"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 287 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 25 маусымда № 7747 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 22 мамырдағы № 318 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 22.05.2015 № 318 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Болашақ» халықаралық стипендиясының мәселелері бойынша іс-шараларды іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 149 бұйрығына (№ 7549 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2012 жылғы 5 мамырда № 210-215 (27289) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлердің құжаттарын қабылдаудың және 2012 жылы осы конкурсты өткізудің мына мерзімдері белгіленсін:
      1) құжаттарды қабылдау - 2012 жылғы 14 мамыр мен 1 қазан аралығында;
      2) өз бетімен түскендер санаты үшін құжаттар қабылдау – 2012 жылғы 14 мамыр мен 25 шілде аралығында;
      3) конкурсты өткізу – 2012 жылғы 4 маусым мен 2013 жылғы 31 қаңтар аралығында.»;
      9-қосымшада:
      ескертулерінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «* Шығармашылық және медициналық мамандықтар бойынша мамандар даярлайтын осы тізімге енгізілмеген мамандандырылған жоғары оқу орындарды жұмыс органы жеке тәртіппен қарастырады.».
      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә. Нұрмағамбетов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады