Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі өлшемдер мен әдістемелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 10 мамырдағы № 149-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 7 маусымда № 7712 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 176 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 27.04.2016 № 176 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 94-11-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі өлшемдер мен әдістемелер бекітілсін.
      2. Төменкөміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Н. Қаппаров

Қазақстан Республикасы      
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 10 мамырдағы № 149-ө
бұйрығымен бекітілген     

Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі
өлшемдер мен әдістемелер

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп дайындау жөніндегі өлшемдер мен әдістемелер парниктік газдарды түгендеу туралы есепті дайындау тәсілін анықтайды.
      2. Қондырғы операторы парниктік газдарды квоталау бойынша талаптарға жатқызылатын қондырғылардан парниктік газдар шығарындыларына жыл сайынғы түгендеу жүргізу арқылы парниктік газдар шығарындыларына мониторинг жүргізеді.
      3. Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп «Парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11818 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша ұсынылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен аккредиттелген тәуелсіз ұйыммен растауға жатады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 04.12.2015 № 692 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеу туралы есепті және осы есеп бойынша тәуелсіз аккредиттелген ұйымның қорытындысын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін ұсынады.
      5. Парниктік газдарды түгендеу туралы есепте күнтізбелік жылдағы реттелетін қондырғылардан парниктік газдар шығарындылары көрсетіледі және келесі ақпараттар қамтылады:
      1) есептік бойынша атауы, мекенжайы, байланысты тұлға, парниктік газдар шығарындылары квоталанатын қызмет түрі, есептік кезең, парниктік газдар шығарындылары квотасының нөмірі және сертификаты қоса алынғанда, қондырғы және оның оператор бойынша сәйкестендіру деректері;
      2) парниктік газдар шығарындыларының өлшемдері немесе есептері өткізілетін параметрлер және нәтижесінде парниктік газдар, жылу шығару мүмкіндігі бар нетто-мәндер коэффиценті, шығарындылар коэффиценті, қышқылдану коэффиценті, қайта түзілу коэффиценті, шығарындылар көлемі түзілетін қызметтер туралы деректерін қоса алғанда, парниктік газдарды түгендеу нәтижесі.
      6. Қондырғы операторы парниктік газдар шығарындыларына мониторинг жүргізу мақсатында техникалық өлшеуіш құрылғыларын қолданған жағдайда, түгендеу туралы есепте оның сенімділігі мен ақаулықтары туралы ақпаратты қоса алғанда өлшеуіш құрылғыларының деректері көрсетіледі. 

2. Парниктік газдарды түгендеу туралы есеп құру

      7. Қондырғы операторы парниктік газдарды түгендеуді әдістеме таңдауға негіздеме келтіре отырып, парниктік газдар шығарындыларын есептеу бойынша өздері таңдаған әдістемеге сәйкес жүргізеді.
      8. Шығарындылар бойынша деректер парниктік газдардың жеке түрлері бойынша (көміртегінің қос тотығы, метан, азот қышқылы, перфторкөміртегі) түгендеу туралы есебінде көрсетіледі, сондай-ақ барлық парниктік газдар шығарындыларының жалпы сомасы есептеледі.
      9. Парниктік газдар шығарындыларының көлемі парниктік газдардың әрбір түрінің шығарындылары тоннасында, сондай-ақ көміртегі қос тотығының эквивалентінде де есептеледі.
      10. Базалық жылмен салыстырғанда ағымдағы жылғы деректердің өзгеруі қондырғы операторының нақты іс-қимылына сілтеме жасау арқылы негіздемесімен ұсынылады:
      қондырғыларды сатып алу, иеліктен айыру;
      аутсортинг;
      өндірістің қысқаруы немесе кеңейтілуі;
      парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды жүзеге асыру;
      есептеу әдіснамаларының өзгеруі және тағы басқа.
      Қондырғы операторы парниктік газдар шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болған қысқартылған парниктік газдардың көлемін жеке жолмен көрсетеді. Парниктік газдар шығарындылары көздері түгендеуден шығарылған жағдайда, оның шығарылу себептері туралы ақпаратты ұсынады.
      11. Қондырғы операторы көлікте де биомассаны немесе биоотынды жағу үдерісінде парниктік газдар шығарындыларына бағалау жүргізеді және парниктік газдардың жалпы шығарындыларынан көміртегі қос тотығы тоннадағы эквивалентінде жеке ұсынылады.
      12. Түгендеу туралы есепте тәуелсіз аккредиттелген ұйымдар және парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растауды жүргізетін тұлғалар туралы ақпарат қамтылады.
      13. Парниктік газдарды түгендеу туралы есепте қызмет бойынша деректердің белгісіздіктерін сандық бағалау, парниктік газдар және олардың көздері бойынша шығарындылар мен сіңірулерінің коэффиценттері мен есептеулері туралы ақпарат ұсынылады.
      14. Қондырғы операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға парниктік газдарды түгендеу туралы есепті растайтын тәуелсіз аккредиттелген ұйым туралы мынадай деректерді ұсынады:
      1) верификацияны жүзеге асыратын ұйымның толық атауы;
      2) аккредиттеу туралы куәліктің күні, сериясы, нөмірі;
      3) ұйымның заңды мекенжайы;
      4) телефон, факс;
      5) электрондық поштасы;
      6) жетекшінің аты-жөні;
      7) верификациялауға жауапты тұлғаның аты-жөні;
      8) Парниктік газдар шығындыларының көлемі келесі көлемінде расталады ма: _____ тонна көміртегі қос тотығы эквиваленті;
      9) жетекші қолы, мөрі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады