Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына техникалық талаптарды белгілейтін қағидаларды бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 237 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 3 қазанда № 7957 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына техникалық талаптарды белгілейтін қағидалар бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы 
№ 237 қаулысына     
қосымша          

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелiнетiн вексель қағазына қойылатын талаптарды белгiлейтiн ереженi бекiту туралы» 2001 жылғы 31 наурыздағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1494 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2001 жылғы 13 маусымда № 140 (23488) жарияланған);
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1494 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе оның аумағына әкелінетін вексель қағазына қойылатын талаптарды белгілейтін ережені бекіту туралы» 2001 жылғы 31 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 13 қыркүйектегі № 120 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3146 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2004 жылғы 4 қарашада № 251 (24561) жарияланған);
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне лицензиялау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы» 2005 жылғы 27 тамыздағы № 93 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3847 тіркелген) қосымшаның 3-тармағы.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 тамыздағы 
№ 237 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына
әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын
талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына техникалық талаптарды
белгілейтін қағидалар

      1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына техникалық талаптарды белгілейтін қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелінетін вексель қағазының қорғаныш дәрежелеріне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына техникалық талаптарды белгілейді.
      2. Вексель қағазын Қазақстан Республикасының аумағында шығару немесе әкелу Қағидаларда белгіленген полиграфиялық қорғаныш нысанына қойылатын талаптарға және физикалық-химиялық қорғаныш нысанына техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) гильошир элементтерi – вексель қағазын көркем безендiруде айшықты құрал қызметiн атқаратын және ашық түсте – күңгiрт немесе күңгiрт түсте – ашық етiп салынған эллипс түрiндегi және басқа нысандағы тұтас сызықтар болып келетiн жiңiшке тор iспеттес ою-өрнек немесе белдеулер түрiнде орындалған тұрақты қорғаныш элементтерi. Ою-өрнек иректермен айналдыра көмкеріледі және әлдеқайда күрделі тұйықталған бірнеше қисық сызықтар салу жолымен жасалады, ал белдеулер белгiлi бiр жерді алып тұратын тұйықталған қисық сызықтардан құралады;
      2) бет және сырт жағындағы түсті бейнелер – түсі солғын бояулармен басылған жұқа сызықтардан құралған тор (бір бірімен қиылысқан екі-үш гильошир торлар) түрінде салынған сурет. Негізгі түс тұйықталған, жеткілікті ашық жер қалдыру және элементтер арасында байланыс болу үшін қажет. Қалыңдықтары біркелкі негізгі түс сызықтарынан құралған сурет ою-өрнек сипатында берілген;
      3) штрихті сурет – белгiлi бiр бөлiктерiн қарайтуға болмайтын нәзiк штрихтер арасы барынша жақын етiп салынған сурет;
      4) микромәтiн – сөздердiң арасына ашық жер қалдырылмай жазылған, әрiптердiң биiктiгi 0,2 - 0,3 миллиметрден аспайтын жолдар, ол қандай да бiр суреттi көмкерiп тұратын немесе жиектің өзі ретінде қолданылатын, сондай-ақ негiзгi түс түрiнде құрастырылатын жиек элементтерiнiң ортасына орналастырылады;
      5) ирис баспасы – бір нысандағы екі түсті басу, алынған бейнелерде бір түс екінші түске жалғаса ауысады;
      6) нөмірлеу – ультракүлгін жарықпен сәулеленетін қара түсті бояумен жоғары сапалы басу тәсілімен басып шығару.
      4. Вексель қағазының (вексель бланкісінің) полиграфиялық қорғаныш нысаны мынадай қорғаныш дәрежелерінен тұрады:
      1) гильошир элементтерi;
      2) бет және сырт жағындағы түсті бейнелер;
      3) штрихті сурет;
      4) микромәтiн;
      5) ирис баспасы;
      6) нөмірлеу.
      5. Қорғаныштың физикалық-химиялық нысаны вексель қағазына қойылатын мынадай техникалық талаптардан тұрады:
      1) қағаздың ұзын торлы немесе дөңгелек торлы сутамғы белгiсi;
      2) қағаздағы көзбен көріп байқауға болатын арнайы талшықтар;
      3) қағаздағы спектрдің ультракүлгін аймағында көзбен көріп байқауға болатын арнайы талшықтар;
      4) қорғаныш (пластика, магниттi, металл қосылған) жiптердiң болуы;
      5) индикаторлық қоспалардың болуы;
      6) вексель қағазы жарық түскен кезде сәулеленiп тұрмауға тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады