Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 195 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 5 шілдеде № 7789 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды (бұдан әрі - Өзгерістер мен толықтырулар) осы қаулының қосымшасына сәйкес енгізілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының қырқыншы абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Ұлттық Банк Төрағасы                              Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 25 мамырдағы  
№ 195 қаулысына қосымша  

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесiнің:
       1 және 1-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға оның өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      Жай акцияларына айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялары айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигация қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.
      Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әрқайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсi бар.
      Мыналар облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының ажырамас бөлігі болып табылады:
      аудиторлық есептермен расталған соңғы екi қаржы жыл үшін эмитенттің (қайта құрылған эмитентті қоспағанда) жылдық қаржы есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
      облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттiң қаржылық есептiлiгiнің көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
      облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;
      эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және сонда болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған, облигацияларды ұйымдастырылмаған нарықта орналастыруды жоспарлайтын эмитенттерге арналған шарттардың көшірмелері (егер осындай ұйымдармен шартты жасау Заңның талаптарында көзделсе);
      жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдық құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында бөлу тәртібі.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
      Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендiрудiң осы мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектiсiндегi мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетiлетін эмитенттiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда (осы Ереженiң 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетiлген), уәкiлеттi органға құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледі.
      Ағымдағы жылдың 1 қаңтар мен 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептілік болмаған жағдайда (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады) қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептілікті уәкiлеттi органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептілікті қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептілікті бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).
      Осы тармақтың талаптары дауыс беруші акцияларының жүз пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иеленетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның (бұдан әрі - екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйым) облигациялар (облигациялық бағдарламалар) шығарылымына қолданылмайды.
      1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент (банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджiнiң мөлшерi 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).»;
      Мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:
      «2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарламаны) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарламаның) шығарылымының проспектісі осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есептілігiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әрқайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектiсi бар. Бұл ретте осы Ереженiң 1-қосымшасының 8, 10, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 36-1 және 36-4-тармақтарында көрсетілген ақпарат екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға мамандандырылған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) шығару кезінде толтырылмайды.».
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.10.22 № 189 (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      4. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 196 (қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 146 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам субъектов рынка ценных бумаг и накопительных пенсионных фондов

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 мая 2012 года № 195. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 июля 2012 года № 7789. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 апреля 2016 года № 115

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 29.04.2016 № 115 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 2 июля 2003 года «О рынке ценных бумаг» Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести изменения и дополнения в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам субъектов рынка ценных бумаг и накопительных пенсионных фондов (далее – Изменения и дополнения) согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      3. Абзац сороковой пункта 2 Изменений и дополнений действует до 1 января 2013 года.

      Председатель
      Национального Банка                        Г. Марченко

Приложение            
к постановлению Правления  
Национального Банка      
Республики Казахстан     
от 25 мая 2012 года № 195  

Изменения и дополнения в некоторые нормативные
правовые акты Республики Казахстан по вопросам
субъектов рынка ценных бумаг и накопительных пенсионных фондов

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 июля 2005 года № 269 «Об утверждении Правил государственной регистрации выпуска негосударственных облигаций и рассмотрения отчетов об итогах размещения и погашения облигаций, аннулирования выпуска облигаций» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3822) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах государственной регистрации выпуска негосударственных облигаций и рассмотрения отчетов об итогах размещения и погашения облигаций, аннулирования выпуска облигаций, утвержденных указанным постановлением:
      пункты 1 и 1-1 изложить в следующей редакции:
      «1. Для государственной регистрации выпуска облигаций (облигационной программы) эмитент представляет в Комитет по контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций Национального Банка Республики Казахстан (далее - уполномоченный орган) документы, установленные пунктом 1 статьи 12 Закона.
      Для государственной регистрации выпуска агентских облигаций эмитент, помимо документов, указанных в пункте 1 статьи 12 Закона, представляет копию документа, подтверждающего его полномочия на реализацию государственной инвестиционной политики в определенных сферах экономики в качестве финансового агентства в соответствии с Бюджетным кодексом Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года.
      Для государственной регистрации выпуска облигаций, конвертируемых в простые акции, в решении общего собрания акционеров указывается вид, количество конвертируемых ценных бумаг, цена размещения акций, в которые конвертируются облигации, а также информация о том, что выкупленная в результате конвертирования облигация не подлежит повторному размещению.
      Проспект выпуска облигаций (облигационной программы) составляется в двух экземплярах на бумажном носителе (на государственном и русском языках) по форме в соответствии с приложением 1 к настоящим Правилам и на электронном носителе на государственном и русском языках (без финансовой отчетности общества) в формате Acrobat Reader. Каждый из двух экземпляров содержит проспект выпуска облигаций (облигационной программы) на государственном и русском языках.
      Неотъемлемой частью проспекта выпуска облигаций (облигационной программы) являются:
      копии годовой финансовой отчетности эмитента, за два последних финансовых года, подтвержденной аудиторскими отчетами, а также копии аудиторских отчетов и учетной политики эмитента (за исключением вновь созданных эмитентов) (в случае наличия дочерней (дочерних) организации (организаций) и наличия отдельной финансовой отчетности, подтвержденной аудиторским отчетом, представляется отдельная финансовая отчетность);
      копии финансовой отчетности эмитента по состоянию на конец последнего квартала перед подачей документов на государственную регистрацию выпуска облигаций (облигационной программы) (в случае наличия дочерней (дочерних) организации (организаций) представляется отдельная финансовая отчетность);
      копии договоров, заключенных с представителем держателей облигаций;
      копии договоров, заключенных с организациями, оказывающими консультационные услуги по вопросам включения и нахождения эмиссионных ценных бумаг в официальном списке фондовой биржи, для эмитентов, планирующих размещение облигаций на организованном рынке (если заключения договора с такими организациями предусмотрена требованиями Закона);
      порядок распределения дохода эмитента между его участниками для эмитентов, созданных в организационной правовой форме товарищества с ограниченной ответственностью.
      Неотъемлемыми частями проспекта выпуска инфраструктурных облигаций, помимо вышеуказанных документов, являются копии концессионного договора и договора поручительства.
      Неотъемлемой частью проспекта выпуска облигаций специальной финансовой компании являются аудиторский отчет оригинатора за последний год, договор уступки прав требования по данной сделке секьюритизации, заключенный между оригинатором и специальной финансовой компанией.
      Сведения в проспекте выпуска облигаций (облигационной программы) приводятся на дату последнего дня месяца, предшествующего дате сдачи документов в уполномоченный орган, за исключением информации о финансовом состоянии эмитента (указываемой в главе 5 приложений 1 и 2 к настоящим Правилам), которая указывается согласно финансовой отчетности по состоянию на конец последнего квартала перед подачей документов для государственной регистрации выпуска облигаций (облигационной программы).
      В случае отсутствия аудированной финансовой отчетности за завершенный финансовый год в период с 1 января по 1 июня текущего года общество представляет в уполномоченный орган аудированную финансовую отчетность за два года, предшествующих последнему завершенному году (аудированная финансовая отчетность за завершенный финансовый год представляется обществом в течение месяца с даты утверждения аудированной годовой финансовой отчетности общим собранием акционеров) (в случае наличия дочерней (дочерних) организации (организаций) и наличия отдельной финансовой отчетности, подтвержденной аудиторским отчетом, представляется отдельная финансовая отчетность).
      Требования настоящего пункта не распространяются на выпуск облигаций (облигационной программы) организации, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня, ста процентами голосующих акций которой владеет Национальный Банк Республики Казахстан (далее - организация, специализирующаяся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня).
      1-1. Величина левереджа эмитента (за исключением банков, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций) для государственной регистрации выпуска облигаций (облигационной программы) не превышает 2 (согласно данным последней финансовой отчетности, представляемой для государственной регистрации выпуска облигаций).
      Величина левереджа для государственной регистрации облигаций (облигационной программы) организации, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня не превышает 5 (согласно данным последней финансовой отчетности, представляемой для государственной регистрации выпуска облигаций).»;
      дополнить пунктом 2-4 следующего содержания:
      «2-4. Для государственной регистрации выпуска облигаций (облигационной программы) организации, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня эмитент предоставляет документы, установленные пунктом 1 статьи 12 Закона.
      Проспект выпуска облигаций (облигационной программы) организации, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня составляется в двух экземплярах на бумажном носителе (на государственном и русском языках) по форме в соответствии с приложением 1 к настоящим Правилам и на электронном носителе на государственном и русском языках (без финансовой отчетности общества) в формате Acrobat Reader. Каждый из двух экземпляров содержит проспект выпуска облигаций (облигационной программы) на государственном и русском языках. При этом информация, указанная в пунктах 8, 10, 22, 23, 26, 27, 28, 29, 36-1 и 36-4 приложения 1 к настоящим Правилам, не заполняется при выпуске облигаций (облигационной программы) организации, специализирующейся на улучшении качества кредитных портфелей банков второго уровня.».
      2. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 189 (вводится в действие с 01.01.2015).
      3. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 196.

      4. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 196.

      5. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 22.10.2014 № 196.

      6. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 16.07.2014 № 146 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).