Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 117 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7566 болып тіркелді.

      Азаматтық авиация саласындағы қызметті ретке келтіретін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1.Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7006 бойынша тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2011 жылғы 26 шілдеде № 105 (2095), 2011 жылғы 27 шілдеде № 106 (2096), 2011 жылғы 28 шілдеде № 107 (2097), 2011 жылғы 29 шілдеде № 107 (2098) жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету жөніндегі Нұсқаулықта:

      мынадай мазмұндағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

      "37-1. Әуеайлақтық диспетчерлік орталық (әуеайлақ ауданының диспетчерлік пункті) пен аудандық диспетчерлік орталықтың (аудандық диспетчерлік пункті) диспетчерлік пункттері жабдықтарының бақылау тізбесі осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес белгіленеді.";

      мынадай мағынадағы 21-1 тараумен толықтырылсын:

      "21-1. ӘҚҰ органы мен аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметінің арасын үйлестіру

      429-1. Аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметі әуе қозғалысының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық ақпараттар құжатын ӘҚҰ органына береді. Мұндай құжаттарға:

      1) Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағы (AIP);

      2) Қазақстан Республикасының әуе трассасы мен жергілікті әуе желісінің тізбесі;

      3) Қазақстан Республикасының әуеайлақ жинағы;

      4) Қазақстан Республикасы мен көршілес мемлекеттердің әуе трассаларының шолу картасы;

      5) NOTAM жатады.

      ӘҚҰ органының сұрау салуы бойынша, аралас мемлекеттердің егер олар аэронавигациялық ақпараттар қызметінде бар болса, аэронавигациялық ақпараттардың құжаттары беріледі.

      429-2 Аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметінің органдарын ең соңғы ұшар алдындағы ақпараттарды беруге және әуе кеңістігін пайдаланушылардың аэронавигациялық ақпараттарға қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін мәліметтермен қамтамасыз ету үшін ӘҚҰ органдары аэронавигациялық жағдайдың барлық өзгерістері туралы мыналарға қатысты аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметінің органына:

      1) шекарадағы алдын ала жоспарланған (пайдалану тексеруін қоса алғанда) орнатуларды, өзгертулерді, айтарлықтай өзгерістерді (тігінен және көлденеңінен);

      әуе қозғалысына қызмет көрсететін жауапкершілік (аймақтарына) аудандарына;

      ұшып шығу мен қону аймақтарына;

      ӘҚҰ бағыттарына;

      ұшу ақпараттарының (ӘҰ бақыламайтын) аудандарына;

      жергілікті диспетчерлік пункттің аудандарына;

      жергілікті әуе желілеріне;

      2) орналасқан жері, жиілігі, дабылдарды, идентификаторларды, белгілі ауытқуларды, бақылаушы және байланыс құралдарына, радионавигациялық құралдарға техникалық қызмет көрсету кезеңдеріне;

      3) күту аймағындағы ұшу, қонуға бет алу, ұшып келу және ұшып кету, схемаларын, шуылдың төмендегендігі және басқа ұшуларды анықтауға тиісті рәсімдерде;

      4) өту эшелоны, абсолютті биіктіктен және абсолютті кіші биіктіктен өту секторында;

      5) әуеайлақтағы жер үстінде (шек қойылған көріну жағдайындағы рәсімдерді қоса алғанда) пайдалану рәсімдеріне;

      6) ӘҚҰ органдарының жұмыс сағатына;

      7) әуе қозғалысына қызмет көрсету бағыттарының схемалары мен желі құрылғыларына;

      8) ұшуды жүргізу үшін маңызды деп есептелетін басқа да әр түрлі ақпараттарды, қолданатын ұйғарымдар мен ережелерді дереу хабарлайды.

      429-3. Аэронавигациялық жүйеге өзгерістер енгізбестен бұрын ӘҚҰ қызметі аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметіне қажетті жариялауға арналған тиісті материалдарды дайындау, ресімдеу және шығару үшін уақытты есептеулері тиіс.

      Егер енгізілген өзгерістер аэронавигациялық карта мен (немесе) автоматтандырылған жүйеге кіргізуге тиесілі болса, олар "Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1441 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерін пайдаланушыларды аэронавигациялық ақпараттармен қамтамасыз ету қағидаларында белгіленгендей (AIRAC) аэронавигациялық ақпараттарды регламенттеуші және бақылаушы жүйемен анықталған мерзімде аэронавигациялық ақпараттарды басқару қызметіне беруі тиіс.";

      мынадай мағынадағы 21-2 тараумен толықтырылсын:

      "21-2. Әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі мен байланыс және радиотехникалық жабдықтарды пайдалану қызметі арасындағы үйлесімділік

      429-4. Байланыс пен ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмысындағы (оларды қосу мен ажыратуды қоса алғанда) барлық өзгерістерді РТЖБП қызметінің персоналы ұшу басшысына (ӘҚҰ диспетчеріне) баяндайды.

      429-5. Байланыс және радиотехникалық жабдықтарды пайдалану қызметі ӘҚҰ органын қонуға кіру рәсімдерін қамтамасыз ететін ақпараттармен немесе істен шығатын индикациялық құралдарды немесе радиотехникалық құралдардың жұмыс істеулерінің бұзылғанын мынадай талаптарға сәйкес:

      1) қонуға жақындау диспетчерлік пункті үшін:

      кірудің алғашқы және аралық сатысы, келіп қонудың стандартты (аспап бойынша) рәсімдері бойынша жақындаудың рәсімдерін анықтайтын радиотехникалық құралдарға қатысты 2 минуттан көп емес ретте;

      аспап бойынша қонуға бет алуды аяқтау жөніндегі қону мен қонуға бет алудың соңғы сатысының рәсімдерін анықтайтын, радиотехникалық құралдарға (ҰҚЖ-да орнатылғанды қоса алғанда) қатысты кідірмей келуді;

      аспап бойынша ұшып шығудың рәсімдеріне сәйкес ұшып шығу және алғашқы биіктікті алу сатысының рәсімдерін анықтайтын, радиотехникалық құралдарға (ҰҚЖ-да орнатылғанды қоса алғанда) қатысты кідірмей келуді;

      2) әуеайлақтық диспетчерлік пункт үшін:

      қонуға бет алуды аяқтау бойынша кіру және қонудың соңғы сатысының рәсімдерін анықтайтын радиотехникалық құралдарға (ҰҚЖ-да орнатылғанды қоса алғанда) қатысты кідірмей келуді;

      аспап бойынша ұшып шығу рәсімдеріне сәйкес ұшу және бастапқы биіктікті алу сатысының рәсімдерін анықтайтын радиотехникалық құралдарға (ҰҚЖ-да орнатылғанды қоса алғанда) қатысты кідірмей келуді қамтамасыз етеді.

      Ұшуды қамтамасыз ететін радиотехникалық жабдықтардың басқа құралдарына және байланысқа қатысты істен шығуы немесе ақаулық жағдайы туралы ақпараттармен немесе индикациялық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі азаматтық авиацияны ұйымдастыру басшысының (филиалдың) бұйрығымен бекітілген осы әуеайлақтың РТЖБП қызметі мен ӘҚҰ қызметінің арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықта жазылған.";

      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиациясы комитеті (Б.Қ. Сейдахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Жұмағалиев


  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  . Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
4-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
5-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация
министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
6-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.07.2017 № 509 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
7-қосымша
Әуе қозғалысын ұйымдастыру
және оған қызмет көрсету жөніндегі
нұсқаулыққа 1-1-қосымша

Әуеайлақтық диспетчерлік орталық (әуеайлақ ауданының
диспетчерлік пункті) пен аудандық диспетчерлік орталықтың
(аудандық диспетчерлік пункті) диспетчерлік пункттері
жабдықтарының бақылау тізбесі

Жабдық түрі

Брифинг ДП

РДП

СДП

МДП

ШДП

ЖДП

ЖДП

АДП

1

Диспетчердiң пультi

+

+

+

+

+

+

+

+

2

Негiзгi және резервтiк радиостанцияларды басқару органдары

-

+

+

+

+

+

+

+

3

Авариялық арна радиостанциясын басқару органдары

-

-

-

+

+

+

+

+

4

Радиолокациялық ақпараттарды бейнелеу аспабы

-

-

-

+

+

+

+

+

5

ҰАШ РЛС (ЖҚБАЖ) ақпаратын бейнелеу аппаратурасы

-

+2

+2

+2

-

-

-

-

6

АРП индикаторы (ақпараттарды бейнелеу)

-

-

-

+

+

+

+

+

7

Әуеайлақiшi радиобайланысы радиостанциясын басқару органы

-

+

+

+

-

-

-

-

8

Дыбысүдеткiш және телефон байланысы аппаратурасы

+

+

+

+

+

+

+

+

9

АЖРМП (ЖРС немесе VOR) арқылы команда беру арнасын басқару органы

-

-

-

+

+

+1

-

-

10

Жарық-сигналдық жабдықты қашықтан басқару аппаратурасы

Ұшып-көтерiлу және қонудың жарық-сигналдық құралдарын басқару органдары

-

-

-

+

-

-

-

-

ҰҚЖ-дан шығып кету және ҰҚЖ-ға шығу жарық-сигналдық құралдарын басқару органдары

-

-

+2

+2

-

-

-

-

Әуеайлақ бетімен бұру-жылжу жарық сигналдық құралдарын басқару органдары

-

+3

-

-

-

-

-

-

11

Қону жүйелерінің жай-күйі туралы автоматтандырылған сигнал беру

Дыбыстық және жарықтық

РМЖ

-

-

-

+

+1

-

-

-

ҚЖЖ

-

-

-

+

+1

-

-

-

Ұшып шығу және қону кезінде ЖСЖ-ы

-

-

-

+

-

-

-

-

Жарықтық

ҰҚЖ-дан шығып кету және ҰҚЖ-ға шығу ЖСЖ-ы

-

-

+

+

-

-

-

-

Аэродром бетімен бұру-жылжу ЖСЖ-ы

-

+

-

-

-

-

-

-

12

"ҰҚЖ бос емес" жарықтық сигнал беруін басқару пульті

-

-

+

+

-

-

-

-

13

"ҰҚЖ бос емес" жарықтық сигнал беруінің индикаторы

-

-

+

+

-

-

-

-

14

Метеоақпараттарды5 бейнелеу құралы

+1

+1

+4

+4

+4

+4

+4

+4

15

Бас гарнитура (телефон тұтқасы)

-

+

+

+

+

+

+

+

16

Микрофон (телефон тұтқасы)

-

+

+

+

+

+

+

+

17

Динамиктер (телефон тұтқасы)

+

+

+

+

+

+

+

+

18

Магнитофон (радиобайланыстар мен телефон байланысын жазуға арналған)

+

+

+

+

+

+

+

+

19

Электрмен қоректену көздері

+

+

+

+

+

+

+

+

20

Резервтегі электрмен қоректену көздері

+

+

+

+

+

+

+

+

21

Авариялық жарық беруді қоса алғанда жарықтандыру

+

+

+

+

+

+

+

+

22

Сағаттар

+

+

+

+

+

+

+

+

23

Көрсету тақтасы (НОТАМ және т.б.)

+

-

-

-

-

-

-

-

24

Әуеайлақ ауданындағы ақпараттарды тарату қызметінің хабарларды жазуға арналған магнитофоны (ATIS)

+

+

+

+

+

+

-

-

25

Өртке қарсы дабыл беру және өрт сөндіру жүйесі

+

+

+

+

+

+

+

+

26

Столдар/консолдар/сөрелер

+

+

+

+

+

+

+

+

27

Кресло/орындық

+

+

+

+

+

+

+

+

28

Дүрбі

-

+

+

+

-

-

-

-

29

Жалюзилер

+

+

+

+

+

+

+

+


      1Ұсынылатын жабдық.

      2III санат бойынша қонуға дәлме-дәл кiру ҰҚЖ-ы бар әуеайлақтарында орнатылады.

      3Басқарылатын бұру-жылжу құралдары жоқ болғанда бүйiрлiк бұру-жылжу оттарын және басқарылмайтын жарықтық көрсеткiштердi қону және ұшып-көтерiлу оттарының тобымен қоса басқаруға рұқсат етіледі.

      4Жабдық, I, II, III санаттар бойынша қонуға дәлме-дәл кiру ҰҚЖ-ы және А, Б, В класты құрал-аспаптар бойынша қонуға кiруi бар әуеайлақтарда орнатылуы тиiс. Жабдық Г, Д және Е класты құрал-аспаптары бойынша қонуға кiру ҰҚЖ-ы бар әуеайлақтар үшiн ұсынылады.

      5ӘҚБ диспетчерлiк пункттерiн бiр үй-жайда (залда) орналастырған жағдайда, диспетчердiң тиiстi жұмыс орнынан метеоақпаратты алу мүмкiндiгi қамтамасыз етiлсе осы диспетчерлiк пункттер үшiн метеоақпаратты бейнелеудiң бiрыңғай құралын орнатуға рұқсат етіледі.

      Ескертпе: Бiр диспетчер бiрнеше функцияларды қоса атқарған кезде, осы тiзiмге сәйкес жабдық бiр жұмыс орнында шоғырландырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады