Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту жөнінде" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 277 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 15 қазанда № 8006 тіркелді

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптарды бекіту жөнінде» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7734 тіркелген, 2012 жылғы 29 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 562-569 (27642) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығын бекіту туралы»:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығы бекітілсін.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығының 4-тармағы 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға және өзге жабдықтарға қойылатын талаптарда:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және өзге жабдықтардың нұсқаулығы»;
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Бағдарламалық-техникалық құралдардың және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру үшін қажетті өзге жабдықтардың нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) бағдарламалық-техникалық құралдар мен өзге жабдықтарға (бұдан әрі - бағдарламалық қамтамасыз ету) қойылатын талаптарды және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларында сақталған деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпаратты сақтау мен қорғауды қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруды айқындайды.»;
      12 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Бағдарламалық қамтамасыз ету:
      1) ақпараттың сенімді сақталуын, санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауды, деректер базасының тұтастығын және электронды мұрағаттар мен деректер базасындағы ақпараттың:
      кез келген уақытта бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген учаскесіндегі электр қорек көзін толық немесе ішінара ажыратқанда;
      желілер, телекоммуникациялар апатында, деректер алмасу операцияларын орындаудың кез келген кезеңіндегі орнатылған табиғи және виртуалды қосылыстар ажырағанда;
      бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген функциясын орындау барысында бағдарламалық қамтамасыз етудің кез келген есептеу құралдары толық немесе ішінара тоқтап қалғанда;
      бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпаратына санкцияланбаған қол жеткізуге талаптанғанда толық сақталуын;
      2) Бағдарламалық қамтамасыз етуде іске асырылған кіру деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге көп деңгейлі қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс. Бағдарламалық қамтамасыз ету ең кем дегенде қол жеткізудің екі деңгейін көздеуі тиіс: әкімші және пайдаланушы;
      3) енгізілген деректердің толықтығын бақылауды (барлық ашық жиектерді толығымен толтырмай функцияларды немесе операцияларды орындаған жағдайда бағдарлама сәйкес хабарламаны беруді қамтамасыз етеді);
      4) жеке сұрату бойынша және кез келген критерийлер бойынша ақпарат іздеуді, сондай-ақ кез келген өлшемдер бойынша ақпарат іріктеу мен алдында болып өткен күндердегі ақпаратты қарау мүмкіндігін;
      5) қысқартылмаған күндер бойынша ақпарат өңдеу мен сақтауды;
      6) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген есептердің, сондай-ақ хабарламалардың, анықтамалардың, жеке шоттардан үзінді-көшірмелердің, өткізілген операциялар туралы есептердің және ақпараттық операциялар жүзеге асырылғанын растайтын құжаттардың нысандарын автоматты қалыптастыруды;
      7) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында және олардың ішкі құжаттарында көзделген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын жүргізуді және автоматты қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Журналды толық, сондай-ақ ішінара (күндердің аталған диапазонына, белгілі күніне, нақты тіркелген тұлғаға, келіп түсетін құжаттың нақты мәртебесіне) қалыптастыруды мүмкіндігі көзделеді;
      8) мұрағаттау мүмкіндігін (мұрағаттың деректерін қалпына келтіру);
      9) келіп түсетін құжаттарды экранға, принтерге немесе файлға шығару мүмкіндігін;
      10) осы ақпаратты енгізуде (қор биржасының сауда жүйесінде қаржы құралдарын сатып алуға және сатуға өтінімдерді енгізуді қоспағанда) қателерді болдырмау мақсатында түрлі пайдаланушылардың бұйрықтарды екі рет енгізу жүйесін («бірінші енгізу» және «екінші енгізу») қолдануды қамтамасыз ету. Ақпаратты енгізуде «екінші енгізуді» пайдаланушылар «бірінші енгізудің» пайдаланушылары енгізген ақпаратқа қол жеткізе алмайды. «Екінші енгізудің» деректері «бірінші енгізудің» деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, бағдарлама тиісті хабарламаны беруге тиіс;
      11) электрондық құжаттармен алмасу мүмкіндігін;
      12) бағдарламалық қамтамасыз етудегі іркілістер жағдайында жұмысты іркіліссіз және үзіліссіз жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
      2. Тиісті лицензия негізінде не Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға берілген қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету:
      1) мынадай операцияларды:
      жеке шотты ашуды;
      тіркелген тұлға, инвестициялық пай қоры немесе инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы туралы мәліметтердің өзгеруін;
      эмиссиялық бағалы қағаздардың шығарылымын жоюды;
      тіркелген тұлғалардың шоттарынан (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығаруды (есепке алуды);
      эмитенттің орналастырылған акциялары саны өсуіне байланысты тіркелген тұлғаның жеке шотында акциялардың саны ұлғайғаны (эмитент сатып алған акцияларын есептемегенде) жөніндегі жазбаны енгізуді;
      эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақшалай міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаны енгізуді;
      эмитенттің бір түрде орналастырылған акцияларын осы эмитенттің басқа түрдегі акцияларына айырбастау туралы жазбаны енгізуді;
      бағалы қағаздардың ауыртпалығы және ауыртпалықты алып тастауды;
      бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастауды;
      сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізуді және сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жоюды;
      жеке шотты жабуды;
      белгілі күнге және уақытқа жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді-көшірмені, жүргізілген операциялар туралы есепті, бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарийдің, эмитенттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің сұратуы бойынша есептерді, хабарламалар мен анықтамаларды жасау және беруді жүргізуді;
      2) тіркелген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе толық атауы өзгерген кезде өзгеретін деректердің сақталуын және бұрынғы деректер бойынша тіркелген тұлғаны іздеуді;
      3) барлық кезеңдегі жеке шот бойынша жүргізілген барлық операциялар бойынша ақпараттың сақталуын;
      4) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу процесінде орталық депозитарийдің бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі тиіс.
      3. Номиналды ұстаушы ретінде бағалы қағаздар нарығында клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті, кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі Нұсқаулықтың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша:
      1) клиенттердің номиналды ұстауға және (немесе) кастодиандық қамтамасыз етуге берілген активтерін есепке алу мүмкіндігін;
      2) клиент активтерін жеке есепке алуды, оны есептеу бойынша барлық операцияларды жүргізуді, жеке шот бойынша операциялардың тарихын талдау мүмкіндігін, оның ішінде операциялық күн ішінде кез келген күні мен уақытындағы жағдай бойынша ақша қалдығы туралы, сондай-ақ әрбір клиенттің және клиенттің ақшасын есепке алу және сақтау жүзеге асырылатын ұйымның бөлігінде ақша қозғалысы туралы мәліметтерді автоматтандырылған қалыптастыруды, мына ақпаратты қосады бірақ олармен шектелмейді:
      ақшамен операция жүргізу күні мен уақыты;
      операцияның атауы;
      растайтын құжаттың деректемелері мен атауы;
      клиенттің тегі, аты, бар болса – әкесінің аты немесе атауы;
      есептік-депозитарлық жүйесінің атауы сол арқылы қаржы құралдармен мәмілелер бойынша есеп айырысулар жүзеге асырылады;
      брокердің және (немесе) дилердің және оның клиенттерінің ақшаны есепке алу және сақтау жүзеге асырылатын ұйымның атауы;
      клиенттің шоты бойынша ақша бойынша әрбір операцияның сомасы;
      брокердің және (немесе) дилердің, кастодианның сыйақы есептелген қызмет көрсетуді көрсете отырып мәміле (операция) бойынша осы сыйақы сомасы;
      брокердің және (немесе) дилердің, кастодианның осы шығыстар деректерін туындау мәмілелерді (операцияларды) жасауға байланысты шығыстар сомасы;
      3) эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу процесінде қор биржасының және (немесе) клиринг ұйымның бағдарламалық қамтамасыз етуімен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясына ие ұйымын бағдарламалық қамтамасыз ету Нұсқаулықтың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша мыналарды қамтиды:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару жүйелерінің болуына қойылатын талаптар туралы нұсқаулықты бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қыркүйектегі № 209 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5844 тіркелген) белгіленген тәуекелдерді жабу коэффициенті және бір клиентіне тәуекелдер мәндерінің, сондай-ақ пруденциалдық нормативтерінің автоматтандырылған есеп айырысуды;
      2) қаржы құралдарынан және оның клиенттерінің ақшаларынан бірінші санаттағы брокерге және (немесе) дилерге тиесілі қаржы құралдарын және ақшаны бөлек есепке алуды жүзеге асыруды;
      3) мына атрибуттарын: оқиғаның басталу күні мен уақытын, іс-қимылын жасаған пайдаланушыны, жазбаны сәйкестендіргішін, бизнес-процестің орындалуының аяқтау күні мен уақытын, бизнес-процессін орындау нәтижелерін сақтай отырып оқиғаларды ақпараттық жүйесінде болған тіркеуді және сәйкестендіруді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі Нұсқаулықтың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға қосымша, клиентке оның бұйрығын орындау жөніндегі есепті жеке шоттардың бірыңғай жүйесінде мәмілелер көрсетілгені туралы орталық депозитарийдің растауын алғаннан кейін және осы растау туралы ақпаратты бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесіне енгізгеннен кейін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.»;
      67 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қор биржасының бағдарламалық қамтамасыз етуi Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:
      1) қор биржасының сауда жүйесін әрбір пайдаланған кезде осы қор биржасының сауда жүйесiн пайдалану арқылы қор биржасының мүшесi атынан мәмiле жасауға және iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi жеке тұлғаларды (трейдер) сәйкестендіруді;
      2) қор биржасының сауда-саттыққа жіберілген, сауда-сатыққа қатысудан шеттетілген трейдерлері тізілімін жүргізу (шеттету себептерін көрсетумен);
      3) қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес құқығы жоқ тұлғалардың қор биржасының сауда жүйесін пайдалана отырып мәмілелер жасау мүмкіндігін шектеуді;
      4) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңының 56-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген талаптарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 170 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5406 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдармен сауда-саттықты ұйымдастырушылардың қызметiн жүзеге асыру ережесiнің 9-тарауына сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi анықтау тұрғысынан қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер параметрлеріне мониторинг жүргізуді;
      5) қор биржасының сауда жүйесінде жасалған мәмілелердің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының және қор биржасының қағидаларына сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
      6) қор биржасының мүшелері және бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізуді болжап отырған немесе енгізген эмитенттер ұсынатын, оның ішінде олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу мақсатында қаржылық есеп беруді және өзге ақпаратты автоматты түрде жинау, өңдеу және сақтауды;
      7) эмитенттердің қор биржасының тізіміне енгізілген бағалы қағаздарды, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы және акционерлік қоғамдар туралы заңнамасымен және қор биржасының ішкі құжаттарымен белгіленген көлемдегі ақпаратты ашу мониторингін жүргізу мүмкіндігі;
      8) мемлекеттік бағалы қағаздарды алғаш орналастырғанда оларды екінші деңгейдегі банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының және «өмірді сақтандыру» саласында қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының активтері есебінен емес берілетін өтінімдерді сатып алуға өтінімдерді автоматты түрде шеттетуді қамтамасыз етуі тиіс.
      7. Орталық депозитарийдің (бірыңғай тіркеушінің) бағдарламалық қамтамасыз етуi Нұсқаулықтың 1-тармағында, 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген талаптарға қосымша:
      1) тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операцияларды жасағанға дейін:
      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарын және орталық депозитарийдің (бірыңғай тіркеушінің) ережелер жиынтығын ескере отырып осындай операция жасау мүмкіндігін;
      тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жасалатын құжаттар деректемелерінің болуын және орталық депозитарийдің (бірыңғай тіркеушінің) ережелер жиынтығының талаптарына сәйкестігін;
      2) тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операция жасалатын құжаттарды беретін тұлғалардың, осы іс-әрекеттерді жасауға өкілетін, сондай-ақ жеке шот (қосалқы шот) бойынша операция тіркелетін немесе ақпараттық операция жүргізілетін бұйрықтарға қол қойған тұлғалардың өкілетін растайтын құжаттарды сәйкестендіру;
      3) егер осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес жүргізілген тексерудің қорытындылары бойынша:
      жасалуы болжанған операциялардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының және орталық депозитарий (бірыңғай тіркеуші) қағидаларының жиынтығы талаптарына сәйкес келмеуі белгіленсе;
      тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жасалатын құжаттар деректемелерінің болмауы немесе орталық депозитарий (бірыңғай тіркеуші) қағидаларының жиынтығы талаптарына сәйкес келмеуі белгіленсе;
      тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жасалатын құжаттарды беретін тұлғалардың осы іс-әрекеттерді жасауға өкілеті расталмаса, тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жасаудан бас тартуды;
      4) операциялық күн жабылғаннан кейін, егер келесі операциялық күн ашылмаса, тіркелген тұлғаның жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операциялар жүргізу үшін мүмкіндіктерді шектеуді;
      5) бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ету барысында аудит журналын жүргізу;
      Нұсқаулықтың мақсаттары үшін аудит журналы деп бағдарламалық қамтамасыз етудің қызмет етуі процесінде штаттық және сыни қимылдарын көрсету мақсатында әзірленген мамандандырылған құрал түсіндіріледі.
      8. Клиринг ұйымның бағдарламалық қамтамасыз етуі Нұсқаулықтың 1-тармағында көзделген талаптарға қосымша:
      1) клирингтік ұйым клирингтік қызмет көрсетуді, оны салыстыруды және түзетуді жүзеге асыратын мәмілелер бойынша ақпаратты автоматты түрде жинау, өңдеу және сақтауды;
      2) сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда жүйесінде және (немесе) тауар биржасында клиринг қызмет көрсетуге қабылданған барлық жасалған мәмілелердің параметрлерін есепке алуды;
      3) сауда-саттыққа клирингтік қатысушылардың талаптарын және (немесе) міндеттемелерін есептеуді, оның ішінде сауда-саттыққа клирингтік қатысушыларының таза позицияларын айқындауды жүзеге асыру мүмкіндігін;
      4) осы тармақтың 3) тармақшаларында көрсетілген ақпаратты орталық депозитарийге және (немесе) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) жүзеге асыратын өзге ұйымдарға автоматты түрде беруді;
      5) есепті сауда-саттыққа клирингтік қатысушылары үшін клиринг қызметінің нәтижелері бойынша құруды қамтамасыз етеді.».
      2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары 2013 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде өз қызметін және ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                         Г. Марченко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады