық паспорттың нөмірі / Номер ветеринарного паспорта:
_____________________________________________________________________

Жануар туралы деректер / Данные о животном:
Түрі / Вид
_______________________________________________________________
Жынысы / Пол __________________________________________________
Малдың тұқымы / Порода ________________________________________
Аты / Кличка __________________________________________________

Жасы / Возраст
_______________________________________________________________

Бірдейлендіру әдісі / Метод идентификации Биркование (БР)
*Егер асыл тұқымды жануар болса / если племенное животное
Тұқым қанының деңгейі / Кровность _____________________________
Тұқым класы / Класс породы ____________________________________
Малдың тегі туралы деректер / Данные о родителях ______________ Сведения о владельце/Иесі туралы деректер:

Ауыл шаруашылығы жануарлары тиесілі иесінің
Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы/Ф.И.О. владельца
или наименование юридического лица,
которому принадлежит сельскохозяйственные животные

Ауыл шаруашылығы жануарларының иесі
ауыстырылған күн/Дата смены владельца
сельскохозяйственных животных

Есепке қою себебі/Причина постановки на учет

Есептен шығару себебі/Причина выбытия

Ауыл шаруашылығы жануарлары иесінің
ауыстырылуын растайтын мемветсанинспектордың
қолы мен мөрі/Подпись и печать госветсанинспектора,
подтверждающего смену владельца
сельскохозяйственных животны

Ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ауруы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың (егу, өңдеу, манипуляциялар немесе диагностикалық тесттер*) атауы / Наименование ветеринарных мероприятий (прививки, обработки, манипуляции или диагностические тесты*) по соответствующему заболеванию сельскохозяйственных животных

      1. Профилактикалық іс-шаралар

      Іс-шаралар - ЕГУ (ВАКЦИНАЦИЯ)

Иммунизацияның түрі

Аурулардың атауы

Аурулар коды

Иммунизация күні

Аурудың нәтижесі






      2. Диагностикалық зерттеулер

      Зерттеулер – СЕРОЛОГИЯЛЫҚ

Аурулардың атауы

Аурулар коды

Зерттеу жүргізілген күні

Зертеу нәтижесі





Берілген күні/ Дата выдачи:

М.О./М.П.
(Үзінді көшірмесін берген
жергілікті атқарушы органның
мөрі / печать местного исполнительного
органа, выдавшего выписку) _____________________________________
                               (Т.А.Ә., қолы / Ф.И.О., подпись 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады