Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларын, Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларын, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын, Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 маусымда № 13789 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 248 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 248 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидалары, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымы;

      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық бөліктерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банк Басқармасының
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 115 қаулысына
1-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі – облигациялар) шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою талаптары мен тәртібін айқындайды.

2-тарау. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу тәртібі

      3. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтiнiш;

      2) эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі, онда мыналар қамтылады:

      облигациялар шығаруға қатысты – облигациялар шығару, орналастыру, айналыста болу және өтеу, эмитент облигациялар орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер;

      облигациялық бағдарламаға қатысты – облигациялық бағдарлама шығару көлемі туралы мәлімет;

      3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларына, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымына 1-қосымшаға сәйкес Облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген облигациялар шығару проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі);

      4) эмитент жарғысының көшiрмесi;

      5) инфрақұрылымдық облигациялар және екінші деңгейдегі банктердің кепілімен қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда эмитенттің міндеттемелер орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар. Инфрақұрылымдық облигациялар үшін осындай құжаттар мемлекет пен эмитент арасында жасалған концессия шартының және кепілдеме шартының көшірмелері болып табылады;

      6) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың эмитент облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізуге және онда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қор биржасының қорытындысы, сондай-ақ эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осындай облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздарын шығару проспектісіне енгізу бойынша қор биржасының листингілік комиссиясының ұсынымдары (мұндай талап облигациялық бағдарламаның проспектісіне қатысты қолданылмайды);

      7) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесі (хаттамадан үзінді-көшірмені) және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығару эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешімі болғанда жүзеге асырылса, облигациялар шығару туралы шешім қабылданған эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы бетінің көшірмесі.

      Қағидалардың осы тармағының талаптары айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттердің облигацияларын шығаруды (облигациялық бағдарламасын) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі – халықаралық қаржы ұйымдары) тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын шығаруды (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге қатысты қолданылмайды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      4. Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімі бар еркін нысанда жасалған өтiнiш;

      2) облигациялар шығару, орналастыру, айналыста болу және өтеу, эмитент облигациялар орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер қамтылатын эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі;

      3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларына, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымына 2-қосымшаға сәйкес Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі;

      4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың эмитент облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізуге және онда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қор биржасының қорытындысы, сондай-ақ эмитенттің облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осындай облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздарын шығару проспектісіне енгізу бойынша қор биржасының листингілік комиссиясының ұсынымдары;

      5) эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін (хаттамадан үзінді-көшірмені) және егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығару эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысының алдын ала шешімі болғанда жүзеге асырылса, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару туралы шешім қабылданған эмитент акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына шақыру туралы хабарлама жарияланған бұқаралық ақпарат құралы бетінің көшірмесі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      5. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркiн нысанда жасалған өтiнiш;

      2) дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі, онда мыналар қамтылады:

      облигациялар шығаруға қатысты – облигациялар шығару, орналастыру, айналыста болу және өтеу, эмитент облигациялар орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәліметтер;

      облигациялық бағдарламаға қатысты – облигациялық бағдарламаның шығарылу көлемі туралы мәлімет;

      3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларына, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымына 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығару проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі);

      4) дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

      5) дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      6) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған кезде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің міндеттемелер орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті- эмитент облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізуге және онда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қор биржасының қорытындысы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезиденті- эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде қор биржасының сауда жүйесінде осындай облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді Қазақстан Республикасының бейрезиденті- эмитенттің бағалы қағаздарын шығару проспектісіне енгізу бойынша қор биржасының листингілік комиссиясының ұсынымдары (мұндай талап облигациялық бағдарлама проспектісіне қатысты қолданылмайды);

      8) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге өтініш беру күніне дейінгі 3 (үш) ай бұрын кезеңде пруденциялық нормативтерді және шет мемлекеттің қаржы нарығын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – бейрезиденттің уәкілетті органы) белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтау туралы бейрезиденттің уәкілетті органының хаты (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қаржы ұйымы болып табылған жағдайда).

      7. Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент уәкілетті органға Қағидалардың 4-тармағының 3) тармақшасында, 6-тармағының 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      8. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тiркеу үшiн халықаралық қаржы ұйымдары уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркiн нысанда жасалған өтiнiш;

      2) дұрыстығын нотариус куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасын қоса бере отырып, эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімінің көшірмесі, онда мыналар қамтылады:

      облигациялар шығаруға, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруға қатысты – облигациялар шығару, орналастыру, айналыста болу және өтеу, эмитент облигациялар орналастыру нәтижесінде алған қаражатты пайдалану тәртібі, облигациялардың шығарылу көлемі, саны мен түрі, облигациялардың номиналды құны, облигациялар ұстаушылардың құқығы туралы мәліметтер;

      облигациялық бағдарламаға қатысты – облигациялық бағдарламаның шығарылу көлемі туралы мәлімет;

      3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларына, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымына сәйкес жасалған және ресімделген облигациялар шығару проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі).

      9. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сұрату;

      2) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың эмитент облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізуге және онда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы қор биржасының қорытындысы.

      10. Екінші деңгейдегі банк соттың қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес қайта құрылымдауды жүргізген жағдайда эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарын қоса бере отырып, екінші деңгейдегі банктің қайта құрылымдауын жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесі;

      2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы бетінің көшірмесі.

      11. Екінші деңгейдегі банк соттың қайта құрылымдау жүргізу туралы шешіміне сәйкес қайта құрылымдауды жүргізген жағдайда эмитент облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарын қоса бере отырып, екінші деңгейдегі банктің қайта құрылымдауын жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесі;

      2) Банктер туралы заңның 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы бетінің көшірмесі.

      12. Эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу үшін өтінішті уәкілетті органға талап етілген құжаттарды қоса бере отырып қағаз тасымалдағышта немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынады.

      Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылған жағдайда, Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында, 4-тармағының 1), 2), 4) және 5) тармақшаларында, 9, 10 және 11-тармақтарында көрсетілген құжаттар электрондық түрде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылады, Қағидалардың 3-тармағының 3) тармақшасында және 4-тармағының 3) тармақшасында, 6 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттар қағаз тасымалдағышта ұсынылады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. Уәкілетті орган мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды:

      1) облигациялар шығаруды – олар алынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

      2) облигациялық бағдарламаны – олар алынған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

      3) эмитент бір мезгілде ұсынған облигациялық бағдарламаны және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың бірінші шығарымын – олар алынған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

      4) уәкілетті орган тіркеген облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды – олар алынған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде;

      5) айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды – олар алынған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.

      14. Эмитент және эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:

      1) құжаттар қағаз тасымалдағышта берілген кезде облигацияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді және эмитентке ілеспе хатпен мыналарды жібереді:

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және уәкілетті органның оны тіркегені туралы белгісі бар облигациялар шығару проспектісінің бір данасын (облигациялар шығару мемлекеттік тіркелген жағдайда);

      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және уәкілетті органның оны тіркегені туралы белгісі бар облигациялық бағдарлама проспектісінің бір данасын (облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда);

      Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті және уәкілетті органның оны тіркегені туралы белгісі бар облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің бір данасын (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару мемлекеттік тіркелген жағдайда);

      2) эмитент құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынған кезде облигацияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді және ілеспе хатпен эмитентке тіркелгендігі туралы белгімен облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) және эмитенттің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында мыналарды жібереді:

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (облигациялар шығару мемлекеттік тіркелген жағдайда);

      Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркелген жағдайда);

      Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару мемлекеттік тіркелген жағдайда).

      15. Эмитент және эмитент айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:

      1) құжаттар қағаз тасымалдағышта берілген кезде облигацияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді және эмитентке ілеспе хатпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті жібереді;

      2) құжаттар "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ұсынылған кезде облигацияларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді және Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті эмитенттің "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында жібереді.

      16. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 10-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

      Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 13-бабының 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигациялық бағдарламаны және (немесе) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеуден бас тартады.

3-тарау. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық
бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тiркеу талаптары

      17. Эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тiркеу үшін құжаттарды құрылтайшылар (жалғыз құрылтайшы) жарғылық капиталға ақы төлегеннен кейін, сондай-ақ Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 15-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтаған жағдайда ұсынады.

      18. Эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтай отырып жүзеге асырған кезде эмитенттің левередж шамасы облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тiркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректерінің негізінде есептеледі, ол оң шама болып табылады және:

      1) Қағидалардың осы тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын эмитент үшін – 7 (жетіден);

      2) шығарылым проспектісінде осы облигацияларды олар бойынша дефолт болған жағдайда акцияға айырбастау мүмкіндігі көзделген облигациялар шығару кезінде эмитент үшін – 10 (оннан) аспайды.

      19. Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резиденті эмитент уәкілетті органға облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну күнінде талап етілетін ең аз рейтингісін сақтай отырып, облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) жүзеге асырған жағдайда осы эмитентте Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі болады.

      Екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым болып табылмайтын Қазақстан Республикасының резиденті-эмитенттің Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген ең төменгі кредиттік рейтингі болмаған кезде, сондай-ақ шығарылатын облигациялар ипотекалық болып табылмаған жағдайда осы эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу үшін Қағидалардың 18-тармағында белгіленген облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректерінің негізінде есептелген левередж шамасына қойылатын талаптарды сақтайды.

      20. Екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу осы эмитент мынадай талаптарға сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады:

      1) облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста болған облигациялар бойынша сыйақы төлеу жөніндегі уақтылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;

      2) облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру күніне дейін соңғы екі аяқталған қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің зиянсыз қызметі немесе соңғы екі аяқталған қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражаттың таза ағындары аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес оң болып табылады;

      3) облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуге құжаттар берілген күні, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейін 3 (үш) ай бұрын кезеңде пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы;

      4) эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарға және қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес келуі (эмитенттің облигациялар шығару проспектісінде (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінде) қор биржасының сауда жүйесінде осы облигациялардың айналыста болуы көзделген жағдайда).

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары екінші деңгейдегі банктің қайта құрылымдауын жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес жүргізілетін екінші деңгейдегі банктің бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауын жүргізген жағдайларда қолданылмайды.

      Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) және 3) тармақшаларының талаптары екінші деңгейдегі банктің облигацияларын акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар түрінде шығаруға қолданылмайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.06.2018 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Ипотекалық облигациялар мынадай өтімділігі жоғары активтермен қамтамасыз етіледі:

      1) ақша;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      3) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВВ-" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздары;

      4) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

      5) базалық активі Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBB-" төмен емес рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      6) қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары;

      7) базалық активі қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына енгізілген Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттар;

      8) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "В-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzB-" төмен емес рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздары.

      Айналыс барысында бағалы қағаздардың және ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуге енгізілетін ақша құны қамтамасыз етудің жалпы құнынан 20 (жиырма) пайыздан аспауы тиіс.

      22. Айналыс мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу эмитенттің бұрын шығарылған бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген жағдайда жүзеге асырылады.

      23. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу осы эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:

      1) Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша "ВВВ-" төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингінің немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінің болуы;

      2) Қазақстан Республикасының уәкілетті органы мен бейрезиденттің тиісті уәкілетті органы арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың сонда болуы үшін талаптарды Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің орындауы;

      4) бейрезиденттің уәкілетті органының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облигациялар шығаруға рұқсаттың не Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент елінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні жөнінде бейрезиденттің уәкілетті органы хатының болуы (егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қаржы ұйымы болып табылса);

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуге өтініш берген күнге дейінгі 3 (үш) ай бұрын кезеңде пруденциялық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтауы (егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қаржы ұйымы болып табылса).

      24. Шетел валютасында номинирленген, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің немесе халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің немесе халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығару проспектісінде мұндай облигациялар бойынша сыйақы және негізгі борышты төлеу шығарылым валютасында жүзеге асырылатыны жөнінде міндетті талап қамтылған жағдайда жүзеге асырылады.

4-тарау. Облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары
туралы есептердi қарау тәртібі

      25. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту үшін эмитент уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі өтініш;

      2) есепті айдың соңындағы (облигациялар толық орналастырылмаған жағдайда) немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күніндегі (облигациялар толық орналастырылған жағдайда) жағдай бойынша қаржылық есептілік;

      3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп;

      4) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес тіркелген кепіл шартының болуын растайтын және ипотекалық және эмитент мүлігінің кепілімен қамтамасыз етілген басқа облигациялар шығарылған жағдайда жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы құжаттардың көшірмелері.

      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      26. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау және бекіту үшін эмитент уәкілетті органға облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде ұсынады.

      27. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау және бекіту үшін эмитент уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау жөніндегі өтініш;

      2) есепті айдың соңындағы немесе облигацияларды өтеу аяқталған күніндегі жағдай бойынша қаржылық есептілік;

      3) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптарға сәйкес жасалған және ресімделген облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп;

      4) тіркеушінің эмитенттің облигацияларын ұстаушылар тізілімін жабу туралы хабарламасы;

      5) сыйақы төлеген күні мен номиналды құнын көрсете отырып, эмитенттің облигацияларды өтеу бойынша өз міндеттемелерін орындағанын растайтын төлем агентінің немесе эмитенттің хабарламасы (төлем агентімен жасалған шарт болмаған жағдайда).

      28. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есептi және облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкілетті орган тиісті құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарайды.

      29. Эмитенттің облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi қарау және бекіту үшін ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган ілеспе хатпен эмитентке уәкілетті органның оның бекітілгені туралы белгісімен бекітілген облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi жібереді.

      30. Уәкілетті орган:

      1) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 24-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті;

      2) Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 32-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартады.

      Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi бекітуден бас тартылған жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті немесе облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептi уәкілетті органға қайта ұсынады.

5-тарау. Облигациялар шығарылымын жою талаптары мен тәртібі

      31. Уәкілетті орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 30-1-бабының 1-тармағында көзделген негіздердің біреуі бойынша қабылдайды.

      32. Облигациялар шығарылымын жою үшін эмитент уәкілетті органға қағаз тасымалдағышта мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) еркін нысанда жасалған облигациялар шығарылымын жою туралы өтініш;

      2) облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің органы шешімінің көшірмесі;

      3) облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды), облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін), облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;

      4) облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған күні тіркеушінің облигациялар ұстаушылардың жоқ екені туралы хабарлама (егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаса немесе осы шығарылымның барлық облигацияларын эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған жағдайда);

      5) осы шығарылымның барлық облигациялары бойынша талап ету құқығын сатып алуды растайтын құжат (облигациялар айналысының мерзімі өткен жағдайда);

      6) эмитенттің қайта құрылымдауын жүргізу туралы сот шешімінің және сот бекіткен қайта құрылымдау жоспарының көшірмелері (қаржы ұйымдарының, сондай-ақ бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылатын ұйымдардың қайта құрылымдау рәсімдері жүзеге асырылған жағдайда);

      7) эмитент мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімінің және сот бекіткен тарату балансының көшірмелері (эмитент мәжбүрлеп таратылған жағдайда).

      33. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) жою үшін эмитент ұсынған құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қарайды.

      34. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) жою үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган облигациялар шығарылымын (бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) жояды және ілеспе хатпен эмитентке Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялар шығарылымын жою туралы куәлік жібереді.

      35. Жою туралы мәліметтер Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімінде қамтылатын эмитенттің облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) жою туралы шешімді уәкілетті орган Қағидалардың 32-бабында көрсетілген құжаттарды бермей-ақ қабылдайды.

      36. Облигациялар шығарылымын жою туралы куәлікте көрсетілген күннен бастап облигациялар шығарылымы жойылады.

      Қағидалардың 35-бабында көрсетілген жағдайда деректер Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген күннен бастап эмитенттің облигациялар шығарылымы жойылады.

      37. Уәкілетті орган облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялардың барлық шығарылымын жойған жағдайда эмитент уәкілетті органға облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама проспектісін, облигациялық бағдарлама проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқаларын қайтарады.

      38. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 30-1-бабы 2-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларда бас тарту себептерін көрсете отырып, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) жоюдан бас тартады.

      Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын) жоюдан бас тартылған жағдайда, эмитент уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тарту алған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде уәкілетті органға құжаттарды қайта ұсынады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      39. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттiк тiркеу, облигациялар шығару проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектiсiне) өзгерістерді және толықтыруларды тiркеу, облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептi бекiту және облигациялар шығарылымын жою үшін қағаз тасымалдағышта құжаттар беру кезінде:

      1) эмитенттің өтінішіне эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қояды;

      2) егер әрбір ұсынылған құжат бір парақтан тұратын болса, онда оған эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган), бас бухгалтері (не олардың орнындағы адамдар) қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен (бар болса) расталады;

      3) парақтары көп болған кезде әрбір ұсынылған құжат тігіледі және тігістің түйініне және параққа жартылай желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Эмитенттің атқарушы органы басшысының (жеке-дара атқарушы органның), бас бухгалтерінің (не олардың орнындағы адамдардың) қолдары және эмитенттің мөр бедері (бар болса) қағаз пломбаға жартылай, құжаттың парағына жартылай қойылады;

      4) құжаттарда ескертілмеген түзетулер, сызып тастаулар, тазалаулар, түзетілген жерлер, қосымша жазулар (қосымша басулар) жасауға жол берілмейді. Түзету жасалған кезде сызып тасталған сөз анық оқылуы тиіс. Әрбір түзету (толықтыру) түсіндірілуі тиіс, мысалы: "түзетілген... дұрыс", "қосымша жазылған...дұрыс", "сызып тасталған...оқылмасын" деп берілуі тиіс, құжатқа қол қойған тұлғалармен және эмитент мөрінің (бар болса) бедерімен расталуы тиіс;

      Қосымша (түзетілген) құжаттар уәкілетті органға ілеспе хатпен ұсынылады. Ілеспе хатта уәкілетті органның облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттiк тiркеуден, облигациялар шығару проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектiсiне) өзгерістерді және толықтыруларды тiркеуден, облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептi бекiтуден және облигациялар шығарылымын жоюдан бас тарту туралы хатының шығыс нөмірі мен күні, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың тізбесі көрсетіледі.

      Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      40. Облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттiк тiркеу үшін құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру кезінде эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қойған және эмитенттің мөр бедерімен (бар болса) расталған эмитенттің өтініші сканирленген түрде қоса тіркеледі.

      41. Эмитент Қағидаларға сәйкес уәкілетті органға электрондық және қағаз тасымалдағыштарда ұсынатын құжаттардың мазмұны бірдей болып табылады.

      42. Эмитент уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтып алған жағдайда, эмитенттің жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау және бұл туралы ақпаратты ұсыну талабымен осы қаулымен бекітілген Қағидалардың 32-тармағының 3) тармақшасына және Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидаларының, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымы 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес талап етілетін осы құжаттарды ұсынбайды.

      Эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу, облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту, облигациялар шығарылымын жою кезінде уәкілетті орган берген құжаттардың түпнұсқаларын жоғалтып алған жағдайда, эмитент құжаттардың телнұсқаларын және (немесе) көшірмелерін алу қажеттілігі болғанда уәкілетті органға мыналарды:

      облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегінде облигацияларды шығаруды) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің немесе облигациялар шығарылымын жою туралы куәліктің телнұсқаларын;

      облигацияларды шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегінде облигацияларды шығару проспектісі), облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептің көшірмелерін беру үшін өтініш береді.

      Уәкілетті орган эмитент еркін нысанда жасалған, жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарды жариялаған бұқаралық ақпарат құралының атауы және күні жөніндегі мәліметтерді көрсетумен және осы хабардың көшірмесін қоса берумен өтінішті берген кезде уәкілетті орган эмитентке құжаттардың телнұсқасын береді.

      43. Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісті орындамаған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде (айналыс мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтары бойынша) және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмейтін мерзімде тоқсан сайын уәкілетті орган облигациялар бойынша (айналыс мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтары бойынша) міндеттемелерін орындамау не тиісті орындамау кезеңінде ақпарат Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамау не тиісті орындамау (айналыс мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтары бойынша) фактілері туралы ақпаратты ұсынады.

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығаруды (облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды орналастыру және өтеу,
сондай-ақ облигациялар шығарылымын
жою қорытындылары туралы
есептерді қарау қағидаларына
1-қосымша

Халықаралық қаржы ұйымдарының тiзбесi:

      1) Халықаралық қайта құру және даму банкi;

      2) Халықаралық қаржы корпорациясы;

      3) Азия даму банкi;

      4) Африка даму банкi;

      5) Еуропа қайта құру және даму банкi;

      6) Америкааралық даму банкi;

      7) Еуропа инвестициялық банкi;

      8) Ислам даму банкi;

      9) Скандинавия инвестициялық банкi;

      10) Еуропалық Кеңестiң даму банкi;

      11) Халықаралық есеп айырысу банкi;

      12) Еуразиялық даму банкi.


  Мемлекеттік емес облигациялар
шығаруды (облигациялық
бағдарламаны) мемлекеттік
тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды орналастыру
және өтеу қорытындылары
туралы есептерді
қарау, сондай-ақ облигациялар
шығарылымын жою
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Айналыс мерзiмi 12 (он екі) айдан аспайтын облигациялар шығаруды мемлекеттiк тiркеу және ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн беру үшiн сұрату

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға және куәлікке сәйкес эмитенттiң атауы


Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға және куәлікке сәйкес эмитенттiң орналасқан жерi


Эмитенттің байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық пошта мекенжайын көрсетумен нақты орналасқан жерi


Облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін сұрату оны берер алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25 күніне дейін берілген жағдайда облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін сұрату беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не соңғы тоқсанның алдындағы тоқсан соңындағы жағдай бойынша меншікті капиталдың мөлшері


Облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін сұрату оны берер алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25 күніне дейін берілген жағдайда облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін сұрату беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не соңғы тоқсанның алдындағы тоқсан соңындағы жағдай бойынша жарғылық капиталдың мөлшері


Ұлттық сәйкестендiру нөмiрiн және енгізу күнін көрсетумен қор биржасының ресми тізіміне енгізілген эмитенттiң мемлекеттік емес бағалы қағаздары туралы мәліметтер


Шығаруды мемлекеттік тіркеуге және оған ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген бiр облигацияның номиналды құны


Мемлекеттік тіркеуге және ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген облигациялар шығару көлемі


Шығаруды мемлекеттік тіркеуге және оған ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген облигациялар айналысының басталған күні


Шығаруды мемлекеттік тіркеуге және оған ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген облигациялардың қамтамасыз етуі


Облигациялардың айналыс мерзімі


      Шығаруды мемлекеттік тіркеуге және оған ұлттық сәйкестендіру нөмірін беруге сауал берілген облигациялар туралы мәліметтер:

Облигациялардың түрi

Облигациялардың саны

Облигациялар бойынша сыйақы мөлшерi

төлеу мерзімдері

Купондық



Дисконттық



Индекстелген



      Сауалға қол қойған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      ________________________________________________________________________________

      Сауалға қол қойған адамның лауазымы

      ________________________________________________________________________________

      Қолы _____________________________________________________________________

      Мөр орны (бар болса)

 
  Мемлекеттік емес облигациялар
шығаруды (облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды орналастыру және өтеу,
сондай-ақ облигациялар шығарылымын
жою қорытындылары туралы
есептерді қарау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу
туралы куәлік

20 __ жылғы "___" _____________

Алматы қаласы № ______


      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тіркелген ______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеді___________

      (шығарудың реттік нөмірі)

      ____________________________________________________________________,

      _____________________________________________________________________

      (эмитенттің атауы және мекенжайы)

      Шығару________________________________________________________.

      ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген ________________________________

      _______________________________________________________облигацияларға

      (облигациялар саны цифрмен және жазумен, облигациялар түрі)

      Бір облигацияның номиналдық құны ______________________________

      ___________________________________________________________теңге.

      (номиналды құны цифрмен және жазумен)

      Облигациялардың шығарылу көлемі _______________________________

      ____________________________________________________ теңге болады.

      (шығарылатын облигациялардың жиынтықты номиналды құны цифрмен және

      жазумен)

      Шығару Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне

      ____________________________________________________________нөмірімен

      енгізілген.

      Эмитенттің мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік

      тіркеу туралы куәлікті ауыстыру себебі (Эмитент мемлекеттік емес

      облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырған

      жағдайда толтырылады):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ________________________

      Куәлікке қол қойған адамның лауазымы___________________________

      Қолы___________________________________________________________

      Мөрдің орны

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығаруды (облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды орналастыру және өтеу,
сондай-ақ облигациялар шығарылымын
жою қорытындылары туралы
есептерді қарау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

20 __ жылғы "___" _____________

Алматы қаласы № ______


      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________ тіркелген

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеді________________________

      (облигациялық бағдарламаның реттік нөмірі)

      ____________________________________________________________________,

      _____________________________________________________________________

      (эмитенттің атауы және мекенжайы)

      Облигациялық бағдарламаның шығарылу көлемі __________________________

      ____________________________________________________ теңге болады.

      (облигациялық бағдарлама шығару көлемі цифрмен және жазумен)

      Шығару Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне

      ____________________________________________________________нөмірімен

      енгізілген.

      Облигациялық бағдарламаны шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы

      куәлікті ауыстыру себебі (Эмитенттің облигациялық бағдарламаны

      мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырған жағдайда толтырылады):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ________________________

      Куәлікке қол қойған адамның лауазымы___________________________

      Қолы___________________________________________________________

      Мөрдің орны

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығаруды (облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды орналастыру және өтеу,
сондай-ақ облигациялар шығарылымын
жою қорытындылары туралы
есептерді қарау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялар шығаруды
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

20 __ жылғы "___" _____________

Алматы қаласы № ______


      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________тіркелген

      Облигациялық бағдарлама ______________________________________шегінде

      (облигациялық бағдарламаның реттік нөмірі)

      ____________________________________________________________________,

      ____________________________________________________________________,

      (эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеді______________________

      (шығарудың реттік нөмірі)

      ____________________________________________________________________,

      _____________________________________________________________________

      (эмитенттің атауы және мекенжайы)

      Шығару________________________________________________________.

      ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген ________________________________

      __________________________________________облигацияларға бөлінген

      (облигациялар саны цифрмен және жазумен, облигациялар түрі)

      Бір облигацияның номиналды құны _______________________________

      ___________________________________________________________теңге.

      (номиналды құны цифрмен және жазумен)

      Облигациялардың шығарылу көлемі _______________________________

      ____________________________________________________ теңге болады.

      (шығарылатын облигациялардың жиынтықты номиналды құны цифрмен және

      жазумен)

      Шығару Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне

      ____________________________________________________________нөмірімен

      енгізілген.

      Облигациялық бағдарламаның шегінде мемлекеттік емес

      облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру

      себебі (Эмитенттің облигациялық бағдарлама шегінде мемлекеттік емес

      облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырған

      жағдайда толтырылады):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ________________________

      Куәлікке қол қойған адамның лауазымы___________________________

      Қолы___________________________________________________________

      Мөрдің орны

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығаруды (облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды орналастыру және өтеу,
сондай-ақ облигациялар шығарылымын
жою қорытындылары туралы
есептерді қарау қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

Облигациялар шығарылымын жою туралы куәлік

20 __ жылғы "___" _____________

Алматы қаласы № ______


      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________тіркелген

      (тіркеуші органның атауы, тіркеу нөмірі және күні, бизнес

      сәйкестендіру нөмірі)

      ____________________________________ облигациялар шығарылымын жойды.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (эмитенттің атауы мен мекенжайы)

      Шығарылым ___________________ нөмірмен ________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________тіркелді

      (мемлекеттік емес облигациялардың шығаруын мемлекеттік тіркеуді

      жүзеге асырған органның атауы, күні, айы, жылы)

      және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне

      енгізілді.

      Шығарылым______________________________________________________

      (облигациялар саны цифрмен және жазбаша, облигациялар түрі)

      _______________________________________________________облигацияларға

      бөлінген.

      Облигацияларды шығару _______________________________________________

      _________________________________________________________байланысты

      (жою себептері)

      Облигацияларды шығару________________________________________________

      _____________________________________________________ бастап жойылды.

      (күні/айы/жылы)

      Облигациялық бағдарламаның реттік нөмірі

      ______________________________________ (облигациялық бағдарлама

      шеңберінде тіркелген облигациялар шығарылымын жою).

      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ________________________

      Куәлікке қол қойған адамның лауазымы___________________________

      Қолы___________________________________________________________

      Мөрдің орны

  Мемлекеттік емес облигациялар
шығаруды (облигациялық бағдарламаны)
мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес
облигацияларды орналастыру және өтеу,
сондай-ақ облигациялар шығарылымын
жою қорытындылары туралы
есептерді қарау қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

___________ жағдай бойынша
облигациялары бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше
орындамау фактілері туралы ақпарат (айналыс мерзімі аяқталған
облигациялар бойынша талап ету құқықтары бойынша)

      _______________________________________________________________

      (эмитенттің атауы және орналасқан жері, оның бизнес сәйкестендіру

      нөмірі, облигация шығару нөмірі)

Облигация ҰСН

Облигация коды

Облигация түрі

Өтеу күні

Шығару көлемі, теңге

Облигация саны

Купондық мөлшерлеменің мөлшері

Купондық мөлшерлеменің түрі, купон төлеу мерзімділігі

Дефолт күні

Төленген купондық сыйақы сомасы

Купондық сыйақы бойынша берешек сомасы

Негізгі борыш бойынша берешек сомасы

Реттелмеген борыш қалдығы, мың теңге (реттелмеген борыш тұрақсыздық айыбын (мерзім өткен үшін өсімпұл, айыппұл) есептегенде дефолт басталған берешек сомасы саналады)

Қазақстан Республикасының резиденті еместердің облигациялар ұстаушылардың арасындағы үлесі (пайызбен)

Қаржы ұйымдарының облигациялар ұстаушылардың арасындағы үлесі (пайызбен)

Орналастырылған облигация саны

Орналастырылмаған, сатып алынған облигация саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16


































      Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) ________________________

      Бірінші басшы (немесе оның орныдағы адам)______________________

      Қолы___________________________________________________________

      Мөрдің орны (ол бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 115 қаулысына
2-қосымша

Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін
(облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық
бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау
және ресімдеу қағидалары, мемлекеттік емес облигациялар шығару
проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің,
облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару
проспектісінің) құрылымы

      1. Мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу қағидалары, мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымы (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялар (бұдан әрі – облигациялар) шығару проспектісін (облигациялық бағдарламаның проспектісін, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін) жасау және ресімдеу тәртібін және мемлекеттік емес облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымын айқындайды.

      2. Облигациялар шығару проспектісі (облигациялық бағдарлама проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі) қағаз тасымалдағышта қазақ және орыс тiлдерiнде 2 (екі) данада және электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тiлдерiнде 1 (бір) данада жасалады.

      Эмитенттер уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен расталады (бар болса).

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      3. Мыналар қағаз тасымалдағышта жасалған облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) ажырамас бөлігі болып табылады:

      эмитенттің соңғы 2 (екі) қаржы жылындағы, аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – эмитенттің шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері), сондай-ақ эмитенттің аудиторлық есептерінің және есеп саясатының көшірмелері;

      облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне дейін ұсынылған жағдайда, облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – эмитенттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмелері);

      облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттардың көшірмелері (осы талап облигациялық бағдарлама проспектісіне қатысты қолданылмайды);

      облигацияларды ұйымдастырылған нарықта орналастыруды жоспарлап отырған және қаржы ұйымдары болып табылмайтын эмитенттер үшін – эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және онда болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері (мұндай талап облигациялық бағдарламаның проспектісіне қатысты қолданылмайды);

      эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған эмитенттер үшін бөлу тәртібі;

      арнайы қаржы компаниясы болып табылатын эмитент үшін – оригинатордың соңғы жыл үшін аудиторлық есебінің және оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секьюритилендіру мәмілесі бойынша талап ету құқығын беру шартының көшірмелері.

      Бағалы қағаздары Лондон қор биржасында (London Stock Exchange) және (немесе) Дүниежүзілік биржалар федерациясының (The World Federation of Exchanges) толық мүшесі (толық мүшелері) болып табылатын қор биржасында (қор биржаларында) айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент Қағидалардың осы тармағы бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжатты қоса бермей-ақ облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін) ұсынады.

      4. Мыналар қағаз тасымалдағышта жасалған облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады:

      облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне дейін ұсынылған жағдайда, облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар беру алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы не соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері (еншілес ұйым (ұйымдар) болған жағдайда – эмитенттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің көшірмелері);

      облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттардың көшірмелері;

      облигацияларды ұйымдастырылған нарықта орналастыруды жоспарлап отырған және қаржы ұйымдары болып табылмайтын эмитенттер үшін – эмиссиялық бағалы қағаздарды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және онда болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері.

      Бағалы қағаздары Лондон қор биржасында (London Stock Exchange) және (немесе) Дүниежүзілік биржалар федерациясының (The World Federation of Exchanges) толық мүшесі (толық мүшелері) болып табылатын қор биржасында (қор биржаларында) айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент Қағидалардың осы тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген құжатты қоса бермей-ақ облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісін ұсынады.

      5. Облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттардың көшірмелері осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі – халықаралық қаржы ұйымы) тізбесінде көрсетілген халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) ажырамас бөлігі болып табылады.

      6. Эмитенттің ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі болмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы 2 (екі) жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікті және көрсетілген кезең үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебін ұсынады. Эмитент аяқталған қаржы жылы үшін аудиторлық есепті және қаржылық есептілікті уәкілетті органға жылдық қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде ұсынады. Аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептілік "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылады.

      Еншілес ұйымы (ұйымдары) бар эмитенттің ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 сәуір аралығындағы кезеңде облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігі болмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға көрсетілген күндегі жағдай бойынша жеке қаржылық есептілікті ұсынады.

      Егер эмитент облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды эмитентті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап бір қаржы жылы ішінде ұсынған болса, онда эмитент Қағидалардың 3-тармағы бірінші бөлігінің екінші абзацында көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

      Эмитент ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен шығындар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсiндiрме жазбадан тұрады.

      Эмитент ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен шығындар туралы есептен тұрады.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент немесе халықаралық қаржы ұйымы уәкілетті органға облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу үшін ұсынатын қаржылық есептілік эмитенттің қалауы бойынша ағылшын тілінде жасалады.

      7. Облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) титул парағында мыналар қамтылады:

      1) құжаттың атауы: "Облигациялар шығару проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарламаның проспектісі" немесе "Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) мынадай жазба:

      "Уәкілетті органның мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеуі инвесторларға проспектіде сипатталған облигацияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныстарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды.

      Эмитенттің лауазымды тұлғалары онда берілген бүкіл ақпарат дәйекті және эмитент пен оның орналастырылатын облигацияларына қатысты инвесторларды жаңылыстырмайтын болып табылатынын растайды.

      Акционерлік қоғам болып табылатын эмитент Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында корпоративтік оқиғалар туралы ақпараттың, акционерлік қоғамның жылдық қаржылық есептілігінің және аудиторлық есептердің, акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары тізімдерінің, сондай-ақ жылдың қорытындысы бойынша атқарушы орган мүшелеріне сыйақының жиынтық мөлшері туралы ақпараттың Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 болып тіркелген "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысымен белгіленген тәртіппен және мерзімде орналастырылуын қамтамасыз етеді.

      Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 102-бабының 2-тармағындағы өзгерістерді эмитент бағалы қағаздарды ұстаушыларға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес айқындалған қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты орналастыру және олар туындаған кезден бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13438 болып тіркелген "Қаржылық есептілік депозитарийінің, қор биржасының интернет-ресурстарында корпоративтік оқиғалар туралы ақпаратты, қаржылық есептілікті және аудиторлық есептерді, акционерлік қоғамдардың үлестес тұлғаларының тізімдерін, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша атқарушы органның мүшелері сыйақысының жиынтық мөлшері туралы ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 26 қаулысында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау арқылы назарына жеткізеді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 02.11.2017 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің құрылымы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.

      Халықаралық қаржы ұйымының облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) құрылымы тиісті халықаралық қаржы ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес ресімделеді.

      9. Эмитенттің облигациялар шығару проспектiсiнің (облигациялық бағдарлама проспектiсiнің) ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты қоспағанда, облигациялар шығару проспектiсiндегі (облигациялық бағдарлама проспектiсiндегі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектiсiндегі) мәліметтер уәкілетті органға құжаттарды тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы жұмыс күніне келтіріледі. Бағалы қағаздары Лондон қор биржасында (London Stock Exchange) және (немесе) Дүниежүзілік биржалар федерациясының (The World Federation of Exchanges) толық мүшесі (толық мүшелері) болып табылатын қор биржасында (қор биржаларында) айналысқа жіберілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығару проспектiсiнде (облигациялық бағдарлама проспектiсiнде) осы Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы ақпарат облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы не облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-іне дейін облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге құжаттар ұсынылған жағдайда соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша көрсетіледі.

      Эмитенттің облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынуына дейінгі кемінде 1 (бір) аяқталған қаржы жылы бұрын жүзеге асырылған қайта құру жолымен эмитент қайта ұйымдастырылған жағдайда, облигациялар шығару проспектiсiнде (облигациялық бағдарлама проспектiсiнде) эмитент құқықтық мирасқоры болып табылатын заңды тұлғаның қаржылық есептілігін қоса бере отырып, қайта құру нәтижесінде жаңадан пайда болған заңды тұлғаны тіркеу күнінің алдындағы аяқталған 2 (екі) қаржы жылының мәліметтері қамтылады.

      10. Облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды эмитент:

      1) эмитенттің мұндай өзгерістердің (оқиғалардың) туындауын растайтын тиісті құжаттарды алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде – Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген мәліметтер;

      2) эмитенттің тиісті органдары не облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде – Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер;

      3) осындай өзгеріс болған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде – Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда оларды тіркеу үшін уәкілетті органға ұсынады.

      Облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде облигациялар шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісінің) тиісті тармақтары жаңа редакцияда жазылады.

      11. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 1), 6), 10), 11) және 14) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынады:

      1) облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерiстер мен толықтыруларды тіркеу үшін еркiн нысанда жасалған өтiнiш;

      2) 2 (екі) данада қазақ және орыс тілдерінде жасалған облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерiстер мен толықтырулар;

      3) өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, қазақ және орыс тiлдерiнде, электрондық түрде PDF форматында жасалған облигациялар шығару проспектісі (облигациялық бағдарламаның проспектісі, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісі);

      4) негізінде облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген эмитенттің органы шешімінің көшірмесі;

      5) облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы (облигациялар саны азайған және (немесе) олардың түрі өзгерген кезде);

      6) әділет органының белгісі бар оған енгізілген барлық өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен бірге жарғының көшірмесі (не жарғыға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенін растайтын құжаттың көшірмесі) (эмитенттің атауы және (немесе) оның орналасқан жері өзгерген жағдайда);

      7) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтама (эмитенттің орналасқан жері өзгерген жағдайда).

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      12. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, эмитент Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды қағаз тасымалдағышта ұсынады:

      1) облигация ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің (егер барлық орналастырылған облигациялар бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайда жалғыз ұстаушы шешімінің) көшірмесі және облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдау күніндегі жағдай бойынша облигация ұстаушылардың тізілімі (сот шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда), не тіркеуші облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күні берген жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан үзінді-көшірме (егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаса), не тіркеуші облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім қабылдаған күні берген сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан үзінді-көшірме (егер эмитент осы шығарылымның барлық облигацияларын сатып алса);

      2) облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу нәтижесінде облигация ұстаушылардың құқығы бұзылмайтыны туралы эмитенттің жазбаша міндеттемесі;

      3) облигациялар саны азайтылған жағдайда – облигациялардың санын азайту туралы шешім қабылданған күннің алдындағы күні жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан тіркеуші берген үзінді-көшірмелер.

      13. Эмитент қайта құрылымдау жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес қайта құрылымдау жүргізген жағдайда, эмитент Қағидалардың 11-тармағының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында және 12-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа:

      1) сот бекіткен және оның ішінде облигациялар шығару талаптарының өзгерістері қамтылған қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін қоса бере отырып, эмитентті қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешімінің;

      2) міндеттемелерін қайта құрылымдау болжанып отырған эмитент кредиторларының жиналысы өтетін күні тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің;

      3) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңның 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы бетінің көшірмелерін ұсынады.

      14. Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда, облигациялар шығару проспектiсiне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектiсiне) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуге арналған өтініште:

      бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында облигация ұстаушылардың (осы шығарылымның барлық орналастырылған облигациялары бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайды қоспағанда) жалпы жиналысын өткізу туралы ақпаратты жариялау күні;

      облигация ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу туралы жазбаша хабарлама жіберу күні (облигация ұстаушылардың адам саны 2 (екіден) бастап 50 (елуге) дейін болған жағдайда);

      бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында облигация ұстаушылардың (жалғыз облигациялар ұстаушының) жалпы жиналысының шешімін жариялау күні туралы ақпарат көрсетіледі.

      15. Эмитент уәкілетті органға ұсынатын қағаз тасымалдағыштағы облигациялар шығару проспектiсiне (облигациялық бағдарлама проспектiсiне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектiсiне) өзгерістер мен толықтыруларға эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган), бас бухгалтері (не олардың орнындағы адамдар) қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен (бар болса) расталады.

      16. Уәкілетті органға облигацияларды шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін ұсынылатын облигацияларды шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегінде облигацияларды шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы облигация ұстаушылардың (облигациялардың жалғыз ұстаушылары) жалпы жиналысының хаттама немесе одан үзінді-көшірме нысанында жасалған шешімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) эмитенттің атауы, облигация ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін оның облигацияларын шығаруды мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі;

      2) облигация ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты мен орны;

      3) ұстаушылары облигация ұстаушылардың жалпы жиналысына қатысып отырған облигациялар саны туралы мәліметтер;

      4) облигация ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;

      5) осы шығарылым облигацияларының 10 (оннан) астам пайызына ие облигация ұстаушылардың саны туралы мәліметтер;

      6) облигация ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі;

      7) облигация ұстаушылардың жалпы жиналысында соның негізінде облигацияларды шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша дауыс беру тәртібі;

      8) облигация ұстаушылардың жалпы жиналысы төрағасының және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      9) облигация ұстаушылардың жалпы жиналысында дауыс беруге қойылған соның негізінде облигацияларды шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша облигация ұстаушылар дауыстарының жалпы саны;

      10) соның негізінде облигацияларды шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигацияларды шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін мәселе бойынша эмитенттің облигацияларын ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібінің әрбір тармағы бойынша қабылданған шешім;

      11) облигация ұстаушылардың жалпы жиналысында қабылданған шешімдер.

      17. Эмитент органының хаттамасы (жалғыз акционер (қатысушы) шешімі) немесе одан үзінді-көшірме нысанында жасалған, уәкілетті органға облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу үшін ұсынылатын облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы эмитент органының шешімі мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) эмитенттің атқарушы органының толық атуы және орналасқан жері;

      2) отырыс өткізу күні, уақыты және орны (отырысты ішкі сайлау жолымен жүргізген жағдайда) немесе отырыс күні (сырттай дауыс беру жағдайында);

      3) отырысқа қатысқан адамдар туралы мәліметтер (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған);

      4) отырыстың кворумы;

      5) облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты отырыстың күн тәртібінің мәселелері;

      6) соның негізінде облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, дауыс беруге қойылған отырыстың күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;

      7) соның негізінде облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген мәселе бойынша қабылданған шешім.

      Жоғары орган хаттамасынан (шешімінен) үзінді-көшірме жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен (бар болса) расталады.

      Басқару органы отырысының хаттамасынан (шешімінен) үзінді-көшірме акционерлік қоғамның уәкілетті қызметкерінің қолымен және акционерлік қоғам мөрінің бедерімен (бар болса) расталады.

      Эмитент акционерінің (қатысушысының) атқарушы органы отырысының хаттамасынан (шешімінен) үзінді-көшірме атқарушы орган басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитент акционерінің (қатысушысының) мөр бедерімен (бар болса) расталады.

      18. Уәкiлеттi орган облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерiстер мен толықтыруларды оларды алған күннен бастап күнтiзбелiк 15 (он бес) күн iшiнде қарайды.

      19. Эмитент облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерiстер мен толықтыруларды тіркеу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган ілеспе хатпен эмитентке мыналарды жібереді:

      1) олардың тіркелгені жөнінде белгісі бар облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерiстер мен толықтырулардың бір данасы;

      2) осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қорытындылары туралы есептерді қарау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік емес облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы жаңа куәлік немесе осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялар шығаруды (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымын жою қорытындылары туралы есептерді қарау қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы жаңа куәлік (облигациялар саны азайтылған кезде).

      20. Облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуді уәкілетті орган мұндай өзгерістер мен толықтырулар тіркелген облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы) көлемінің ұлғаюына әкеп соқпайтын жағдайда жүзеге асырады.

      21. Облигация ұстаушылар Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 6), 10) және 11) тармақшаларында көрсетілген облигациялар шығару талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдаған жағдайда облигациялардың орналастырылуы және айналыста болуы облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелген күннен кейінгі күнге дейін тоқтатыла тұрады.

      22. Эмитент еркін нысанда жасалған хатпен Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 9-бабы 1-тармағының 4), 5) және 15) тармақшаларында көрсетілген мәліметтердің өзгеруіне байланысты облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) енгізілген өзгерiстер мен толықтырулар туралы:

      1) өндірілетін немесе тұтынылатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жалпы құнынан 5 (бес) және одан астам пайызды құрайтын көлемде эмитенттің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) тұтынушылар мен жеткізушілердің құрылымы өзгерген;

      2) жыл сайынғы қаржылық есептілікте активтердің жалпы көлемінен кемінде 10 (он) пайызды құрайтын эмитент активтерінің, оның ішінде:

      активті бағалау сомасын, бағалаушының атауын, әрбір активті бағалау күнін және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күнін көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген, сондай-ақ эмитенттің міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын эмитент активтерінің;

      дебиторлар тізбесін көрсете отырып, оларды өтеу мерзімімен эмитент активтерінің баланстық құнынан 5(бес) және одан астам пайызды құрайтын дебиторлық берешектің құрылымы өзгерген;

      3) эмитенттің тиісті органдары эмитент облигацияларын қор биржасының ресми тізіміне енгізу және онда болу мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін ұйымды өзгерту туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде уәкілетті органды хабардар етеді.

      Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды уәкілетті органға ұсыну талап етілмейді.

      23. Уәкілетті орган Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларда облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден бас тартады.

      Облигациялар шығару проспектісіне (облигациялық бағдарламаның проспектісіне, облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару проспектісіне) өзгерістер мен толықтыруларды тіркеуден бас тартылған жағдайда, эмитент уәкілетті органның ескертулерін жояды және бас тартуды алған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде уәкілетті органға құжаттарды қайта ұсынады.

  Мемлекеттік емес облигациялар шығару
проспектісін (облигациялық бағдарламаның
проспектісін, облигациялық бағдарлама
шегіндегі облигациялар шығару проспектісін)
жасау және ресімдеу қағидаларына,
мемлекеттік емес облигациялар шығару
проспектісінің (облигациялық бағдарлама
проспектісінің, облигациялық бағдарлама
шегіндегі облигациялар шығару
проспектісінің) құрылымына
1-қосымша

Облигациялар шығару проспектісінің
(облигациялық бағдарлама проспектісінің) құрылымы
1-тарау. Эмитент туралы жалпы мәліметтер

      1. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні;

      2) эмитенттің толық және қысқаша атауы (егер эмитенттің жарғысында оның шет тіліндегі толық және қысқаша атауы көзделсе, онда осындай атауы қосымша көрсетіледі);

      3) эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      4) егер эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) эмитентке қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5) эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, заңды тұлға филиалдарының (өкілдіктерінің) есепті тіркелуі туралы анықтамаға сәйкес олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және эмитенттің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің почта мекенжайлары көрсетіледі.

      2. Егер эмитенттің нақты мекенжайы Ұлттық бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің тізіліміне енгізілген мекенжайдан ерекшеленген жағдайда, эмитенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірін, байланыс телефондарының, факстың нөмірлерін және электрондық почта мекенжайын, сондай-ақ нақты мекенжайын көрсете отырып, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес эмитенттің орналасқан жері.

      3. Егер эмитент қаржы агенттігі болса, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қаржы агенттігі ретінде белгілі бір экономика салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті болатын құжат туралы мәліметтер көрсетіледі.

      4. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингілік агенттіктер және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингілік агенттіктері берген рейтингілерінің болуы туралы мәліметтер.

2-тарау. Эмитенттің ірі акционерлері немесе ірі қатысушылары,
эмитенттің органдары, сондай-ақ эмитенттің үлестес тұлғалары

      5. Олардың әрқайсысы туралы мынадай мәліметтерді көрсете отырып, эмитенттің ірі акционерлері (акционерлік қоғам болып табылатын эмитент үшін) немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие эмитенттің қатысушылары (бұдан әрі – ірі қатысушы):

      ірі акционердің немесе ірі қатысушының тегі, аты әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін);

      ірі акционердің немесе ірі қатысушының толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      ірі акционерге немесе ірі қатысушыға тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      ірі акционер немесе ірі қатысушы дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 10 (он) және одан астам пайызына ие бола бастаған күні.

      6. Эмитенттің органдары.

      1) эмитенттің директорлар кеңесі немесе бақылау кеңесі:

      эмитенттің директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің төрағасының және мүшелерінің әрқайсысының (директорлар кеңесіндегі тәуелсіз директорды (директорларды) көрсете отырып) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      эмитенттің директорлар кеңесі немесе бақылау кеңесі мүшелерінің хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы лауазымы, оның ішінде қоса атқарған және олардың қызметтеріне кірісу күні;

      эмитенттің директорлар кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің дауыс беруші акцияларының пайыздық арақатынасы немесе эмитенттің бақылау кеңесі мүшелерінің әрқайсысына тиесілі эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      еншілес және тәуелді ұйымдарда эмитенттің директорлар кеңесінің немесе бақылау кеңесінің мүшелеріне тиесілі акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) осы ұйымдардың орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      2) эмитенттің алқалы немесе жеке-дара атқарушы органы:

      эмитенттің жеке-дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің әрқайсысының, оның ішінде эмитенттің алқалы атқарушы органы басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      эмитенттің атқарушы органының функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлғаның немесе эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерінің хронологиялық тәртіппен соңғы 3 (үш) жылдағы және қазіргі уақыттағы лауазымдары (өкілеттіктерін және олардың лауазымдарына кірісу күнін көрсете отырып), оның ішінде осы тұлғаның (осы тұлғалардың) қоса атқарып отырған қазіргі лауазымдары;

      эмитенттің атқарушы органының функцияларын жеке өзі жүзеге асыратын тұлғаға немесе эмитенттің алқалы атқарушы органының мүшелеріне тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы.

      7. Егер эмитенттің атқарушы органының өкілеттіктері басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берілген болса, онда мыналар көрсетіледі:

      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауы, оның орналасқан жері;

      2) басқарушы ұйымның жеке-дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) не басқарушы ұйымның алқалы атқарушы органы мүшелерінің және директорлар кеңесі бақылау кеңесі мүшелерінің әрқайсысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың өкілеттіктерін және олардың лауазымдарына кірісу күнін көрсете отырып, хронологиялық тәртіппен соңғы 2 (екі) жылдағы, оның ішінде қоса атқарған лауазымдары;

      4) қосымшаның осы тармағының 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) басқарушы ұйымның дауыс беруші акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      5) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғаларға тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлестерінің эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптары акционерлік қоғамдарға қолданылмайды.

      8. Эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

      9. Осы қосымшаның 5, 6 және 7-тармақтарында көрсетілмеген, бірақ Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы заңнамасына сәйкес эмитенттің үлестес тұлғалары болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғалары:

      1) эмитенттің үлестес тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін);

      2) эмитенттің үлестес тұлғасының толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      3) оларды эмитенттің үлестес тұлғаларына жатқызу үшін негіздеме және эмитентпен үлестестігі пайда болған күні.

      10. Эмитент осы заңды тұлғаның акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие заңды тұлға болып табылатын эмитенттің үлестес тұлғасына қатысты мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) эмитент осы заңды тұлғаның акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері;

      2) эмитентке тиесілі акциялардың немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің осы заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      3) эмитент осы заңды тұлғаның акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие заңды тұлға қызметінің негізгі түрлері;

      4) эмитент осы заңды тұлғаның акцияларының немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие бола бастаған күн.

      11. Арнайы қаржы компаниясы облигациялар шығару кезінде үлестестікті тану үшін негіздемені және оның туындау күнін көрсете отырып, секьюритилендіру мәмілесі тараптарының үлестестігі туралы ақпаратты жария етеді.

3-тарау. Эмитент қызметінің түрлері

      12. Эмитент қызметінің түрлері:

      1) қызметтің маусымдық сипаты бар түрлерін және олардың эмитенттің жалпы кірісіндегі үлесін көрсете отырып, эмитенттің қызметі түрлерінің қысқаша сипаттамасы;

      2) эмитенттің бәсекелестерi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;

      3) эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;

      4) эмитенттің лицензиялары (патенттері) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде эмитент демеушілік көрсететін зерттеу әзірлемелеріне кеткен шығындар туралы ақпарат;

      5) эмитентке жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және эмитент экспортқа сататын (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      6) оның қатысуымен өткен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, эмитент қызметінің тоқтатылу немесе өзгеру, одан ақшалай және өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекелімен байланысты сот процестеріне эмитенттің қатысуы туралы мәліметтер;

      7) эмитенттің қызметіне ықпал ететін басқа тәуекел факторлары.

      13. Эмитент өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын көлемде эмитенттің тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

4-тарау. Эмитенттің қаржылық жай-күйі

      14. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің активтері.

      15. Эмитент активтерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) эмитенттің алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын эмитент дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      16. Эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің активтері:

      1) эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын активтердің тиісті құнын көрсете отырып, эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын эмитент активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір осындай активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күн.

      17. Эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын, сенімгерлік басқаруға берілген эмитенттің активтері:

      1) сенімгерлік басқаруға берілген активтердің тиісті құнын көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген эмитент активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір осындай активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күн.

      18. Эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын эмитенттің кредиторлық берешегі:

      1) эмитент кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      19. Эмитент левереджінің шамасы.

      Эмитенттің левередж шамасы соңғы әр аяқталған екі қаржы жылының соңғы күніндегі жағдай бойынша, сондай-ақ облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша не облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің қаржылық есептілігі проспектінің ажырамас бөлігі болса – облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі.

      20. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны көрсетіледі.

5-тарау. Облигациялар шығару туралы мәліметтер

      21. Облигациялар шығару туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы:

      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

      6) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      7) облигациялар орналастыруды бастау күні және аяқтау күні;

      8) облигациялар айналысының басталу күні және облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар айналысы жоспарланатын нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы);

      10) орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі;

      11) облигацияларды өтеу тәртібі:

      облигацияларды өтеу күні;

      облигацияларды өтеу талаптары;

      облигацияларды өтеу тәсілі;

      12) осы құқықты сату тәртібін, талаптары мен мерзімдерін көрсете отырып, эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімімен көзделген жағдайда), егер эмитент органының шешімімен облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, онда осы құқықты сату тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

      13) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

      қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда – кепіл заты, оның құны және кепіл затын өндіріп алу тәртібі;

      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;

      атауын, орналасқан жерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген екiншi деңгейдегi банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе);

      14) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде – концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

      22. Эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      23. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасы, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап үш ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      24. Облигациялар ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер:

      1) облигациялар ұстаушылар өкілінің толық және қысқаша атауы;

      2) облигациялар ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      25. Төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық және қысқаша атауы;

      2) төлем агентінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      26. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөніндегі міндеті белгіленген болса, онда осы тармақта мыналар ашып көрсетіледі:

      1) облигациялардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқаша атауы;

      2) эмитент облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің оның облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      27. Облигациямен оны ұстаушыға берілетін құқықтар, оның ішінде:

      1) облигациялар шығару проспектісінде көзделген мерзімде эмитенттен облигацияның номиналды құнын алу не өзге мүліктік баламаны алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша тіркелген пайыз не облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өзге мүліктік құқықтарды алу құқығы;

      2) осы құқықты іске асыру талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып, оның ішінде облигациялар шығару проспектісінде көзделген шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде эмитенттің облигацияларды сатып алуын талап ету құқығы;

      3) егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығару проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықпен жүргізілетін болса, осы құқықтың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықты бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары.

      28. Басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитенттің қолданатын шаралары;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібі туралы мәліметтер қамтылатын дефолт фактілері туралы ақпаратты жіберу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері;

      4) эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі (осындай тұлғалар болса).

      29. Егер опциондар эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік беретін болса – опцион жасау талаптарын көрсете отырып, опциондар туралы ақпарат.

      30. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      31. Эмитент қабылдайтын және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығару кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).

      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушының әрекет ету тәртібі.

      32. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану:

      1) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалану мақсаттары және тәртібі;

      2) осындай өзгерiстердi көрсете отырып, алынған ақшаны бөлуді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар;

      3) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде облигациялар ұстаушылар өкілінің қызметіне онымен жасалған шарттың талаптарына сәйкес ақы төлеуге байланысты шығыстар көрсетіледі.

      33. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигацияларды орналастыру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы алған ақшаның жұмсалу мақсаты;

      3) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған мүліктің меншік иегерінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;

      4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарының тізбесі.

      34. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы талаптар;

      6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер;

      7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

      8) қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;

      9) егер эмитент органының шешімімен осы облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, облигацияларды сатып алу құқығы сатып алу тәртібі, талаптары мен мерзімдері;

      10) талап ету құқықтары біртектілігінің критерийлері;

      11) облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.

      35. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде осы қосымшаның 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-тармақтары толтырылмайды.

6-тарау. Инвесторлар үшін ақпарат

      36. Облигациялар шығару проспектісінде (облигациялық бағдарлама проспектісінде) инвесторлар үшін мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер:

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, түрі және номиналды құны, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының мемлекеттік тіркелу нөмірі және мемлекеттік тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осылардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), акциялар бойынша дивидендтер төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      егер қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымы тоқтатылған немесе шығарылмаған болып танылған не жойылған жағдайда, осындай шешімдер қабылдаған мемлекеттік орган, олардың қабылдану негіздемесі мен күні көрсетіледі;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздары айналыста болатын нарықтар;

      бұдан бұрын шығарылған, айналыстағы облигациялардың әрбір түрімен оларды ұстаушыларға берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсете отырып, шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар.

      2) эмитент жарғысының көшірмелерін, облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге танысу үшін алатын орын;

      3) эмитенттің жарғысына сәйкес эмитенттің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атаулары;

      4) тиісті аккредиттелген кәсіптік аудиторлық ұйымдарға тиесілілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылы үшін эмитенттің қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асырған (жүзеге асырып отырған) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) эмитенттің облигациялар шығаруға және оларға қызмет көрсетуге шығындарының сомасы, сондай-ақ бұл шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

      37. Тұрақтандыру банкі осы қосымшаның 6, 7, 8, 9, 10, 12, 13, 20, 25, 26 және 36-тармақтарын толтырмайды.

  Мемлекеттік емес облигациялар шығару
проспектісін (облигациялық бағдарламаның
проспектісін, облигациялық бағдарлама
шегіндегі облигациялар шығару проспектісін)
жасау және ресімдеу қағидаларына,
мемлекеттік емес облигациялар шығару
проспектісінің (облигациялық бағдарлама
проспектісінің, облигациялық бағдарлама
шегіндегі облигациялар шығару
проспектісінің) құрылымына
2-қосымша

Облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығару
проспектісінің құрылымы

      1. Осы облигациялар шығарылымы облигациялық бағдарлама проспектісіне сәйкес жүзеге асырылады (заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке (Қазақстан Республикасының резиденті-эмитент үшін) немесе заңды тұлға ретінде тіркелуін растайтын өзге құжатқа (Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент үшін) сәйкес эмитенттің толық атауы).

      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:

      1) облигациялық бағдарламаның проспектісін мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі;

      2) шығару жүзеге асырылатын облигациялық бағдарламаның көлемі;

      3) облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымының реттік нөмірі;

      4) облигациялық бағдарлама шегіндегі барлық алдыңғы облигациялар шығарылымдары туралы мәліметтер (осы облигациялық бағдарлама шегіндегі әрбір шығарылым бойынша жеке-жеке), оның ішінде:

      облигациялар шығарылымының уәкілетті органда тіркелу күні;

      облигациялардың саны мен түрі;

      номиналды құны бойынша шығарылымның көлемі;

      шығарылымның орналастырылған облигацияларының саны.

      3. Облигациялар шығару туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы:

      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

      6) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      7) облигациялар орналастыруды бастау күні және аяқтау күні;

      8) облигациялар айналысының басталу күні және облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар айналысы жоспарланатын нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы);

      10) орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі;

      11) облигацияларды өтеу тәртібі:

      облигацияларды өтеу күні;

      облигацияларды өтеу талаптары;

      облигацияларды өтеу тәсілі;

      12) осы құқықты сату тәртібін, талаптары мен мерзімдерін көрсете отырып, эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімімен көзделген жағдайда), егер эмитент органының шешімімен облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, онда осы құқықты сату тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

      13) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

      қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда – кепіл заты, оның құны және кепіл затын өндіріп алу тәртібі;

      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;

      атауын, орналасқан жерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген екiншi деңгейдегi банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе);

      14) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде – концессия шартының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері.

      4. Эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      5. Айырбасталатын облигациялар шығарылған кезде мынадай мәліметтер қосымша көрсетіледі:

      1) облигациялар айырбасталатын акциялардың түрi, саны және орналастыру бағасы, осындай акциялар бойынша құқықтар;

      2) облигацияларды айырбастау тәртібі мен талаптары (егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталатын болса, айырбастаудың аяқталу күнінен бастап үш ай ішінде облигациялардың шығарылымы жойылуға жататыны көрсетіледі, егер облигациялардың шығарылымы толығымен айырбасталмайтын болса, осы шығарылымның сатып алынған облигациялары одан әрі орналастырылуға жатпайтыны, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні көрсетіледі).

      6. Облигациялар ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер:

      1) облигациялар ұстаушылар өкілінің толық және қысқаша атауы;

      2) облигациялар ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      7. Төлем агенті туралы мәліметтер (бар болса):

      1) төлем агентінің толық және қысқаша атауы;

      2) төлем агентінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің төлем агентімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      8. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөніндегі міндеті белгіленген болса, онда осы тармақта мыналар ашып көрсетіледі:

      1) облигациялардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқаша атауы;

      2) эмитент облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) эмитенттің оның облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      9. Облигациямен оны ұстаушыға берілетін құқықтар, оның ішінде:

      1) облигациялар шығару проспектісінде көзделген мерзімде эмитенттен облигацияның номиналды құнын алу не өзге мүліктік баламаны алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша тіркелген пайыз не облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өзге мүліктік құқықтарды алу құқығы;

      2) осы құқықты іске асыру талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып, оның ішінде облигациялар шығару проспектісінде көзделген шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде эмитенттің облигацияларды сатып алуын талап ету құқығы;

      3) егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығару проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықпен жүргізілетін болса, осы құқықтың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықты бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары;

      10. Басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптарын қоса алғанда, Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитенттің қолданатын шаралары;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібі туралы мәліметтер қамтылатын дефолт фактілері туралы ақпаратты жіберу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері;

      4) эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі (осындай тұлғалар болса).

      11. Эмитент қабылдайтын және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығару кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).

      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушының әрекет ету тәртібі).

      12. Егер опциондар эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік беретін болса – опцион жасау талаптарын көрсете отырып, опциондар туралы ақпарат.

      13. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      14. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану:

      1) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалану мақсаттары және тәртібі;

      2) осындай өзгерiстердi көрсете отырып, алынған ақшаны бөлуді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар;

      3) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде облигациялар ұстаушылар өкілінің қызметіне онымен жасалған шарттың талаптарына сәйкес ақы төлеуге байланысты шығыстар көрсетіледі.

      15. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде жобалық қаржыландыру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) ақшалай талаптардың сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары және болжанатын мерзімдері;

      2) облигацияларды орналастыру нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы алған ақшаның жұмсалу мақсаты;

      3) облигациялар ұстаушыларға негізгі шарт бойынша жасалған және (немесе) берілген мүліктің меншік иегерінің ауысуы туралы, кредиторлар өкілдерінің арнайы қаржы компаниясының органдарына енгізілуі және олардың өкілеттіктері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі;

      4) арнайы қаржы компаниясының жобалық қаржыландыру және активтерді инвестициялық басқару мәмілесіне қызмет көрсетуге байланысты, бөлінген активтер есебінен жүзеге асырылатын шығыстарының тізбесі.

      16. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде секьюритилендіру кезінде мыналар қосымша көрсетіледі:

      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, инвестициялық портфельді басқарушының, арнайы қаржы компаниясының және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;

      2) секьюритилендіру мәмілесіндегі оригинатордың қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;

      3) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;

      4) бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау тәртібі;

      5) секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеруге құқылы талаптар;

      6) оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;

      7) секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;

      8) қосымша қамтамасыз ету туралы;

      9) егер эмитент органының шешімімен облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, онда осы құқықты сатып алу тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

      10) талап ету құқықтары біртектілігінің критерийлері;

      11) облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған әр түрлі шығарылымдар облигацияларын өтеу кезектілігі.

  Мемлекеттік емес облигациялар шығару
проспектісін (облигациялық бағдарламаның
проспектісін, облигациялық бағдарлама
шегіндегі облигациялар шығару проспектісін)
жасау және ресімдеу қағидаларына,
мемлекеттік емес облигациялар шығару
проспектісінің (облигациялық бағдарлама
проспектісінің, облигациялық бағдарлама
шегіндегі облигациялар шығару
проспектісінің) құрылымына
3-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар
шығару проспектісінің (облигациялық бағдарлама проспектісінің)
құрылымы
1-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент туралы
жалпы мәліметтер

      1. Эмитенттің оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің атауы:

      1) осындай құжатты берген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің мемлекеті органының атауын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің оның орналасқан жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде құрылғанын және тіркелгенін растайтын құжаттың күні мен нөмірі;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің толық және қысқаша атауы (егер эмитенттің құрылтай құжаттарында оның толық және қысқаша атауы көзделсе, онда осындай атауын қосымша көрсету қажет);

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің атауы өзгерген жағдайда оның барлық бұрынғы толық және қысқаша атаулары, сондай-ақ олардың өзгертілген күндері көрсетіледі;

      4) егер Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент заңды тұлғаны (заңды тұлғаларды) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаларға және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке қатысты құқық мирасқорлығы туралы мәліметтер көрсетіледі;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің филиалдары мен өкілдіктері болған жағдайда, олардың атаулары, тіркелген күндері, орналасқан жерлері және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің барлық филиалдары мен өкілдіктерінің почта мекенжайлары көрсетіледі.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің орналасқан жері, байланыс телефондарының, факстың нөмірлері және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің электрондық почта мекенжайы.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингілік агенттіктер және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингілік агенттіктері берген рейтингілерінің болуы туралы мәліметтер.

2-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің ірі
акционерлері немесе ірі қатысушылары, Қазақстан Республикасының
бейрезиденті-эмитенттің органдары, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының бейрезиденті-эмитенттің үлестес тұлғалары

      4. Олардың әрқайсысы туралы мынадай мәліметтерді көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 10 (он) немесе одан астам пайызына ие ірі акционерлері немесе қатысушылары (бұдан әрі – ірі қатысушы):

      ір акционердің немесе ірі қатысушының тегі, аты әкесінің аты (бар болса) (жеке тұлға үшін);

      ірі акционердің немесе ірі қатысушының толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін);

      ірі акционерге немесе ірі қатысушыға тиесілі дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің жалпы санына пайыздық арақатынасы;

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің ірі акционері немесе ірі қатысушысы дауыс беруші акциялардың немесе Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 10 (он) және одан астам пайызына ие бола бастаған күні.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің органдары.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент мемлекетінің заңнамасына, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің құрылтай және басқа да ішкі құжаттарына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент органдарының құрылымы және жеке құрамы, олардың құзыреті көрсетіледі.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қатысатын өнеркәсіптік, банктік, қаржы топтары, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.

      7. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің дауыс беруші акцияларының 10 (он) және одан астам пайызымен жанама дауыс беру не Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қабылдайтын шешімдерге шарт күшіне қарай немесе өзге түрде ықпал ету мүмкіндігі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәліметтер көрсетілген тұлғалар туралы мынадай ақпаратты аша отырып көрсетіледі:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін);

      2) толық атауы, орналасқан жері, қызметінің түрі (түрлері), бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (заңды тұлға үшін);

      3) оларды осы тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің үлестес тұлғаларына жатқызу үшін негіздеме және эмитентпен үлестестігі пайда болған күні.

3-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент
қызметінің түрлері

      8. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметінің түрлері:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қызметіндегі жалпы үрдістердің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметінің негiзгi түрлерi бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бәсекелестерi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметiнiң негiзгi түрлерi бойынша сатулардың (жұмыстардың, қызметтердің) кірістілігіне оң және теріс ықпал ететін факторлар;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің лицензиялары (патенттері) және олардың қолданылу кезеңі, зерттеулер мен әзірлемелерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент демеушілік көрсететін зерттеу әзірлемелеріне кеткен шығындар туралы ақпарат;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке жеткізілетін (көрсетілетін) шикізаттардағы (жұмыстардағы, қызметтердегі) импорттың үлесі және Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент экспортқа сататын (көрсететін) өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) сатылатын өнімнің (көрсетілетін жұмыстардың, қызметтердің) жалпы көлеміндегі үлесі;

      6) оның қатысуымен өткен сот процестерінің мәнін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қызметінің тоқтатылу немесе өзгеру, одан ақшалай және өзге міндеттемелерді өндіріп алу тәуекелімен байланысты сот процестеріне Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қатысуы туралы мәліметтер;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қызметіне ықпал ететін басқа тәуекел факторлары.

      9. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент өндіретін немесе тұтынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) жалпы құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын көлемде оның тауарларын (жұмыстарын, қызметтерін) тұтынушылар мен жеткізушілер туралы мәліметтер.

      10. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент инвесторлар үшін маңызды деп есептейтін Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қызметі туралы басқа да ақпарат.

4-тарау. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің
қаржылық жай-күйі

      11. Әрбір активтің тиісті баланстық құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің активтері.

      12. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент активтерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызы мөлшердегі дебиторлық берешек:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің алдындағы берешегі эмитент активтерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент дебиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

      13. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің активтері:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын активтердің тиісті құнын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент міндеттемелерінің қамтамасыз етілуі болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір осындай активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күн.

      14. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент активтерінің жалпы көлемінің 10 (он) және одан астам пайызын құрайтын, сенімгерлік басқаруға берілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің активтері:

      1) активтердің тиісті құнын көрсете отырып, сенімгерлік басқаруға берілген Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент активтерінің атауы;

      2) бағалаушының атауы, әрбір осындай активті бағалау күні;

      3) тиісті шарттардың қолданысы аяқталған күн.

      15. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент міндеттемелерінің баланстық құнының 5 (бес) және одан астам пайызын құрайтын Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің кредиторлық берешегі:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент кредиторларының атауы;

      2) тиісті өтелетін сомалар (жуырдағы 12 (он екі) ай ішінде тоқсан сайын бөлінеді, қалған сомалар өтеу күнін көрсетумен жылдар бойынша бөлумен көрсетіледі) және оларды өтеу мерзімдері.

5-тарау. Облигациялар шығару туралы мәліметтер

      16. Облигациялар шығару туралы мәліметтер:

      1) облигациялардың түрі;

      2) бір облигацияның номиналдық құны (егер бір облигацияның номиналдық құны индекстелген шама болса, онда бір облигацияның номиналдық құнын есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      3) облигациялардың саны;

      4) облигациялар шығарылымның жалпы көлемі;

      5) облигациялар бойынша сыйақы:

      облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі (егер облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесі индекстелген шама болса, онда облигациялар бойынша сыйақы мөлшерлемесін есептеу тәртібі қосымша көрсетіледі);

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу басталатын күн;

      сыйақыны төлеу кезеңділігі және (немесе) облигациялар бойынша сыйақы төлеу күні;

      облигациялар бойынша сыйақы төлеу тәртібі мен талаптары, облигациялар бойынша сыйақы алу тәсілі;

      облигациялар бойынша сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;

      6) номиналды құн валютасы, облигациялар бойынша негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша төлем валютасы;

      7) облигациялар орналастыруды бастау күні және аяқтау күні;

      8) облигациялар айналысының басталу күні және облигациялардың айналыс мерзімі;

      9) облигациялар айналысы жоспарланатын нарық (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы);

      10) орналастырылатын облигацияларға ақы төлеу тәсілі;

      11) облигацияларды өтеу тәртібі:

      облигацияларды өтеу күні;

      облигацияларды өтеу талаптары;

      облигацияларды өтеу тәсілі;

      12) осы құқықты сату тәртібін, талаптары мен мерзімдерін көрсете отырып, эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығару туралы шешімімен көзделген жағдайда), егер эмитент органының шешімімен облигацияларды сатып алу құқығы көзделген болса, онда осы құқықты сату тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;

      13) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):

      қамтамасыз ету құнының облигациялар шығарылымының жиынтық көлеміне пайыздық арақатынасы;

      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда – кепіл заты, оның құны және кепіл затын өндіріп алу тәртібі;

      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;

      атауын, орналасқан жерін, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген екiншi деңгейдегi банктің деректері (егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе).

      17. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен ақы төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі, олардың түрі мен саны, сондай-ақ облигациялар шығару көлемі, облигациялар бойынша жинақталған және төленбеген сыйақы сомасы қосымша көрсетіледі.

      18. Облигациялар ұстаушылардың өкілі туралы мәліметтер:

      1) облигациялар ұстаушылар өкілінің толық және қысқаша атаулары;

      2) облигациялар ұстаушылар өкілінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар ұстаушылардың өкілімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      19. Төлем агенті туралы мәліметтер:

      1) төлем агентінің толық және қысқаша атауы;

      2) төлем агентінің орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің төлем агентімен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      20. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсету жөніндегі міндеті белгіленген болса, онда осы тармақта мыналар ашып көрсетіледі:

      1) облигациялардың қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның толық және қысқаша атаулары;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғаның орналасқан жері, байланыс телефондары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің оның облигацияларының қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі және болуы мәселелері бойынша консультациялық қызмет көрсететін тұлғамен жасасқан шартының күні мен нөмірі.

      21. Облигациямен оны ұстаушыға берілетін құқықтар, оның ішінде:

      1) облигациялар шығару проспектісінде көзделген мерзімде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттен облигацияның номиналды құнын алу не өзге мүліктік баламаны алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша тіркелген пайыз не облигациялар шығару проспектісінде белгіленген өзге мүліктік құқықтарды алу құқығы;

      2) осы құқықты іске асыру талаптарын, тәртібі мен мерзімдерін көрсете отырып, оның ішінде облигациялар шығару проспектісінде көзделген шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларды сатып алуын талап ету құқығы;

      3) егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығару проспектісіне сәйкес өзге мүліктік құқықпен жүргізілетін болса, осы құқықтың, оларды сақтау тәсілдерінің, бағалау тәртібінің және көрсетілген құқықты бағалауды жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың, сондай-ақ осы құқықтардың біреуге өтуін іске асыру тәртібінің сипаттамалары.

      22. Басталған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар туралы мәліметтер:

      1) басталған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялану ықтималдығы бар оқиғалар тізбесі;

      2) облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдерін, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптарын қоса алғанда, облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қолданатын шаралары;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемі, міндеттемелерді орындамау себебі, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, облигацияларды ұстаушылардың Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитентке, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібі туралы мәліметтер қамтылатын дефолт фактілері туралы ақпаратты жіберу тәртібі, мерзімі мен тәсілдері;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі (осындай тұлғалар болса).

      23. Егер опциондар Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік беретін болса – опцион жасау талаптарын көрсете отырып, опциондар туралы ақпарат.

      24. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.

      25. Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент қабылдайтын және "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығару кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).

      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің және облигациялар ұстаушының әрекет ету тәртібі.

      26. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалану мақсаттары және тәртібі;

      2) осындай өзгерiстердi көрсете отырып, алынған ақшаны бөлуді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар.

      27. Облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу кезінде осы қосымшаның 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтарытолтырылмайды.

6-тарау. Инвесторлар үшін ақпарат

      28. Облигациялар шығару проспектісінде (облигациялық бағдарлама проспектісінде ) инвесторлар үшін мынадай ақпарат көрсетіледі:

      1) облигациялардың осы шығарылымы туралы шешім қабылданған күнге дейін эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер:

      әрбір шығарылымның борыштық бағалы қағаздарының жалпы саны, түрі және номиналды құны, борыштық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеуді жүзеге асырған мемлекеттік орган, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының тіркелу нөмірі және тіркелу күні, әрбір шығарылым бойынша орналастырылған борыштық бағалы қағаздардың саны, сондай-ақ борыштық бағалы қағаздарды орналастыру кезінде тартылған ақшаның жалпы көлемі, борыштық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымы бойынша есептелген және төленген сыйақының сомасы, оларды сатып алу күнін көрсете отырып, сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың саны;

      орындалмаған міндеттемелердің мөлшері және осылардың орындалу мерзімінің өтіп кету мерзімі туралы ақпаратты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы өз міндеттемелерін орындамау фактілері туралы мәліметтер (облигациялар бойынша сыйақыны төлемеу (төлеуді кешіктіру), акциялар бойынша дивидендтер төлемеу (төлеуді кешіктіру), бағалы қағаздар бойынша есептелген, бірақ төленбеген сыйақылар сомасы (түрлері мен шығарылымдары бойынша жеке-жеке);

      егер қандай да бір бағалы қағаздар шығарылымы тоқтатылған немесе шығарылмаған болып танылған не жойылған жағдайда, осындай шешімдер қабылдаған мемлекеттік орган, олардың қабылдану негіздемесі мен күні көрсетіледі;

      сауда-саттықты ұйымдастырушылардың атауларын қоса алғанда, эмитенттің бағалы қағаздары айналыста болатын нарықтар;

      бұдан бұрын шығарылған, айналыстағы облигациялардың әрбір түрімен оларды ұстаушыларға берілетін құқықтар, оның ішінде ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсете отырып, шектеулер (ковенанттар) бұзылған кезде іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар.

      2) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитент жарғысының көшірмелерін, облигациялар шығару проспектісін (облигациялық бағдарлама проспектісін), көрсетілген құжаттарға енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге танысу үшін алатын орын;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің қызметі туралы ақпаратты жариялау үшін пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдарының атаулары;

      4) тиісті аккредиттелген кәсіптік аудиторлық ұйымдарға тиесілілігін көрсете отырып, соңғы аяқталған 2 (екі) қаржы жылы үшін эмитенттің қаржылық есептілігіне аудитті жүзеге асырған (жүзеге асырып отырған) аудиторлық ұйымдардың толық ресми атауы (аудитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      5) Қазақстан Республикасының бейрезиденті-эмитенттің облигациялар шығаруға және оларға қызмет көрсетуге шығындарының сомасы, сондай-ақ бұл шығындардың қалай төленетіні туралы мәліметтер.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 115 қаулысына
3-қосымша

Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары
туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын
талаптар

      1. Осы Мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Мемлекеттік емес облигацияларды (бұдан әрі – облигациялар) орналастырудың есепті кезеңі қатарынан 6 (алты) ай болып табылады. Облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы есепті эмитент уәкілетті органға облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталғаннан кейін 1 (бір) айдың ішінде, сондай-ақ облигацияларды толық орналастырғаннан кейін 1 (бір) айдың ішінде ұсынады.

      Облигацияларды шығару проспектісімен (облигациялық бағдарлама шегінде облигацияларды шығару проспектісі) белгіленген облигацияларды орналастыру күні облигацияларды орналастырудың алғашқы есепті кезеңі басталған күн болып табылады. Облигацияларды орналастырудың алдыңғы есепті кезеңі аяқталған күннен кейінгі күн облигацияларды орналастырудың келесі есепті кезеңінің басталған күні болып табылады.

      Жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан барлық облигацияларын эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесіне тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына есептен шығару бойынша соңғы операцияны жүргізу күні не облигацияларды шығару проспектісімен (облигациялық бағдарлама шегінде облигацияларды шығару проспектісі) белгіленген облигацияларды орналастыру мерзімі аяқталған күн облигацияларды толық орналастыру күні болып табылады

      3. Облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есептің титул парағы:

      1) құжаттың атауы: "_____________ аралығы кезеңінде мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп";

      2) эмитенттің толық және қысқартылған атауы;

      3) жазба: "Уәкілетті органның облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуі инвесторларға облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепте сипатталған облигацияларды иеленуге қатысты қандай да бір ұсыныстарды беруді білдірмейді және осы құжаттағы ақпараттың дәйектілігін растамайды. Эмитенттің лауазымды тұлғалары облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепте ұсынылған бүкіл ақпарат дәйекті болып табылатынын және эмитентке және оның орналастырылатын акцияларына қатысты инвесторлардың қателесуіне әкеп соқпайтынын растайды".

      4. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз тасымалдағышта, облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күні тіркеуші берген облигация ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен қоса берумен 2 (екі) дана қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) дана етіп жасалады және мынадай ақпараттан тұрады:

      1) эмитенттің атауы;

      2) эмитенттің орналасқан жері;

      3) эмитент мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер: эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асыратын органның атауы;

      4) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні (облигация саны азаюымен байланысты мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің ауыстыру) және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі. Егер осы облигациялардың шығарылымы облигациялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылған болса, облигациялық бағдарлама мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірін көрсету қажет;

      5) инвесторлардың шектелмеген тобының арасында эмитент олар арқылы облигацияны орналастыру туралы хабарды жариялаған бұқаралық ақпарат құралдарының атауы, осы хабарды жариялау күнін көрсетумен;

      6) облигациялар туралы мәліметтер:

      шығаруға жарияланған облигациялар жалы саны және түрі;

      облигациялардың номиналды құны;

      облигациялар бойынша купонның және (немесе) мөлшері;

      7) облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:

      облигацияларды орналастырудың есепті кезең аяқталу күніндегі орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны;

      есепті кезең үшін орналастырылған облигациялардың саны, оның ішінде:

      есепті кезең үшін бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығындағы орналастырылған облигациялардың саны облигацияларды орналастыру тәсілін (жазылу және (немесе) аукцион арқылы), аукцион өткізу арқылы облигацияларды орналастыру кезінде тартылған ақша сомасын – оларды жүргізу күні және аукционға облигацияны сату ең жоғары бағасын көрсетумен;

      есепті кезең үшін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы орналастырылған облигациялардың саны тартылған ақша сомасын, алғашқы және соңғы сауда-саттықтар күнін, есепті кезең үшін бір облигацияны орналастырудың ең төменгі және ең жоғарғы бағасы, есепті кезең үшін бір облигацияның нарықтық құнын (егер есептелген жағдайда) көрсетумен;

      есепті кезең үшін шет мемлекеттің аумағында орналастырылған облигациялардың саны облигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастыруға уәкілетті органның рұқсатын алу күнін көрсетумен;

      8) үлестес тұлғалар орналастырған облигациялардың саны көрсетілген үлестес тұлғаларды турал мәліметтерді көрсетумен;

      9) төлемі эмитент бұрын шығарған, айналыс мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтары жасалған есепті кезең үшін орналастырған облигациялардың саны туралы мәліметтер айналыс мерзімі аяқталған облигациялар шығаруды мемлекеттік тіркеу күні және нөмірін, осы облигация түрін, санын және номиналды құнын көрсетумен;

      10) опционның құны, эмитенттің облигациясының саны, опционның шартын жасалған опционның орындау бағасы, эмитент облигацияларын орналастыру кезінде эмитент опцион шартын жасау кезінде;

      11) эмитент облигациялары шығару андеррайтерлер туралы ақпарат (эмиссиялық консорциумдар):

      бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың атауы, эмитент жасаған андеррайтерлер қызметін көрсетуге шарттың жасалған күні және нөмірі, сондай-ақ эмиссиялық консорциумдар қатысушылар туралы мәліметтер;

      андеррайтердің облигацияларды орналастыру тәсілі;

      андеррайтерлерге немесе орналастыруға басқа қатысушыларға, өкілдерге шығару облигация орналастырудың жалпы көлемінен пайыздық мәнде төленген (төленуі тиіс) дисконт немесе комиссиялық сыйақы және әрбір орналастырылатын облигацияға, сондай-ақ шығындар туралы басқа да мәліметтер;

      облигацияларды листингке шығару, орналастыру және енгізудің негізгі санаты және көрсетілген шығасыларды эмитенттің өзі төлемесе – оны төлейтін тұлғаны көрсетумен;

      андеррайтерлерді тартусыз орналастырылған облигациялардың саны және бұдан кейінгі орналастыру жоспары;

      12) облигацияларды арнайы қаржы компаниясы орналастырған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:

      арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығаруы проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясының облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;

      облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталу күні арнайы қаржы компаниясының облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;

      облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталу күні бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша арнайы қаржы компаниясының алған ақша сомасы.

      13) облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталу күні левередж мөлшері (қаржы ұйымы левередж мөлшерін көрсетпейді);

      14) эмитент бұрын шығарған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының, сондай-ақ облигацияларды бұдан кейін орналастыру проблемасының болуы.

      Облигацияларды орналастырудың кезеңі басталған не облигацияларды орналастырудың қорытындылары туралы соңғы есепті ұсынған күннен бастап 6 (алты) ай өткен соң бір де бір облигация орналастырмаса Талаптардың осы тармақтың бірінші бөлігінің 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын эмитент толтырмайды.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      4-1. Қағаз тасымалдағыштағы Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен расталады (бар болса).

      Ескерту. Талап 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      5. Осы қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу, мемлекеттік емес облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес Халықаралық қаржы ұйымдарының (бұдан әрі - халықаралық қаржы ұйымы) тізбесінде көрсетілген Халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп қағаз тасымалдағышта, облигацияларды орналастыру кезеңі аяқталған күннен кейінгі күні тіркеуші берген облигация ұстаушылардың тізілімінің көшірмесімен қоса берумен 2 (екі) дана қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ электрондық түрде PDF форматында қазақ және орыс тілдерінде 1 (бір) дана етіп жасалады және мынадай ақпараттан тұрады:

      1) халықаралық қаржы ұйымының атауы;

      2) халықаралық қаржы ұйымының орналасқан жері;

      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні (облигациялар саны азаюымен байланысты мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру) және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі. Егер облигациялардың осы шығарылымы облигациялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылса, облигациялық бағдарламаның мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі;

      4) облигациялар туралы мәліметтер:

      Шығарылуы жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрі;

      облигациялардың номиналды құны;

      облигациялар бойынша купонның және (немесе) дисконттың мөлшері.

      5) облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:

      облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталу күні орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны;

      есепті кезең үшін орналастырылған облигациялардың саны.

      Халықаралық қаржы ұйымының облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке халықаралық қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қояды.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      6. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есептің титул парағы:

      1) құжаттың атауы "Мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп";

      2) эмитенттің (халықаралық қаржы ұйымының) толық және қысқартылған атауы.

      7. Облигацияның өтеу қорытындылары туралы есеп қағаз тасымалдағышта 2 (екі) дана қазақ және орыс тілінде, сондай-ақ электронды түрде PDF форматында қазақ және орыс тілінде 1 (бір) дана етіп жасалады және мынадай ақпараттан тұрады:

      1) эмитенттің атауы;

      2) эмитенттің орналасқан жері;

      3) эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер: эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) анықтамасының күні және нөмірі, сондай-ақ оны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы;

      4) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні (облигациялар саны азаюымен байланысты мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру) және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі. Егер облигациялардың осы шығарылымы облигациялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылса, облигациялық бағдарламаның мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі көрсетіледі;

      5) облигацияның өтелуі туралы мәліметтер:

      облигацияларды өтеу күні;

      облигацияны өтеу күні жағдай бойынша эмитенттің сатып алынған облигацияларының саны туралы мәліметтер;

      облигация өтеу күні жағдай бойынша айналыстағы облигациялардың саны туралы мәліметтер;

      6) облигациялар бойынша төленген сыйақының жиынтықты мөлшері және толық есептеу келтірілген өтеу сомасы.

      7-1. Қағаз тасымалдағыштағы Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепке эмитенттің атқарушы органының басшысы (жеке-дара атқарушы орган) (не оның орнындағы адам) қол қояды және эмитенттің мөр бедерімен расталады (бар болса).

      Ескерту. Талап 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      8. Халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын өтеу қорытындылары туралы есепте қағаз тасымалдағышта 2 (екі) дана қазақ және орыс тілінде, сондай-ақ электронды түрде PDF форматында қазақ және орыс тілінде 1 (бір) дана етіп жасалады және мынадай ақпараттан тұрады:

      1) Халықаралық қаржы ұйымының атауы;

      2) Халықаралық қаржы ұйымының орналасқан жері;

      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні (облигациялар саны азаюымен байланысты мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстыру) және облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу нөмірі. Егер облигациялардың осы шығарылымы облигациялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылса, облигациялық бағдарламаның мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі;

      4) облигацияның өтелуі туралы мәліметтер:

      облигацияларды өтеу күні;

      облигацияны өтеу күні жағдай бойынша эмитенттің сатып алынған облигацияларының саны туралы мәліметтер;

      облигация өтеу күні жағдай бойынша айналыстағы облигациялардың саны туралы мәліметтер;

      Халықаралық қаржы ұйымының облигацияларының қорытындысы туралы есепке халықаралық қаржы ұйымының уәкілетті тұлғасы қол қояды.

      9. Еншілес ұйымы (еншілес ұйымдары) бар эмитенттің есепті айдың соңындағы немесе облигациялар орналастырудың аяқталу күніндегі жағдай бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілігі болмаған жағдайда, эмитент уәкілетті органға жеке қаржылық есептілікті ұсынады.

      Эмитент ұсынатын жылдық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, пайда мен шығындар туралы есептен, ақша қозғалысы туралы есептен, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен және түсiндiрме жазбадан тұрады.

      Эмитент ұсынатын аралық қаржылық есептілік бухгалтерлік баланстан, ақша қозғалысы туралы есептен тұрады.

      Ескерту. Талап 9-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 29 сәуірдегі
№ 115 қаулысына
4-қосымша

Күші жойылған Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің
құрылымдық бөліктерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген).

      2. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі № 99 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4238 тіркелген).

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 110 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4723 тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 12-тармағы.

      5. "Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5304 тіркелген, 2008 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 10 жарияланған).

      6. "Бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы № 181 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5462 тіркелген).

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 89 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5701 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер тізбесінің 4-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2009 жылғы 7 шілдедегі № 142 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5738 тіркелген, 2009 жылғы 4 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 134 (1557) жарияланған).

      9. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 1 наурыздағы № 18 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6134 тіркелген).

      10. "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 50 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6219 тіркелген, 2010 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 14 жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерi бойынша енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар тiзбесiнің 8-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 25 маусымдағы № 87 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6374 тіркелген).

      12. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 17 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6885 тіркелген, 2011 жылғы 10 қарашада Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 16 жарияланған).

      13. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 96 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7229 тіркелген, 2011 жылғы 18 қазанда "Заң газеті" газетінде № 151 (1967) жарияланған).

      14. "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы" 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7405 тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 195-200 (27274) жарияланған).

      15. "Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 77 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7535 тіркелген, 2012 жылғы 5 қыркүйекте "Егемен Қазақстан" газетінде № 582-587 (27660) жарияланған).

      16. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің және жинақтаушы зейнетақы қорларының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 195 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7789 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 562-569 (27642) жарияланған).

      17. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 235 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8009 тіркелген, 2012 жылғы 22 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 763-767 (27839) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      18. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 110 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8505 тіркелген, 2013 жылғы 6 тамызда "Заң газеті" газетінде № 115 (2316) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.

      19. "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектілерін тіркеу, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есептерді бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 268 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9069 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      20. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар шығарылымы және айналысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 52 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9513 тіркелген, 2014 жылғы 25 маусымда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      21. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 109 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9712 тіркелген, 2014 жылғы 28 қазанда "Заң газеті" газетінде № 162 (2556) жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

      22. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 191 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9894 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада " Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1-тармағы.

      23. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 244 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10339 тіркелген, 2015 жылғы 18 наурызда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізімі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      24. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13001 тіркелген, 2016 жылғы 29 ақпанда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 6-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады