Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидаларын бекіту туралы 

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 173 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7735 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 234 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 234 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 173 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1180 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және олардың ерікті түрде қайта құрылуына және таратылуына рұқсат беру тәртібі туралы ережені бекіту жөнінде" 2000 жылғы 24 мамырдағы № 243 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі № 129 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2314 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 тіркелген) 1-тармағының 3) тармақшасы.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы № 76 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4670 тіркелген) 1-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының № 14, 2010 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінің № № 456 (26299) жарияланған) 1-тармағы.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі № 111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6393 тіркелген, 2010 жылғы 3 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінің № № 456 (26299) жарияланған) 1-тармағы.

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2012 жылғы 28 сәуірдегі 
№ 173 қаулысымен     
бекітілген        

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына
өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу
қағидалары

      Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтай құжаттарына өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының (бұдан әрі - сақтандыру ұйымдары) құрылтай құжаттарына енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды алдын ала келісу тәртібін айқындайды.
      1. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар мемлекеттік тіркелгенге (қайта тіркелгенге) не әділет органдарына хабарланғанға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау комитетімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуге жатады.
      2. Құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге келісім алу үшін сақтандыру ұйымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жасалған өтініш;
      2) сақтандыру ұйымы уәкілетті органының сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешімі (Жарғыға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес);
      3) сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына енгізілген, бұрынғы құрылтай құжаттарына қосымша түрінде немесе жаңа редакциядағы құрылтай құжаттары түрінде ресімделген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған төрт данасы (мемлекеттік және орыс тілінде). Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың титулдық парақтарында немесе жаңа редакциядағы құрылтай құжаттарында жоғарғы сол жақ бұрышында мынадай тұжырым болуы тиіс: "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетімен келісілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің Төрағасы (Төрағасының орынбасары) ___________ 20 ________ жылғы ____________".
      3. Құрылтай құжаттарына енгізілген, тазартулар не қосып жазулар, сызып тасталған сөздер және өзге келісілмеген түзетулер бар өзгерістер және (немесе) толықтырулар қарау үшін қабылданбайды.
      4. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган Қағидаларда көзделген құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап күнтізбелік жиырма бес күн ішінде қарайды.
      Уәкілетті орган сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге келісім алу үшін ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге келісім береді не сақтандыру ұйымына құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге келісім беруден бас тарту туралы, бас тарту себептерінің дәлелді себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды.
      5. Уәкілетті орган сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге келісім берген жағдайда, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың титулдық парақтарына уәкілетті органның Төрағасы (Төрағасының орынбасары) қол қояды және уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.
      6. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың бір данасы сақтандыру ұйымының ісіне тігіледі және уәкілетті органда сақталады. Қалған даналары оларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) не әділет органдарына хабарлау үшін өтініш берушіге қайтарылады.
      7. Сақтандыру ұйымының құрылтай құжаттарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге келісім беруден бас тартудың негіздері мыналар болып табылады:
      1) ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеуі;
      2) Қағидалардың 2-тармағында көзделген барлық құжатты ұсынбау.
      8. Заңның 31-бабы 2-тармағының екінші бөлігіне сәйкес құрылтай құжаттарына қайта тіркеу талап етілетін енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін сақтандыру ұйымы қайта тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған, тіркеген әділет органының белгісі және мөрі қойылған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.
      Заңның 31-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес құрылтай құжаттарына қайта тіркеу талап етілмейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымының хатын әділет органының қабылдағаны туралы белгісі қойылған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сақтандыру ұйымының көрсетілген хатының көшірмесін, құрылтай құжаттарына өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады