Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 17 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 сәуірде № 7529 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4361 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесінде:
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Облигациялардың композиттік индексі – әлемнің дамыған елдерінің кірісі белгіленген бағалы қағаздары индекстерінің мынадай өтімділігі жоғары бағалы қағаздардан тұратын индексі:
      Merrill Lynch U.S. Treasuries, 1-5 Yrs (GVQ0) - 30 (отыз) пайыз;
      Merrill Lynch 1-5 Year All Euro Government Index, DE, FR, NL, AT, LU, FI (EVDF) - 30 (отыз) пайыз;
      Merrill Lynch U.K. Gilts, 1-5 Yrs (GVL0) - 10 (он) пайыз;
      Merrill Lynch Japanese Governments, 1-5 Yrs (GVY0) - 10 (он) пайыз;
      Merrill Lynch Australian Government, 1-5 Yrs (GVT0) - 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch Canadian Governments, 1-5 Yrs (GVC0) - 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch South Korean Government Index, 1-5 Yrs (GSKV) - 5 (бес) пайыз;
      Merrill Lynch Hong Kong Government Index, 1-5 Yrs (GVHK) - 3 (үш) пайыз;
      Merrill Lynch Singapore Government Index, 1-5 Yrs (GVSP) - 2 (екі) пайыз.
      Осы индексте эталондық бөлуге қайтып келу күнтізбелік тоқсанның соңғы жұмыс күні жүргізіледі. Индекстегі бағалы қағаздар құрамы нарықтық капиталдандыру негізінде ай сайын ауысады. Кірістілік және тәуекел көрсеткіштері күн сайын есептеледі.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 наурыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Жәмішев
      2012 жылғы 11 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады