Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту жөніндегі ақпаратты беру нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 13 маусымдағы № 196 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 шілдеде № 7792 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 25 қазандағы № 331 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 25.10.2013 № 331 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Ұйымдар мен мемлекеттік органдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) жоспарланған отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны (осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес);
      2) сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпараттың нысаны бекітілсін (осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес).
      2. Осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген толтырылған нысандарды мыналар электронды түрде «Қазақстандық қамту» Интернет-порталы арқылы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне ұсынады және электронды-цифрлы қол қойып куәландырады:
      1) ұлттық басқару холдингтері, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, елу және одан да көп пайыз акциялары (жарғылық қапиталдағы қатысу үлесі) ұлттық басқару холдингтеріне, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдар;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алулары жергілікті қамту мониторингіне жататын ұйымдар;
      3) концессионерлер.
      3. Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпараттың нысаны жыл сайын сатып алуды жоспарлап отырған жылдың 1 ақпанына дейін ұсынылады.
      Сатып алынған тауарлары, жұмыстары және қызметтері бойынша ақпараттардың нысаны тоқсан сайын, өсу қорытындысымен есеп беру мерзімінен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей ұсынылады.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту департаменті (С. Кәмелі) заңды тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. «Ұйымдардың тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту бойынша ақпаратты ұсыну нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылдағы 21 мамырдағы № 81 бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6294 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 10 тамыздағы «Казахстанская правда» газетінде № 207-210 (26268-26271); 2010 жылғы 19 тамыздағы «Егемен Қазақстан» газетінде № 219 (26280) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы бұйрық «Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың жылдық, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламаларын, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы және кадрлардағы жергілікті қамту жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы есептерін жасаудың және ұсынудың нысандары мен қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 965 қаулысына сәйкес ұсынатын тауарларды, жұмыстарды жергілікті қамту мониторингі субъектілері ұсынатын жоспарланған және сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы ақпаратқа қолданылмайды.
      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.Е.Сауранбаевқа жүктелсін.
      8. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және жаңа     
технологиялар министрінің
2012 жылғы 13 маусымдағы
№ 196 бұйрығына 1-қосымша

нысан

Жоспарланып отырған тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу бойынша ақпарат

Тапсырыс берушінің БСН-і

Тапсырыс берушінің СТН-і

Тапсырыс берушінің атауы

ЭҚ ӨЖ коды (6 белгі)

Сатып алынатын ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшеу бірлігінің коды (МӨБЖ сәйкес)

Заттай көріністегі сатып алу көлемі

Жоспарланған сатып алу сомасы, теңге

Сатып алуды өткізу орны (ӘАОЖ коды)

Сатып алуды өткізу мерзімі

Тауарды жеткізу, жұмысты атқару, қызметті көрсету мерзімі

Сатып алудың жылдық жоспары

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде
 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

      Ескерту:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары - «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауын, талдауын және ұсынуын, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.
      3. 1-бағанда тауарларға, жұмыстармен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      4. 2-бағанда тауарларға, жұмыстармен қызметтерге тапсырыс берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      5. 3-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тілде көрсетіледі (мемлекеттік тілдегі атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес көрсетіледі).
      6. 4-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы орыс тілінде көрсетіледі (орыс тіліндегі атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіне сәйкес көрсетіледі).
      7. 5-бағанда өнімнің коды экономикалық қызмет түрлері бойынша 6 белгі деңгейінде көрсетіледі (мысалы: 01.11.33).
      8. 6-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстармен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы мемлекеттік тілде (символдардың шексіз санына рұқсат) көрсетіледі.
      9. 7-бағанда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы орыс тілінде (символдардың шексіз санына рұқсат) көрсетіледі.
      10. 8-бағанда өлшем бірлігінің мемлекетаралық жіктеушісіне сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыруға арналған баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды).
      11. 9-бағанда заттай көріністегі сатып алудың көлемі көрсетіледі (тауарлар бойынша толтыру үшін баған, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 50,5).
      12. 10-бағанда сатып алудың жоспарланып отырған сомасы теңгемен көрсетіледі (егер сатып алудың жоспарланып отырған сомасы қосылған құн салығы сомасын(бұданәрі –ҚҚС)қамтыса, онда сатып алудың жоспарланып отырған сомасы ҚҚС-мен көрсетіледі).
      13. 11-бағанда сатып алу өткізілетін орны көрсетіледі (ЭҚ ӨЖ коды) (алаң пішімі: мәтіндік, 9 сан, мысалы: 710000000).
      14. 12-бағанда сатып алуды өткізудің мерзімі көрсетіледі (мысалы: 2011 жылғы мамыр).
      15. 13-бағанда тауарды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің мерзімі еркін нысанда көрсетіледі (міндетті түрде толтырылуы керек алаң, мысалы 2 жарты жылдық).
      16. 14-бағанда сатып алу жылы көрсетіледі (мысалы: 2012).
      17. Ақпарат нысаны тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша және толтырылады және электронды түрде xls форматында (Microsoft Excel2003) ұсынылады.
      18. Ақпарат нысаны тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алуға жоспарланған номенклатураларға (лоттарға) сәйкес толтырылады.
      19. Грамматикалық қателермен немесе өзгерген пішімде толтырылған ақпарат нысаны қабылданбайды.

Қазақстан Республикасы  
Индустрия және жаңа     
технологиялар министрінің
2012 жылғы 13 маусымдағы
№ 196 бұйрығына 2-қосымша

нысан

Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат

1-кесте

Тапсырыс берушінің БСН

Тапсырыс берушінің СТН

ТЖҚ тапсырыс берушінің атауы

Тапсырыс беруші өңірінің коды (КАТО-ға сәйкес)

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың №

Сатып алуды растайтын шартты және өзге құжатты жасау күні (кк.аа.жжжж)

Сатып алуды растайтын келісім шарттың немесе өзге құжаттың мерзімі аяқталатын күні (кк.аа.жжжж)

Есептік кезең ішінде алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы, теңге

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

кестенің жалғасы

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың жалпы сомасы, теңге

Орындалған шарттың жалпы іс жүзіндегі сомасы, теңге

ТЖҚ жеткізушінің атауы

Жеткізушінің СН (ЖСН)

Жеткізушінің СТН

Жеткізуші елінің коды

Жеткізуші өңірінің коды (КАТО-ға сәйкес)

ТЖҚ жеткізушінің заңды мекенжайы

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың мәртебесі

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

      Ескерту:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары - «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауын, талдауын және ұсынуын, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.
      3. 1-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
      4. 2-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      5. 3-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес мемлекеттік тілде көрсетіледі.
      6. 4-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес орыс тілінде көрсетіледі.
      7. 5-бағанда тапсырыс беруші өңірінің коды заңды әкімшілік-аумақтық объекттілер жіктеушісіне сәйкес көрсетіледі (алаң пішімі: мәтіндік, 9 сан, мысалы: 711000000).
      8. 6-бағанда сатып алуды растайтын шарттың және өзге құжаттың нөмірі көрсетіледі, шарттың немесе өзге құжаттың бір күндегі нөмірі көрсетілген жағдайда, құжатқа бірегей нөмір беріледі, мысалы:100/1.
      9. 7-бағанда сатып алуды растайтын шарттың және өзге құжаттың жасалған күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж). Егер сатып алу шартын жасамай іске асырылған болса, онда 7-бағанда сатып алуды растайтын өзге құжаттың күні көрсетіледі (алаң пішімі: күні, күн, ай, жыл сандарының араларын бөлу белгісі, «.» белгісі, әріптер жазылмайды, мысалы: 01.01.2011, бос бағаншамен кестені толтыру үшін мысалы: 0).
      10. 8-бағанда сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың мерзімі аяқталатын күні көрсетіледі (кк.аа.жжжж), егер сатып алу шартын жасамай іске асырылған болса, сатып алуды растайтын өзге құжаттың мерзімі аяқталатын күні көрсетіледі. Егер шартта құжаттың мерзімі аяқталатын күні ескерілмеген болса, әрекеттің шамамен аяқталатын күні немесе қаржылық жылдың соңы көрсетіледі (мысалы: 31.12.2012).
      11. 9-бағанда есептілік кезең ішінде сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы, теңге көрсетіледі, тауарларды, жұмыстарды мен қызметтерді сатып алу туралы құжаттармен расталмаған аванстық төлемдер, алдын-ала және басқа төлемдер көрсетілмейді. Егер шарт ұзақ мерзімді немесе ауыспалы болса, қаржылық жылдың өспелі қорытындысымен есептік кезең ішінде сома көрсетіледі. Егер есептік кезеңде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу іске асырылмаған болса, 0 мәні көрсетіледі.
      12. 10-бағанда сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың жалпы сомасы, теңгемен көрсетіледі. Егер шартта шарттың жалпы сомасы ескерілмеген болса, осы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға берілген шарттың жоспарланған сомасы көрсетіледі. Егер шарт ұзақ мерзімді болса, шарттың әрекет ету кезеңіне шарттың жалпы сомасы көрсетіледі (мысалы: 1000,5).
      13. 11-бағанда орындалған шарттың жалпы нақты сомасы, теңгемен көрсетіледі.
      Егер шарттың мәртебесі – «жасалған» немесе «ұзақ мерзімді жасалған» болса («0» немесе «3.0.»), 0 мәні көрсетіледі.
      Егер шарттың мәртебесі – «орындалған» немесе «ұзақ мерзімді орындалған» болса («1» немесе «3.1»), орындалған шарттың нақты жалпы сомасы көрсетіледі.
      Егер шарттың мәртебесі - «бұзылған» немесе «ұзақ мерзімді бұзылған» болса («2» немесе «3.2»), бірақ шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде жеткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалады және шарт ішінара орындалған деген шешім қабылданса, орындалған шарттың нақты жалпы сомасы көрсетіледі.
      Егер шарттың мәртебесі – «бұзылған» немесе «ұзақ мерзімді бұзылған» болса («2» немесе «3.2»), және қол қойылған келісім шартты бұзу туралы шарттың негізінде жеткізілген тауарларды, орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді қайтару шешімі қабылданған болса, онда «0» мәні көрсетіледі.
      14. 12-бағанда тауарлар, жұмыстар мен қызметтер жеткізушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес мемлекеттік тілінде көрсетіледі, егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, осы жеткізушінің елінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес жеткізушінің атауы көрсетіледі (мысалы: «Жетісу» ЖШС).
      15. 13-бағанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушінің атауы мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке сәйкес орыс тілінде көрсетіледі, егер жеткізушінің Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, осы жеткізушінің елінде тіркелгенін растайтын құжатқа сәйкес жеткізуші атауы көрсетіледі (мысалы: ТОО «Жетысу»).
      16. 14-бағанда тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі, егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда ол толтырылмайды.
      17. 15-бағанда тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі, егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда ол толтырылмайды.
      18. 16-бағанда жеткізуші елінің коды елдер жіктеушіне сәйкес көрсетіледі (мысалы: жіктеуішіне 398).
      19. 17-бағанда жеткізуші өңірінің коды әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі (мысалы: 710000000) егер жеткізуші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылса, жол толтырылмайды.
      20. 18-бағанда жеткізушінің заңды мекенжайы мемлекеттік тілде көрсетіледі: елді-мекен, көше, үй, кеңсе.Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының бей резиденті болып табылса, онда осы жеткізушінің заңды мекенжайы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес көрсетіледі (мысалы: Қазақстан, Астана қ., Иманов к-сі.,9).
      21. 19-бағанда жеткізушінің заңды мекенжайы орыс тілінде көрсетіледі: елді мекен, көше, үй, кеңсе.Егер жеткізуші Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылса, онда аталған жеткізушінің заңды мекенжайы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын құжаттардың деректемелеріне сәйкес көрсетіледі (мысалы: Қазақстан, Астана қ., Иманов к-сі.,9).
      22. 20-бағанда шарттың немесе сатып алуды растайтын өзге құжаттың мәртебелесі көрсетіледі яғни сәйкес шарттардың немесе сатып алуды растайтын өзге құжаттардың мәртебелерін жіктеуішке сәйкес шарттың мәртебесінің коды көрсетіледі:
      «0» мәртебесі жасалған шарттар бойынша көрсетіледі;
      «1» мәртебесі төлемнен тәуелсіз, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған шарттар бойынша көрсетіледі;
      «2» мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзалған шарттар бойынша көрсетіледі;
      «3.0» мәртебесі жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;
      «3.1.» мәртебесі төлемнен тәуелсіз, шарт бойынша тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды растайтын соңғы құжаттың негізінде орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі;
      «3.2» мәртебесі шартты бұзу туралы келісімнің (хабарламаның) негізінде бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша көрсетіледі. (төменде көрсетілген).

 Жіктеу коды Атауы

0

Жасалды

1

Орындалды

2

Бұзылды

3.0

Ұзақ мерзімді жасалды

3.1

Ұзақ мерзімді орындалды

3.2.

Ұзақ мерзімді бұзылды

      23. Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу болмаған жағдайда, ақпарат нысаны бос бағаншамен кесте түрінде беріледі (есептің файлы бір жолмен беріледі, 2-кесте толтырылмайды).
      24. Сатып алу сомасы егер тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізуші ҚҚС төлеуші және сатып алу сомасы ҚҚС қамтыған жағдайда, ҚҚС-мен көрсетіледі.
      25. Ұзақ мерзімді немесе ауыспалы шарттарды жасаған кезде шарттың нөмірі, шартты жасаған күні және шарттың қолданылу мерзімінің аяқталған күні, шарттың сомасы (теңгемен) шартқа сәйкес көрсетіледі. Сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің сомасы есепті қаржы жылы бойынша көрсетіледі. Ұзақ мерзімді және ауыспалы шарттар бойынша сома қаржы жылы аяқталған соң есепті қаржы жылының 9-бағанда көрсетіледі (2-кесте ұсынылады).
      26. Шартты келесі кезеңге ұзартқанда, шарттың нөмірі, шарт жасалған күн негізгі шартқа сәйкес көрсетіледі, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн және шарттың жалпы сомасы (теңгемен) екі тараптың жазбаша және ауызша келісуі негізінде шартты ұзарту талаптарына сәйкес көрсетіледі. Егер шарт келесі қаржы жылына ұзартылып және жаңа шарт ретінде әрекет етсе, онда ол ұзақ мерзімді шарт болып саналмайды.
      27. «1» мәртебесі бар шарттар немесе өзге құжаттарға сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, есепті кезеңге 1-кестенің 9-бағанының жалпы сомасына 2-кесте ұсынылады. Бұдан басқа, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, олар бойынша тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын шарттар және өзге құжаттар бойынша мәртебесі бар 2-кесте ұсынылады. Бір қаржылық жыл аяқталған соң сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат нысаны, 2-кесте «3.0» мәртебесі бар жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, «3.1» мәртебесі бар орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, есепті қаржы жылының тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын «3.2» мәртебесі бар бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, сондай-ақ, «0» мәртебесі бар ауыспалы шарттар бойынша 9-бағанның сомасына есепті қаржы жылы бойынша ұсынылады.
      28. Ақпарат нысаны электронды түрде, xls форматында (Microsoft Excel2003) ұсынылады.
      29. Грамматикалық қателермен толтырылған немесе өзгерген пішімде ұсынылған ақпарат нысаны қабылданбайды.

Сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат

      2-кесте

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың №

Сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың жасалған күні (кк.аа.жжжж.)

Тапсырыс берушінің БСН

Тапсырыс берушінің СТН

ЭҚ ӨЖ коды (6 белгі)

Сатып алынатын ТЖҚ атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы

Өлшем бірлігінің коды (МӨБЖ сәйкес)

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

1

2

3

4

5

6

7

8

кестенің жалғасы

Сатып алу көлемі

СТ-KZ нысанының сертификаты

Жергілікті қамту

Заттай көріністе

Құндық көріністе, теңге

Сериясы

Беретін органның коды

Берілген жылы

Берілген күні

тауарда, %

Жұмыста/қызметте, %

9

10

11

12

13

14

15

16

17

      Ескерту:
      1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға тікелей немесе жанама түрде елу және одан да көп (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) дауыс беруші акцияларының пайыздары тиесілі ұйымдармен толтырылған ақпарат нысандары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тұлғасында шоғырланып ұсынылады.
      2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары - «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұйымдардың жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинауын, талдауын және ұсынуын, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбесіне сәйкес қазақстандық қамту мониторингіне жататын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді.
      3. 1-бағанда 1-кестедегі шарттың немесе өзге құжаттың нөмірімен бірдей сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге құжаттың нөмірі көрсетіледі (мысалы: 100/1).
      4. 2-бағанда 1-кестедегі шартты жасау немесе өзге де құжаттың күнімен бірдей сатып алуды растайтын шартты жасау немесе өзгеде құжаттың күні көрсетіледі (мысалы: 01.01.2011).
      5. 3-бағанда 1-кестедегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестіндіру нөмірімен бірдей тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің бизнес-сәйкестіндіру нөмірі көрсетіледі.
      6. 4-бағанда 1-кестедегі тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірімен бірдей тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге тапсырыс берушінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
      7. 5-бағанда 6 символ деңгейінде экономикалық қызмет түрлері бойынша коды көрсетіледі (мысалы: 01.11.33).
      8. 6-бағанда сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (символдардың шексіз санына рұқсат етіледі) мемлекеттік тілде көрсетіледі.
      9. 7-бағанда сатып алынған тауарлардың, жұмыстармен қызметтердің атауы және қысқаша (қосымша) сипаттамасы (символдардың шексіз санына рұқсат етіледі) орыс тілінде көрсетіледі.
      10. 8-бағанда өлшем бірлігінің мемлекетаралық жіктеушіне сәйкес өлшем бірлігінің коды көрсетіледі (баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы:006).
      11. 9-бағанда сатып алудың көлемі заттай көріністе көрсетіледі (баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 50,5).
      12. 10-бағанда сатып алудың көлемі құндық көріністегі теңгеде көрсетіледі (мысалы: 1240,5).
      13. 11-бағанда CT-KZ нысаны сертификатының нөмірі көрсетіледі (баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы:00023).
      14. 12-бағанда CT-KZ нысаны сертификатының сериясы көрсетіледі (CT-KZ сертификатының бланкісінің нөміріне сәйкес, тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 0001689).
      15. 13-бағанда CT-KZ нысанының сертификатын берген органның коды көрсетіледі (баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 650).
      16. 14-бағанда CT-KZ нысанының сертификаты берілген жылы көрсетіледі (баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 2, сертификат 2012 жылы берілген).
      17. 15-бағанда CT-KZ нысанының сертификаты берілген күні көрсетіледі (баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар мен қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 54).
      18. 16-бағанда CT-KZ нысанының сертификатында көрсетілген тауардағы жергілікті қамту (%) көрсетіледі. CT-KZ нысанының сертификаты болмаған жағдайда 0 мәні көрсетіледі(баған тауарлар бойынша толтыру үшін, жұмыстар, қызметтер бойынша толтырылмайды, мысалы: 01.01. 2012).
      19. 17-бағанда CT-KZ нысанының сертификатында көрсетілген жұмыстағы/қызметтегі жергілікті қамту (%) көрсетіледі (баған жұмыстар/қызметтер бойынша толтыру үшін, тауарлар бойынша толтырылмайды, мысалы: 95).
      20. 2-кесте тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды растайтын «1» мәртебесі бар шарттар мен өзге де құжаттар бойынша және олар бойынша тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушілерде қалатын «2» мәртебесі бар шарттар немесе өзге де құжаттар бойынша толтырылады. Бір қаржылық жыл аяқталғаннан кейін 2-кесте «3.0» мәртебесі бар жасалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, «3.1» мәртебесі бар орындалған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, олар бойынша есептік қаржылық жылына тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің бір бөлігі тапсырыс берушіде қалатын «3.2» мәртебесі бар бұзылған ұзақ мерзімді шарттар бойынша, сондай-ақ «0» мәртебесі бар ауыспалы шарттар бойынша толтырылады.
      21. 2-кесте тауардың жеткізілуін, жұмыстың орындалуын, қызметтің көрсетілуін іс жүзінде растайтын шарттар немесе өзге де құжаттар негізінде алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің (лоттардың) номенклатурасын көрсете отырып толтырылады (егер 1-кестеде бір шарт немесе өзге де құжат бойынша бірнеше тауар сатып алынған болса, онда шарт туралы ақпарат жеке жолмен көрсетіледі, ал 2 кестеде әрбір тауар жеке жолмен заттай көріністе және сатып алу сомасымен қоса көрсетіледі).
      22. Егер тауарлардың жеткізілуі фактісін растайтын жеке шартта немесе өзгеде құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, әрбір номенклатура (лоттары) ЭҚ ӨЖ коды, атаулары, өлшем бірліктері, көлемдері және жергілікті қамтуы сатып алуды растайтын шарттың немесе өзгеде құжаттың сол деректемелері жеке жолда көрсетіледі.
      23. Егер жұмыстардың орындалуы фактісін растайтын шартта немесе өзге де құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, әрбір номенклатура (лоттары) ЭҚ ӨЖ коды, атаулары, өлшем бірліктері, көлемдері және жергілікті қамтуы сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың сол деректемелері жеке жолда көрсетіледі.
      24. Егер қызметтердің көрсетілуі фактісін растайтын шартта немесе өзге де құжаттарда бірнеше тауар номенклатуралары (лоттары) көрсетілсе, әрбір номенклатура (лоттары) ЭҚ ӨЖ коды, атаулары, өлшем бірліктері, көлемдері және жергілікті қамтуы сатып алуды растайтын шарттың немесе өзге де құжаттың сол деректемелері жеке жолда көрсетіледі
      25. Ақпарат нысаны электронды түрде, өсу қорытындысымен есептік тоқсанға xls пішімде (Microsoft Excel 2003) ұсынылады және тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша жеке толтырылады.
      26. Қателермен немесе өзгерген пішімде толтырылған ақпарат нысаны қабылданбайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады