Шикі мұнайды Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге беруді, немесе Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарында одан әрі өңдеу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және Кеден аумағынан тысқары өңдеуге кедендік процедураға бұрын орналастырылған шикі мұнайға кедендік экспорттау процедурасын қолдануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесі мен олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 146 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қыркүйекте № 7927 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 64 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 24.02.2021 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 300-бабы 1) тармақшасына, 332 бабы 2-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Шикі мұнайды Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге беруді, немесе Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарында одан әрі өңдеу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және Кеден аумағынан тысқары өңдеуге кедендік процедураға бұрын орналастырылған шикі мұнайға кедендік экспорттау процедурасын қолдануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесі мен олардың шикі мұнайды өңдеу шарттары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрықтың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген кеден одағының аумағынан тыс жерде орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының шарттары 2012 жылғы Кеден одағының аумағынан тысқары жерлерде "Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысына сәйкес және тауарларды кеден аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатпен белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамалық тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және одан әрі бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Мыңбаев


  Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 146 бұйрығына
1-қосымша

Шикі мұнайды Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай
өңдеу зауытында өңдеуге беруді, немесе Кеден одағының аумағынан
тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарында одан әрі өңдеу үшін
үшінші тұлғаға өткізуді және Кеден аумағынан тысқары өңдеуге
кедендік процедураға бұрын орналастырылған шикі мұнайға
кедендік экспорттау процедурасын қолдануды жүзеге асыратын жер
қойнауын пайдаланушылардың тізбесі

Атауы

1

"Өзенмұнайгаз" АҚ

2

"Ембімұнайгаз" АҚ

3

"Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" АҚ

4

"Торғай Петролеум" АҚ

5

"Қаражанбасмұнай" АҚ

6

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ

7

"Мәтен Петролеум" АҚ

8

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ

9

"КМК Мунай" АҚ

10

"Каспий нефть" АҚ

11

"Каспий Нефть ТМЕ" АҚ

12

"ҚОР" МК" АҚ

13

"СНПС-Ай Дан Мұнай" АҚ

14

"ҚазМұнайТеңіз" АҚ

15

"ҚазМұнайТеңіз" АҚ

16

"MEERBUSCH" ЖШС

17

"Өзтүрік-Мұнай" ЖШС

18

"Қазнефтехим-Қопа" ЖШС

19

"Арал Петролеум Кэп." ЖШС

20

"Лайнс Джамп" ЖШС

21

"Сағыз Петролеум Компани" ЖШС

22

"FIAL" ЖШС

23

"Тасболат Ойл Корп" ЖШС

24

"Қарақұдықмұнай" ЖШС

25

"АРМАH" БК ЖШС

26

"ХазарМұнай" ЖШС

27

"Табынай" ЖШС

28

"Фирма Ада Ойл" ЖШС

29

"Казахмыс Петролеум" ЖШС

30

"ТетисАралГаз" ЖШС

31

"Сазанқұрақ" ЖШС

32

"ANACO" ЖШС

33

"Атыраумұнай" ЖШС

34

"Светланд-Ойл" ЖШС

35

"Гюрал" ЖШС

36

"Тандай Петролеум" ЖШС

37

"Прикаспиан Петролеум Компани." ЖШС

38

"Адай Петролеум К." ЖШС

39

"НБК" ЖШС

40

"Жалғызтөбемұнай" ЕЖШС

41

"Тенге" БК ЖШС

42

"Емір Ойл" ЖШС

43

"ФизТех Фирмасы" ЖШС

44

"Ком-мунай" ЖШС

45

"Амангелді Газ" ЖШС

46

"Қазақтүрікмұнай" ЖШС

47

"Қазақойл Ақтөбе" ЖШС

48

"Қазгермұнай" БК ЖШС

49

"Кор-таж" ЖШС

50

"Кен-Сары" ЖШС

51

"CaspiOilGas" ЖШС

52

"Саутс-Ойл" ЖШС

53

"Кумкөл Транс Сервис" ЖШС

54

"Кольжан" ЖШС

55

"KAZPETROL GROUP" ЖШС

56

"Галаз және Компания" ЖШС

57

"Жайықмұнай" ЖШС

58

"Степной Леопард" ЖШС

59

"Бузачи нефть" ЖШС

60

"Актау-Транзит" ЖШС

61

"Каменистое-нефть" ЖШС

62

"Төбеарал-Ойл" ЖШС

63

"Ембіведойл" ЖШС

64

"Экогеонефтегаз" ЖШС

65

"Потенциал Ойл" ЖШС

66

"Кожан" ЖШС

67

"Самек Интернешнл" ЖШС

68

"Эмбамунай" ЖШС

69

"Көлжан-Ойл" ЖШС

70

"Аби Петролеум Кэпитал" ЖШС

71

"ЕМЕ" ЖШС

72

"Astana Oil Company" ЖШС


      Ескертпе: аббревиатураларды ажыратып жазу:

      АҚ – акционерлік қоғам

      ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 146 бұйрығына
2-қосымша

Кеден одағының аумағынан тыс жерлерде орналасқан мұнай өңдеу
зауыттарының тізбесі

      1. Chinaoil (Hong Kong) Corporation Ltd – Қытай Халық Республикасының Душаньцзы қаласындағы мұнай өңдеу зауыты.

      2. Petro China Urumqi Petrochemical Company - Қытай Халық Республикасының Үрімші қаласындағы мұнай өңдеу зауыты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады