Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде" 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 290 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 қазанда № 8036. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.03.2015 № 38 (12.05.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4268 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережеде:
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.»;
      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ең төменгі резервтік талаптар. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері. Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ең төменгі резервтік талаптар – банктердің есеп айырысуға қабылданатын міндеттемелерінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бекіткен құрылымына, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың орындалу шарттарына, оларды резервтеу тәртібіне және нормативтердің орындалуына бақылауды жүзеге асыруға сәйкес белгіленген банк міндеттемелері сомасының міндетті үлесі, оны банк өз кассасындағы ұлттық валютадағы қолма-қол ақша және Ұлттық Банктегі ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттардағы ақша (резервтік активтер) түрінде қолдайды.»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Банктің ең төменгі резервтік талаптарды есептеу үшін қолданатын міндеттемелерінің құрылымын (бұдан әрі – резервтік міндеттемелер) банктің 1 (бір) жылға дейінгі (қысқа мерзімді) және 1 (бір) жылдан астам (ұзақ мерзімді) ішкі және сыртқы міндеттемелері құрайды.
      5. Банктің ішкі қысқа мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 1-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резиденттер алдындағы міндеттемелері.»;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      «5-1. Банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 2-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резиденттер алдындағы міндеттемелері.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 3-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резидент еместер алдындағы міндеттемелері.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелері – бұл банктің тізбесі осы Ереженің 4-қосымшасында айқындалған баланстық шоттарында көрсетілген резидент еместер алдындағы міндеттемелері.»;
      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша, ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша, сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша, сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша жеке-жеке белгіленеді.
      8. Банк белгілі бір күнге ең төменгі резервтік талаптарды мынадай резервтік талаптар сомасы ретінде:
      1) ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің ішкі қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
      2) ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша;
      3) сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша;
      4) сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптар нормативінің мәндерін белгілі бір күнгі банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің мөлшеріне көбейту арқылы есептелетін сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша есептейді.»;
      2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау және оны резервтеу тәртібі»;
      «3. Ең төменгі резервтік талаптардың орындалуын бақылау»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Банктің ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындауын бақылау олардың осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпаратты Ұлттық Банкке ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.»;
      123 және 4-қосымшалар осы қаулының 123 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
      осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес редакциядағы 5-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                            Г. Марченко

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттiгi
      Төраға______Ә.А. Смайылов
      2012 жылғы 12 қазан

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 290 қаулысына      
1-қосымша        

Ең төменгі резервтік 
талаптар туралы ереженің
1-қосымшасы       

Банктің ішкі қысқа мезімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шот

Көрсеткiш атауы

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары

2034

Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қысқа мерзімді қарыздар

2038

Қазақстан Республикасының Үкіметінен және Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан алынған қарыздар бойынша мерзімі өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2201

Мемлекеттік бюджеттің ақшасы

2202

Кастодиан банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларына және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға ашқан ағымдағы шоттардағы инвестицияланбаған қалдықтары

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2209

Жеке тұлғалардың карт-шоттары

2210

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2212

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы мерзiмдi салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2221

Заңды тұлғалардың карт-шоттары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2225

Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек

2226

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2228

Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар

2232

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2552

Клиенттермен есеп айырысу

2701

Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар

2703

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған қарыздар бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар

2717

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2726

Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2730

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2742

Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2743

Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2746

Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2747

Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзiмi өткен сыйақы

2755

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2891

Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша мiндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша мiндеттемелер

2899

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 290 қаулысына     
2-қосымша         

Ең төменгі резервтік  
талаптар туралы ереженің
2-қосымшасы       

Банктің ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шот

Көрсеткiш атауы

2036

Қазақстан Республикасының Үкіметінен, Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органдарынан және ұлттық басқарушы холдингтен алынған ұзақ мерзімді қарыздар

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2227

Алынған қаржы лизингi

2230

Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2306

Сатып алынған облигациялар

2745

Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 290 қаулысына    
3-қосымша        

Ең төменгі резервтік  
талаптар туралы ереженің
3-қосымшасы      

Банктің сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шот

Көрсеткiш атауы

2012

Шетелдiк орталық банктердiң корреспонденттiк шоттары

2013

Басқа банктердiң корреспонденттiк шоттары

2014

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттары

2016

Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары

2022

Шетелдiк орталық банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары

2023

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары

2024

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2044

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар

2048

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған қарыздар бойынша мерзiмi өткен берешек

2052

Шетелдiк орталық банктерден алынған қарыздар

2054

Басқа банктерден алынған қысқа мерзiмдi қарыздар

2058

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2064

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзiмдi қарыздар

2068

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2122

Шетелдiк орталық банктердiң мерзiмдi салымдары

2123

Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр айға дейiнгi)

2124

Басқа банктердiң қысқа мерзiмдi салымдары (бiр жылға дейiнгi)

2125

Басқа банктерден бiр түнге тартылған салымдар

2126

Басқа банктердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары

2130

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым

2131

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2133

Басқа банктердiң шартты салымдары

2135

Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2138

Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2203

Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары

2204

Жеке тұлғалардың ағымдағы шоттары

2205

Жеке тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2206

Жеке тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2208

Жеке тұлғалардың шартты салымдары

2209

Жеке тұлғалардың карт-шоттары

2210

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтері

2211

Заңды тұлғалардың талап еткенге дейінгі салымдары

2212

Клиенттердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары

2213

Жеке тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2215

Заңды тұлғалардың қысқа мерзімді салымдары

2216

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы мерзiмдi салымдары

2219

Заңды тұлғалардың шартты салымдары

2221

Заңды тұлғалардың карт-шоттары

2222

Арнайы мақсаттағы еншiлес ұйымдардың салымдары

2223

Заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету болып табылатын салым

2224

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2225

Клиенттермен басқа да операциялар бойынша мерзiмi өткен берешек

2226

Клиенттердiң мерзiмдi салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2228

Мерзiмiнде орындалмаған нұсқаулар

2231

Арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдардың салымдары бойынша мерзімі өткен берешек

2232

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша мерзiмi өткен берешек

2237

Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес жiберушiнiң нұсқауларын сақтау шоты

2240

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету (кепiлзат, кепiлақы) ретiнде қабылданған ақшаны сақтау шоты

2551

Басқа банктермен есеп айырысу

2552

Клиенттермен есеп айырысу

2701

Корреспонденттiк шоттар бойынша есептелген шығыстар

2702

Басқа банктердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2704

Халықаралық қаржы ұйымдарынан алынған заемдар бойынша есептелген шығыстар

2705

Басқа банктерден алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2706

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

2707

Клиенттердің міндеттемелерін қамтамасыз ету (кепілзат, кепiлақы) ретінде қабылданған ақша сомасына сыйақы төлеуге байланысты есептелген шығыстар

2708

Басқа банктердiң тазартылған бағалы металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2712

Басқа банктердiң мерзiмдi салымдары бойынша есептелген шығыстар

2713

Басқа банктердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2714

Басқа банктердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2717

Клиенттердiң тазартылған қымбат металдардағы металл шоттары бойынша есептелген шығыстар

2718

Клиенттердiң ағымдағы шоттары бойынша есептелген шығыстар

2719

Клиенттердiң шартты салымдары бойынша есептелген шығыстар

2720

Клиенттердiң талап еткенге дейінгі салымдары бойынша есептелген шығыстар

2721

Клиенттердiң мерзімді салымдары бойынша есептелген шығыстар

2722

Арнайы мақсаттағы еншiлес ұйымдардың салымдары бойынша есептелген шығыстар

2723

Клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша есептелген шығыстар

2726

Клиенттердiң карт-шоттары бойынша есептелген шығыстар

2727

Туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша есептелген шығыстар

2730

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар

2731

Басқа да операциялар бойынша есептелген шығыстар

2741

Алынған қарыздар және қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2742

Талап еткенге дейінгі салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2743

Мерзiмдi салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2744

Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша мерзімі өткен сыйақы

2746

Шартты салымдар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2747

Басқа банктердiң және клиенттердiң мiндеттемелерiн қамтамасыз ету болып табылатын салым бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2748

Ағымдағы шоттар бойынша мерзiмi өткен сыйақы

2749

Басқа да мерзiмi өткен сыйақы

2755

Сенiмгерлiк басқаруға қабылданған қаржы активтерi бойынша есептелген шығыстар

2855

Құжаттандырылған есеп айырысулар бойынша кредиторлар

2891

Фьючерс операциялары бойынша мiндеттемелер

2892

Форвард операциялары бойынша мiндеттемелер

2893

Опцион операциялары бойынша мiндеттемелер

2894

Спот операциялары бойынша мiндеттемелер

2895

Своп операциялары бойынша мiндеттемелер

2899

Басқа да туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша міндеттемелер

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 290 қаулысына     
4-қосымша        

Ең төменгі резервтік  
талаптар туралы ереженің
4-қосымшасы       

Банктің сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелерінің тізбесі

Баланстық шот

Көрсеткіш атауы

2046

Халықаралық қаржылық ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2056

Басқа банктерден алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2057

Басқа банктерден алынған қаржы лизингi

2066

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзiмдi қарыздар

2067

Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қаржы лизингi

2127

Басқа банктердiң ұзақ мерзiмдi салымдары

2207

Жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2217

Заңды тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдары

2227

Алынған қаржы лизингi

2230

Алынған қаржы лизингi бойынша мерзiмi өткен берешек

2301

Айналысқа шығарылған облигациялар

2303

Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар

2306

Сатып алынған облигациялар

2745

Алынған қаржы лизингi бойынша есептелген шығыстар

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 290 қаулысына    
5-қосымша        

Ең төменгі резервтік  
талаптар туралы ереженің
5-қосымшасы       

Нысан

Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау туралы ақпарат
__________________________________________________________________
(банктің атауы)

Ең төменгі резервтік талаптарды белгілеу кезеңінің күні

Ішкі міндеттемелер

Ішкі міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптар

Сыртқы міндеттемелер

Сыртқы міндеттемелер бойынша ең төменгі резервтік талаптар

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді (2*n1)

Ұзақ мерзімді (3*n2)

Қысқа мерзімді

Ұзақ мерзімді

Қысқа мерзімді (6*n3)

Ұзақ мерзімді (7*n4)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















кестенің жалғасы

Ең төменгі резервтік талаптар (4+5+8+9)

Ең төменгі резервтік активтерді қалыптастыру кезеңінің күні

Резервтік активтер

Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттардағы теңгемен ақша қалдығы

Қолма-қол теңге

Резервтік активтердің жиынтығы

10

11

12

13

14











n1 - ішкі қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n2 - ішкі ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n3 - сыртқы қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі;
n4 - сыртқы ұзақ мерзімді міндеттемелер бойынша резервтік талаптардың нормативі.

Кестені толтыруға арналған түсініктеме:
2-10, 12-14-бағандарындағы мәндер тұтас мың теңгемен көрсетіледі;
2-10, 12-14-бағандарындағы 500-ге тең және одан аз мәндер нөлге дейін дөңгелектенеді,
500-ден көп мәндер мыңға дейін дөңгелектенеді.

Бірінші басшы __________________________
              (күні, қолы, аты-жөні)
Бас бухгалтер ___________________________
              (күні, қолы, аты-жөні)

Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады