"Шикі мұнайды Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге беруді, немесе Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарында одан әрі өңдеу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және Кеден аумағынан тысқары өңдеуге кедендік процедураға бұрын орналастырылған шикі мұнайға кедендік экспорттау процедурасын қолдануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесі мен олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 146 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 64 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 ақпанда № 22261 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шикі мұнайды Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауытында өңдеуге беруді, немесе Кеден одағының аумағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарында одан әрі өңдеу үшін үшінші тұлғаға өткізуді және Кеден аумағынан тысқары өңдеуге кедендік процедураға бұрын орналастырылған шикі мұнайға кедендік экспорттау процедурасын қолдануды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін, сондай-ақ Кеден одағынан тысқары орналасқан мұнай өңдеу зауыттарының тізбесі мен олардың шикі мұнайды өңдеу шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 146 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7927 болып тіркелген, 2012 жылы 28 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 412-413 (27231-27232), 2012 жылы 28 қарашада "Казахстанская правда" газетінде 778-784 (27855) жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының № 24 актілері жинағында жарияланған, 2012 жыл).

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
Н. Ногаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады