"Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 287 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 маусымда № 7737 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 260 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 21.02.2018 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысанын және оны беру тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 629 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5494 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурыздағы № 42 (1639) "Заң газетінде" жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Осы бұйрықтың 1-3-тармақтарының ережелері өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырып жүрген салық төлеушілерге қолданылмайды, олар үшін валютаның түсімнің түсуі туралы қорытынды салық төлеуші салық қызметі органдарына ұсынған, өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімге сәйкес ашылған бірлескен банктік шоттан нотариалдық расталған үзінді-көшірмелері болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ә.С. Жұмаділдаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуін және оның кейiннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Жәмішев


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Г.А. Марченко __________

      2012 жылғы 7 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады