Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 2 наурыздағы № 25-02/86 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7562 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 268-Ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 15.07.2014 № 268-Ө бұйрығымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-4) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                               Е. Аман      

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2012 жылғы 2 наурыздағы  
№ 25-02/86 бұйрығымен   
бекітілген        

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен
дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету
қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін
Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге
әкетуге рұқсаттар беру
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібін реттейді.
      2. Осы Қағида экпорты мен импорты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы № 578 қаулысымен бекітілген лицензиялауға жататын Тауарлар тізбесіне енгізілген өсімдіктерден жасалған дәрілік шикізатқа қолданылмайды.
      3. Өтінім беруші сатып алған рұқсат, заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, өзге жеке және заңды тұлғаларға беруге жатпайды.
      4. Осы Қағидаға сәйкес берілген рұқсат ол берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды.
      5. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) өсімдіктер – күре тамырлы және мүк тәрізді өсімдіктер, балдырлар, қыналар және саңырауқұлақтар;
      2) дериват - өсімдіктің туынды түрі мен одан және оның туынды түрінен өндірілген өнім;
      3) өсімдіктер дүниесінің объектілері – табиғи ортада өсетін немесе қолдан өсірілген жабайы өсімдіктер.

2. Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен
дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары
жерлерге әкетуге рұқсаттар беру тәртібі

      6. Өтінім беруші өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алу үшін әкелу немесе әкету орны бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшесіне (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінім жібереді.
      7. Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінімге мынадай құжаттардың көшірмелері қоса тіркеледі:
      1) заңды тұлғалар үшін – құрылтай құжат және мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) туралы куәлік; жеке кәсіпкер үшін – мемлекеттік тіркелу туралы куәлік; жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат;
      2) өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының шығу тегін, дайындалуы мен сатып алынуының заңдылығын растайтын құжаттар (табиғаттан алынған, қолдан өсірілген, басқа елден әкелінген, сатып алынған, тарту немесе мұра ретінде алынған);
      3) әкелінетін және әкетілетін өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының фитосанитариялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат.
      8. Аумақтық бөлімше өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды, содан кейін өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат береді, ол осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді (бұдан әрі – аумақтық бөлімшенің рұқсаты), не жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      9. Өтінімге қоса тіркелетін құжаттардың толық топтамасының берілмеуі және олардың осы Қағида белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі рұқсат беруден бас тартуға негіз болып табылады.
      10. Аумақтық бөлімшенің рұқсаты екі данада толтырылады, олардың біріншісі өтінім берушіге тапсырылады, ал екіншісі аумақтық бөлімшеде қалады.
      11. Аумақтық бөлімшенің рұқсаты осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттарды тіркеу журналында тіркеледі және өтінім берушіге немесе өтінім берушінің нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша не ұйым басшысы қол қойған және осы ұйымның мөрімен куәландырылған сенімхат бойынша қол қойдырып басқа тұлғаға беріледі.

3. Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беру
тәртібі

      12. Өтінім беруші сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне (бұдан әрі – Комитет) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінім жібереді.
      13. Комитет сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарап, осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат береді (бұдан әрі – Комитеттің рұқсаты), не берілген өтінім осы Қағиданың 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда жазбаша дәлелді бас тарту жібереді.
      14. Комитеттің рұқсаты екі данада толтырылады, олардың біріншісі өтінім берушіге тапсырылады, ал екіншісі Комитетте қалады.
      15. Комитеттің рұқсаты осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттарды тіркеу журналында тіркеледі және өтінім берушіге немесе өтінім берушінің нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша не ұйым басшысы қол қойған және осы ұйымның мөрімен куәландырылған сенімхат бойынша қол қойдырып басқа тұлғаға беріледі.

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың
бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде
сирек кездетесін және құрып кету қаупі
төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер
түрлерін Қазақстан Республикасына    
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру қағидасына      
1-қосымша                

Нысан

_______________________________________________________________
(уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің толық атауы)
_______________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы не жеке тұлғаның тегі,
_______________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болса)

Өсімдіктер дүниесінің объектілерін, олардың бөліктері мен
дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары
жерлерге әкетуге рұқсат алуға
өтінім

      Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын (керегі сызып қойылсын): 


Өсімдіктер, олардың бөліктері мен дериваттары

Түрі

Салмағы (кг/тн)

1.




2.





















Жиыны



      Әкелуге, әкетуге өтінім жасалған өсімдіктердің, олардың бөліктері мен дериваттарының жалпы көлемі (кг/тонна)_________________

      Қолы ________________________________________________________
                       (тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың
бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде
сирек кездетесін және құрып кету қаупі
төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер
түрлерін Қазақстан Республикасына    
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру қағидасына      
2-қосымша                

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
_______________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен
дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары
жерлерге әкетуге
рұқсат № ____
(керегі сызып қойылсын) 

1.

Берілді (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болса)


2.

Әкелу немесе әкету мақсаты


3.

Әкелуге немесе әкетуге рұқсат етіледі (өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының атауы (салмағы, кг/тонна)


4.

Қолданылу мерзімі


5.

Ерекше шарттар (куәландыратын және басқа да құжаттардың болуы)


      Ескертпе: Рұқсат ол берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды.

      Берілген күні 20__ ж. «__» _______________

      Қолы _____________________________________________________
            (лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      Мөр орны

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың
бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде
сирек кездетесін және құрып кету қаупі
төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер
түрлерін Қазақстан Республикасына    
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру қағидасына      
3-қосымша                

Нысан

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен
дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан
тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беруді тіркеу
журналы 

рұқсат


Өсімдіктер дүниесі объектісінің, олардың бөліктері мен дериваттары-
ның түрі


Кімге берілді (заңды немесе жеке тұлға, оның ішінде өтінім берушінің сенімхаты бойынша)

Алушының деректері (тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың №)

Рұқсат берілген күн және түрі (әкелу немесе әкету)


Алушының қолы

1

2

3

4

5

6








Бұл журналда ______ бет нөмірленді,
тігілді және мөр басылды
__________________________________
(күні және жауапты тұлғаның қолы)


Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың
бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде
сирек кездетесін және құрып кету қаупі
төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер
түрлерін Қазақстан Республикасына    
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру қағидасына      
4-қосымша                

Нысан

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

_____________________________________________________________
              (заңды тұлғаның толық атауы)
_____________________________________________________________
              (жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің
____________________________________________________________
              тегі, аты, әкесінің аты (болса)
____________________________________________________________
          (мекенжайы, телефон және факс нөмірлері)

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат алуға
ӨТІНІМ

      Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер түрлерін (керегі сызып қойылсын) Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге рұқсат беруіңізді сұраймын________________________________________________
___________________________________________________________________
      (cирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
___________________________________________________________________
           жатқызылған өсімдіктер түрлерінің атауы)

      Үлгілерді әкелетін және/немесе әкететін адамның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы __________________________
___________________________________________________________________

Әкелу және/немесе әкету мақсаты ___________________________________
Түрі ______________________________________________________________

Саны немесе салмағы________________________________________________

Бөліктері мен дериваттарының саны немесе салмағы __________________ 

Әкелуді, (немесе әкетуді) жоспарлап отырған мерзім және оны кедендік ресімдеу бекеті ___________________________________________________

Көлік құралы мен маршрут сызбасы___________________________________

Экспорттаушы мен импорттаушының заңдық мекенжайы___________________
___________________________________________________________________
(орыс және ағылшын тілдерінде, олардың телефондары немесе факстары)

20__ жыл «__» ____________
      (өтінім берілген күн)

___________________________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты (болса)

Мөр орны (заңды тұлғалар үшін)

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың
бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде
сирек кездетесін және құрып кету қаупі
төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер
түрлерін Қазақстан Республикасына    
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру қағидасына      
5-қосымша                

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсат № ____
(керегі сызып қойылсын) 

1.

Берілді (заңды тұлғаның атауы, жеке тұлғаның, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (болса)


2.

Әкелу немесе әкету мақсаты


3.

Әкелуге немесе әкетуге рұқсат етіледі (өсімдіктер дүниесі объектілерінің, олардың бөліктері мен дериваттарының атауы (салмағы, кг/тонна)


4.

Қолданылу мерзімі


5.

Ерекше шарттар (куәландыратын және басқа да құжаттардың болуы)


      Ескертпе: Рұқсат ол берілген күннен бастап алты ай бойы жарамды.

      Берілген күні 20__ ж. «__» _______________

      Қолы ____________________________________________________
            (лауазымды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      Мөр орны

Өсімдіктер дүниесі объектілерін, олардың
бөліктері мен дериваттарын, оның ішінде
сирек кездетесін және құрып кету қаупі
төнгендер санатына жатқызылған өсімдіктер
түрлерін Қазақстан Республикасына    
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге
рұқсаттар беру қағидасына      
6-қосымша                

Нысан

Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнгендер санатына
жатқызылған өсімдіктер түрлерін Қазақстан Республикасына
әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсаттар беруді тіркеу
журналы 

рұқсат№


Өсімдіктер дүниесі объектісінің, олардың бөліктері мен дериваттары-
ның түрі

Кімге берілді (заңды немесе жеке тұлға, оның ішінде өтінім берушінің сенімхаты бойынша)

Алушының деректері (тегі, аты, әкесінің аты, жеке басын куәландыратын құжаттың №)

Рұқсат берілген күн және түрі (әкелу немесе әкету)

Алушының қолы

1

2

3

4

5

6








Бұл журналда ______ бет нөмірленді,
тігілді және мөр басылды
__________________________________
(күні және жауапты тұлғаның қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады