"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің м.а. 2012 жылғы 19 наурыздағы N 72-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 сәуірде № 7595 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 30 шiлдедегі № 280 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 30.07.2021 № 280 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461-IV Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-ө бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік реестрiнде № 4825 тіркелген, 2007 жылғы 22 тамызда № 128 (1331) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша нұсқаулықта:

      3-тармақтың 5)-тармақшасы алынып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Нұсқаулықта төмендегідей негізгі терминдер мен айқындамалар қолданылып отыр:

      1) әсер - адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін, жануарлар мен өсімдіктер әлемін, топырақты, жер қойнауын, ауаны, климатты, ландшафты, тарихи ескерткіштер мен басқа да материалдық объектілерді, осы факторлар арасындағы өзара байланысты қоса алғанда қоршаған орта үшін көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің кез келген зардабы; ол сондай-ақ мәдени мұра мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларға тигізілген зардаптарды да қамтиды, осы факторлардың өзгеруінің нәтижесі болып табылады;

      2) зардап - көзделіп отырған шаруашылық немесе өзге де қызметтің әсерінің нәтижесі және содан пайда болған, қоршаған табиғи және (немесе) әлеуметтік-экономикалық ортада көрініс тапқан өзгерістер;

      3) жұртшылықтың қатысуы (қоғамдық пікірді ескерту) - қоғамдық пікірді білу және әсерді бағалау барысында оны ескерту мақсатымен жұртшылықты жоспарланған қызмет туралы және оның қоршаған ортаға ықтимал әсері туралы хабардар етуге бағытталған, ҚОӘБ шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар кешені;

      4) ҚОӘБ бойынша құжаттаманы әзірлеуші - көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалауды жүзеге асыратын, аталған қызметті жүргізуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган берген тиісті лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға;

      5) қоғамдық талқылаулар - халықтың (жұртшылықтың) мүдделерін қозғайтын көзделіп отырған қызметті орындау жөніндегі шешімдерді қабылдауға оның қатысуына кепілдік беретін тура және кері ақпараттық байланысты қамтамасыз ететін, ҚОӘБ-тің құрамдас бөлігінің жалпылама атауы;

      6) өзгеру - қоршаған ортаның құрамдас бөліктеріндегі және (немесе) олардың үйлесіміндегі қайтымды және (немесе) қайтымсыз өзгеріс;

      7) тапсырыскер - қызметтің осы түріне қойылатын нормативтік талаптарға сәйкес көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша құжаттаманы дайындау үшін жауапты және көзделіп отырған қызмет бойынша құжаттаманы экологиялық сараптамаға ұсынатын заңды немесе жеке тұлға;

      8) экологиялық сүйемелдеу - көзделіп отырған қызметті жүзеге асырудың барлық сатыларында оған экологиялық негіздеме беру бойынша ұйымдық-техникалық және қисынды түрдегі өзара байланысқан әрекеттердің жүйелілігін қамтамасыз ететін рәсім.";

      5-тармақтың 8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жұртшылықтың қатысуы - ҚОӘБ өткізілуі барысында жұртшылықтың ҚОӘБ туралы ақпаратқа қол жеткізуі қамтамасыз етіледі және қоғамдық тыңдаулар (ҚОӘБ материалдарының қоғамдық талқылаулары) өткізіледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының барысында ҚОӘБ рәсімі нәтижелері мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарауына жіберілетін жүйелі іс-қимылдар реті бойынша өткізіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Шаруашылық және өзге де қызметті негіздейтін құжаттаманы әзірлеу кезеңдеріне сәйкес, олардың дәйекті түрде нақтылануын және айқындалуын көздейтін ҚОӘБ сатыларына атау беріледі:

      1) қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау (Алдын ала ҚОӘБ);

      2) қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ);

      3) "Қоршаған ортаны қорғау" тарауы.";

      11, 12, 13, 14-тармақтар алынып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ҚОӘБ өткізудің "Көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау" (бұдан әрі - Алдын ала ҚОӘБ) бірінші кезеңінің барысында қоршаған және әлеуметтік-экономикалық ортаның құрамындағы өзгерістердің және қоғам өмірінде және қоршаған ортадағы олардың келтіретін зардаптарының ықтимал әлеуетті бағыттары айқындалады.";

      21-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) объектілер мен құрылыстарды салу мен пайдаланудың қалыпты (штаттық) режимінде және апаттық жағдайларда (әсер етудің көздері, түрлері, дәрежесі мен аймақтары, оның ішінде ластағыш заттардың түрі, құрамы, бағдарлық көлемдері, өндіріс және тұтыну қалдықтарының сипаты - улылықтың түрі, көлемі, қауіптілігі) көзделіп отырған қызмет әсерінің түрлерін құрамдық-сапалық жағынан сипаттау;";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Жобалау алдындағы бағалау сипатындағы құжаттама (бизнес-жоспарлар, техникалық-экономикалық есептер (бұдан әрі - ТЭЕ), техникалық-экономикалық көрсеткіштер (бұдан әрі - ТЭК) және басқа да оларға ұқсас жобалау алдындағы құжаттар), сонымен қатар "Алдын ала ҚОӘБ" қоса алғанда жобалау алдындағы негізгі құжаттама – "Инвестицияны негіздеу" мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылады.";

      26-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. ҚОӘБ өткізудің екінші кезеңі - "Қоршаған ортаға әсерді бағалау" көзделіп отырған шаруашылық қызметінің нақты объектілері мен құрылыстарының қоршаған ортаға (1, 2-қосымша) әсерінің барлық аспектілері толық көлемде жете талдауды көздейді және ол қоршаған ортаның құрамдас бөліктері бойынша төмендегідей материалдарды қамтиды:";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) өндіріс және тұтыну қалдықтары:

      қалдықтардың түрлері және пайда болу көлемдері;

      аумақтың өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануының ерекшеліктері (қауіптілік индексі, улылығы, физикалық күйі);

      қалдықтардың барлық түрлерін залалсыздандыру, кәдеге жарату, көму бойынша ұсынымдар;

      қалдықтарды залалсыздандыру немесе кәдеге жарату бойынша технологиялар;

      өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтеріне жету бойынша ұсыныстар";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыс құжаттамасына "Қоршаған ортаны қорғау" бөлімін (бұдан әрі – Бөлім) әзірлеу ҚОӘБ рәсімінің үшінші кезеңі болып табылады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Бөлімнің құрамы мен мазмұны көбінесе ҚОӘБ екінші кезеңінің материалдарына ұқсас келеді.

      Қоршаған ортаға әсердің сипаттамасы мен параметрлері үшінші кезеңде:

      жобалық құжаттамада қарастырылатын нақты техникалық шешімдерге сәйкес анықталуы керек;

      қысқаша түрде, бірақ қабылданған шешімдерді талдауға және қоршаған ортаны қарастырылатын объектінің теріс әсерінен қорғауды қамтамасыз етуге жеткілікті көлемде баяндалуы керек.";

      36, 37, 38, 39, 40, 41, 42-тармақтар алынып тасталсын;

      5-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Трансшекаралық әсері бар объектілер үшін қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасын өткізу ерекшеліктері";

      43, 46 және 47-тармақтар алынып тасталсын;

      3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Экологиялық заңнама және құқықтық қамтамасыз ету департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 30 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таралады.

Министрдің м.а.

М. Мұхамбетов


  Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
міндетін атқарушының
2012 жылғы 19 наурыздағы
№ 72-Ө бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 28 маусымдағы № 204-Ө
бұйрығымен бекітілген жоспарлау алдындағы,
жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау
құжаттамасын әзірлеу кезінде
көзделіп отырған шаруашылық және
өзге де қызметтің қоршаған
ортаға әсерін бағалауды жүргізу
тәртібі туралы Нұсқаулыққа
3-қосымша

ҚОӘБ материалдарын әзірлеу сатыларының
Қазақстан Республикасында шаруашылық және өзге де қызметті
негіздейтін жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы
және жобалау құжаттаманы орындаудың сатыларына сәйкес келуі

ҚОӘБ материалдарын әзірлеу сатылары

Өндірістік мақсаттағы объектілер мен құрылыстарды салуды жобалаудың сатылары

Қала құрылысын жобалаудың сатылары (ҚР ҚНмЕ 3.01-07-2001 сәйкес)

1. Қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау

Алдын ала ҚОӘБ (ҚОӘБ бірінші сатысы)

Инвестицияларды, сонымен қатар ТЭН, ТЭЕ, бизнес-жоспарды және басқа жобалау алдындағы құжаттарды ҚР ҚНмЕ 2.2-01-2001 2.1, 3.1-тармақтары, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сәулетшілік, қала құрылысы және құрылыс туралы" заңы) негіздеу, кен орнын өңдеудің технологиялық сұлбалары мен жобалары.

Қала құрылысын жоспарлаудың, облыстардың аумақтарын дамытудың кешенді сұлбалары және қала құрылысын жоспарлаудың, әкімшілік аудандардың аумақтарын дамытудың кешенді жобалары. Қаланың бас жоспарының тұжырымдамалары (ұзақ мерзімді даму қызметі болжамдары).

2. Жоба – жұмыс құжаттамасы Жобалық құжаттамасы екі сатысында жасалатын – қызметтің ауқымды және (немесе) экологиялық қауіпті түрлеріне арналған ҚОӘБ – Қоршаған ортаның әсерін бағалау (ҚОӘБ екінші сатысы)

Жоба (ҚР ҚНмЕ 2.2-01-2001 2.3, 3.10, 4.1-тармақтары), кен орнын ұйымдастыру жобалары

Ірі қалалардың бас жоспарлары. Ірі өнеркәсіпті аймақтардың және өнеркәсіптік аудандардың жоспарлау жобалары

3. "Қоршаған ортаны қорғау" тарауы. Жұмыс құжаттамасының құрамында осы тарау "Жоба" сатысына арналып жасалатын (осы кезеңде ҚОӘБ үшінші сатысы орындалуда) ҚОӘБ түзетуі болып табылады.

Жұмыс құжаттамасы (ҚР ҚНмЕ 2.2-01-2001 2.3-тармағы)

50 мыңнан кем тұрғыны бар қалалардың, кенттердің және ауылдық елді мекендердің бас жоспарлары. Кішігірім өнеркәсіп аймақтарын және өнеркәсіп аудандарын жоспарлаудың жобалары

"Жұмыс Жобасы" құжаттамасының құрамында қызметтің шамалы және (немесе) экологиялық қауіпсіз түрлері үшін ҚОӘБ екінші сатысын жасау деңгейінде егжей- тегжейлі талдау іске асырылады

Жұмыс жобасы (ҚР ҚНмЕ А 2.2-1-2001)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады