Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/114 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 сәуірде № 7588 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағы 18-9) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м.а.                                     Е. Аман

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі
      2012 жылғы 9 сәуір
      ________________Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы Министрінің м.а.
2012 жылғы 19 наурыздағы   
№ 25-02-01/114 бұйрығымен  
бекітілген           

Мектеп орманшылығын ұйымдастыру
және оның жұмыс істеуі қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектеп орманшылығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабының 1-тармағының 18-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектеп орманшылығын ұйымдастыру және жұмыс істеу тәртібін белгілейді.
      2. Мектеп орманшылығы - 14 жастан бастап және одан жоғары экологиялық-биологиялық және экологиялық-орман өсіру бағытында оқитындардың бірлестігі. Мектеп орманшылығы заңды тұлға болып табылмайды.
      3. Мектеп орманшылығы ерікті негізде құрылады және оқитындардың экологиялық тәрбие мен еңбек нысанының бірі болып табылады.
      4. Мектеп орманшылығының міндеттері:
      1) орман шаруашылығы мен табиғат пайдалану саласында оқушыларға кәсіби бағыт қалыптастыру, оларды мамандықты саналы таңдауға даярлау;
      2) орман шаруашылығы (бұдан әрі - орман мекемесі) және табиғат қорғау (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемесі) мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік табиғи қорық қоры объектілерін сақтау, ормандардың өсімін молайту мен орман дамытуды қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік көмек көрсету;
      3) орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы білімді іс жүзінде кеңейтуі, тереңдетуі және бекіту;
      4) орман шаруашылығын жүргізудің инновациялық әдістерін мақұлдау мен әзірлеуге қатысу;
      5) оқушыларды экологиялық ағарту;
      6) орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы дайындық және мамандық алу болып табылады.

2. Мектеп орманшылығының ұйымдастыру
және оның жұмыс істеуі тәртібі

      5. Мектеп орманшылығы бірлескен қызмет туралы олардың өзара қорытындысы негізінде білім беру ұйымы - жалпы білім беретін мектеп (бұдан әрі - мектеп) пен орман (табиғат қорғау) мекемесінің базасында ұйымдастырылады.
      6. Орман (табиғат қорғау) мекемесі мектеп орманшылығының жұмыс істеуі үшін мемлекеттік орман қорының учаскелерін ұсынады.
      7. Мектеп орманшылығының мүшелері ерікті негізде мынандай:
      1) орманды отырғызу және себу, орман дақылдары және орман тұқымы плантацияларына күтім жасау, питомниктерді, дендрологиялық учаскелерді салу, оларға күтім жасау, отырғызу материалдарын өсіру, орманның табиғи жаңаруына және кеспеағаштарды белгілеп өлшеуге көмек көрсету;
      2) орман зиянкестері ошағын және ауруларының байқалуы жөніндегі;
      3) орман өртінің алдын алу шараларын жүргізу жөніндегі;
      4) пайдалы жәндіктерді (өсімдіктерді тозаңдандыратындарды, құмырсқаларды) қорғау жөніндегі;
      5) құстарды қорғау, жем беру және ұяларды дайындау мен ілу жөніндегі іс-шараларды орындауға.
      8. Сондай-ақ мектеп орманшылығының мүшелері:
      1) табиғат қорғау акцияларын жүргізуге;
      2) шығармашылық іс-шараларға (конференциялар, байқаулар, конкурстар, тақырыптық мерекелер және басқалары);
      3) табиғат ескерткіштерін қорғау және төлқұжаттандыруды табуға;
      4) сирек кездесетін жануарлар және өсімдіктер түрлерінің санын есепке алуға;
      5) орман экожүйесінің экологиялық мониторингіне фенологиялық бақылаулар жүргізу;
      6) экологиялық соқпақтарды әзірлеуге, ұйымдастыру мен пайдалануға;
      7) табиғатты қорғау тақырыптары бойынша саяхаттар, дәрістер, семинарлар жүргізуге;
      8) мұражай және табиғат бұрыштарын ұйымдастыруға және жұмыстарына;
      9) бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтасуға, табиғат қорғау мазмұнында материалдар дайындау және жарыққа шығаруға қатыса алады.
      Мектеп орманшылығының мүшелері көзделген іс-шараларды сабақтан тыс уақытта және (немесе) демалыс уақытында орындайды.
      9. Жазғы демалыс уақыты кезеңінде мектеп орманшылығының мүшелері үшін экспедициялар, экологиялық лагерлер ұйымдастыруды көздейді.

3. Мектеп орманшылығы жұмысына басшылық ету

      10. Мектеп орманшылығының тікелей басшылығын орман (табиғат қорғау) мекемесі мамандарының санынан құралған мектеп орманшылығының басшысы (педагогикалық қызметкерлер санынан құралған) мен басшының көмекшісі жүзеге асырады.
      11. Мектеп орманшылығының басшысы:
      1) мектеп орманшылығын ұйымдастыру мен жұмыс істеуін, оның қызметінің педогогикалық басшылығын жүзеге асырады;
      2) оқу-тәрбиелік жоспарын әзірлеуге қатысады;
      3) тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын, теориялық және практикалық білімді басшылыққа алады;
      4) қауіпсіздік техникасы жөніндегі қағиданың, еңбектің санитарлық-гигиеналық шарттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      12. Мектеп орманшылығы басшысының көмекшісі:
      1) өндірістік қызметті басшылыққа алуды жүзеге асырады;
      2) оқу-тәрбиелік жоспарды әзірлеуге қатысады;
      3) техникалық қауіпсіздік бойынша қағиданың, іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегі қауіпсіздік шарттардың, орман шаруашылығы іс-шараларының кешенін орындауды қамтамасыз етеді.
      13. Үй-жайды ұсыну, зерттеу жұмысына ғылыми басшылық ету, экологиялық лагерлерді және экспедицияны ұйымдастыру және жүргізу, үздік қатысушыларды марапаттау, өзге ұйымдар өткізген жергілікті, аймақтық және республикалық іс-шараларға қатысу, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтасу тараптар арасында материалдық-техникалық кадрлардан және басқа да мүмкіндіктерден шыға отырып тараптармен өзара келісім-шарт бойынша бөліседі.
      14. Іс-шараларға белсене қатысқан мектеп орманшылығының мүшелері мектеп, білім беру органдарымен, орман/табиғат қорғау мекемелерімен марапаттаудың әр түрімен марапатталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады