БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 468 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 18 қазандағы № 6573 тіркелген, «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 44-45 (26465-26466) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасында уақытша тұратын тұлғалардың (босқындар, пана іздеген адамдар, консулдық лауазымды тұлғалар, дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, Қазақстан Республикасында көші-қон заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін еңбек мигранттары) балалары мектепалды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алу үшін білім беру ұйымдарына қабылданады және Қазақстан азаматтарымен бірдей құқықтарға ие.».
2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә. Нұрмағамбетов):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов