Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі N 269 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 6 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 3822. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібін және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары жөніндегі есептерді қарауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұсынылып отырған Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережесі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2 қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер өзінің күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне, қауымдастық нысанындағы "Қазақстан тізілім ұстаушылар қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
      5. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2005 жылғы 30 шілдедегі    
N 269 қаулысының       
1-қосымшасы          

Мемлекеттiк емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттiк
тiркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесi

      Ескерту. Атауына өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Осы Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Заң), «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі, «Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік емес облигациялардың (бұдан әрі – облигациялар) шығарылымын мемлекеттік тіркеудің, облигацияларды орналастыру және өтеу, сондай-ақ облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептерді қараудың және бекітудің талаптары мен тәртібін айқындайды.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық
бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегiндегi
облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1. Эмитент облигациялардың (облигациялық бағдарламаның) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа оның Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      Жай акцияларға айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялар айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигацияның қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта және электронды тасымалдауышта Acrobat Reader форматында мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екі данада жасалады (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда). Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi акциялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi қамтылады.
      Мыналар облигациялар шығарылымы немесе облигациялық бағдарлама проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады:
      эмитенттің соңғы екі қаржы жылындағы, аудиторлық есептермен расталған жылдық қаржылық есептілігінің көшірмелері, сондай-ақ эмитенттің аудиторлық есептерінің және есеп саясатының көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда аудиторлық есеппен расталған шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Осы абзацтың талаптары жаңадан құрылған эмитенттердің облигациялар шығарылымының немесе облигациялық бағдарламасының проспектісіне қолданылмайды;
      облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар құжаттарды ұсыну алдындағы тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күніне дейін ұсынылған жағдайда соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмесі (еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі) ұсынылады;
      облигацияларды ұстаушылардың өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері (облигациялық бағдарламаның проспектісін қоспағанда);
      егер осындай ұйымдармен шарт жасау Заңның талаптарында көзделсе, эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін қор биржасының ресми тізіміне енгізу және орналасқан жері мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері (облигациялық бағдарламаның проспектісін қоспағанда);
      эмитенттің кірісін оның қатысушылары арасында жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастыру құқықтық нысанда құрылған эмитенттер үшін бөлу тәртібі.
      Мыналар облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымы проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылады:
      облигацияларды ұстаушылардың өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;
      егер осындай ұйымдармен шарт жасау Заңның талаптарында көзделсе, эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін қор биржасының ресми тізіміне енгізу және орналасқан жері мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмелері;
      облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің көшірмелері. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болған жағдайда шоғырландырылған қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің көшірмесі ұсынылады. Облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар құжаттарды ұсыну алдындағы тоқсаннан кейінгі айдың 25-ші күніне дейін ұсынылған жағдайда соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша эмитенттің қаржылық есептілігінің (еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда жеке қаржылық есептіліктің) көшірмесі ұсынылады.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
      Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған осы секъюритилендiру мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Облигациялар шығарылымы немесе облигациялық бағдарлама проспектісіндегі мәліметтер акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын облигациялар шығарылымы немесе облигациялық бағдарлама проспектісінің ажырамас бөлігі болып табылатын қаржылық есептілікке сәйкес көрсетілетін, қоғамның қаржылық жай-күйі туралы ақпаратты (осы Ереженің 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетілетін) қоспағанда, құжаттарды уәкілетті органға тапсыру күнінің алдындағы айдың соңғы күніне келтіріледі.
      Ағымдағы жылғы 1 қаңтар – 1 маусым аралығындағы кезеңде аяқталған қаржы жылы үшін қаржылық есептіліктің аудиторлық есебі болмаған жағдайда қоғам уәкілетті органға соңғы аяқталған жылдың алдындағы екі жыл үшін аудит жасалған қаржылық есептілігін ұсынады (қоғам аяқталған қаржы жылы үшін аудит жасалған қаржылық есептілігін акционерлердің жалпы жиналысы аудит жасалған қаржылық есептілікті бекіткен күннен бастап бір ай ішінде ұсынады).
      Осы тармақтың талаптары екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының бір пайызын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі иеленген ұйымның (бұдан әрі – екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйым) облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымына қолданылмайды.
      Егер эмитенттің негізінде облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын шешімі эмитент органының отырысынан үзінді-көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді-көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
      отырысты өткізу күні, уақыты және орны (қатысу тәртібімен өткен отырыс болған жағдайда);
      отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
      отырыс кворумы;
      отырыс күн тәртібінің шешімдері облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымына әкеп соққан мәселелері;
      отырыс күн тәртібінің дауыс беруге қойылған, негізінде облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
      мәселе бойынша қабылданған, негізінде облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымы жүзеге асырылатын шешім.
      Эмитенттің жоғары органының шешімінен үзінді-көшірме жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің басқару органы отырысының шешімінен үзінді-көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің атқарушы органының шешімінен үзінді-көшірме эмитенттің бірінші басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1-1. Облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған эмитент (екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – банк), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда) левереджінің шамасы 2-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
      Standard&Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеуге арналған левереджінің шамасы халықаралық қаржы ұйымдарының ішкі құжаттарында белгіленген шамадан аспайды.
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередж шамасы 5-тен аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептілік деректеріне сәйкес).
      «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) мемлекеттік тіркеуге арналған левередждің өлшемі 7-ден аспайды (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес).
     Ескерту. 1-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1-2. Агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайында жүзеге асырылады:
      1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару талаптарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді) уақтылы орындамау немесе орындамау жағдайларының болмауы;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левереджінің мөлшері 2-ден аспайды.
      Осы тармақтың 3) тармақшасының талабы «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына қолданылмайды.
      Ескерту. 1-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1-3. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1-4. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      1-5. Егер эмитент қайта ұйымдастыру арқылы қайта құрылу жағдайда облигациялар (облигация бағдарламасы) шығарылымының проспектісі құқықтық мирасқоры эмитент болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есептілігі қоса берілген, қайта құрылу нәтижесінде қайта туындаған заңды тұлғалардың тіркеу күніне дейін екі жылға дейінгі кезеңнің мәліметтерінен тұрады.
      Ескерту. 1-5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2. Уәкiлеттi орган осы Ереженiң талаптарына сәйкес тiркеген облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу үшiн эмитент:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымының осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалған проспектiсiн қағаз тасымалдағышта екi данада және Acrobat Reader форматында электрондық тасымалдағышта (қоғамның қаржылық есептілігiнсіз) қазақ және орыс тілдерінде бiр данада ұсынады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында қазақ және орыс тілдеріндегі облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымының проспектісі қамтылады;
      3) эмитент органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер қамтылатын облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады.
      Егер облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымы жүзеге асырылатын эмитент шешімі эмитенттің органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме нысанында ұсынылса, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
      отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);
      отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
      отырыс кворумы;
      отырыстың күн тәртібінің облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты мәселелері;
      дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері;
      облигациялардың шығарылымына, орналастырылуына, айналысына, өтелуіне қатысты әрбір мәселесі бойынша қабылданған шешім.
      Эмитенттің жоғары органының шешімінен үзінді-көшірме жиналыс хатшысының қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің басқару органы отырысының шешімінен үзінді-көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің атқарушы органының шешімінен үзінді-көшірме эмитенттің бірінші басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
       2-1. Алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       2-2. Осы Ереженің мақсаты үшін "Standard & Poor's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан өзге, сондай-ақ уәкілетті органмен "Moody's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының рейтингтік бағалары танылады (бұдан әрі – басқа рейтингтік агенттіктер).
       Ескерту. 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.08.22. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
       2-3. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
       2-4. Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитент Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      Екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта және электронды тасымалдауышта Acrobat Reader форматында (мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде) екі данада жасалады (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда). Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк тілдегі және орыс тiлiндегi акциялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi қамтылады. Бұл ретте Ереженің 1-қосымшасының 91125273031323342 және 44-тармақтарында көрсетілген ақпарат екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфелінің сапасын жақсартуға маманданған ұйымның облигацияларын (облигациялық бағдарламасын) шығару кезінде толтырылмайды.
      Ескерту. 2-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.05.25 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3. Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті облигациялар шығарылымын (шетел валютасында номиниирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу мынадай талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның және шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі тиісті уәкілетті органының (бұдан әрі – резидент еместің уәкілетті органы) арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуы;
      2) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «өзге борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуге және олардың сонда болуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің орындауы;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облигациялар шығаруға резидент емес уәкілетті органның рұқсатының болуы не Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті елінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы резидент емес уәкілетті органның хаты (Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті қаржы ұйымы болып табылған жағдайда);
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті облигацияларды мемлекеттік тіркеуге өтініш беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде пруденциалдық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтау туралы Қазақстан Республикасының резидент емес уәкілетті органының хаты (Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті қаржы ұйымы болып табылған жағдайда).
      Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақта көзделген Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті мыналарды ұсынады:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) эмитент органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      3) осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта (проспекттің электрондық нұсқасы эмитенттің қаржылық есебiн қоспай, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады) жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;
      4) мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариатта куәландырылған жарғының көшірмесін және оның тұрған жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретіндегі эмитенттің тіркелгенін растайтын құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариатта куәландырылған көшірмесін;
      5) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, эмитенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;
      6) облигацияларды ұстаушылар өкілімен шарттың көшірмесін;
      7) эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялардың қор биржасының сауда жүйесінде айналыста болуы көзделсе, қор биржасының эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың қор биржасы тізімінің «өзге борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуге және олардың сонда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қорытындысын, сондай-ақ биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      3-1. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің немесе осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының шетел валютасында номиниирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес, сондай-ақ эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің немесе осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингінің не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінің болуы;
      2) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің немесе осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялар бойынша сыйақыны және негізгі борышты төлеу шығарылым валютасында жүзеге асырылатыны жөнінде міндетті талабы болуы тиіс.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу үшiн осы Ереженiң 7-қосымшасында көрсетiлген халықаралық қаржы ұйымдары мыналарды бередi:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) эмитенттiң облигацияларды, шығарылым көлемiн, облигациялардың санын және түрiн, облигациялардың номиналды құнын, облигациялар ұстаушылар құқықтарын орналастыру нәтижесiнде қаражатты пайдаланып алған облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi туралы мәлiметтерi бар, мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi аудармалары нотариатта куәландырылған облигациялар шығарылымдары туралы эмитент органы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      3) тиiстi қаржы ұйымының iшкi құжаттарына сәйкес жасалған, қағаз тасымалдағышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта (эмитенттің қаржылық есептілігiн қоспағанда) бiр данада облигациялар шығарылымының (облигация шығарылымының талаптары) проспектiсiн не облигациялар шығарылымының талаптарын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 18.04.2014 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      4-1. Облигацияларды қоғамның жай акцияларына айырбастауды жүзеге асыратын тұлғалар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер туралы заң) 17-бабының 5-тармағында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.
      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      5. Эмитент облигациялық бағдарлама Қазақстан Республикасының Заңдарының және/немесе осы Ереженiң талаптары шегiндегi облигациялар шығарылымын және/немесе облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент ұсынған құжаттар сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны немесе облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын тiркейдi және эмитентке осы Ереженің 3-1-қосымшасына сай облигациялар шығарылымын, осы Ереженің 3-2-қосымшасына сай облигациялық бағдарламаны немесе осы Ереженің 3-3-қосымшасына сай облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бередi;
      2) эмитентке облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) немесе облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң уәкiлеттi орган оны мемлекеттiк тiркегендiгi туралы белгiсi қойылған бiр данасын қайтарады.
      Облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымының проспектiсi облигациялық бағдарлама проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Ескерту: 5-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .

1-1. Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу

      Ескерту. 1-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен.

      5-1. Эмитент облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында уәкілетті органға мыналарды ұсынады:
      1) еркін нысанда жазылған өтініш.
      Заңның 9-бабының 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көзделген облигациялар шығарылымы талаптарына өзгерістер енгізген жағдайда өтініште мынадай ақпарат көрсетіледі:
      бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты жариялаған күні туралы;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткені туралы (облигациялар ұстаушылардың саны елуден аспаған жағдайда) жазбаша хабарламаны жіберген күні туралы;
      бұқаралық ақпарат құралдарының атауын көрсете отырып, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімін жариялаған күні туралы;
      2) мемлекеттік тілде және орыс тілінде қағаз тасымалдауышта екі данада жасалған, бірінші басшы, бас бухгалтер қол қойған және эмитент мөрінің бедерімен расталған облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне жасалған өзгерістер мен толықтырулар қамтылған.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне енгізілген, осы Ереженің 1-қосымшасының 46-тармағында, осы Ереженің 2-қосымшасының 23-тармағында, осы Ереженің 3-қосымшасының 3-тармағында көрсетілген облигациялар туралы мәліметтерге қатысты өзгерістер мен толықтырулар қолдану мерзімі көрсетіле отырып оларды қолдану тәртібін қамтиды;
      3) қаржылық есеп берусіз Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдауышта енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) облигациялар шығарылымы проспектісі (облигациялық бағдарлама);
      4) облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген эмитент органы шешімінің көшірмесі.
      Егер облигациялар шығарылымының проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген эмитент шешімі эмитенттің органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірме нысанында ұсынылған болса, осы үзінді көшірмеде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      эмитенттің атқарушы органының толық атауы мен орналасқан жері;
      отырысты өткізу күні, уақыты және орны (ішкі отырыс болған жағдайда);
      отырысқа қатысқан (сырттай дауыс беру жолымен шешім қабылдаған) тұлғалар туралы мәліметтер;
      отырыс кворумы;
      дауысқа салуға шығарылған отырыс күн тәртібінің облигациялар шығарылымының проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгізілген әрбір мәселесі бойынша дауыс беру нәтижелері
      облигациялар шығарылымының проспектiсiне (облигациялық бағдарлама) өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгізілген мәселе бойынша қабылданған шешім.
      Эмитенттің жоғары органының шешімінен үзінді-көшірме жиналыс хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің басқару органы отырысының шешімінен үзінді-көшірме басқару органы хатшысының (корпоративтік хатшының) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады. Эмитенттің атқарушы органының шешімінен үзінді-көшірме эмитенттің бірінші басшысының (не оның орнындағы адамның) қолымен және эмитент мөрінің бедерімен куәландырылады;
      5) эмитенттің атауы, оның тұрғылықты орны, облигациялардың түрі, облигациялардың саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі өзгерген жағдайда облигациялар шығарылымы проспектісін (облигациялық бағдарлама) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы;
      6) облигациялар шығарылымы проспектісіне (облигациялық бағдарлама) өзгерістер мен толықтырулар енгізу нәтижесінде облигацияның меншік иелері құқықтарының бұзылмайтындығы туралы эмитенттің жазбаша міндеттемесі;
      7) эмитенттің атауы өзгерген, шаруашылық серіктестіктердегі қатысушылардың құрамы өзгерген жағдайда (шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімін тіркеуші жүргізетін шаруашылық серіктестіктерді қоспағанда) – жарғыға өзгерістердің көшірмесі;
      8) эмитенттің тұрғылықты орны өзгерген жағдайда - әділет органының заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімге (заңды тұлғалардың электронды тіркеліміне) жаңа мәліметтерді енгізуін растайтын құжаттың көшірмесі және жарғыға енгізген өзгерістердің көшірмесі;
      9) облигациялар саны өзгерген жағдайда облигациялар санын өзгерту жөніндегі шешім қабылданған күннің алдындағы күніне бағалы қағаздарды есепке алу үшін тіркеуші берген эмитенттің жеке шотынан үзінді көшірмесі.
      Эмитенттің соттың құрылымды қайта қарау жөніндегі шешіміне сәйкес құрылымды қайта қарауы жүргізілген жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) – 5), 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа қосымша мынадай құжаттар ұсынылады:
      сот бекіткен құрылымды қайта қарау жоспарының көшірмесі және оның ішінде облигациялар шығарылымы талаптарының өзгерістерін қоса бере отырып, эмитенттің құрылымын қайта қарауды өткізу туралы сот шешімінің көшірмесі;
      міндеттемелерінің құрылымын қайта қарау жорамалданып отырған эмитент кредиторларының жиналысы өтетін күні тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесі;
      Банктер туралы Заңының 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы беттерінің көшірмесі.
      Заңның 9-бабының 1-тармағының 4-2), 8), 9) тармақшаларында көрсетілген облигациялар шығарылымы проспектісіндегі (облигациялық бағдарлама) мәліметтер өзгерген жағдайда осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттардың:
      осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан үзінді көшірменің;
      эмитент осы шығарылымның барлық облигацияларын сатып алған жағдайда сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан үзінді көшірменің;
      облигация ұстаушылардың жалпы жиналысы шешімінің (барлық орналастырылған облигациялар бір ұстаушыға тиесілі болған жағдайда жалғыз ұстаушы шешімінің) және облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер енгізу туралы шешімді қабылдау күніндегі жағдай бойынша облигация ұстаушылар (сот шешіміне сәйкес немесе Қазақстан Республикасының Заңдарында белгіленген жағдайларда жүргізілетін эмитентті қайта құрылымдау жағдайларын қоспағанда) тізілімінің көшірмелері қосымша беріледі.
      Облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының шешімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      эмитенттің атауы, облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы өткізілетін облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысын өткізу күні, уақыты және жері;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында қатысқан ұстаушылардың облигациялар саны туралы мәліметтер;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының кворумы;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібі;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысында облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі мәселе бойынша дауыс беру тәртібі;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысы төрағасының және хатшысының аты-жөні, бар болса - әкесінің аты;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысының күн тәртібіндегі облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі дауыс беруге салынған әр мәселесі бойынша облигациялар ұстаушылар дауыстарының жалпы саны;
      облигациялар шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген негізіндегі мәселе бойынша күн тәртібінің әр тармағы бойынша эмитенттің облигациялар ұстаушыларының жалпы жиналысымен қабылданған шешімі;
      облигациялар ұстаушылардың жалпы жиналысымен қабылданған шешімдер.
      Ескерту. 5-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 17 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.11.2013 № 268 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5-2. Эмитент облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының және осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:
      1) облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектісіне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды тіркейді және эмитенттің атауы, тұрғылықты жері, облигациялар саны және (немесе) олардың айналыс мерзімі өзгерген жағдайда бағалы қағаздарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті ауыстырады;
      2) уәкілетті органның олардың мемлекеттік тіркелгені туралы белгісімен бірге облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтырулардың бір данасын эмитентке қайтарады.
      Ескерту. 5-2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

      5-3. Уәкілетті орган облигациялар (облигациялық бағдарлама) шығарылымының проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу үшін эмитент ұсынған құжаттарды осы Ереженің 5-1-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      5-4. Облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістердің мемлекеттік тіркелуі төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигацияларды қоспағанда, осы өзгерістер облигациялар шығарылымының тіркелген көлемінің өзгеруіне әкелмейтін жағдайда ғана жүзеге асырылады.
       Ескерту. 5-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 17 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2-тарау. Айналыс мерзімі жиырма айдан аспайтын
облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. 2-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.11.28 N 181 Қаулысымен.

      6. Айналыс мерзімі жиырма айдан аспайтын облигациялар шығарылымын акциялары қор биржасы ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші санатына енгізілген эмитент жүзеге асырады.
      7. Эмитент айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды береді:
      1) айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысанда жасалған сұратуды;
      2) эмитенттің қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының қорытындысын.
      8. Айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигацияларды мемлекеттік тіркеу және оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірін беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган олар ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
      8-1. Эмитент және ол ұсынған құжаттар осы Ереженің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган облигациялар шығарылымын тіркейді және эмитентке айналыс мерзімі жиырма айдан кем емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік береді.

3-тарау. Облигацияларды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептi қарау

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның 24-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды орналастыру қорытындысы туралы қазақ және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
      «Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингтік бағалау немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп Ереженiң 5-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдауышта және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта мемлекеттiк тілде және орыс тiлiнде екі данада ұсынылады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      9-1. Облигацияларды орналастыру кезеңі жүйелі алты ай болады.
      Орналастырудың бірінші есепті кезеңінің басталу күні облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастыруды бастаған күн болып табылады.
      Келесі есепті кезеңнің басталу күні алдыңғы есепті кезеңнің аяқталған күннен кейінгі күн болып табылады.
      Облигацияларды орналастыруды аяқтау күні жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің жеке шотынан барлық облигацияларды эмитенттің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарына не номиналдық ұстау есеп жүйесіне есептен шығару бойынша соңғы операцияны жүргізу күні не облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген облигацияларды орналастыру мерзімі аяқталған күн болып табылады.
      Эмитент облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті орналастырудың есепті кезеңі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде, сондай-ақ облигациялар толық орналастырылған күннен бастап бір ай ішінде ұсынады.
      Бір мезгілде тіркеушіге уәкілетті органға есептің ұсынылғаны туралы хабарлама жіберіледі.
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      10. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент уәкілетті органға Заңның 32-бабының 2-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады. Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта екі данада ұсынылады. Бұл ретте екі дананың әрқайсысында облигацияларды өтеу қорытындылары туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі есеп қамтылады.
      Standard&Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкiлi бойынша «АА»-дан төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service, Fitch агенттiктерінiң халықаралық шәкiлi бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын өтеу қорытындылары туралы есеп осы Ереженің 6-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалады және қағаз тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдағышта мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада ұсынылады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есепті қарау үшін эмитент ұсынған құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкiлеттi орган:
      1) облигацияларды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есептi бекiтедi және эмитентті есептің бекітілгені туралы жазбаша хабардар етеді;
      2) эмитентке облигацияларды орналастыру немесе өтеу қорытындылары туралы есептiң уәкiлетті органның оны бекiткендiгi туралы белгiсi қойылған бiр данасын қайтарады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2013 № 268 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       3-1 тарау. Облигациялар шығарылымының күшін жою

      Ескерту. 3-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

     Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12-1. Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім уәкілетті органмен Заңның 30-1-бабында көзделген негіздемелер бойынша қабылданады.
      Ескерту. 12-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2011.02.28 № 17 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12-2. Облигациялар шығарылымының күшін жою үшін эмитент уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ерікті нысанда жазылған өтініш;
      2) облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған эмитенттің шешімінің көшірмесі;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің, облигациялар шығарылымының проспектісінің уәкілетті органның тіркеу туралы белгісімен түпнұсқалары;
      4) егер осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаса немесе эмитент осы шығарылымның барлық облигацияларын қайталама бағалы қағаздардың нарығында сатып алған жағдайда жою туралы шешімді қабылданған күнге тіркеушінің облигациялар ұстаушыларының жоғы туралы хабарламасы;
      5) қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда осы шығарылымның барлық облигациялары бойынша талап ету құқықтарының сатып алынғанын растайтын құжат.
      Қаржы ұйымдарын қайта құрылымдау рәсімдерін жүзеге асыру кезінде эмитент осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша сотпен бекітілген қайта құрылымдау жоспарының көшірмесін қоса бере отырып, эмитенттің қайта құрылымдауын жүргізу туралы сот шешімінің көшірмесін ұсынады.
      Мәжбүрлеп таратылатын эмитенттің тарату комиссиясы осы тармақтың 1)-3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарға қосымша тарату процесінің аяқталғанын растайтын құжаттарды (тарату балансының көшірмесін) ұсынады.
       Ескерту. 12-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2011.02.28 № 17 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      12-3. Осы Ереженің 12-2-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды жоғалтқан жағдайда эмитент уәкілетті органға бұқаралық ақпараттар құралдарында жарияланған жоғалған құжаттардың жарамсыздығы туралы хабарламаның көшірмесін ұсынады.

      12-4. Эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жоюға уәкілетті органға ұсынған құжаттары оларды алған күннен бастап он төрт күн ішінде қаралады.

      12-5. Эмитенттің облигациялар шығарылымының күшін жоюға ұсынған құжаттары Қазақстан Республикасы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес болған жағдайда уәкілетті орган облигациялар шығарылымының күшін жояды және эмитентке осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес облигациялар шығарылымының күші жойылғаны туралы хабарлама жібереді. Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы қабылданған шешімді уәкілетті орган эмитенттің тіркеушісіне және орталық депозитарийге мәлімет үшін жібереді.

      12-6. Облигациялар шығарылымы облигациялар шығарылымы күшін жойғаны туралы хабарламада көрсетілген күннен бастап, бірақ уәкілетті орган облигациялар шығарылымының күшін жою туралы шешім қабылдаған күннен он күн асырмай күшін жояды.

4-тарау. Қосымша ережелер

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      13. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының резидент эмитентінің ең төменгі кредиттік рейтингі - Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В»-дан немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасынан төмен болмауы тиіс.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      13-1. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін банктің ең төменгі кредиттік рейтингі - Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасынан төмен емес.
      Ескерту. 13-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      14. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым мына:
      1) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыстағы облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша уақтылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмауы;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін аяқталған соңғы екі қаржы жылының біреуінің қорытындылары бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес аяқталған соңғы екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болса;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде пруденциалдық нормативтерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмауы;
      4) осы шығарылымның облигациялары және эмитент Заңда және сауда-саттықты ұйымдастырушы эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қатысты белгілеген талаптарға сәйкес келуі (егер эмитент және осы шығарылым облигациялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжанған жағдайда) талаптарын сақтаған кезде облигациялардың шығарылымын жүзеге асырады.
      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтаған кезде, сондай-ақ мына талаптардың біреуін сақтаған кезде:
      жаңадан шығарылатын облигациялар ипотекалық облигациялар болып табылса;
      уәкілетті органға облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күні банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болса;
      уәкілетті органға облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күні банктің Ереженің 13-1-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болса, облигациялардың шығарылымын жүзеге асырады.
      Осы тармақтың талаптары банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес жүргізілетін банктің бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуі жағдайларына қолданылмайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талаптары банктің акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар түріндегі облигацияларының шығарылымына қолданылмайды.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      14-1. Егер эмитенттің Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болмаса (ипотекалық облигациялар эмитенттерін, сондай-ақ Ереженің 14-тармағында көрсетілген эмитенттерді қоспағанда), ол облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынар алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левередж шамасының есебін ұсынады.»
      Ескерту. 14-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      14-2. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      14-3. Эмитент соттың осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылымды қайта қарауды өткізу жөніндегі сот шешіміне сәйкес құрылымды қайта қарауды өткізген жағдайында мынадай құжаттарды береді:
      1) еркін нысанда жазылған өтінішін;
      2) жарғының көшірмесін;
      3) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен;
      4) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың көшірмесін;
      5) сот бекіткен құрылымды қайта қарауды өткізу жоспарының көшірмесін қоса бере отырып, эмитент құрылымын қайта қарауды өткізу туралы сот шешімінің көшірмесін;
      6) осы Ереженің 1-қосымшасына немесе 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада жасалған қағаз тасымалдауыштағы (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісі және Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдауышта (қоғамның қаржылық есеп беруінсіз) мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада. Бұл ретте әрбір екі данада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісі бар;
      7) Банктер туралы заңның 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы беттерінің көшірмесін.
      Эмитент облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларымен көзделген құжаттарды береді.
      Ескерту. 14-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

      15. Ипотекалық облигациялар мынадай жоғары өтiмдi активтермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн:
      1) ақшамен;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарымен;
      3) "Standard & Poor's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шет мемлекеттердің бағалы қағаздарымен;
      4) Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»- тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акцияларымен;
      «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шкаласы бойынша «kzВВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының акциялары базалық активі болып табылатын депозитарлық қолхаттармен;
      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген акцияларымен;
      Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының базалық активі қор биржасының ресми тізімінің «акциялар» секторының бірінші санатына енгізілген акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттармен;
      «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы немесе «Standard & Poor's» ұлттық шкаласы бойынша «kzВ-»-тен төмен емес рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарымен.
      Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз етуге енгізілетін бағалы қағаздардың және ақшаның құны айналысқа түсу процесінде қамтамасыз етудің жалпы құнының 20%-ынан астам емес болуы тиіс.
       Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2008.08.22 N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз); 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      16. Уәкiлеттi орган облигациялар проспектiсi шығарылымы аясында берiлген ақпаратты, уәкiлеттi органның ресми web-сайтында орналастыру жолымен оларды орналастыру және өтеу қорытындысы туралы есептердi, сондай-ақ келіп түскен дефолт фактілері туралы ақпаратты мүдделi тұлғалардың сұратулары бойынша ашады. Осы Ережеге сәйкес уәкiлеттi органға эмитент қағаз және электронды тасымалдағыштармен ұсынған құжаттар мазмұны дәлме-дәл болуы тиiс.
       Ескерту. 16-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      16-1. Эмитент ұсынған құжаттар көшірмелері бірінші басшының (не оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы қойылуымен және эмитенттің мөр таңбасымен расталады.
      Құжаттың парақтары көп болған жағдайда әр парағы расталады не құжат тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбасымен бекітіледі. Мөрдің таңбасы және бірінші басшысының (немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның) қолы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына түсуі тиіс.
      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       16-2. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны), шығарылым проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді және облигациялар шығарылымын жоюды мемлекеттік тіркеуден бас тартқан жағдайда эмитент уәкілетті органның ескертулерін жойып, пысықталған құжаттарды бас тартуды алған күннен бастап екі ай ішінде уәкілетті органға қайта ұсынады.
       Ескерту. 16-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агеттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      16-3. Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмейтін мерзімде тоқсан сайын уәкілетті органға облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезең ішінде осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес ақпараттарды ұсынады.
       Ескерту. 16-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16-4. Қоғам облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы Ережеде көрсетілген өтініш пен құжаттарды қағаз түрінде не электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынады.
      Құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру кезінде құжаттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1567 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес өтініштің электрондық нысанына тіркеледі.
      Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылған құжаттар сәйкес келген жағдайда, уәкілетті орган облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) тіркеу, айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы белгі қоймайды.
      Ескерту. 16-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулысымен.
      17. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

Мемлекеттiк емес облигациялардың  
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу   
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есептi қарау ережесiне       
1-қосымша              

Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның)
проспектiсi

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнiнде эмитенттiң қаржылық жай-күйi мен қызметi туралы ақпарат бар.
      1. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң бiрiншi бетiнiң парағында:
      1) құжаттың атауы: «Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi»;
      2) эмитенттiң толық және қысқартылған атауы;
      3) акциялар шығарылымының проспектісі жасалған және қаржылық көрсеткіштер берілген күні;
      4) орналастырылатын облигациялардың түрi және саны бар. Облигациялық бағдарламаны тiркеу кезiнде облигациялық бағдарламаның жиынтық көлемiн көрсету керек;
      5) «Уәкiлеттi органның облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу шығарылым проспектiсiнде жазылған облигацияларды сатып алуға қатысты инвесторларға қандай да болмасын ұсыным берудi білдiрмейдi. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырушы уәкiлеттi орган осы құжаттағы ақпараттың шынайы болуына жауап бермейдi. Облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестiгi ғана қаралады. Эмитенттiң лауазымды тұлғалары осы проспектiдегi ақпараттың шынайы болуына жауап бередi және ондағы барлық ақпараттың шынайы болуын және эмитент пен оның облигацияларына қатысты инвесторларды шатастырмайтындығын растайды» деген жазба.
      Облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектiсiнiң мәтiнi мыналардан тұрады:

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер

      2. Эмитенттiң атауы.
      Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқаша атауын көрсету керек.
      Егер эмитент жарғысында оның толық және қысқаша атауы шет тiлiнде көзделген болса, онда осындай атауды қосымша көрсету керек.
      Эмитент атауы өзгерген жағдайда оның осының алдындағы атауының толық және қысқарған түрi, сондай-ақ оның өзгертiлген күнi көрсетiлуi керек.
      Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қайта ұйымдастырылуы негiзiнде құрылған болса, онда қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитенттiң заңды мұрагерлеріне қатысты мәлiметтердi көрсету қажет.
      3. Эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттi мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы және эмитенттің алғашқы тіркелген күні көрсетілуі қажет.
      4. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі.
      5. Эмитенттiң орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының мекенжайы туралы ақпарат.
      6. Эмитенттiң банктiк деректемелерi.
      7. Эмитент қызметiнiң түрлерi.
      8. Егер эмитент қаржы агенттігі болып табылса, мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) эмитент соған сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенттігі ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға уәкілетті болатын құжат;
      2) қаржы агенттігі мәртебесін иелену күні (бар болса).
      9. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингтік агенттiктер және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингтік агенттiктер тағайындаған рейтингтердiң болуы туралы мәлiметтер.
      10. Эмитенттiң барлық филиалдары мен өкiлдiктерiнiң атауы, тiркелген күнi, орналасқан жерi және почталық мекен-жайы.
      11. Эмитенттiң соңғы аяқталған үш қаржы жылына қаржылық есебiне қаржылық есептілігіне аудиттi жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдарының (аудитордың аты-жөнi, бар болса - әкесінің аты), олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы.
      Проспектіні уәкілетті органға ұсыну алдындағы үш жыл ішінде тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заң және қаржы мәселелері жөніндегі кеңесшiлердiң, олардың тиiстi алқалы органға (қауымдастық, палата) қатыстылығы көрсетiлген толық ресми атауы. Егер жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда, оның бастамашысы болған тарапты көрсете отырып шарттың бұзылу себебi туралы ақпарат ұсынылуға тиiс.
      12. Эмитенттiң корпоративтi басқару кодексiн қабылдаған күнi (оның қабылдануы қоғамның жарғысында қаралған жағдайда).

2. Эмитенттiң органдары

      13. Эмитенттiң органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң органдарының құрылымы және олардың Қазақстан Республикасының заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес құзыретi көрсетiледi.
      14. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) мүшелерi.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау кеңесi) төрағасының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты, туған жылы және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні;
      2) директорлар кеңесiнiң тәуелсiз мүшелерiнiң әрқайсының фамилиясы, аты, болған жағдайда - әкесiнiң аты және осы тұлғалар қызметіне кірісу күні;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесi) әрбiр мүшелерiнiң соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтерi хронологиялық тәртiппен;
      4) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) әрбiр мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесiн көрсете отырып эмитенттiң және оның еншiлес және тәуелдi ұйымдарының жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      5) өткен екi жыл iшiндегi директорлар кеңесiнiң (бақылау кеңесiнiң) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      15. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін, эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) әр мүшесінің аты-жөні, бар болса - әкесінің аты және туған жылы және олардың қызметтеріне кірісу күні көрсетілуге тиіс.
      16. Ішкі аудит қызметі (бар болса).
      Осы тармақта қоғамның ішкі аудит қызметі басшысының тегін, атын, бар болса – әкесінің атын және оның қызметіне кірісу күнін көрсету қажет.
      17. Эмитенттiң атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы;
      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтері хронологиялық тәртіппен, олардың қызметтеріне кірісу күні және өкілеттері;
      3) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесін көрсете отырып эмитенттің және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетiледi.
      18. Егер эмитенттiң атқарушы органының өкiлеттiгi басқа коммерциялық ұйымға (басқарушы ұйымға) берiлсе, онда осы тармақта:
      1) басқарушы ұйымның толық және қысқаша атауын;
      2) осы ұйымның жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнiн және туған жылын не оның алқалы атқарушы органының және оның директорлар кеңесiнiң (қадағалау кеңесiнiң) мүшелерiнiң аты-жөнiн және туған жылдарын;
      3) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың соңғы екi жылда атқарған, оның iшiнде өкілеттiктерiн көрсете отырып қоса атқарған, қызметтерiн хронологиялық тәртiппен;
      4) осы тармақтың 2) тармақшасында аталған тұлғалардың эмитенттің, оның еншiлес және басқарушы ұйымының, оның iшiнде акционерлiк қоғамның төленген жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуын көрсету керек.
      Осы тармақты акционерлiк қоғамдар толтырмайды.
      19. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне және эмитенттiң басқа басқарушы тұлғаларына төленетiн сыйақылар.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 14, 15 және 17-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      20. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi;
      2) эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны;
      3) эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер көрсетiледi.

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және үлестес
тұлғалары

      21. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент (егер эмитент акционерi (қатысушысы) заңды тұлға болып табылса осы заңды тұлғаның iрi не осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары көрсетiледi) акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы саны және эмитент үлестерiнiң (орналастырылған және дауыс берушi акцияларының) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлерлері (толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекен-жайы не жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) туралы ақпарат;
      2) эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) болып табылмайтын, бiрақ басқа ұйымдары арқылы эмитенттiң қызметiн бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Егер эмитент банк болып табылған жағдайда, осы тармақта, осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында аталған ақпараттардан басқа, банктiң орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иеленген, банктiң орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама дауыс беруге не банк шарттың күшiмен немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешiмге ықпал етуге мүмкiндiгi бар акционерлер туралы ақпаратты көрсету керек.
      22. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң акцияларының (үлестерiнiң) пайыздық қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бiрiншi басшысының атын көрсете отырып, акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп пайызын иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.
      23. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      24. Эмитенттiң басқа үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның аты-жөнi, бар болса - әкесiнiң аты), оның орналасқан жерi, қызметiнiң түрiн, бiрiншi басшысының аты-жөнiн көрсете отырып осы Ереженiң 14, 15, 17, 21 және 22-тармақтарына сәйкес көрсетiлмеген, бiрақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитенттiң үлестес тұлғалары болып табылатын барлық тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      25. Эмитенттiң үлестес тұлғаларының қатысуымен жасалған операциялар.
      Осы тармақта заңды тұлғаның атауы және оның мекен-жайы және/немесе аты-жөнi, бар болса - жеке тұлғаның әкесiнiң аты және туған жылы, мәмiле жасалған сомасы және осы шешiмдi эмитенттiң қандай органы қабылдаған қорытындысының күндерi көрсетiле отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмитентке қатысты үлестес болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық операциялар туралы ақпарат ашылады.
      26. Арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығарған кезде үлестестігін тану үшін негізді және оның туындаған күнін көрсете отырып секьюритилендіру мәмілесі тараптарының үлестестігі туралы ақпарат ашылады.

4. Эмитент қызметiнiң сипаты (эмитент IAS 27 қаржылық
есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес топтың құрамына
кірген жағдайда, осы тарау барлық топтың шоғырландырылған
қаржылық есептілік негізінде, сондай-ақ эмитенттің өзінің
қаржылық есептілік негізінде де толтырылады)

      27. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы мәлiметтер;
      2) эмитент қызметiнiң Қазақстан Республикасының iшiндегi салалық орташа және егер бұл мүмкiн болса, әлемдiк орташа көрсеткiштермен салыстырмалы сипаттамасы;
      3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжамы және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.
      28. Эмитентпен жасасқан, оның салдарынан эмитенттiң қызметiне елеулi түрде ықпал ететiн келiсiмшарттар, келiсiмдер туралы мәлiметтер.
      29. Эмитент қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар, патенттер, рұқсаттар туралы, құжаттың нөмiрi және күнiн, қолданылу мерзiмiн және осы құжатты берген орган көрсетiлген мәлiметтер.
      30. Соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмнiң (орындалған жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) нақты немесе сандық өлшем бiрлiктерiмен көрсетiлген көлемi.
      Эмитенттiң соңғы екi жылда немесе нақты жұмыс iстелген кезеңде сатылған өнiмiнiң (көрсетiлген жұмыстың, қызметтiң) көлемiндегi өзгерiстерге талдау жасау.
      31. Эмитенттiң негiзгi қызметiнiң түрлерi бойынша сатудың (жұмыстардың, қызмет көрсетудiң) кiрiстiлiгiне оң және терiс әсер ететiн факторлар.
      32. Эмитенттiң өз өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетудi) сатуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметi.
      Осы тармақта эмитенттiң негiзгi жеткiзушiлерi және тұтынушылары туралы мәлiметтер көрсетiледi, эмитенттiң жұмыс iстеп тұрған жеткiзушiлерге және тұтынушыларға тәуелдi болу дәрежесi, оның iшiнде:
      1) эмитенттiң барлық жеткiзiлiмiнiң он және одан астам пайызы тиесiлi болатын жеткiзушiлерiнiң атауы және орналасқан жерi, олардың үлестерi пайызбен көрсетiледi. Осы дерек көздерiне болашақта рұқсат беруге қатысты болжамдар ұсынылуы тиiс;
      2) үлесiне эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатудан түскен жалпы түсiмнiң он және одан астам пайызынан астамы тиесiлi болатын тұтынушылардың атауы және орналасқан жерi, олардың сатудың жалпы көлемiндегi үлестерi пайызбен көрсетiледi. Эмитенттiң өнiмiн (жұмыстарын, қызмет көрсетуiн) сатуға әсер етуi мүмкiн терiс факторлар ашылады.
      33. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) эмитент қызметiнiң маусымдылығы, эмитент қызметiнiң маусымдық сипаттағы түрлерi және олардың эмитенттiң жалпы кiрiсiндегi үлесi;
      2) импорттың эмитентке жеткiзiлген (көрсетiлген) шикiзаттағы (жұмыстардағы, қызметтегi) үлесi және эмитенттiң экспортқа сатқан өнiмiнiң (жұмыстарының, қызметiнiң) сатылған өнiмнiң жалпы көлемiндегi үлесi;
      3) облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуға тиiс (жасалған) немесе орындалуға тиiс (орындалған) мәмiле (мәмілелер) туралы мәлiметтер, егер осы мәмiленiң (мәмiлелердiң) сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он пайызынан асатын болса;
      4) болашақтағы мiндеттемелер. Эмитенттiң болашақтағы негiзгi мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне әсер етуi мүмкiн терiс әсері, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша эмитенттiң кепiлдiк беруi туралы ашылады;
      5) эмитенттiң сот процестерiне қатысуы туралы мәлiметтер. Эмитенттiң қатысуымен өткен, нәтижесiнде эмитент қызметiнiң тоқтатылуы немесе шектелуi, оған маңызды ақшалай және өзге де мiндеттемелер берiлуi мүмкiн сот процестерiнiң мәнiне сипаттама беру;
      6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар және/немесе сот соңғы жыл iшiнде эмитентке және оның лауазымды тұлғаларына қолданған барлық әкiмшiлiк санкциялар туралы мәлiметтер. Санкция қолданылған күндi, санкция қолданған органды, санкция қолдану себептерiн, санкцияның түрлерiн және мөлшерiн, сондай-ақ санкцияның орындалу дәрежесiн көрсету;
      7) тәуекел факторлары. Облигация ұстаушылары ұшырайтын тәуекел факторларына нақты талдауды ұсыну;
      8) эмитенттiң қызметi туралы, эмитент өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын нарықтар туралы басқа ақпарат.

5. Қаржылық жай-күй

      34. Баланстық құны материалдық емес активтердiң жалпы баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын материалдық активтердiң түрлерi.
      35. Баланстық құны негiзгi құрал-жабдықтың жалпы баланстық құнының бес және одан астам пайызын құрайтын негiзгi құрал-жабдықтың түрлерi.
      36. Инвестициялар.
      Осы мәселе бойынша ақпарат мынадай құрылымда ұсынылуға тиiс: басқа заңды тұлғалардың капиталына тiкелей инвестициялар, ұзақ мерзiмдi инвестициялар және инвестициялық портфель.
      37. Дебиторлық берешек.
      Осы тармақта эмитенттің алдында дебиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан астам пайызы мөлшерiнде дебиторлық берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып дебиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң неғұрлым iрi он дебиторының тiзiмi ашылады.
      38. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.
      39. Осы тармақта эмитенттiң жарғылық және меншiктi капиталының мөлшерi көрсетiледi.
      40. Қарыздар.
      Осы тармақта қолданылып жүрген банктiк заемдар және кредиттiк желiлер, олардың валютасы, сыйақы ставкалары, қамтамасыз ету түрлерi туралы ақпараттың мәні ашылады. Жақын арадағы он екi ай iшiнде өтелетiн сомалар тоқсан бойынша бөлiнуге тиiс, қалған сомалар жылдар бойынша бөлiне отырып ұсынылады.
      41. Эмитенттiң негiзгi қызметтi жүзеге асыруға байланысты кредиторлық берешегi (жеткiзушiлер алдындағы берешек, алынған аванстар).
      Осы тармақта эмитент өзiнiң кредиторлық берешектiң жалпы сомасының бес және одан астам пайыз мөлшерiнде берешегi бар ұйымның атауын көрсете отырып, кредиторлық берешектiң құрылымы не эмитенттiң бiрiншi он неғұрлым iрi кредиторлық тiзiмi ашылады.
      42. Эмитенттің соңғы үш аяқталған қаржы жылы ішінде (үш жылдың ішіндегі әр жылдың қорытындысы бойынша бөлігінде) алған (шеккен) кірістің (шығынның) мөлшері.
      43. Левередж.
      Осы тармақта эмитенттің левередж шамасы соңғы үш жылдың әр аяқталған қаржы жылының бірінші күнгі жағдай бойынша, сондай-ақ облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі. Егер эмитенттің облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары жөніндегі қаржылық есептілігі проспектінің ажырамас бөлігі болып табылған жағдайда соңғыдан бұрынғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша левередж көлемі көрсетіледі.
      44. Аудиторлық есеппен расталған оның қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының бір жылында эмитент қызметінен алынған ақша қаражатының таза ағыны көрсетіледі.

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      45. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданғанға дейiн эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының барлық тiркелген шығарылымдарына қатысты:
      1) әрбiр шығарылым облигацияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, әрбiр шығарылым бойынша орналастырылған облигациялардың саны, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi, негiзгi борыш сомасы, әрбiр шығарылым бойынша сыйақының аударылған және төленген сомасы, сатып алынған күні көрсетілген сатып алынған облигациялардың саны. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк тiркеу күнi;
      2) құрылтайшылар төлеген акцияларының жалпы саны, түрi және номиналдық құны, сондай-ақ акцияларды орналастыру кезiнде тартылған ақшаның жалпы көлемi. Соңғы күнге сатып алынатын бағасы көрсетiлген, өтелген, айналыста болатын акциялардың саны. Акцияны сатып алу әдiстемесi бекiтiлген күн. Акциялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған орган, осындай шығарылымның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi және мемлекеттiк тiркеу күнi;
      3) орындалмаған міндеттемелердiң мөлшерi және осы сияқтылардың орындау мерзiмi, бағалы қағаздар бойынша (шығарылымдары және түрлерi бойынша жеке) есептелген, бiрақ төленбеген сыйақылар сомасы туралы ақпаратты қоса отырып, эмитенттiң өзiнiң бағалы қағаздар ұстаушылар алдында орындалмаған мiндеттемелерiнiң фактілерi туралы мәлiметтер (облигациялар бойынша сыйақыларды төлемеу (төлеудi кешiктiру), акциялар бойынша дивидендтердi төлемеу (төлеудi кешiктiру);
      4) егер бағалы қағаздардың қандай да болмасын шығарылымы тоқтатылған немесе жарамсыз болып танылған не күшi жойылған жағдайда осындай шешiмдердi қабылдаған мемлекеттiк органды, оларды қабылдау негiздерi және күнi;
      5) әрбір тіркелген шығарылым бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, сатып алған күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеу кезінде төленген сомалар;
      6) соңғы екi қаржы жылының әрбiр жылындағы немесе нақты жұмыс iстеу кезеңiндегi бiр акцияға (жай, артықшылықты) дивидендтердiң есептелген сомасы және төленген дивидендтердiң сомасы көрсетілген дивидендтiң мөлшерi;
      7) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қоса отырып, эмитенттiң бағалы қағаздарымен сауда жүзеге асырылатын негiзгi нарықтары;
      8) бұрын шығарылған облигациялардың әрбір түрі бойынша олардың ұстаушыларына берілетін құқықтар, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылардың осы құқықтарды іске асыру тәртібін көрсете отырып, ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар көрсетіледі.

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер (бұл бөлiм
облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеу кезiнде
толтырылмайды)

      46. Облигациялар туралы мәліметтер:
      1) облигациялардың түрі (купондық немесе дисконттық, инфрақұрылымдық немесе арнайы қаржы компаниясы шығаратын), қамтамасыз етудің болуы (толық немесе ішінара қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген, оның ішінде реттелген), номиналдық құнын немесе сыйақы мөлшерін (индекстелген) есептеу сипаты;
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемі (облигациялар шығарылымының жалпы көлемін номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бір облигацияның номиналдық құны;
      4) облигацияларды орналастырудың басталған күні және айналысының басталған күні;
      5) мыналарды көрсете отырып, облигациялар бойынша сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы ставкасы;
      сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн және сыйақы төленген күн, оны төлеу тәртібі және талаптары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған жағдайда, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетіледі);
      сыйақы есептеу үшін қолданылатын уақыт кезеңі;
      индекстелген облигациялар шығару кезіндегі есептеу тәртібі.
      Егер сыйақы ставкасы белгіленбеген болса, оның мөлшерін айқындау тәртібі көрсетіледі;
      6) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және оларды өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу талаптары;
      облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарықты;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезінде өтініш жасауға болатын тұлғалар;
      7) облигацияларды төлеу талаптары мен тәртібі:
      облигацияларды (осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигацияларды қоса алғанда) төлеудің талаптары, тәртібі, есеп айырысу тәсілдері, оның ішінде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып көрсетіледі;
      8) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды шығару кезінде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      толық немесе ішінара қамтамасыз ету, кепіл мәні, оның құны және кепіл мәнін өндіріп алуға өтініш жасау тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен талаптарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      9) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:
      тиісті шарттардың нөмірлері мен жасалған күндерін көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      секьюритилендіру мәмілесінде оригинатор қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттері;
      талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің талаптары, тәртібі мен мерзімдері және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      оригинатордың және секьюритилендіру мәмілесіне қатысатын тұлғалардың секьюритилендіруді қолдану тәжірибесінің болуы;
      талап ету құқықтарының біртектілік критерийлері;
      секьюритилендіру мәмілесін қамтамасыз ететін бөлінген активтер өсімінің мөлшері, құрамы мен болжамдық талдауы;
      қосымша қамтамасыз ету туралы мәліметтер;
      осы облигациялық бағдарлама шегінде шығарылған облигациялардың әртүрлі шығарылымдарын өтеу кезектілігі көрсетіледі;
      10) облигация ұстаушыларының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, бірінші басшының, атқарушы орган мүшелерінің тегі, аты, бар болса - әкесінің аты);
      11) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттің кепілдемесін беру туралы қаулысының деректемелері көрсетіледі;
      12) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртібі:
      тіркеушінің атауы, оның орналасқан жері, телефон нөмірлері, шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      13) төлем агенті туралы мәліметтер:
      оның атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі;
      14) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделсе):
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      15) ақысы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзімі аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен төленетін облигацияларды шығару кезінде осы облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі, олардың түрі мен саны қосымша көрсетіледі;
      16) облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізу және олардың тізімде болу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдар туралы мәліметтер (егер осындай ұйыммен шарт жасау міндеті Заңның талаптарында көзделсе);
      17) мыналар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
      эмитенттің облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;
      егер сыйақыны және (немесе) негізгі борышты төлеу облигациялар шығарылымының проспектісіне сәйкес өзге де мүліктік құқықтармен жүргізілген жағдайда осы құқықтарды, олардың сақталу тәсілдерін, бағалау тәртібін және көрсетілген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды, сондай-ақ осы құқықтардың ауысуын іске асыру тәртібінің сипаттамасы қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары;
      18) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      19) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт туындаған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері, оның ішінде міндеттемелерді қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қоса алғанда, облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттері, дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты жария етуді эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.
      Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілік атқаратын тұлғалармен жасалған шарттың күні мен нөмірі, сондай-ақ заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу күні мен нөмірі көрсетіледі;
      20) опциондар туралы ақпарат:
      егер опциондар эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, онда осы тармақшада опцион жасау талаптары көрсетіледі;
      21) қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдары.
      Қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қажетті қосымша шектеулерді енгізу жөніндегі ұсынымдарын эмитенттің қабылдау немесе қабылдамау негіздемесі көрсетіледі.
      47. Эмитенттің облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы.
      48. Айырбасталатын облигациялар:
      айырбасталатын облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрi, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтары, сондай-ақ осындай айырбастау тәртiбi мен шарттары көрсетiледi (егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталатын болса, онда айырбастау аяқталу күнінен соң бір ай ішінде облигациялар шығарылымының күші жойылады, егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталмаса, онда осы шығарылымның сатып алынған облигациялары бұдан әрі орналастырылмайды, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні жөнінде көрсету қажет).
      49. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) облигацияларды, оның ішінде ұйымдастырылмаған нарықта орналастырудың басталу және аяқталу күні;
      2) акцияларға айырбасталған облигацияларды орналастырған кезде айырбастау шарттары көрсетiледi;
      3) облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жері, тиiстi шарттардың күнi және нөмiрi көрсетiледi;
      50. Эмитент қабылдайтын және Заңда көзделмеген (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе) шектеулер (ковенанттар).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигация ұстаушыларының әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
      51. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаларды қолдану мақсаттары және тәртібі көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетiледi.
      Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде:
      бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;
      секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар және оларға сәйкес арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден шегеретін талаптар көрсетіледі.
      Эмитенттiң облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәліметтер көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезiндегi ықтимал өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетiледi.
      Инфрақұрылымдық облигациялары шығарылған кезде:
      облигация ұстаушылары өкіліне онымен жасалған шарттың талаптарына сәйкес қызметіне ақы төлеуге байланысты шығыстар;
      эмитенттің облигация ұстаушыларының алдындағы міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің сипаттамасы көрсетіледі.

8. Қосымша ақпарат

      52. Эмитентттің облигациялар шығарылымына кеткен шығындарының сомасы және осы шығындардың қандай тәсiлмен төленетiндігі туралы мәлiметтер.
      53. Инвесторлар эмитенттің қызметi туралы ақпаратты жариялау үшiн пайдаланатын бұқаралық ақпарат құралдарында эмитент жарғысының көшiрмесiмен, облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есеппен таныса алатын орындар туралы ақпарат.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiне эмитенттiң бiрiншi басшысы, бас бухгалтерi немесе олардың орнын ауыстыратын адамдардың қолы қойылады және эмитент мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Проспектiсiнiң әрбiр данасы эмитенттiң соңғы екi қаржы жылының аудиторлық есептермен (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен бекітілген жекелеген қаржылық есептілік ұсынылады) және тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсете отырып облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеу үшiн құжаттар ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есеппен расталған жылдық қаржылық есептерiмен (еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда аудиторлық есеппен бекітілген жекелеген қаржылық есептілік ұсынылады) бiрге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Облигациялар шығарылымын немесе облигациялық бағдарламаны мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды ұсынған жағдайда құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсаннан кейінгі айдың 25-не дейін соңғыдан бұрынғы тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қаржылық есептілік ұсынылады.

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу және 
облигацияларды орналастыру
және өтеу, облигациялар 
шығарылымының күшін жою 
қорытындылары туралы есептi
қарау ережесiне 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі),2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Қазақстан Республикасының резидентi емес эмитенттерiнiң
облигацияларын шығару проспектiсi

Облигацияларды шығару проспектiсiнiң
бiрiншi бетi

      Құжаттың атауы: "Облигацияларды шығару проспектiсi".
      Эмитенттiң атауы.
      Орналастырылатын облигациялардың түрi, саны, жиынтық көлемi.
      Эмитентке берiлген рейтингтер және (немесе) рейтинг агенттiктерiнiң атауларын көрсете отырып, олар шығарған бағалы қағаздар туралы мәлiметтер.
      Жазбасы: "Уәкiлеттi органның облигацияларды шығару проспектiсiн мемлекеттiк тiркеуi шығарылым проспектiсiнде сипатталған облигацияларды инвесторлардың сатып алуына қатысты ұсынымдар берудi көрсетпейдi және уәкiлеттi орган осы құжаттың  мазмұнына жауап бермейдi".

1. Эмитент туралы жалпы мәлiметтер

      1. Эмитенттiң атауы
      Осы тармақта эмитенттiң толық және қысқартылған атауын көрсету керек. Егер эмитент жұмыс iстеген уақыт iшiнде оның атауы ауыстырылса, онда осы тармақта оның бұрынғы барлық толық және қысқартылған атаулары, сондай-ақ олар өзгертiлген күндер көрсетiледi.
      2. Эмитенттiң заңды тұлға ретiнде құрылуы және тiркелуi жөнiндегi мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттiң заңды тұлға ретiнде тiркелгендiгін растайтын құжаттың берiлген күнi және нөмiрi, сондай-ақ осы құжатты эмитентке берген мемлекеттiң органының атауы көрсетiледi.
      3. Облигацияларды шығару проспектiсiнде ақпаратты шынайы көрсетуге жауапты тұлғалардың аты-жөнi, әкесiнiң аты, орналасқан жерi, байланыс телефондарының және факсының нөмiрлерi, электрондық почтасының адресi туралы мәлiметтер.
      4. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң қысқаша тарихы. Эмитенттi құрудың және қызметiнiң мақсаты. Егер эмитент заңды тұлғаның (заңды тұлғалардың) қосылуы, ажыратылуы, бөлiнiп шығуы не қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде құрылған болса, онда осы тармақта қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалар мен эмитентке қатысты жасалған қайта ұйымдастыру және заңды мұрагерлер туралы мәлiметтер көрсетiледi.

2. Эмитенттiң басқару органдары

      5. Эмитенттiң басқару органдарының құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң басқару органдарының құрылымы және олардың құзыретi эмитент мемлекетiнiң заңдарына, эмитенттiң жарғысына және iшкi құжаттарына сәйкес көрсетiледi.
      5-1. Эмитенттің директорлар кеңесінің комитеттері (ондай болған жағдайда).
      Осы тармақта эмитенттің директорлар кеңесі комитетінің (комитеттерінің) атауын (атауларын), оның (олардың) құзыретін көрсету қажет.
      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) мүшелерi.
      Осы тармақта:
      1) тәуелсiз директорларды көрсете отырып, эмитенттiң директорлар кеңесi (бақылау органының) мүшелерiнiң әрқайсының, оның iшiнде директорлар кеңесi (бақылау органының) төрағасының аты-жөнiн, туған жылын;
      2) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбiр мүшесiнiң атқарған қызметтерi;
      3) эмитенттiң директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) әрбiр мүшесiнiң оның жарғылық капиталына (акцияларына/үлесiне) қатысуы;
      4) өткен екi жыл iшiндегi директорлар кеңесiнiң (бақылау органының) құрамындағы өзгерiс көрсетiледi.
      6-1. Ішкі аудит қызметі (бар болса).
       Ескерту. 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      7. Эмитенттiң атқарушы органы (менеджмент).
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның аты-жөнi және туған жылы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының аты-жөнi, туған жылы;
      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының қазiргi уақытта қоса атқаратын қызметтерi;
      3) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттiң алқалық атқарушы органының әрбiр мүшесiнiң әрқайсының жарғылық капиталындағы (акциялар/үлестер) қатысу үлесi көрсетiледi.
      8. Директорлар кеңесiнiң мүшелерiне, эмитенттiң атқарушы органының мүшелерiне төленетiн сыйақылар.
      Осы тармақта осы Қосымшаның 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген тұлғалардың облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннiң алдындағы соңғы үш айда алған сыйақысының (ақшалай, бағалы қағаздармен немесе қандай да болмасын басқа нысанда) жалпы мөлшерi, сондай-ақ облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күннен бастап соңғы он екi ай iшiнде аталған тұлғаларға төленетiн сыйақының жоспарланған жалпы мөлшерi көрсетiледi.
      9. Эмитенттiң ұйымдық құрылымы.
      Осы тармақта эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерi, филиалдары және өкiлдiктерi, эмитент қызметкерлерiнiң, оның iшiнде эмитенттiң филиалдары мен өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң жалпы саны, эмитенттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары туралы мәлiметтер, бөлiмшелер мен филиалдардың қызметкерлерiне келетiн жарғылық капиталдағы үлес көрсетiледi. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан құрылымдық бөлiмшелердiң атауын жеке көрсету керек.

3. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) және
аффилиирленген тұлғалары

      10. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) (егер эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болып табылсы осы заңды тұлғаның ірі акционерлері немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленген қатысушылар көрсетіледі) жалпы саны, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы не эмитент орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлердің (қатысушылардың) тегі, аты;
      2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйымдар арқылы эмитенттің қызметін бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      11. Эмитенттiң заңды тұлғаларының толық атауын, орналасқан жерiн, оның жарғылық капиталындағы эмитенттiң орналастырылған акцияларының (үлестерiнiң) проценттiк қатынасын, қызмет түрiн, аты-жөнiн және бiрiншi басшысының атын көрсете отырып, акциялардың (үлестердiң) он және одан да көп процентiн иеленген заңды тұлғалар туралы мәлiметтерi.
      Ескерту: 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .
      12. Эмитент қатысатын өндiрiстiк, банктiк, қаржылық топтар, холдингтер, концерндер, қауымдастықтар, консорциумдар туралы ақпарат.
      13. Эмитенттiң басқа аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта заңды тұлғаның толық атауын (жеке тұлғаның аты-жөнiн), оның орналасқан жерiн (тұрғылықты жерiн), қызметiнiң түрiн, бiрiншi басшысының аты-жөнiн, қызметiнiң түрiн көрсете отырып, жасасқан Шарт арқылы немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешiмге ықпал ететiн не эмитенттiң он және одан артық дауыс берушi акцияларымен жанама дауыс беру мүмкiндiгі бар барлық тұлғалар немесе тұлғалар тобы туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      14. Эмитенттiң аффиллиирленген тұлғаларының қатысуымен жасалған мәмiлелер.
      Осы тармақта эмитентке қатысты аффилиирленген болып табылатын ұйымдардың қатысуымен соңғы жылда эмитент жүргiзген барлық мәмiлелер туралы ақпарат ашылады.

4. Эмитент қызметiнiң сипаты

      15. Эмитент қызметiнiң жалпы үрдiстерi, оның iшiнде эмитенттiң негiзгi қызмет түрлерi бойынша қысқаша сипаты.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттiң бәсекелесi болып табылатын ұйымдар туралы қысқаша мәлiметтер;
      2) эмитенттiң бәсекелестерiмен қызметiнiң салыстырмалы сипаттамасы;
      3) саланың болашақтағы дамуына қатысты болжам және эмитенттiң осы саладағы жағдайы көрсетiледi.
      16. Эмитенттiң қызметiне кейiннен терiс әсер етуi мүмкiн, эмитент жасаған келiсiм-шарттар, келiсiмдер туралы мәлiметтер.
      17. Эмитенттiң өз қызметiн жүзеге асыру үшiн алынған лицензиялар және басқа рұқсаттар туралы мәлiметтерi.
      18. Эмитенттiң қызметiне әсер ететiн негiзгi факторлар:
      1) мәмiле сомасы эмитент активтерiнiң баланстық құнының он процентiнен асқан жағдайда, облигация шығару туралы шешiм қабылдаған күннен бастап алты ай iшiнде жасалуы тиiс немесе орындалуы тиiс (орындалған) мәмiле (мәмiлелер) туралы мәлiметтер;
      2) болашақ мiндеттемелер (эмитенттiң негiзгi болашақ мiндеттемелерi және осы мiндеттемелер эмитенттiң қызметiне терiс әсер етуi мүмкiн, оның iшiнде осы эмитент, облигациялардың саны, кепiлдiк беру шарттары, өтеу күнi және кепiлдiк берiлген шығарылымның валютасы туралы ақпаратты қоса отырып, өзге эмитенттердiң үшiншi тұлғалардың кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етiлген облигациялары бойынша кепiлдiк беруi туралы).
      19. Эмитент инвесторлар үшiн маңызды деп есептейтiн эмитент қызметi туралы басқа да ақпарат.

5. Қаржылық жай-күй

      20. Эмитент капиталы.
      Осы тармақта эмитент елiнiң валютасы көрсетiлген валютадағы эмитенттiң меншiктi және жарғылық капиталының мөлшерi көрсетiледi.
      21. Осы тармақта эмитенттiң өтiмділiктi, қаржы тәуелсiздiгiн (тәуелдiлiгiн), эмитенттiң активтерiн, жеке және заемдық қаражатын пайдалану тиiмдiлiгiн, жеке қаражаттың заем капиталына қатысын сипаттайтын қаржылық коэффициенттердiң есебiн, сондай-ақ эмитенттiң пiкiрi бойынша эмитент қызметiн бағалау кезiнде айрықша мәндi болып табылатын басқа да коэффициенттер ұсынылады.
      21-1. Әрбір активтің құны және тиісті шарттардың қолданылуы аяқталған күні көрсетілген, эмитенттің міндеттемелерінің қамтамасыз етуі болып табылатын, сондай-ақ сенімгерлікпен басқаруға берілген, жалпы активтері көлемінің кем дегенде он пайызын құрайтын эмитенттің активтері туралы мәліметтер.
       Ескерту. 21-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 17 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

6. Бағалы қағаздар шығарылымдары туралы мәлiметтер

      22. Облигациялар шығару туралы шешiм қабылданған күнгi жағдай бойынша бағалы қағаздар рыногында айналыста болған эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарының тiркелген шығарылымдарына қатысты мыналар көрсетiледi:
      1) шығарылым облигацияларының жалпы саны және көлемi, сондай-ақ орналастыру кезiнде тартылған қаражаттың жалпы көлемi, төленген сыйақы сомасы, рыноктық құн;
      1-1) әрбір тіркелген облигациялар шығарылымы бойынша сыйақы төлеу күндері, төлеуге жататын сомалар, өтеу күндері және әрбір шығарылым бойынша өтеуге жататын сомалар;
      2) айналыстағы, оның iшiнде сатып алынған акциялардың саны, акциялардың рыноктық құны, соңғы екi жылдағы акциялардың барынша жоғары және барынша төмен бағасы;
      2-1) бұрын шығарылған бағалы қағаздардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенанттарды) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар, ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібін көрсетумен;
      3) сауда-саттық ұйымдастырушылардың атауын қосқандағы эмитенттiң бағалы қағаздармен саудасын жүзеге асыратын негiзгi рыноктары.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

7. Облигациялар шығарылымы туралы мәлiметтер

      23. Облигациялар туралы мәлiметтер:
      1) шығарылатын облигациялардың түрi (купондық, дисконттық, қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген) және саны;
      2) бір облигацияның номиналдық құны;
      3) облигациялардың айналыс мерзiмi;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетiлген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақы ставкасы, оның мөлшерiн айқындау тәртібі;
      сыйақыны, кезеңділікті есептеу басталатын күн, сыйақы төленген күн, төлем валютасын көрсете отырып, оны төлеу тәртібі мен талаптары және валютаны айырбастау бағамы анықталатын күндi белгiлеу тәртібі;
      сыйақы есептеу үшiн қолданылатын уақыт кезеңi;
      5) облигациялар айналысының басталуын анықтау тәртібін, облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарығын, оларды өтеу, облигацияларды өтеу күнін белгілеу талаптарын көрсете отырып, облигациялардың айналысы және оларды өтеу жөніндегі мәліметтер;
      6) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімінен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
      Эмитенттің мерзімінен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары мен мерзімдері көрсетіледі;
      7) мыналар қоса көрсетілген облигацияның өз ұстаушысына беретін құқықтары:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу құқығы, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқығы;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары - осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі мен мерзімдері;
      8) эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдері мен тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенант) бұзғаны туралы хабардар ету тәртібі;
      9) басталған жағдайда эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар және облигацияларды ұстаушылардың облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеудi талап етуге құқығы болатын жағдайлар, облигациялар бойынша дефолт болған жағдайда эмитенттің қандай шаралар қолданатыны, облигациялар немесе негізгі борыш бойынша сыйақы төлеу міндеттемелері орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған кезде облигацияларды ұстаушылардың құқықтарын қорғау рәсімдері көрсетіледі.
      Эмитенттің облигацияларды ұстаушыларға орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылардың өз талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда эмитенттің міндеттемелері бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершілікті атқаратын тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолттың басталу фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпаратты ашуды эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса, осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
       23-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
       Ескерту. 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      24. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) инвесторлардың облигацияларды төлеу шарты және тәртiбi:
      облигацияларды төлеу шарты, тәртiбi, есеп айырысу тәсiлдерi көрсетiледi;
      2) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (банк кепiлдiгi қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару кезiнде):
      облигацияларды қамтамасыз етуге банк кепiлдiк берген жағдайда кепiлдiк берген тұлғаның кепiлдiк беруiмен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерiн, байланыс телефондарын, кепiлдiк беру мерзiмiн және шарттарын көрсететiн деректер (кепiлдеме);
      облигация ұстаушының өкiлi туралы мәлiметтер (атауы, орналасқан жерi, байланыс телефондары, аты-жөнi, бар болса - бiрiншi басшысының, атқарушы органы мүшелерiнiң әкелерiнiң аттары);
      3) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртiбi:
      тiркеушiнiң атауы, оның орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, жасалған шарттың күнi және нөмiрi көрсетiледi;
      4) облигацияларды орналастыруға қатысатын андеррайтерлер туралы мәлiметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысатын ұйымдардың атауы, орналасқан жерi көрсетiледi;
      5) төлем агентi туралы мәлiметтер:
      оның атауы, орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, тиiстi шарттың нөмiрi және күнi көрсетiледi.
      Ескерту: 24-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен .
      25. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртiбi, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстердi көрсету кезiнде басталатын талаптар көрсетiледi.
      25-1. Эмитент қабылдайтын және заңмен көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
       Ескерту. 25-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

8. Қосымша ақпарат

      26. Облигациялар айналысындағы шектеулер.
      Облигациялар айналысындағы кез келген шектеулер, орналастырылатын облигациялардың ықтимал сатып алушыларына қатысты шектеулер, оның iшiнде арасында облигацияларды орналастыру жоспарланып отырған тұлғалар тобы көрсетiледi.
      27. Облигациялар шығарылымына кеткен шығындардың сомасы және осы шығындар қандай тәсiлмен төленетiндiгi туралы мәлiметтер.
      Тиiстi алқаларға (қауымдастықтарға, палаталарға) олардың тиiстiлiгiн көрсете отырып эмитенттiң қаржылық есеп берудiң аудитiн жүзеге асырған (жүзеге асыратын) аудиторлық ұйымдарының толық ресми атауы (аты-жөнi, бар болса аудитордың әкелерiнiң аттары).
      Тиiстi алқаларға, қауымдастықтарға, палаталарға олардың тиiстiлiгiн көрсете отырып, тиiстi қызмет көрсету шарттары жасалған заңды және қаржы мәселелерi жөнiндегi кеңесшiлердiң толық ресми атауы.
      Жоғарыда аталған тұлғалармен шарттың бұзылуы орын алған жағдайда қай тараптың бастама көрсеткенiн анықтай отырып, шарттың бұзылу себебi туралы ақпаратты беру қажет.
      28. Инвесторлар эмитент жарғысының көшiрмесiмен және облигациялар шығарылымның проспектiсiмен, облигацияларды орналастыру жиынтығы туралы есеппен таныса алатын орындар, сондай-ақ эмитент қызметi ақпаратты жариялау үшiн пайдаланылатын бұқаралық ақпарат құралдары туралы ақпарат.
      Облигацияларды шығару проспектiсiне бiрiншi басшы не өзге уәкiлеттi тұлға бас бухгалтер қол қояды және эмитенттiң мөртаңбасымен расталады.
      Проспектiнiң әрбiр данасы облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды мемлекеттiк тiркеуге берудiң алдындағы соңғы тоқсандағы аудиторлық және қаржылық есеп беру есептерiмен расталған эмитенттiң соңғы екi қаржы жылына жасалған жылдық аудиторлық есептермен бiрге тiгiледi және тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен тігілген және нөмірленген парақтардың санын көрсетіп бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы жартылай қағаз пломбаға, жартылай құжаттың парағына басылуы және бiрiншi басшысының қолымен куәландырылуы тиiс.
      Ескерту. 28-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 15 сәуірдегі N 99 қаулысымен, 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу және 
облигацияларды орналастыру
және өтеу, облигациялар 
шығарылымының күшін жою 
қорытындылары туралы есептi
қарау ережесiне 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.04.15 N 99, өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар
шығарылымының проспектiсi

      1. Осы облигациялар шығарылымы [эмитенттiң толық атауы] облигациялық бағдарлама проспектiсiне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Облигациялық бағдарлама туралы мәліметтер:
      облигациялық бағдарлама проспектісінің мемлекеттік тіркелген күні;
      шеңберінде шығарылым жүзеге асырылатын облигациялық бағдарламаның ақшалай көлемі;
      облигациялар шығарылымының реттік нөмірі;
      облигациялардың бұрынғы шығарылымдары туралы мәліметтер (шығарылымның уәкілетті органда тіркелген күні, облигациялар саны, номиналдық құны бойынша шығарылым көлемі және осы облигациялық бағдарлама шегінде әрбір шығарылым бойынша жеке-жеке орналастырылған облигациялардың саны);
      бұрын облигациялық бағдарлама аясында шығарылған облигациялардың әрбір түрімен олардың ұстаушыларына берілетін құқықтары, оның ішінде шектеулерді (ковенантты) бұзғанда іске асырылған және ұстаушылармен жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарттарында көзделген құқықтар. Ұстаушылардың осы құқықтарын іске асыру тәртібі көрсетіледі.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3. Шығарылымның құрылымы:
      1) облигациялардың түрi (купондық, дисконттық, қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етілмеген);
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемi (облигациялар шығарылымының жалпы көлемiн номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бiр облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетiлген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудiң кезеңдiлiгi және күнi, тәртiбi және оны төлеудiң шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетiледi);
      сыйақы есептеу үшiн қолданылатын уақыт кезеңi;
      индекстелген облигациялар шығару кезiндегi есептеу тәртiбi.
      Егер сыйақының ставкасы белгiленбеген болып табылса, оның мөлшерiн белгiлеу тәртiбi көрсетiледi;
      5) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялар айналысының басталу күні;
      облигациялар айналысы жоспарланатын (ұйымдастырылған және (немесе) ұйымдастырылмаған) нарығын;
      облигациялардың айналыс мерзімі және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетін орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсілі;
      6) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған кезде):
      қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепіл пәні, оның құны және кепіл пәнін өндіріп алу тәртібі;
      облигацияларды қамтамасыз ету жөніндегі шарттың талаптары көрсетіледі;
      егер облигациялар банктің кепілдігімен қамтамасыз етілсе - атауын, орналасқан жерін, байланыс телефондарын, кепілдік мерзімі мен шарттарын көрсете отырып, кепілдік берген банктің деректері көрсетіледі;
      7) облигацияларды ұстаушының өкілі туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, байланыс телефондары, облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызмет көрсетуі жөніндегі шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      8) тіркеуші туралы мәліметтер (атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті көрсету шартының жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      9) облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер (облигацияларды орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жерлері, тиісті шарттардың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      10) төлем агенті туралы мәліметтер (оның атауы, орналасқан жері, тиісті шарттың жасалған күні мен нөмірі көрсетіледі);
      11) мыналар көрсетілген облигациямен оның ұстаушысына берілетін құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектісінде көзделген мерзімде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүліктік баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгіленген пайызын алу құқығын не өзге де мүліктік құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеуін талап ету құқықтары – осы проспектіде белгіленген, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кезде осы құқықты іске асыру талаптары, тәртібі және мерзімдері көрсетіледі;
      11-1) басталуы бойынша эмитенттің облигациялары бойынша дефолт жариялануы мүмкін оқиғалар көрсетіледі.
      Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның ішінде міндеттемелердің қайта құрылымдау тәртібі мен талаптары көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлімет үшін орындалмаған міндеттемелердің көлемін, міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзінің талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал іс-әрекеттерін, оның ішінде эмитентке, эмитенттің облигациялар бойынша орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайдағы эмитенттің міндеттемелері бойынша бірлескен немесе қосымша жауапкершілікті көтеретін тұлғаларға талап қою тәртібін қамтыған дефолт фактілері туралы ақпаратты жеткізу тәртібінің, мерзімінің және тәсілдерінің толық сипаттамасы көрсетіледі. Көрсетілген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырған жағдайда осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жері көрсетіледі;
      12) эмитенттің облигациялар шығарылымын мерзімнен бұрын өтеу құқығы (осы құқығы эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешімінде көзделген жағдайда).
       эмитенттің облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу құқығын іске асыру тәртібі, талаптары және мерзімдері көрсетіледі;
      12-1) эмитенттің облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртібін, мерзімдерін және тәсілін көрсете отырып, өзінің қызметі және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінде көзделген шектеулер (ковенант) туралы хабардар ету тәртібі;
      13) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану туралы мәліметтер:
      облигацияларды орналастырудан эмитент алатын ақшаны пайдалану мақсаты мен тәртiбi, сондай-ақ алынған ақшаны бөлу жоспарына енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстердi көрсету кезiнде басталатын талаптар көрсетiледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2010.06.25 N 87 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз); 18.04.2014 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
       3-1. Эмитенттің сыйақыларды төлеу және негізгі борыш сомасын өтеу үшін қажетті ақшалай қаражаты көздерінің және ағындарының болжамы облигацияларды өтеу сәтіне дейінгі әрбір сыйақы төлеу кезеңінің бөлігінде.
       Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.04.29 N 89 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.
      3-2. Эмитент қабылдайтын және заңмен көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
       Ескерту. 3-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      4. Опциондар туралы мәліметтер:
      егер опциондар облигацияны ұстаушыға эмитенттің облигацияларын сатып алуға мүмкіндік берсе, осы тармақшада опционды жасау шарттары көрсетіледі.
      5. Айырбасталымды облигациялар:
      айырбасталымды облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрi, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтар, сондай-ақ осындай айырбасталымның тәртiбi мен шарттары көрсетiледi.
      6. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) облигацияларды орналастыру мерзiмi және тәртiбi:
      облигациялар ұйымдастырылмаған нарықта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күнi (бар болған кезде) көрсетiледi;
      2) акцияларға айырбасталған облигациялар жазылу арқылы орналастырылған жағдайда айырбастау шарттары көрсетiледi;
      3) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртiбi:
      облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртiбi, есеп айырысу тәсiлдерi, оның iшiнде құрылымды қайта қарау жоспарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, көрсетiледi.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      7. Облигациялық бағдарлама шеңберінде облигациялар шығарылымының проспектісіне бірінші басшысының, бас бухгалтері не олардың орнын ауыстыратын тұлғалардың қолы қойылады және эмитент мөрінің таңбасымен куәландырылады, тігіледі және тігістің түйініне және жартылай параққа желімделген қағаз пломбамен бекітіледі. Мөрдің таңбасы жартылай қағаз пломбасына, жартылай құжаттың парағына түсіп бірінші басшының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның қолымен расталуы тиіс.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011.02.28 № 17 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Мемлекеттiк емес Облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және
облигацияларды орналастыру және  
өтеу, облигациялар шығарылымының 
күшін жою қорытындылары туралы  
есептi қарау ережесiне       
3-1-қосымша            

Нысан 

  Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      Ескерту. 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.04.15 N 99; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

Алматы қаласы     20 __ жылғы «___» _____     № ____

       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
_____________________________________________________________________ ___________________________________________________________ тіркеген
           (эмитенттің атауы және мекенжайы)
облигациялар шығарылымын______________________________________
_____________________________________________________________________
                (шығарылымның реттік нөмірі)
      мемлекеттік тіркеуге алды.
      Шығарылым ______________________________________________________________
      (облигациялар саны цифрмен және жазбаша)
бөлінді, оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірі_______________________
____________________________________________________________берілді.
      Бір облигацияның номиналдық құны_______________________________
______________________________________________________________ теңге.
             (цифрмен және жазбаша)

       Облигациялар шығарылымының көлемі ________________________   _____________________________________________________теңгені құрайды.
(шығарылатын облигациялардың жиынтық номиналдық
          құны цифрмен және жазбаша)
Шығарылым _________________________________________ нөмірімен
Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Шығарылым туралы қосымша ақпарат:____________________________________
_____________________________________________________________________
      Куәлікке қол қойған адамның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және атқарып отырған қызметі, қолы, мөрі

Мемлекеттiк емес Облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және
облигацияларды орналастыру және  
өтеу, облигациялар шығарылымының 
күшін жою қорытындылары туралы  
есептi қарау ережесiне       
3-2-қосымша            

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік

      Ескерту. 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.04.15 N 99; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

Алматы қаласы      20 __ жылғы «___» _____         № _____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
_________________________________________________________________________________________________________________________________тіркеген
(эмитенттің атауы және мекенжайы, тіркеуші органның атауы,
              тіркеу нөмірі мен күні)
облигациялық бағдарламаның___________________________________________
_____________________________________________________________________
                          (реттік нөмірі)
      мемлекеттік тіркеуге алды.
      Облигациялық бағдарламаның көлемі__________________________
_________________________________________________________________
                    теңгені құрайды.
(облигациялық бағдарламаның шығарылым көлемі цифрмен және жазбаша)
      Шығарылым _____________________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
      Шығарылым туралы қосымша ақпарат_________________________________________
      _______________________________________________________________________________.
      Куәлікке қол қойған адамның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және атқарып отырған қызметі, қолы, мөрі

Мемлекеттiк емес Облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және
облигацияларды орналастыру және  
өтеу, облигациялар шығарылымының 
күшін жою қорытындылары туралы  
есептi қарау ережесiне       
3-3-қосымша            

Нысан

Бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы
куәлік

      Ескерту: 3-3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.04.15 N 99; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 109 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) қаулыларымен.

Алматы қаласы      20 __ жылғы «___» _____       № _____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________тіркеген
      (тіркеуші органның атауы, тіркеу нөмірі мен күні)
_____________________________________________________________________
                (эмитенттің атауы мен мекенжайы)
облигациялық бағдарламаның___________________________________________
_____________________________________________________________________
                       (реттік нөмірі)
______________________________________________________________шегінде
                 (реттік нөмірі)
      мемлекеттік тіркеуге алды.
  Шығарылым__________________________________________________________
                   (облигациялар саны цифрмен және жазбаша) бөлінді, оларға ұлттық сәйкестендіру нөмірі___________________________________
____________________________________________________________берілді.
Бір облигацияның номиналдық құны_____________________________________
_________ ___________________________________________ теңге.
       (цифрмен және жазбаша)
      Облигациялар шығарылымының көлемі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________теңгені құрайды.
  (шығарылатын облигациялардың жиынтық номиналдық
             құны цифрмен және жазбаша)
      Шығарылым _________________________________________ нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді.
Шығарылым туралы қосымша ақпарат: _________________________________ __
_____________________________________________________________________
    Куәлікке қол қойған адамның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты
              және атқарып отырған қызметі, қолы, мөрі

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу және 
облигацияларды орналастыру
және өтеу, облигациялар 
шығарылымының күшін жою 
қорытындылары туралы есептi
қарау ережесiне 4-қосымша

        Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының  2008.08.22. N 125 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз),  2008.11.28 N 181, ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

        Айналыс мерзiмi он екі айдан аспайтын облигациялардың
           шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және ұлттық
               бiрегейлендiру нөмiрiн беру үшiн
                            СҰРАТУ

Эмитенттiң атауы


Орналасқан жерi


Меншiктi капиталдың мөлшерi


Төленген жарғылық капиталдың
мөлшерi


Ұлттық бiрегейлендiру нөмiрiн
және енгізу күнін көрсете
отырып, қор биржасының ресми
тізімінің "акциялар"
секторының бірінші санатына
енгізілген эмитенттiң
акциялары туралы мәліметтер


Бiр облигацияның номиналдық құны


Шығарылымның құны


Айналыстың басталу күні


Облигациялардың қамтамасыз етiлуi


Облигациялардың
     түрi

  Облигациялардың
       саны

Облигациялар
бойынша сыйақы
мөлшерi, төлеу мерзімдері

Купондық



Дисконттық



Индекстелген



        Сұратуға эмитенттің бірінші басшысы, бас бухгалтері қол
қояды және мөрінің таңбасымен куәландырылады.

Мемлекеттiк емес облигациялардың  
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу   
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы  
есептi қарау ережесiне       
5-қосымша            

_______ бастап _________ дейінгі кезеңде облигацияларды
орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер.
      Осы тармақта эмитентті мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәліктің күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
      3. Эмитенттің орналасқан жері.
      4. Облигациялар шығарылымын мемлекеттiк тiркеу күнi және нөмiрi.
      5. Облигациялар туралы мәлiметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрi, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшерi, облигацияларды орналастырудың есепті кезеңі аяқталған күнге орналастырылған, сатып алынған және орналастырылмаған облигациялардың саны.
      6. Меншік иелерiнiң санаттары бойынша облигацияларды иеленушiлердiң саны туралы мәліметтер:
      резиденттер және резидент еместер; жеке және заңды тұлғалар;
      жоғарыда көрсетілген әр санаттағы тұлғалардың иеленушiлерiне жататын облигациялар санын көрсете отырып зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екiншi деңгейдегі банктер, банктік емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар.
      7. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) орналастыру кезеңiнiң басталу күнін және аяқталу күнiн, орналастырылған облигациялар санын және әрбiр алдыңғы есептi облигацияларды орналастыру кезеңіне жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ облигацияларды орналастырмау туралы ақпаратты мәлімет үшін қабылдаған күнін көрсете отырып, алдыңғы есепті (есептердi) бекіту күні;
      2) есепті кезеңде ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығындағы жазу және аукциондық жолмен орналастырылған облигациялар саны және тартылған ақша сомасы, оның ішінде облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелу күнін және нөмiрiн, осы облигациялар түрін, санын көрсете отырып, төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын есепті кезеңде орналастырылған облигациялар туралы ақпарат. Облигацияларды аукцион өткізу жолымен орналастырған жағдайда оларды жүргізген күні және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасы көрсетіледі;
      3) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында облигацияларды орналастыру туралы ақпарат (caуда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнiң санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күнге облигациялардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бiрiншi және соңғы сауда-саттықтағы күні, орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақшаның сомасы) оның ішінде шет мемлекеттің аумағында облигацияларды орналастыруға уәкілетті органнан рұқсат алу күнін көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың саны;
      4) есепті кезеңде орналастырылған облигациялардың жалпы саны;
      5) есептi кезең аяқталған күнге сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу туралы шешiм қабылданған күн, сондай-ақ проспектіде және (немесе) Заңмен көзделген ковенантты бұзған кезде сатып алған себебін көрсете отырып, эмитент оларды сатып алған кезде шеккен шығындар сомасы;
      6) эмитент бұрын сатып алған және есепті кезеңде қайта сатылған облигациялардың саны;
      7) осы үлестес тұлғалардың деректерін көрсете отырып, үлестес тұлғаларға орналастырылған облигациялар саны.
      8. Облигацияларды шығару андеррайтерлерi (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпарат көрсетіледі:
      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметін көрсетуге шарттың күнi мен нөмiрi, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, орналастырудың жалпы көлемiнiң пайыздық көрсетiлiмде, әрбір орналастырылған облигациялардың дисконты және комиссиясы көлемінде өкілдерге төленген (төленуі тиіс) дисконт және комиссия және шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
      андеррайтерлердi тартпастан орналастырылған облигациялардың саны және орналастырудың болашақ жоспарлары туралы көрсетіледі.
      9. Арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша мынадай ақпарат ұсынылады:
      1) оригинатордың, кастодиан-банктің, басқарушы агенттің және басқаға берілген талап ету құқықтары бойынша төлемдерді жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жері;
      2) талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша ақша түсімінің шарттары, тәртібі мен мерзімі және олардың орындалуына бақылау жасау тәртібі;
      3) арнайы қаржы компаниясы облигацияларының шығарылым проспектісіне сәйкес арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      4) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы облигацияларының қамтамасыз етуі болып табылатын бөлінген активтердің сомасы;
      5) есепті кезеңнің аяқталу күніне арнайы қаржы компаниясы бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша алған ақша сомасы;
      6) есепті кезеңде секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметке ақы төлеуге байланысты шығыстар сомасы;
      7) бөлінген активтердің құрамына кіретін талап ету құқықтары бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілерінің болуы туралы мәліметтер.
      10. Тiркеушi туралы мәлiметтер.
      Тiркеушiнiң атауы және орналасқан жерi, шарттың күні және нөмiрi.
      11. Бұқаралық ақпарат құралдарының атауы және облигациялар шығарылымы туралы ақпараттық хабар жарияланған күн.
      12. Шығарылым проспектісінде көзделген шектеулерді (ковенантты) бұзу жағдайлары туралы ақпарат.
      13. Облигациялардың орналастыруы (қаржы ұйымдары левередж мөлшерін көрсетпейді) аяқталған күніне левередж мөлшері, бұрын шығарылған облигациялар бойынша дефолт жағдайларының болуы, облигацияларды әрі қарай орналастыруға байланысты бар проблемалар.
      14. Облигациялар бойынша сыйақы төлеу туралы мәлiметтер:
      1) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезеңдiлiгi және мерзiмдерi;
      2) облигациялар бойынша сыйақының мөлшерi және мөлшерiн белгiлеу тәртiбi. Есептi кезең iшiнде осы шығарылымның облигациялар бойынша төленген жалпы сыйақы сомасы;
      3) облигациялар бойынша сыйақы төлеу кезiндегi есеп айырысу тәртiбi (есеп айырысу нысаны: қолма-қол, қолма-қол емес);
      4) кезекті сыйақы төлеуге байланысты және (немесе) осы шығарылымның облигацияларын өтеуге байланысты ықтимал проблемалардың және осы жағдайдан шығу үшін эмитент қолданатын іс-шаралардың сипаттамасы. Облигациялар бойынша сыйақының уақтылы төленбеу жағдайлары болса, себептерін және эмитенттiң қандай шаралар қабылдағанын көрсету керек.
      Есепке эмитенттің бiрiншi басшысы, бас бухгалтері немесе олардың орнындағы адамдар қол қояды және эмитенттiң мөрiнiң таңбасымен куәландырылады. Есептің әрбір данасы есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есептілігімен және облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталу күнінен кейінгі күнге тіркеуші берген облигациялар ұстаушылар тізілімінің көшiрмесiмен бірге тiгiледi, тiгiстiң түйiнiне және жартылай параққа желiмделген қағаз пломбамен бекiтiледi. Мөрдiң таңбасы ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжаттың парағына басылады және бірінші басшысының немесе оның орнындағы адамның қолымен куәландырылады.
      Осы қосымшаның 7-тармағының 2), 3), 4) тармақшалары есепті кезеңде облигациялар орналастырылмаған жағдайда толтырылмайды.

Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
5-1-қосымшасы           

Нысан

облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы
ЕСЕП

      Ескерту. Ереже 5-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитенттің орналасқан жері.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және нөмірі.
      4. Облигациялар туралы мәліметтер:
      шығаруға жарияланған облигациялардың жалпы саны және түрі, номиналдық құны, купонның және (немесе) дисконттың мөлшері.
      5. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) есеп ұсынылатын орналастыру кезеңі басталған күні және аяқталған күні;
      2) есепті кезеңге орналастырылған облигациялардың саны және оларды айналысқа жіберген күннен бастап бұрын орналастырылған облигацияларды ескере отырып;
      Есепке эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды. Есептің әрбір данасы облигацияларды орналастыру кезеңінің аяқталған күні тіркеуші берген облигацияларды ұстаушылар тізілімінің көшірмесімен тігіледі.

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу және 
облигацияларды орналастыру
және өтеу, облигациялар 
шығарылымының күшін жою 
қорытындылары туралы есептi
қарау ережесiне 6-қосымша

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.08.26 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы
ЕСЕП

      1. Эмитенттің атауы.
      1-1. Эмитенттi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер.
      Осы тармақта эмитенттi мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың немесе куәлiктiң күні және нөмірі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырған органның атауы көрсетілуі қажет.
      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 26.04.2013 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
      2. Эмитенттiң орналасқан жерi.
      3. Облигациялар шығарылымы мемлекеттiк тiркелген күн.
      4. Орналастыру қорытындылары туралы есеп (есептер) бекiтiлген күн.
      5. Облигацияларды өтеу туралы мәлiметтер:
      1) облигациялар өтелген күн;
      1-1) эмитенттің сатып алған облигациялардың саны туралы облигацияларды өтеу күнгі жағдай бойынша мәліметтер;
      2) мерзiмiнен бұрын өтелген облигациялар туралы мәлiметтер.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Облигациялар бойынша төленген сыйақының жиынтық мөлшерi және өтеу сомасы. Осы тармақта есеп толығымен келтіріледі.
      Облигацияларды өтеу қорытындысы туралы есеп есепті айдың соңындағы жағдай бойынша немесе облигацияларды орналастыру аяқталған күнгі қаржылық есеп берумен қоса тігіледі, оған бірінші басшы, бас бухгалтер, не олардың орындарындағы тұлғалар қол қояды және эмитенттің мөрінің бедерімен расталады. Қамтамасыз етiлген облигацияларды шығару кезiнде облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепке облигацияларды ұстаушы өкiлi атынан уәкiлеттi тұлға қол қояды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30. N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.11.28 N 181 Қаулыларымен.

«Мемлекеттік емес облигациялардың
шығарылымын мемлекеттік тіркеу  
және облигацияларды орналастыру  
және өтеу, облигациялар шығарылымының
күшін жою қорытындылары туралы   
есепті қарау ережесінің       
6-1-қосымшасы           

Нысан

Облигацияларды өтеу
қорытындылары туралы
ЕСЕП

      Ескерту. Ереже 6-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Эмитенттің атауы.
      2. Эмитенттің орналасқан жері.
      3. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні және шығарылым нөмірі.
      4. Облигацияларды өтеу туралы мәліметтер:
      1) облигацияларды өтеу күні;
      2) облигацияларды өтеу күніндегі жағдай бойынша эмитент сатып алған облигациялар саны туралы мәліметтер;
      3) мерзімінен бұрын өтелген облигациялар саны туралы мәліметтер.
      Облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есепке эмитенттің уәкілетті тұлғасы қол қояды.

Мемлекеттiк емес      
облигациялардың шығарылымын
мемлекеттiк тiркеу және 
облигацияларды орналастыру
және өтеу, облигациялар 
шығарылымының күшін жою 
қорытындылары туралы есептi
қарау ережесiне 7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.12.26 N 220 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       Халықаралық қаржы ұйымдарының тiзбесi:

      1) Халықаралық қайта құру және даму банкi;
      2) Халықаралық қаржы корпорациясы;
      3) Азия даму банкi;
      4) Африка даму банкi;
      5) Еуропа қайта құру және даму банкi;
      6) Америкааралық даму банкi;
      7) Еуропа инвестициялық банкi;
      8) Ислам даму банкi;
      9) Скандинавия инвестициялық банкi;
      10) Еуропалық Кеңестiң даму банкi;
      11) Халықаралық есеп айырысу банкi;
      12) Еуразиялық даму банкi.

Мемлекеттiк емес          
облигациялардың шығарылымын     
мемлекеттiк тiркеу және облигацияларды
орналастыру және өтеу, облигациялар 
шығарылымының күшін жою қорытындылары
туралы есептi қарау ережесінің  
8-қосымшасы           

Нысан

Облигацияларды орналастыру (өтеу) қорытындылары туралы есепті
бекіту жөніндегі хабарлама

      Ескерту. 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2006.04.15 N 99; жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 18.04.2014 № 52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Алматы қаласы «__» __________                           № ______
20__жыл

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
________________________________________________________________
________________________________ тіркеген (заңды
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті берген органның атауы, куәліктің берілген күні және нөмірі)
_________________________________________________________________
_____________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы және мекен-жайы)
_________________________________________________________________
___________________ облигацияларды орналастыру
(шығарылымның реттік нөмірі)
(өтеу) қорытындылары туралы есепті бекітті.

Шығарылым номиналдық құны
____________________________________________________________
(номиналдық құнының мөлшері цифрмен және жазбаша)
теңге болатын
__________________________________________________________________
__________________________ облигацияға бөлінді.
(облигациялар саны цифрмен және жазбаша, облигациялар түрі)
__________________________________________________________________
_____________________________ жағдай бойынша
(облигацияларды орналастырудың (өтеудің) аяқталған күні, айы, жылы) орналастырылған (өтелген) облигациялар
__________________________________________________________________
орналастырылмаған облигациялар
__________________________________________________________________
Шығарылым_________________нөмірімен Эмиссиялық бағалы қағаздар мемлекеттік тізіліміне енгізілген
Шығарылым туралы қосымша ақпарат:________________________________.

Хабарламаға қол қойған адамның
тегі, аты, бар болса әкесінің аты
және лауазымы, қолы, мөрі.

Мемлекеттiк емес Облигациялардың 
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және
облигацияларды орналастыру және  
өтеу, облигациялар шығарылымының 
күшін жою қорытындылары туралы  
есептi қарау ережесiне       
9-қосымша            

Облигациялар шығарылымының күшін жою туралы куәлік

      Ескерту. 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.04.30 N 110 (мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Алматы қаласы 20 __ жылғы «___» _______                       № _____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы
немесе куәлікті берген органның атауы, берілген күні, айы, жылы және
нөмірі)
_________________________________________ тіркелген (қайта тіркелген)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамаға
немесе куәлікке сәйкес эмитенттің атауы мен мекенжайы)
облигациялар шығарылымын жойды.
      Шығарылым ___________________ нөмірмен ________________________
_____________________________________________________________________
(Облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырған
_____________________________________________________________________
органның атауы, күні, айы, жылы)
тіркелді және Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне
енгізілді.
      Шығарылым ____________________________ облигацияларға бөлінген.
             (саны цифрмен және жазбаша, түрі)
      Облигациялар шығарылымы _______________________________________
__________________________________________________________ байланысты
____________________________________________________ бастап жойылды.
            күні (күні/айы/жылы)
      Куәлікке қол қойған адамның аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) - және қызметі, қолы, мөрі

Мемлекеттiк емес облигациялардың  
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және
облигацияларды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептi қарау
ережесiнiң 10-қосымшасы     

      Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 77 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Нысан

___________ жағдай бойынша (эмитенттің атауы) облигациялары
бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау
фактілері туралы ақпарат

Облигациялардың ҰСН

Облигациялардың
коды

Облигациялардың
түрі

Өтелетін
күні

Шығарылым
көлемі,
тг

Облигацияның саны

Купонды
мөлшерлемелердің
мөлшері

Орнала-
стырылған
облигациялар
саны

Орналас-
тырылмаған
облигациялар
саны

1

2

3

4

5

6

7

8









Кестенің жалғасы

Купонды
мөлшер-
лемелердің
түрі,
Купон
төлемдерінің
мерзімділігі

Дефолт
күні

Төленген
купонды
сыйақы
сомасы

купонды
сыйақы
бойынша
берешек
сомасы

Негізгі
борыш
бойынша
берешек
сомасы

Реттелмеген борыштың
қалдығы, мың. тг.
(реттелмеген борыш деп
мерзімінен кешіктіру
үшін өсімпұл және
айыппұлды ескере отырып,
ол бойынша дефолт орын
алған берешек сомасын
есептейді)

9

10

11

12

13

14


 
 
 


Күні, айы, жылы





Кестенің жалғасы

Облигация ұстаушылардың
арасында Қазақстан
Республикасының
резиденті еместердің
үлесі

Облигация
ұстаушылардың
арасында қаржы
ұйымдарының үлесі
(пайызбен)

15

16



Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын 
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының        
2005 жылғы 30 шілдедегі    
N 269 қаулысының       
2-қосымшасы          

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2591 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымында 2003 жылы жарияланған, N 25);
      2) "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2591 тіркелген "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 193 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2996 тіркелген, 2004 жылы "Финансовый вестник" журналында жарияланған, N 9(9));
      3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 3635 тіркелген, "Финансовый вестник" журналында N 6(18) жарияланған "Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есепті қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 385 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 131 қаулысы .     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады