"Болашақ" халықаралық стипендиясын іске асыру бойынша кейбір шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 26 қыркүйекте № 439 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қазанда № 7980 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 1 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Өз бетімен түскен үміткерлер санаты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың қосымша мерзімі 2012 жылғы 19 қараша мен 30 қараша аралығы болып белгіленсін.
      2. Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті (А.Ә. Нұрмағамбетов):
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің веб-сайтында «Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты жарияласын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады