Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті", "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 463 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 шілдеде № 7800 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында, «Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов):
      1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 9 шілдедегі  
№ 463 бұйрығына      
қосымша          

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын «С.Ж. Асфендияров
атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» мен «Оңтүстік
Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындарында,
«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамында жоғары
медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды
даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысы орналастыру

Р/с №

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

1000, оның ішінде 630 қазақ тілінде білім алушылар

Жалпы медицина

700, оның ішінде 455 қазақ тілінде білім алушылар

Стоматология

50, оның ішінде 30 қазақ тілінде білім алушылар

Мейірбике ісі

40, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар

Қоғамдық денсаулық сақтау

60, оның ішінде 35 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

90, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар

Медициналық-профилактикалық іс

60, оның ішінде 35 қазақ тілінде білім алушылар

2.

«Астана медицина университеті» акционерлік қоғамы

800, оның ішінде 482 қазақ тілінде оқитындар

Жалпы медицина

570, оның ішінде 345 қазақ тілінде білім алушылар

Стоматология

25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар

Мейірбике ісі

20, оның ішінде 12 қазақ тілінде білім алушылар

Қоғамдық денсаулық сақтау

145, оның ішінде, 85 қазақ тілінде білім алушылар

Медициналық-профилактикалық іс

25, оның ішінде 15 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

15, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар

3.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

500, оның ішінде 350 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

120, оның ішінде 80 қазақ тілінде білім алушылар

Мейірбике ісі

90, оның ішінде 65 қазақ тілінде білім алушылар

Қоғамдық денсаулық сақтау

250, оның ішінде, 180 қазақ тілінде білім алушылар

Медициналық-профилактикалық іс

40, оның ішінде 25 қазақ тілінде білім алушылар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады