Стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 397 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 шілдеде № 7798 тіркелді.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Қайырбекова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 8 маусымдағы
№ 397 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
І. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының халқына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы осы ереже Қазақстан Республикасының ересектері мен балаларына стоматологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының міндетін, қызметін, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін анықтайды.

      2. Стоматологиялық ұйымдар ересектер мен балаларға клиникалық хаттамалардың негізінде қазіргі заманға медициналық технологияларды пайдалана отырып, стоматологиялық науқастардың профилактикасына, диагностикасын емдеуге және медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында амбулаториялық-емханалық және стационарлық нысандарды мамандандырылған көмек көрсету үшін құрылады.

      3. Стоматологиялық ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін, нормативтік құқықтық актілерді, ұйымның Жарғысын, осы Ережені басшылыққа алады және өз қызметін медициналық қызметке берілген мемлекеттік лицензияның негізінде жүзеге асырады.

      4. Стоматологиялық ұйымдар дербес ұйым (стоматологиялық емхана (орталық)) ретінде немесе көп бейінді медициналық ұйымның құрамындағы құрылымдық бөлімше ретінде құрылады.

2. Стоматологиялық көмек көрсететін ұйымның құрылымы

      5. Стоматологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымға:

      1) стоматологиялық емхана (орталық);

      2) стоматологиялық бөлімше (кабинет);

      3) медициналық пунктің;

      фельдшерлік – акушериялық пунктің;

      медициналық денсаулық орталығының;

      білім беру ұйымдарының;

      денсаулық сақтаудың көп бейінді ұйымдарының құрамында стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті.

3. Стоматологиялық емхана (орталық)

      6. Стоматологиялық емхананың (орталықтың) құрылымы өзіне:

      1) стоматологиялық ауруларды профилактикалау кабинетін (қарау кабинеті);

      2) пародонтология және ауыздың сілекейлі қабығын емдеу кабинеттері бар терапиялық стоматология бөлімшелерін;

      3) хирургиялық стоматология бөлімшелерін (кабинет);

      4) ортодонтия бөлімдерін (кабинет);

      5) білім беру мекемелерінде балаларға стоматологиялық көмек көрсететін емдеу профилактикалық бөлімшені;

      6) қосалқы бөлімшелерді (рентологиялық, физиотерапиялық кабинеттер, тіркеу бөлімі және т.б.);

      7) орталықтандырылған зарарсыздандыруды;

      8) техникалық қызметті;

      9) медициналық статистика кабинетін;

      10) әкімшілік-шаруашылық бөлімін қамтиды.

      7. Стоматологиялық емхананың қызметі:

      1) стоматологиялық науқастарға амбулаторлық жағдайда нақтама қою, емдеу және алдын алуды денсаулық сақтау саласының өкілетті ұйымы ұсынған, клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностика мен ем жүргізу;

      2) стоматологиялық аурулардың қараусыз қалған түрлерін жіктеу және себебін талдау;

      3) стоматологиялық науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығына сараптама;

      4) стоматологиялық аурумен ауыратын науқасқа диспансерлік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;

      5) профилактикалық жұмыс;

      6) ұйымдастырушылық - әдістемелік жұмыс:

      стоматологиялық бөлімшенің (кабинеттің), стоматологиялық ауруларды профилактикалау кабинетінің қызметіне ұйымдастырушылық - әдістемелік көмек;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға келесі есептік кезеңдегі айдың 5-не дейінгі мерзімде жарты жылдық және жылдық есепті ұсына отырып стоматологиялық науқастардың есебі;

      стоматологиялық аурулардың профилактикасы, диагностикасы, емдеу және оңалту мәселелерінде дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу;

      саламатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен бірлесіп халық арасында бірлескен санитариялық – ағарту жұмысын ұйымдастыру және өткізу;

      7) амбулаториялық жағдайда стоматологиялық ауруларды тегін емдеуге арналған қаражатты тиімді жұмсаудың мониторингі және талдауы.

      8. Стоматологиялық клиникалар тиісті медициналық университеттердің, дәрігерлердің білімін жетілдіру институттарының кафедрасының клиникалық, оқу базасы, сондай-ақ медициналық колледж студенттерінің өндірістік практикалық базасы болып табылады.

4. Стоматологиялық бөлімше (кабинет)

      9. Стоматологиялық бөлімше (кабинет) (бұдан әрі – Бөлімше/кабинет) амбулаториялық – емханалық көп бейінді стационарлық көмекті көрсететін медицина ұйымының немесе оқушыларының саны 800 адамнан кем емес білім беру ұйымдарының базасында құрылады.

      10. Бөлімше/кабинет қызметі:

      1) денсаулық сақтау саласының өкілетті ұйымы ұсынған, клиникалық хаттамаларға сәйкес консультативтік және емдеу-диагностикалық үдерісті ұйымдастыру;

      2) тіс-жақ-бет кемістіктері, қисаюы және олардың дамуына алғышарттары, тіс сыртының және тіс қатарларының кемістіктері, тістің қатты тіндерінің және ауыз қуысы сілекейлі қабығының патологиялары бар бұдан бұрын айқындалған тұлғаларды одан әрі стоматологиялық емханадағы (орталықтағы) түрде жіберу;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде профилактикалық және медициналық көмек көрсету.

5. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті

      11. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинеті медициналық пункттерде, фельдшерлік–акушериялық пункттерде, медициналық денсаулық орталықтарында, оқушыларының саны 800 адамнан кем білім беру ұйымдарында, сондай-ақ стоматологиялық бөлімше (кабинет) жоқ көп бейінді медициналық ұйымдардың құрамында ұйымдастырылады.

      12. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетінің қызметі:

      1) ауыз қуысының гигиенасына үйретуді;

      2) профилактикалық жеке құралдарды таңдауды;

      3) тістерді гелдермен, лактармен, суспензиялармен фторлауды (оның ішінде терең) және минералдауды;

      4) фиссур герметизациясы;

      5) ауыз қуысының және тіс жақ жүйесінің патологиясы бар балаларды және жасөспірімдерді стоматолог дәрігерге жіберуді;

      6) ата-аналардың және балалардың арасында стоматологиялық саулық мәселелері бойынша санитариялық – ағарту жұмыстарын қамтып дәрігерге дейінгі стоматологиялық көмек жүргізіледі.

      13. Стоматологиялық аурулардың профилактикасы кабинетінде дәрігерге дейінгі стоматологиялық көмек көрсетуді тіс гигиенаисті, немесе "Тіс гигиенаисті" мамандығы бойынша арнайы қайта даярлаудан өткен және тиісті маман сертификаты бар орта буын медицина қызметкері жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады