Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің "Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы" 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП және "Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 1-НП нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 шілдеде № 7808 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ нормативтік қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Төрағасының 28.11.2015 № 11-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19)23-1) тармақшаларына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 1-НП нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7164 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 24 қыркүйектегі № 453-456 (26849) жарияланған):
      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы үлгі ережеде:
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Тексеру комиссиясының қызметі тек қана Тексеру комиссиясының төрағасы бекітетін жылдық және тоқсандық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Облыстың (қаланың) тексеру комиссиясының бақылау іс-шараларының жылдық жоспары есепті жылы олардың әкімшілік-аумақтық бөлінісінде сыртқы бақылауды жүзеге асыру үшін облыстық (қалалық) бюджеттен, тиісті облыстың құрамына кіретін аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен қаржыландырылатын, соның ішінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын қайтарудың және (немесе) есептеудің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыратын бақылау объектілерін қамтуы қажет.»;
      34-тармақ мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «34. Тексеру комиссиясы өзінің бақылау қызметін жүзеге асыру кезінде бақылау объектісінен тәуелсіз болады. Тексеру комиссиясының тәуелсіздігі:
      1) Тексеру комиссиясының қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың заңсыз араласуына жол бермеу;
      1-1) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша Тексеру комиссияларының қызметкерлерін Тексеру комиссиясының жұмыс жоспарларында көзделмеген тексерулерді жүргізуге тартуға жол бермеу;
      2) өз қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жағдайлар жасау жолымен қамтамасыз етіледі.»;
      2) Күші жойылды - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасың 16.04.2013 № 3-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті төрағасың 16.04.2013 № 3-НП нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы Б.Б. Әбдіқұлов Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                         О. Өксікбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады