Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.06.2014 № 235 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) қатысу және құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Ә. Ырсалиев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 443 бұйрығымен бекітілген
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ)
құжаттарды қабылдау және қатысу»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет көрсету регламенті «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес әзірленген.
2. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі – Стандарт).
3. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысушы уәкілетті және жұмыс органдарының жауапты тұлғалары (бұдан әрі – ҚФБ);
2) жұмыс органы – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ҰТО).
4. Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу бойынша мемлекеттік қызметті ҰТО ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес нысанда мемлекеттік сертификат, сондай-ақ тестіленуші қажетті балды жинай алмаған жағдайда, тест блоктары бойынша нәтижелері көрсетілген осы Регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысанда ведомость беріледі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап болып табылады.
7. Стандарттың 11-тармағында қарастырылған құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар
8. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, ҚР БҒМ ҰТО, 3-қабат, 14-кабинет. Құжаттарды қабылдауды және сертификаттарды беруді ҰТО демалыс және мейрам күндерін қоспағанда дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін) жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпарат www.kazakhtest.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8 (7172) 51-83-06 байланыс телефоны арқылы білуге болады. Мемлекеттік қызметті көрсету орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 67, ҰТО, 3-қабат, 15-кабинет.
10. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті алуға өтініш берген уақыттан бастап (тіркелу, талон алу сәтінен бастап) – 30 минут;
2) мемлекеттік қызметті алушының өтініш берген күні сол жерде мемлекеттік қызмет түрін алуға дейінгі күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
3) мемлекеттік қызметті алушыға өтініш берген күні сол жерде қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 3 сағат.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын тұлғалардың ең аз саны – 1 қызметкер, қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ) үшін – 1 қызметкер.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекетті
(өзара іс-қимыл) сипаттау
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
13. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті алушы келесі тәсілдердің біреуі арқылы ақы төлей алады:
1) 1-тәсіл – Ұлттық тестілеу орталығында;
2) 2-тәсіл – екінші деңгейлі Банкте (филиалында).
14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1) мемлекеттік қызметті алушының стандарттың 11-тармағына сәйкес ұсынған құжаттарын қабылдайды және тіркейді;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш бланкісін беру;
3) мемлекеттік қызметті тұтыну үшін төлем жасалғандығын растайтын құжатты (түбіртекті) қабылдау;
4) тестілеуден өту үшін осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысанда Рұқсатнаманы беру;
5) мемлекеттік сертификат немесе жүйе бөліктері бойынша нәтижелер ведомосін беру.
15. ҚФБ әрекеттерінің, әрбір әкімшілік іс-қимылдың (рәсімнің) орындалу мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-қимылдарының (рәсімдерінің) бірізділігі мен өзара іс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысанда келтірілген.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдар мен ҚФБ-ның бірізділігі (Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесі) арасындағы өзара байланысты көрсететін сызбалар олардың сипаттамалары осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысанда келтірілген.
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 1-қосымша
нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ
ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БАҒАЛАУ
__________ № __________
СЕРТИФИКАТ
________________________________________________________
(бағаланушының аты, әкесінің аты, тегі)
Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері
бойынша _________________________ деңгейін меңгергендігін және тест
бөліктерінен мынадай нәтижелер көрсеткендігін растайды.
Бөліктер Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші
1. Тыңдалым ________________________________________
2. Лексика-грамматика ________________________________________
3. Оқылым ________________________________________
4. Жазылым ________________________________________
5. Айтылым ________________________________________
Ұйым басшысы
________________________ _________________________________ қаласы
__________ _____________ «____» _____________________ 200____ жыл
Ұлттық тестілеу орталығының директоры
________________________________
________________ _______________
М.О.
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 2-қосымша
нысан
ВЕДОМОСТЬ
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау нәтижелері
№ |
Тегі |
Есімі |
Нұсқа |
Бөліктер бойынша балл көрсеткіштері |
|||
Тыңдалым |
Лексика-грамматикалық бөлім |
Оқылым |
Барлығы |
||||
1 |
|||||||
2 |
|||||||
3 |
|||||||
4 |
|||||||
5 |
Аудитория кезекшісі ______________________
(Т.А.Ә., қолы
«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 3-қосымша
нысан
№ ____ Рұқсатнама_______________________________________ қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау сынағынан өту үшін берілді. |
|
0 жалпы меңгеру
0 қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауды анықтауға
Күні: ___ /___/___
дд/мм/гг
Уақыты: ___ /___
сағ./мин
Аудитория: № ___
Өткізілу орны:
Мекенжайы: _______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
_______________________________________
Рұқсатнама беруге жауапты:
_____________________ (М.О.)
(аты-жөні)
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 4-қосымша
1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.
Құжаттарды қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету.
Негізгі үдерістің (жұмыс жүруінің, ағымының) әрекеттері |
|||
1 |
әрекеттің (жұмыс жүруінің, ағымының) № |
1 |
2 |
2 |
ҚФБ атауы |
ҰТО сарапшысы |
ҰТО қызметкері немесе екінші деңгейлі кез келген Банктің қызметкері |
3 |
Әрекеттің (үдерістің, шараның, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
Құжаттарды қабылдау, мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын немесе құжаттар ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті |
Мемлекеттік қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың түпнұсқасын және мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлем қабылдау |
4 |
Нәтижесі (мәліметтер, құжат, ұйымдастырмалы-өкімдік шешім) |
Мемлекеттік қызметті алу үшін төлем жасалғандығын растайтын құжат (түбіртек) беру |
Мемлекеттік қызметке төлем жасалғандығын растайтын құжат (түбіртек) беру |
5 |
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
2-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы.
«Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) қатысу» бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету.
Негізгі үдерістің (жұмыс жүруінің, ағымының) әрекеттері |
|||
1 |
әрекеттің (жұмыс жүруінің, ағымының) № |
1 |
2 |
2 |
ҚФБ атауы |
ҰТО сарапшысы |
ҰТО сарапшысы |
3 |
Әрекеттің (үдерістің, шараның, операцияның) атауы және оның сипаттамасы |
Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ); |
|
4 |
Нәтижесі (мәліметтер, құжат, ұйымдастырмалы-өкімдік шешім) |
Емтихан материалдарын қабылдау: сұрақ кітапшасы, жауаптар парағы |
Қазақ тілін меңгерудің белгілі бір деңгейін растайтын мемлекеттік сертификат немесе жүйе бөліктері бойынша нәтижелер ведомосін беру. |
5 |
Орындау мерзімі |
1 жұмыс күні |
2 жұмыс күні |
«Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға
(ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау
және қатысу» мемлекеттік қызмет
көрсету регламентіне 5-қосымша