Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесінің жекелеген нормаларын «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV және «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкестендіру және мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізуді және пайдалануды одан әрі жетілдіру мақсаттарында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6986 санымен тіркелген, 2011 жылғы 23 маусымдағы № 196 (26617) санды «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесіне (одан әрі – Ереже):
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Есепке алудың негізі «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағы 3), 4), 5), 7), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларында, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 80-бабы 1-тармағы 12)–16) тармақшаларында; «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1–тармағы 13) тармақшасында, «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген жағымсыз себептермен босату дерегі болып табылады»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Мемлекеттік органның кадр қызметі (одан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) адамдардың жағымсыз себептермен босатылу дерегі кезінде шығарылған сәттен бастап 3 жұмыс күні ішінде аумақтық басқармаларда осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес, екі данада жағымсыз себептермен босатылған адамдарды есепке алудың № 1-ЖУ нысанды статистикалық карточкасы (бұдан әрі – карточка), сонымен қатар жұмыстан босату туралы бұйрықтың үзінді көшірмесі және жағымсыз себептермен босатылған адамның жеке куәлігінің көшірмесі беріледі.»;
10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Карточка қызметкерді жұмыстан босатқан орган басшысының және кадр қызметі басшысының (оларды алмастыратын адамдардың) қолымен расталуға жатады. Басшы және жауапты тұлға 12, 13 деректемеде өзінің тегін, лауазымын және карточканы толтырған күнді көрсетуі тиіс.»;
18-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«18. Есепте тұруы бойынша тексеруге құқық қорғау қызметіне және арнаулы мемлекеттік органдар қызметіне қабылдануға үміткер адамдардың барлығы жатады.».
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылған адамдарды арнайы есепке алу ісін жүргізу және пайдалану Ережесінің 1-қосымшасы бұйрық қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) Комитеттің аумақтық органдарына және құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне орындау үшін жолдасын.
3) Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастан қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры А. Дауылбаев
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2012 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 105 бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік қызметтен жағымсыз
себептермен босатылған
адамдарды арнайы есепке алу ісін
жүргізу және пайдалану Ережесінің
1-қосымшасы
Нысан
№ 1-ЖУ нысанды мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен
босатылған тұлғаларды есепке алу карточкасы
(органның кадр қызметімен қалыптастырылады)
1. __________________________________________________________________
(органның атауы)
2. Жасалды: лауазымды тұлға (1), лауазымды тұлғаға теңестірілген
тұлға (2),
2.1. Жасалды: әкіммен (1), судьямен (2), сот органдарының
қызметкерімен (3), ҚР ӘМ Сот актілерін орындау бойынша комитеті
қызметкерімен (4);
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен: прокуратура (5), ІІМ
(6), ШМ ҚАЖК (7), қаржы полициясы (8), ҚМ КБК (9), ТЖМ өртке қарсы
қызметімен (10);
Органдар қызметкерлерімен: ҰҚК (11), ҚМ әскери қызметшілер (12),
ІІМ ІӘ (13), ҰҚК Шекара қызметімен (14), Республикалық гвардия (15);
Министрліктер қызметкерлерімен: әділет (16), қаржы (17), ҚМ Салық
комитеті (18), білім және ғылым (19), ауыл шаруашылық (20), сыртқы
істер (21), мұнай және газ (22), денсаулық сақтау (23), индустрия
және жаңа технологиялар (24), қоршаған ортаны қорғау (25),
экономикалық даму және сауда (26), туризм және спорт (27), мәдениет
және ақпарат (28), еңбек және халықты әлеуметтік қорғау (29), көлік
және коммуникация (30), информатизация және байланыс (36), ТЖМ (44);
Агенттіктер қызметкерлері: статистика бойынша (31), жер
ресурстарымен басқару (32), табиғи монополияларды реттеу (33),
мемлекеттік қызмет істері бойынша (35), Ұлттық космос агенттігі (38),
бәсекелестікті қорғау (монополияға қарсы) агенттік (43); Ұлттық банк
(39), Республикалық бюджетті орындауды бақылау бойынша есеп комитеті
(40), әкімдік, мәслихат және оның құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері
(41), басқа да мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері (42)
_____________________________________________________________________
(ведомство атауы)
3. Мемлекеттік қызметтен жағымсыз уәждер бойынша шығару негізі:
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚРЗ 27-бабы 1 тармағы:
3-тармақшасы – әкімшілік мемлекеттік қызметшімен оның кірісі және
мүлігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді беру (1), 4 тармақша –
«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚРЗ белгіленген міндеттер мен
шектеулерді сақтамау (2), 5 тармақша – меншік иесіндегі мүлікті сеніп
тапсырылған басқаруға бермеу (3), 7 тармақша – сыбайлас жемқорлық
құқық бұзушылық жасау (4), 7-1 тт – соттың айыптау үкімінің күшіне
енуі (5), 7-2 тт – сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе бұрын
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлғаны қызметке қабылдау
(6), 7-3 тт – қылмыстық істі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін
ақталмаған негізде қысқарту (7), 7-4 тт – мемлекеттік қызметке
қабылданар алдында мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз
болған көрінеу жалған мәліметтерді беру (8);
«Құқық қорғау қызметі туралы» ҚРЗ 80-бабы 1б: 12 т – қызметтік
тәртіпті өрескел бұзғаны үшін (20), 13 т – құқық қорғау органына кір
келтіретін әрекет жасағаны үшін (21); 14 т – сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасауына байланысты (33), 15 т – соттың айыптау үкімінің
заңды күшіне енуі немесе қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша
тоқтатылған жағдайларда (34), 16 т- «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР
Заңының 6-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді бермегені
немесе бұрмалағаны үшін (35);
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚРЗ
26-бабы 1 т 13 тт – әскери қызметтен жағымсыз себептермен босатылуы
(22): 1-әскери қызметшiге әскери қызметі бойынша шектеу және
тұтқындау түріндегі жазаларды қоспағанда, қылмыстық, оның ішінде
шартты түрде жаза тағайындау туралы сот үкімiнің заңды күшiне енуі
(23); 2 - ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан
босатылу (24); 3 - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
тәртіппен әскери атағынан айыру (25); 4 - әскери қызмет міндеттерін
орындау кезінде алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйге
ұшырататын заттарды тұтыну (26); 5 - денсаулық жағдайы бойынша және
отбасы жағдайлары бойынша шығарылған жағдайларды қоспағанда, әскери
оқу орнынан (әскери факультеттен) шығарылу (27); 6 - әскери
қызметшінің келісімшарттың талаптарын жүйелі түрде бұзуы (28); 7 -
педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез
келген ақылы қызмет түрлерімен айналысу (29); 8 - әскери қызметшінің
ауыр салдарларға әкеп соқтырған қауіпсіздік шараларын, оның ішінде
өрт қауіпсіздігін не қызметтік көлікте жүру қауіпсіздігін бұзуы (30);
9 - әскери қызметшінің қатарынан үш және одан да көп сағат бойы
дәлелсіз себептермен қызметте болмауы (31); 10 - ақшалай қаражатпен
немесе әскери мүлікпен тікелей жұмыс істейтін әскери қызметшінің
кінәратты әрекеттер жасауы, егер бұл әрекеттер командир (бастық)
тарапынан оған сенімді жоғалту үшін негіз болса (32); 11 -
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді, оларды тасығыштарды
жария етуге немесе жоғалтуға әкеп соқтырған құпиялылық режимін
қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптардың бұзылуы (33); 12 -
Қазақстан Республикасының еңбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
заңнамасында айқындалған жағдайлар (34).
«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары
туралы» ҚР Заңының 49-бабы 1 т. 13 тт. – қызметкерлерді теріс
себептер бойынша шығару (35) негіздер болып табылады.
4. Бұйрық (шешім) № ________________ "___" __________________ 20__ ж.
5. Жазалау шарасы қолданылды: атқарып отырған лауазымынан босату (1)
6. Жағымсыз себептермен босатылған адам туралы мәліметтер
ТЕГІ |
АТЫ |
ӘКЕСІНІҢ АТЫ |
7. Туған күні "___" __________________ 19__ ж.
8. Туған жері_________________________________
9. Тұрғылықты (тіркелген) мекенжайы _______________________________
9.1 Жеке идентификациялық нөмірі (ЖИН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
9.2 Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) |_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|_|
10. Жұмыс орны _____________________________________________________
11. Лауазымы ________________________________________________________
12. Карточканы толтырған адамның лауазымы, тегі, қолы _______________
13. Толтырған күні "___" _________________ 20__ ж.
14. Аймақтық басқармада тіркелген күні "___" _______________ 20 __ ж.
Бірыңғай журнал бойынша материал (хаттама) №
15. Аймақтық басқарма қызметкері ____________________________________
(лауазымы, тегі, қолы)
Ескерту: карточка ресми статистикалық құжат болып табылады; оған қол
қойған тұлғалар көрінеу жалған мәліметтер енгізгені үшін заңмен
белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.