Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 251 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қазанда № 7983 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 230 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2004 жылғы 10 ақпанда № 30 (23668) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      қаулыда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін анықтау ережесінде:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 477 қаулысымен
бекітілген";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары";

      1-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы ережелер және анықтамалар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарында, кассалық операцияларды жасауға лицензия алған екінші деңгейдегі банктерде және заңды тұлғаларда (бұдан әрі – уәкілетті банктер және заңды тұлғалар) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен бағалы металдардан дайындалған монеталардан басқа монеталарының төлемділігін айқындау бойынша операцияларды және шынайылығы мен төлемділігі анықталғаннан кейін, олармен жекелеген операцияларды жасау тәртібін белгілейді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ақша айналысынан алынған банкноттар мен монеталар, сондай-ақ тесілген банкноттар мен қатпарланған монеталар заңды төлем құралы ретінде күшін жойған банкноттар мен монеталар болып табылады.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жаншылған, тесігі бар, майысқан, кетік, сынған (механикалық өңдеуге (қатпарлауға) ұшыраған монеталарды қоспағанда);";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Төлем банкноттары мен монеталарына жатқызуға болмайтын және Қағидалардың 6, 7, 13, 14-тармақтарында көрсетілмеген зақымдары (белгілері) бар банкноттар мен монеталар, заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқан банкноттар мен монеталар, "ҮЛГІ" деген жазуы бар банкноттар төлемге жарамсыз банкноттар мен монеталар болып табылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Өзгерістер енгізілген банкноттың сыртқы түрін басқа номиналдағы түпнұсқа банкноттың түріне ұқсас ететіндей қылып, банкноттың номиналын өзгертетін сурет жапсырылған, үстіне сурет салынған немесе мәтін не сандар басылған түпнұсқа банкноттар қайта жасалған банкноттар болып табылады және мұндай қайта жасалған банкнот қайта жасалғанға дейінгі банкнотта көрсетілген номиналдан басқаша өзге бір номинал бойынша түпнұсқа банкнот болып қателесіп қабылдануы мүмкін.

      Бір фрагменті жалған болып табылатын бірнеше фрагменттен тұратын банкноттар да қайта жасалған банкноттарға жатқызылады.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Айналыстан шығарылған, механикалық өңдеуден өткізілген (тесілген), банкноттардың заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқанын куәландыратын тиісті белгілері (саңлаулары) бар банкноттар өтелген банкноттар болып табылады.

      Ұлттық Банк өтелу белгілерінің сипаттамасын уәкілетті банктерге және заңды тұлғаларға жеке жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:

      "15-1. Айналыстан алынған, механикалық өңдеуге (қатпарлауға) ұшыраған, монеталардың заңды төлем құралы ретіндегі күшін жоғалтқанын куәландыратын тиісті механикалық өңдеу (қатпарлау) белгілері бар монеталар қатпарлы монеталар болып табылады. Ұлттық Банк қатпарлау белгілерінің сипаттамасын уәкілетті банктерге және заңды тұлғаларға бөлек жібереді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қолдан жасалған және қайта жасалған банкноттар мен монеталар аумақтық құқық қорғау органдарына берілуі тиіс.";

      2-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банкноттар мен монеталардың төлемділігін айқындау бойынша операцияларды және төлемділігі мен шынайылығы анықталғаннан кейін олармен жекелеген операцияларды жүзеге асыру";

      22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сараптама шынайы деп таныған банкноттар айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуы тиіс.";

      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сараптама шынайы деп таныған монеталар айналысқа жарамды монеталарға айырбасталуы тиіс.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Уәкілетті банктерге және заңды тұлғаларға келіп түскен тозығы жеткен, ақаулы (бүлінген) төлем банкноттары мен монеталары іріктеледі, айналысқа шығарылмайды және Ұлттық Банктің филиалдарына жіберіледі.

      25. Уәкілетті банктер мен заңды тұлғалар Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген банкноттар мен монеталарды сөзге келместен, айналысқа жарамды банкноттар мен монеталарға айырбастайды және айырбастағаны үшін қосымша ақы алынбайды.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Қағидалардың 22, 23-тармақтарында көрсетілген күмәнді банкноттар мен монеталар олардың шынайылығы және оларды айырбастау мүмкіндігі жөніндегі мәселені шешу үшін міндетті түрде Ұлттық Банктің филиалдарына сараптамаға жіберіледі.";

      27-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Уәкілетті банктер мен заңды тұлғалардың касса қызметкерлері зақым келген банкноттардың аман қалған көлемін анықтаған кезде арнайы торлар пайдаланылады (Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9-қосымшалар).";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Бірнеше фрагменттен тұратын банкнотты (оның ішінде әртүрлі номиналдыларын) зерттегенде, егер аталған фрагменттерді Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50 %-дан (елу пайыздан) астамы сақтаған болса немесе бұл еш даусыз бір банкнотқа жататын бірнеше фрагмент болып, олардың жиынтық шамасы Ұлттық Банк белгілеген банкноттар көлемінің 50%-дан (елу пайыздан) астамын құраса, оларды (егер олар шынайы болса) айналысқа жарамдыларымен алмастыру керек екенін ескеру қажет. Мұндайда банкноттың қанша бөлікке айрылып жыртылғанына (кесілгеніне) мән берілмейді. Фрагменттерді талдаған кезде, жыртылған (кесілген) сызығы, сутамғы белгілері, графикалық суреттері, жиектерінің көлемі, серия нөмірлері назарға алынады.

      29. Егер банкнот әртүрлі банкноттардың (оның ішінде әртүрлі номиналдағыларының) екі фрагментінен құралса және фрагменттердің әрқайсысының шамасы Банк белгілеген банкнот көлемінің 50 %-дан (елу пайыздан) астамын құраса, онда бұл фрагменттердің әрқайсысы жеке банкнот болып қарастырылады және ол шынайы болып табылған жағдайда, айналысқа жарамды банкноттарға айырбасталуы тиіс.";

      1-қосымшаның оң жақтағы жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
2-қосымша";

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қоса алғанда 2005 жылға дейін шығарылған, номиналы 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000 және 2000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      3-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
3-қосымша";

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қоса алғанда 2005 жылға дейін шығарылған, номиналы 5000 және 10000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор;

      4-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
4-қосымша";

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы 200 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      5-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
5-қосымша";

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы 500 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      6-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
6-қосымша";

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы 1000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      7-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
7-қосымша";

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы 2000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      8-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
8-қосымша";

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы 5000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор";

      9-қосымшада:

      оң жақтағы жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қазақстан Республикасы
ұлттық валютасының банкноттары
мен монеталарының төлемділігін
айқындау қағидаларына
9-қосымша";

      кестенің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің номиналы 10000 теңге банкноттарының төлемділігін айқындауға арналған тор".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк

      Төрағасы Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады