"Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша қаражатын басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 219 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 мамырда № 7653 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 540 және ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 706 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7381 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiнде:

      10-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ден қою актiлерiн орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" китерийi бойынша мыналар көрсетiледi:

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемi;

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi;

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасы;

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi;

      қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген ден қою актiлерiнiң жалпы санына қарағанда толық және белгіленген мерзімде орындалған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ден қою актiлерiнiң саны көрсетiледi;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Бюджет қаражатының жалпы көлемiне iшкi бақылау қызметтерiмен тексерiлген бюджет қаражатының көлемi" критерийi бойынша бағалау:

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемiн;

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемiн;

      қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген ден қою актiлерiнiң жалпы санына қарағанда толық және белгіленген мерзімде орындалған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ден қою актiлерiнiң саны көрсетiледi.";

      46-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тiкелей және/немесе түпкiлікті нәтиже болмаған не тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк бермейтiн немесе түпкiлікті нәтижелерi бар тiкелей нәтижелердi қайталайтын сандық сипатының орнына iс-шаралар болған жағдайда, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерін басқа бюджеттік бағдарламасының көрсеткіштерінде қайталаған жағдайда 0 балл берiледi.";

      48-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижесiне 90,1%-дан кем қол жеткiзiлген болса, онда бюджеттік бағдарламаның тиімділігі "0 пайызға" тең болады.";

      55-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және бағаланатын мемлекеттiк органдарға қайта тексеру нәтижелерi бойынша келiспеушiлiктердi қабылдау не қабылдамау туралы негiзделген қорытындыларды жiбередi. Келiспеушiлiктер қабылданған жағдайда бағалау нәтижелерi туралы қорытындыға тиiстi түзетулер енгiзiледi.";

      1-қосымшада:

      3 "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ден қою актiлерiн орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" китерийi мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3.

"Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ден қою актiлерiн орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" китерийі


мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемi;



мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi;



мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасы;



мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi;



қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген ден қою актiлерiнiң жалпы санына қарағанда толық және белгіленген мерзімде орындалған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ден қою актiлерiнiң саны



       ";

      7-қосымшада:

      3 "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ден қою актiлерiн орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" және 4 "Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң бюджет қаражатын басқару жөнiндегi қызметi және олардың ұсынымдарын орындау жөнiндегi шаралар" критерийлері мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ден қою актiлерiн орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар - 9 балл


Есептi кезеңде тексеру жүргiзілмеуiне байланысты мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының ден қою актiлерінiң болмауы

4


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi

3


100% немесе бюджетке қайтарылатын сома жоқ

3


70,0 – 99,9%

2


35,0 – 69,9%

1


34,9%-ға дейiн

0


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ден қою актiлерiне сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi

3


100% немесе бюджетке қалпына келтірілетін сома жоқ

3


70,0 – 99,9%

2


35,0 – 69,9%

1


34,9%-ға дейін

0


қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңдегi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген ден қою актiлерiнiң жалпы санына қарағанда толық және белгіленген мерзімде орындалған мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ден қою актiлерiнiң саны

 
 
 


100% немесе бюджетке енгізілген ден қою актісі жоқ

3


70,0 – 99,9%

2


35,0 – 69,9%

1


34,9%-ға дейін

0

4

Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң бюджет қаражатын басқару жөнiндегi қызметi және олардың ұсынымдарын орындау бойынша шаралар – 8 балл


Iшкi бақылау қызметтерiнiң немесе олар жүргiзген тексерулердiң болмауы

0


Ішкі бақылау қызметтері қамтыған бюджет қаражатының көлеміне қарағанда анықталған бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтар сомасы

3


Бұзушылықтар болмауы себебінен нұсқаманың болмауы

3


50%-дан астам

3


25,0 – 49,9%

2


5,0 – 24,9%

1


4,9%-ға дейін

0


мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен бөлімшелерінің жалпы санына қарағанда есепті кезеңде ішкі бақылау қызметтерінің тексерулерімен қамтылған мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен бөлімшелерінің саны

2


40,0%-дан астам

2


20,0 – 39,9%

1


19,9%-ға дейін

0


қайтарылған және қалпына келтiрiлген сомалардың көлемiн қоспағанда, есептi кезеңде мемлекеттік органның басшысы қабылдаған ұйғарымдардың жалпы санына қарағандағы iшкi бақылау қызметтерiнің тексеру нәтижелерi бойынша мемлекеттік органның басшысы қабылдаған ұйғарымдардан мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен бөлімшелері толық және белгіленген мерзімде орындағандарының саны

3


100%

3


70,0 – 99,9%

2


35,0 - 69,9%

1


34,9%-дейін

0


       ";

      6 "Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары" критерийi мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6

Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары - 15 балл


мемлекеттiк сатып алу жылдық жоспары тармақтарының жалпы санына қарағанда мемлекеттiк сатып алу жоспарының орындалған тармақтары санының үлесi

3


95 - 100%

3


90 - 94%

2


50 - 89%

1


0 - 49%

0


мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарының жалпы көлемiне қарағанда мемлекеттiк сатып алу жоспарының орындалған тармақтарындағы бюджет қаражаты көлемiнiң үлесi

3


95 - 100%

3


90 - 94%

2


50 - 89%

1


0 - 49%

0


мемлекеттiк органның құзыретiне кiретiн бюджеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн қажет нормативтiк және/немесе құқықтық актiлердi уақтылы қабылдау

2


уақтылы

2


мерзiмiн бұза отырып

0


бюджеттiк инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы

3


бюджеттiк инвестициялық жобалардың құжаттамасының сметалық құнын ұлғайту пайызы



1 – 20%

2


21 – 40%

1


40%-дан астам

0


Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнде бюджеттiк инвестициялық жобалардың болмауы

2


объектiлердi белгiленген мерзiмде тапсыру (iске қосу)

4


Уақтылы

4


Есептi кезеңде пайдалануға тапсырылуы жоспарланып отырған объектiлердiң жалпы санына қарағанда пайдалануға уақтылы енгiзiлмеген объектiлердiң үлесi



1 – 13%

3


14 – 26%

2


27 – 40%

1


40%-дан астам

0


Объектiнi тапсыру (енгiзу) көзделмеген

2


       ".

      2. Бюджеттiк рәсiмдер әдiснамасы департаментi (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасы


Қаржы министрі

Б. Жәмiшев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады