Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны мұнайын экспорттауды кедендік декларациялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 294 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 25 маусымда № 7750 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 914 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 24.09.2020 № 914 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Кеден одағы Кеден кодексінің 372-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысымен мақұлданған Қарашығанақ жобасы бойынша реттеу туралы келісім ережелеріне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Құбыржол көлігімен өткізілетін және Атырау облысы арқылы экспортталатын Қарашығанақ мұнайгаз конденсаты кен орны мұнайгаз шикізатын кедендік декларациялау орны ретінде Орал қаласы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде бұйрықты тиісті аумақтық кеден органдарының назарына жеткізсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі Д.Е. Ерғожинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жариялған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 14 желтоқсанда туындаған қатынастарға таратылады.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Жәмішев



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады