Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 19 шілдедегі № 17-03/369 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 тамызда № 7847 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 05 қыркүйектегі № 270-ө бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 05.09.2013 № 270-ө бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9-бабының 51-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ – қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                       А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 19 шілдедегі  
№ 17-03/369 бұйрығымен   
бекітілген           

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің
халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік органда тіркеу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) әкімшілік орган - жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
      2) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру - жануарлар түрлерін қолда және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;
      3) өтінім жасаушы - Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіру туралы әкімшілік органға өтінім берген жеке немесе заңды тұлға. 

2. Тіркеу тәртібі 

      3. Өтінім беруші осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді тіркеуге әкімшілік органға өтінім береді.
      4. Өтінімге:
      1) құрылтай құжаттары мен мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің (заңды тұлға үшін), мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (жеке кәсіпкер үшін), жеке адамды куәландыратын құжаттардың (жеке тұлға үшін);
      2) жануар түрінің шығу тегін растайтын құжаттардың (жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат тіркелген сауда-саттық шарты (бұрынғы иесінің), жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттың; Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат) көшірмелері қоса тіркеледі.
      5. Әкімшілік орган өтінімді және оған қоса тіркелген құжаттарды қарап, Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі – куәлік) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде ресімдейді, не осы Қағиданың 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттар толық берілмеген жағдайларда жазбаша дәлелді бас тарту жолдайды.
      6. Куәлік осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік органның фирмалық бланкісінде ресімделеді және өтінім берушіге немесе өтінім берушінің сенімхаты бойынша басқа тұлғаға Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу журналына (бұдан әрі – журнал) қол қойғызып беріледі.
      7. Куәлік нөмірі журналдағы тіркеудің нөмірленуіне сәйкес қойылады.
      8. Журнал нөмірленеді, тігіледі және оған әкімшілік органның мөрі басылады. 

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды    
әкімшілік органда тіркеу қағидасына    
1-қосымша                   

Нысан    

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің
халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды тіркеуге
өтінім
 
 

      Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы куәлік берулеріңізді сұраймын. 

Жануарлар түрлерінің
атауы: ____________________________________________________________
                    (мемлекеттік, орыс және латын тілдерінде)

Жануарлар түрлерінің
шығу тегі: _________________________________________________________
           (еріксіз немесе жартылай ерікті жағдайларда өсірілді)

Мекенжайы: _______________________________________________________
             (жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің/заңды тұлғаның) 

20___жылғы _________ ______________________________________
(өтінім берілген күн) (қолы, Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 

      Мөр орны 

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды    
әкімшілік органда тіркеу қағидасына    
      2-қосымша                   

Нысан     

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің
халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына
түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге асыратын
жеке және заңды тұлғаларды тіркеу туралы
№ ___ куәлік

_____________________________________________________________берілген
(жануар иесінің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде) ұйымның атауы) 

Орналасқан жерінің мекенжайы: ______________________________________
мына жануарлар түрлерін жасанды өсіртуді жүзеге асырады:

р/с

Жануар түрлері

Конвенцияның қосымшасы  

Мемлекеттік тілде

Орыс тілінде


Латынша атауы   

Жануарлар саны







Берілген күні 20__ ж. «__» _______
Куәлік берілген сәттен бастап үш жыл ішінде жарамды.
     ______________________                     _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))        (қолы)

Мөр орны 

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі
төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы
конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері
енгізілген жануарларды жасанды өсіруді жүзеге
асыратын жеке және заңды тұлғаларды    
әкімшілік органда тіркеу қағидасына    
      3-қосымша                   

Нысан   

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің
халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ
қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды жасанды өсіруді
жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды тіркеу
журналы

р/с

Куәліктің нөмірі және күні

 Жеке тұлғаның/жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)/заңды тұлғаның атауы

Жабайы фауна мен флораның құрып кету қаупі төнген түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарлар орналасқан жердің мекенжайы

Қолы



Беруші

Алушы







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады