"Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 4 қазандағы № 453 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 қазанда № 8046 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 қарашадағы № 629 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 30.11.2016 № 629 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 5574 болып тiркелген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Бюджеттiк мониторинг жүргiзу нұсқауында:

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне тәуелді емес объективті себептерге мыналар жатады:

      бағамдық айырма;

      форс-мажорлық жағдайлар (көзделуі, қандай да болмасын іс-шаралармен алдын алуы немесе жойылуы мүмкін емес жағдайлар);

      бағаның және тұтынудың заттай көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы;

      бос орындардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу;

      ол бойынша Үкіметтің шешімдері қабылданбаған бөлінетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлінбеген қалдық;

      бюджет қаражатын алушылардың жоспарланғанға қарағанда іс жүзіндегі санының азаюы;

      кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының өзгеруі;";

      39-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) 17-бағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тәуелді емес объективті себептер бойынша қалыптасқан орындамау сомасы көрсетіледі:

      бағамдық айырма;

      форс-мажорлық жағдайлар (көзделуі, қандай да болмасын іс-шаралармен алдын алуы немесе жойылуы мүмкін емес жағдайлар);

      бағаның және тұтынудың заттай көлемінің өзгеруі есебінен қалыптасқан түгел пайдаланылмаған қаражат қалдығы;

      бос орындардың болуы, ақысыз демалыстар беру және еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен ағымдағы шығындар бойынша үнемдеу;

      бюджет қаражатын алушылардың жоспарланғанға қарағанда іс жүзіндегі санының азаюы;

      кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының өзгеруі;";

      5 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақпараттық технологиялар департаментi (Д.Ж. Күнтубаев) "Бюджеттiк процесс мониторингi" бағдарламалық қамтымына тиісті өзгерістер енгізсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 4 қазандағы
№ 453 бұйрығына
1-қосымша
Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқауына
5-қосымша

Салықтар мен төлемдер бөлінісінде мемлекеттік бюджетке
түсетін түсімдер бойынша бересі сомасын талдау
Ағымдағы жылдың басынан "__" ________ жағдай бойынша бересіні талдау

      мың теңге

БС коды

Салықтар мен төлемдердің атауы

Ағымдағы жылдың басына бересі

Ағымдағы жылдың есепті күніне бересі

Ауытқу
(5-бағ.-4-бағ.)

Себептер

1

2

3

4

5

6

7

1







2







...







n







Ағымдағы жылдың есепті айындағы бересіні талдау

      мың теңге

БС коды

Салықтар мен төлемдердің атауы

Ағымдағы жылдың есепті айының басына бересі

Ағымдағы жылдың есепті айының аяғына бересі

Ауытқу
(5-бағ.-4-бағ.)

Себептер

1

2

3

4

5

6

7

1







2







...







n








      Ескерту: бюджетті атқару жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органдар осы нысанды облыс бюджеті, облыстық бюджеттің өзі, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттері бөлігінде толтырады.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 4 қазандағы
№ 453 бұйрығына
2-қосымша
Бюджеттік мониторинг
жүргізу нұсқауына
8-қосымша

200___ жылғы ________________ жағдай бойынша бюджеттiк
бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) іске асыру
мониторингiнiң нәтижелерi туралы есеп

      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi ___________________

      Бюджеттiң түрi ___________________

      Есептi кезең ___________________

      Өлшем бiрлiгi

Коды

Атауы

Бір жылға арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

Есепті кезеңге арналған жиынтық қаржыландыру жоспары

ББӘ

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

міндеттемелер бойынша

төлемдер бойынша

1

2

3

4

5

6

7




Барлығы







оның ішінде:







ЕТҚ бойынша үнемдеу

х

х

х




бағамдық айырма

х

х

х




оның ішінде:







Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар







...







Даму бағдарламалары







...





      кестенің жалғасы:

Қабылданған міндеттемелер

Төленген міндеттемелер

Атқарылу %
(9-бағ./
7-бағ.*
100)

Атқарылмау сомасы
(9-бағ.-
7-бағ.)

Қабылданбаған міндеттемелер сомасы
(8-бағ.-
6-бағ.)

Бір жылға арналған күтілетін орындалуы

Атқарылу
(13-бағ./
5-бағ.
*100)

Бір жылға күтілетін атқарылмау сомасы
(13-бағ.-
5-бағ.)

8

9

10

11

12

13

14

15

















х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х

х










































      кестенің жалғасы:

оның ішінде

Ескерту (жоспардың орындалмау себептерін бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) әкімшілерінің негіздеуі

мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу

объективті, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне тәуелді емес

басқа себептер

оның ішінде мыналардың есебінен:

бәсекелі ортаның болмауынан (маркетингтік талдаудың болмауынан) мемлекеттік сатып алу бойынша өтпеген конкурстар

бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаны тиімсіз басқаруы (конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу, оларды өткізу мерзімін ауыстыру, өнім берушінің шарт талаптарын бұзуы, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілер нарығын талдауды уақтылы ұсынбау)

қаражатты негізсіз жоспарлау (бюджет қаражатының талап етілмеуі, асыра көрсетілген құндық көрсеткіштер, жылдық жоспарларды айлар бойынша дұрыс бөлмеу)

бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау және басқа себептер

16

17

18

19

20

21

22

23

















х


х

х

х

х

х

х

х


х

х

х

х

х

х










































      Ескерту: * 13-бағанды бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi ағымдағы жылғы 9 айдың қорытындысынан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін толтырады.

      Орталық атқарушы органның жауапты

      хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық

      атқарушы орган жауапты хатшысының

      өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға)/мемлекеттік

      мекеме басшысы __________ _________________________

       (қолы) (қолды таратып жазу)

      Қаржы қызметiнiң басшысы ___________ ________________________

       (қолы) (қолды таратып жазу)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады