Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 58 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7555 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.


Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко



  Қазақстан Республикасының 
  Ұлттық Банкі Басқармасының
  2012 жылғы 24 ақпандағы
  № 58 қаулысымен
  бекітілген

Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      Осы Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрленген және қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін айқындайды.

      1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) есеп айырысу ұйымы – орталық депозитарий және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын өзге ұйым;

      2) клиринг – сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде олардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;

      3) клиринг ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі лицензиясына ие ұйым және орталық депозитарий;

      4) клиринг ұйымының қағидалары – клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынасының тәртібін айқындайтын клиринг ұйымының ішкі құжаттары;

      5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы – клиринг ұйымымен клиринг қызметін көрсетуді жүзеге асыру туралы шарт жасаған және:

      қор (және) немесе тауар биржасының мүшесі;

      биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымының клиенті;

      қор биржасын растау жүйесіне қосылған тұлға;

      6) таза позиция (нетто-позиция) – осы қаржы құралдарымен мәмілелер нәтижесінде туындаған сауда-саттыққа клирингтік қатысушының және (немесе) оның клиенттерінің талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу нәтижесінде айқындалатын, қаржы құралдарымен мәмілелердің әрбір сериясы бойынша сауда-саттыққа клирингтік қатысушының позициясы;

      7) уәкілетті орган - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      2. Клиринг ұйымының ұйымдық құрылымы негізгі функциялары мыналар болып табылатын бөлімшені қамтиды:

      1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру;

      2) ақпаратты өңдеу мен тарату;

      3) клиринг ұйымының қызметін бағдарламалық-техникалық қамтамасыз ету;

      4) клиринг ұйымының тәуекелдерін басқару;

      5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының, сондай-ақ олардың клиринг ұйымының қағидаларына сәйкестігінің мониторингі;

      6) ішкі аудит және бақылау.

      3. Бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін клиринг қызметімен қоса атқаратын сауда-саттықты ұйымдастырушы немесе депозитарлық қызметті клиринг қызметімен қоса атқаратын орталық депозитарий:

      1) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметі шеңберіндегі функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық құрылымында жекелеген бөлімшенің (бөлімшелердің);

      2) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыратын бөлімшенің (бөлімшелердің) жеке үй-жайларының, сондай-ақ бөлімшелер бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің басқа функциялары мен түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланатын жүйелерден бөлек қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған ақпаратты жинау, тіркеу және есепке алу жүйелерінің болуын қамтамасыз етеді.

      Қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыратын бөлімшеге (бөлімшелерге) және осы бөлімшенің қызметкерлеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының немесе орталық депозитарийдің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің басқа түрлерін жүзеге асыратын бөлімшелерінің функциялары жүктелмейді.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Сауда-саттықты ұйымдастырушы бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен сауданы ұйымдастыру қызметін клиринг қызметімен қоса атқарған жағдайында осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген бөлімшелердің ұқсас функцияларды жүзеге асыратын сауда-саттықты ұйымдастырушының бөлімшелерімен қоса атқаруына жол беріледі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар

      5. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін алу үшін өтініш беруші клиринг ұйымының қағидаларымен көзделген нысан бойынша жасалған өтінішті және сауда-саттыққа клирингтік қатысушының клиринг ұйымына қаржылық тұрақтылық мониторингін жүзеге асыру үшін клиринг ұйымының қағидаларымен көзделген тәртіпте және мерзімдерде қаржылық тұрақтылықтың халықаралық стандарттарына сәйкес жасалған қаржылық есеп беруді береді, сондай-ақ мынадай талаптарға сәйкес келетін болады:

      1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін алу күнінде және осы күннің алдындағы үш ай ішінде (қаржы ұйымы - Қазақстан Республикасының резиденті үшін) меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативтерді сақтайды;

      2) клиринг ұйымының қағидаларымен белгіленген (Қазақстан Республикасының резиденті қаржы ұйымы болып табылмайтын заңды тұлға үшін) меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша талаптарды сақтайды;

      3) осы сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға рұқсат беру жүзеге асырылатын клиринг ұйымы орталық қарсы агент функциясын атқаратын қаржы құралдары нарықтары бойынша арнайы клиринг (кепілдік) қорларын қалыптастыруға қатысады;

      4) клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес қаржы құралдарын есепке алу үшін шоттар ашады.

      Осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген талаптар қор және (немесе) тауар биржасында жасалатын мәмілелері (өтінімдері) толық алдын-ала қамтамасыз етумен жасалатын (жарияланатын) заңды тұлғаға қолданылмайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      6. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар:

      1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажет өз қызметі туралы ақпаратты клиринг ұйымына клиринг ұйымының қағидаларында көзделген көлемде, тәртіппен және мерзімдерде береді;

      2) клиринг ұйымының қағидаларында көзделген тәртіппен клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлейді.

      7. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушы клиринг ұйымын соттар, анықтау және тергеу органдары немесе атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер мен атқарушылық іс жүргізу істері бойынша сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға және (немесе) оның клиенттеріне тиесілі мүлікке салған тыйым туралы осындай оқиғалар болған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушының іс-қимылын уақытша тоқтата тұру немесе мәртебесінен айыру негіздемесі мынау болып табылады:

      1) уәкілетті орган немесе сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға берген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата тұру немесе тоқтату;

      2) қор және (немесе) тауар биржасындағы мүшелікті уақытша тоқтата тұру немесе тоқтату;

      3) қор биржасын растаушы жүйеге қосылған адамды осы растаушы жүйеден уақытша немесе тұрақты ажырату;

      4) клиринг ұйымының қағидаларымен белгіленген негіздемелер.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Клиринг ұйымы уәкілетті органды барлық сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесінің берілу, беруден бас тарту, қолданылуын тоқтата тұру, жаңарту және тоқтату жағдайлары туралы осындай жағдай басталғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.

      10. Уәкілетті орган осы сауда-саттыққа клирингтік қатысушының атына тиісті хабарлама жіберілген күні клиринг ұйымын сауда-саттыққа клирингтік қатысушы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату жөнінде хабардар етеді.

      Клиринг ұйымы осы сауда-саттыққа клирингтік қатысушымен осының алдында жасалған мәмілелерді (осының алдында айқындалған (таза) позиция) орындауға (есеп айырысуды аяқтауға) байланысты қызмет көрсетуді қоспағанда, лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап қызмет көрсетпейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      10-1. Клиринг ұйымы клиентінің (сауда-саттыққа клирингтік қатысушының) міндеттемелері клиринг ұйымының қағидаларына сәйкес белгіленген күні тоқтатылады.

      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-2. Клиринг ұйымы клиентті (сауда-саттыққа клирингтік қатысушыны) – қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы уәкілетті органның жазбаша хабарламасын алған күні клиринг ұйымының клиентіне (сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға) клирингтік қызмет көрсетуді тоқтатады.

      Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-3. Сауда-саттыққа клирингтік қатысушыны - қаржы ұйымын лицензиядан айыру алу туралы уәкілетті органның хабарламасын алғанға дейін жасалған мәмілелер бойынша клиринг ұйымы клиентінің (сауда-саттыққа клирингтік қатысушының) барлық міндеттемелері клиринг ұйымының қағидаларында белгіленген талаптарда және тәртіпте есепті кезең ішінде орындалады.

      Ескерту. 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-4. Мәмілелер бойынша міндеттемелер мәмілелер бойынша басқа сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар - олардың қарсы агенттеріне қатысты сауда-саттыққа клирингтік қатысушының нетто міндеттемелері (нетто талаптары) туындаған кезде тоқтатылады. Көрсетілген нетто міндеттемелердің (нетто талаптардың) мөлшері клиринг ұйымының қағидаларына сәйкес есептеледі және есептелген сома туралы тиісті хабарлама сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Ескерту. 10-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-5. Клиринг ұйымы лицензиядан айырылған сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға, сондай-ақ оның қарсы агенттеріне осы мәмілелер бойынша міндеттемелер тоқтатылған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей мәмілелер бойынша міндеттемелердің тоқтатылуы туралы хабарламаны жібереді.

      Ескерту. 10-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-6. Клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға ақшаны қайтаруы клирингтік ұйымның сауда-саттыққа клирингтік қатысушыдан төлем деректемелері бар ақшаны қайтару туралы хатты алған соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Клиринг ұйымы сауда-саттықа клирингтік қатысушыға ақшаны қайтаруды клиринг ұйымының қағидаларында көзделген тәртіпке сәйкес есептелген сауда-саттыққа клирингтік қатысушының нетто-талабы сомасында жүзеге асырады.

      Клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушыға өзге жағдайларда ақшаны қайтаруды жүзеге асыру тәртібі клиринг ұйымының қағидаларында белгіленеді.

      Ескерту. 10-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Клирингті жүзеге асыру

      11. Клиринг ұйымы осы клиринг ұйымы клирингтік қызмет көрсететін мәмілелер бойынша ақпаратты жинау, өңдеу және сақтауды жүзеге асырады, алшақтық болған жағдайда оларды салыстырады, түзетеді, Қағидалармен және клиринг ұйымының қағидаларымен белгіленген тәртіп пен талаптар бойынша мәміледегі дефолтты реттеу кезінде мәміле тараптарындағы өзгерістерді (деректемелер) немесе өзге де іс-қимылдарды жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      11-1. Клиринг ұйымы осы сауда-саттыққа клирингтік қатысушы атынан (оның ашық позицияларын еріксіз тарату мақсатында) қор және/немесе сауда биржасының сауда жүйесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушымен өтінімдер мен мәмілелер жасау арқылы дефолтты реттеу және/немесе клиринг ұйымының қағидаларымен белгіленген тәртіп пен талаптар бойынша өзге де іс-қимылдар жасау жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағидалар 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12. Клиринг ұйымы клиринг қызметіне байланысты ақпарат пен құжаттарды сақтауды және осындай ақпаратты күн сайын резервтік көшіріп алуды жүзеге асырады.

      Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалуға тиіс және клиринг ұйымының резервтік техникалық орталығында жаңартылған резервтік көшірмелерімен ауыстырылғанына дейін сақталады.

      13. Клиринг ұйымы резервтік техникалық орталықтың дереу жандандыруға үнемі дайын болуын қамтамасыз етеді. Резервтік техникалық орталық мынадай талаптарға сәйкес келеді:

      1) клиринг қызметіне байланысты, негізгі ақпаратпен бірдей ақпараттың резервтік көшірмелерін қамтиды;

      2) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметін жүзеге асыру барысында пайдаланылатын клиринг ұйымының бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуінің көшірмесін қамтиды;

      3) клиринг ұйымы тұрған жерден кемінде жиырма бес шақырым жерде орналасады;

      4) клиринг ұйымының қызметін жүзеге асыру үшін қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етіледі;

      5) клиринг ұйымының орналасқан жері бойынша клирингті жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда осы жағдай туындағаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей клирингті жүзеге асыру мүмкіндігін береді.

      14. Клиринг ұйымының орталық депозитарийдің немесе қор биржасының резервтік орталығын пайдалануына жол беріледі.

      15. Қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар арасында клирингті жүзеге асыру мақсатында клиринг ұйымы жасалған мәмілелер параметрлерінің сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде және (немесе) тауар биржасында шынайы есепке алынуын қамтамасыз етеді.

      16. Орталық депозитарий бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша есеп айырысу ұйымы болып табылады.

      16-1. Биржалық сауда-саттық жасау кезінде туынды қаржы құралдарымен және (немесе) валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі мен талаптары қор биржасының қағидаларымен анықталады.

      Клиринг ұйымы туынды қаржы құралдарымен және (немесе) валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысуды (төлемдер) ұйымдастыру үшін клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес қаржы құралдарын есепке алу үшін шоттар ашады.

      Ескерту. Қағидалар 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      17. Клиринг ұйымы сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін есептейді және мынадай тәсілдердің бірімен:

      1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың басқа мәмілелері бойынша талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу жүргізбей-ақ әрбір жеке мәміле негізінде олардың сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде немесе тауар биржасында тіркелу кезектілігі тәртібімен нақты уақыт режимінде;

      2) аяқталғанынан кейін сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары мен міндеттемелерін өзара есепке алу жүзеге асырылатын және клиринг сессиясы өткізілгеннен кейін олардың таза позициялары айқындалатын сауда сессиясының қорытындылары бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) жүргізу бұйрығын беру жолымен есеп айырысу ұйымына тапсырады.

      18. Осы Қағидалардың 17-тармағы олардың жасалу күнінде "төлемге қарсы жеткізу" қағидаты бойынша есеп айырысу жүзеге асырылатын сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге қолданылмайды".

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) жүргізу бұйрығын есеп айырысу ұйымына тапсыру сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      19. Клиринг ұйымы клиринг ұйымының қағидаларында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар үшін клиринг қызметінің нәтижелері бойынша есеп жасайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      20. Есеп айырысу ұйымы алынған бұйрықтар негізінде есеп айырысуларды (төлемдерді) жүзеге асырады және бұл туралы клиринг ұйымына хабарлайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2014 № 98 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

4. Клиринг ұйымының қызметі туралы ақпаратты жария ету

      21. Клиринг ұйымы бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпияны құрамайтын ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде тұрақты негізде жариялау (орналастыру) жолымен барлық мүдделі тұлғаларға өз қызметі туралы ақпаратты жария етуді және көрсетілген ақпаратпен танысуға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

      22. Клиринг ұйымының интернет-ресурсында мынадай ақпаратты:

      1) клиринг ұйымы туралы жалпы ақпаратты (клиринг ұйымы органдарының құрамы, клиринг ұйымының басшы қызметкерлерінің тегі, аты, бар болса әкесінің аты, клиринг ұйымының орналасқан жері, байланыс телефондары);

      2) клиринг ұйымының құрылтай құжаттарын;

      3) клиринг ұйымының қағидаларын;

      4) аудиторлық ұйым растаған қаржылық есептілікті қоса алғанда, клиринг ұйымының жылдық және тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті;

      5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушының атауын, оған берілген лицензияның күні мен нөмірін, сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесін беру (қолданылуын тоқтата тұру, айыру) күнін, сауда-саттыққа клирингтік қатысушы мәртебесінің қолданылуын тоқтата тұру (айыру) негізін көрсете отырып, сауда-саттыққа клирингтік қатысушылар туралы ақпаратты;

      6) нарықтарды, қаржы құралдарының түрлерін және (немесе) клиринг ұйымы қызмет көрсетуге қабылдаған мәмілелерді (сауда-саттық тәсілдерін) көрсете отырып, клиринг ұйымы қызмет көрсететін сауда-саттықты ұйымдастырушылардың және (немесе) тауар биржаларының атауын;

      7) есеп айырысу ұйымдарының атауын;

      8) бағалы қағаздар нарығы туралы, акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және клиринг ұйымының қағидаларына сәйкес жария етілуге тиіс ақпаратты жария ету қамтамасыз етіледі.

      23. Клиринг ұйымы тізбесі осы Қағидалардың 22-тармағында айқындалған ақпаратпен танысуға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

5. Клиринг ұйымының қағидалары

      24. Клиринг ұйымының қағидаларын оның атқарушы органы әзірлейді және клиринг ұйымының директорлар кеңесі бекітеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24-1. Клиринг ұйымы клиринг ұйымының қағидалары бекітілген не оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға растау құжаттарын қоса бере отырып хабарлайды.

      Ескерту. 5-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 146 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)қаулысымен.

      25. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Клиринг ұйымының қағидаларында клиринг ұйымының қызметтерін пайдаланатын субъектілермен клиринг ұйымының өзара қарым-қатынастарының тәртібі мен талаптары айқындалады және оған:

      1) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушысының қаржылық тұрақтылығына қолдау көрсету міндетін көрсете отырып, оларға қойылатын талаптар;

      2) сауда-саттыққа клирингтік қатысушысы мәртебесін беру (қолданылуын тоқтата тұру, айыру) тәртібі мен талаптары;

      3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қаржылық жағдайының мониторингін жүзеге асыру, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкес келуі үшін клиринг ұйымы беретін сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының қызметі туралы ақпарат тізбесі, сондай-ақ осы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері;

      4) клиринг ұйымы сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларынан және уәкілетті органнан алған ақпаратқа иелік ету тәртібі;

      5) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайының мониторингі тәртібі, сондай-ақ сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының клиринг ұйымы қағидаларының талаптарына сәйкестігі;

      6) арнайы клиринг (кепілдік берілген) қорларын қалыптастыру тәртібі мен талаптары, сондай-ақ клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен талаптары;

      7) клиринг ұйымының резерв қорын құру тәртібі мен талаптары;

      8) жасалған мәмілелер бойынша ақпарат жинау, өңдеу және сақтау, алшақтықтар болған жағдайда оны салыстырып тексеру мен түзету тәртібі;

      9) клиринг ұйымының қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің параметрлерін есепке алу мен растау тәртібі;

      10) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелерін айқындау тәртібі;

      11) клиринг қызметінің нәтижелері бойынша міндеттемелерді орындаудың тәртібі, талаптары мен тәсілдері;

      12) клиринг ұйымының сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың қаржы құралдарымен мәмілелері бойынша клиринг қызметінің нәтижелері бойынша есептерді беру тәртібі;

      13) есеп айырысу ұйымына, сауда-саттықты ұйымдастырушыға және (немесе) тауар биржасына қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клиринг қызметінің нәтижелері бойынша ақпаратты дайындау және тапсыру тәртібі;

      14) клиринг ұйымы мен сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының арасындағы қатынастарды айқындайтын клирингтік қызмет көрсетуді жүзеге асыру туралы шарттың үлгілік нысандары;

      15) клиринг ұйымы есеп айырысу ұйымымен, сауда-саттықты ұйымдастырушымен және (немесе) тауар биржасымен жасайтын шарттың мазмұнына қойылатын талаптар;

      16) клиринг ұйымының орталық қарсы агенттің функцияларын орындау тәртібі мен талаптары;

      17) айқындалуы "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 77-2-бабында белгіленген клиринг ұйымының функцияларын іске асыру үшін қажет ережелер енгізіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.07.04 № 205 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      28. Осы Қағидалардың 27-тармағында санамаланған құжаттар клиринг ұйымының қағидаларын құрайды және клиринг ұйымының жекелеген құжаттары ретінде ресімделеді не клиринг ұйымының бірыңғай қағидаларының құрамына кіргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады