Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 344 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8056 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 14 қазандағы № 223-НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сауда және интеграция министрінің 14.10.2020 № 223-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы екінші бөлімінің 9)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Р.А. Сәтбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қ.А. Тулеушинге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Премьер -


Министрдің орынбасары - Қазақстан


Республикасы Индустрия және жаңа


технологиялар министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия
және жаңа технология министрінің
2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 344
бұйрығымен бекітілген

Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз
ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою,
өзектендіру, сақтау, басып шығару, тарату, әзірлеушінің
авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу ережелері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының "Техникалық реттеу туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы екінші бөлігі 9)-тармақшасына сәйкес әзірленді және үкіметтік емес стандарттарды әзірлеу, консенсусты қамтамасыз ету, бекіту, есепке алу, тіркеу, белгілеу, өзгерту, жою, өзектендіру, сақтау басып шығару, тарату, әзірлеушінің авторлық құқығын сақтау және оларды қолданысқа енгізу тәртібін (бұдан әрі – стандарт) белгілейді.

      2. Осы ережелерде мынадай түсініктемелер пайдаланылады:

      1) консенсус – көптеген мүдделі тараптардағы нақты бір шешімнің ешқандай қарсылық болмауын сипаттайтын және барлық тараптардың пікірлерін есепке алуға ұмтылу процедурасы мен үйлеспейтін көзқарастарды түйістіру нәтижесінде жететін жалпы келісім. Консенсус ынтымақтылықты білдірмейді; Консенсус толық ынтымақтылықты білдіру міндетті емес.

      2) жұмыс тобы – мүдделі тұлғалар арасындағы консенсусқа жету мақсатында құрылған консенсустық топ, осы топ қатысушыларының дауыс беру нәтижесі консенсус дәлелдемесін көрсетеді;

      3) уәкілетті орган – техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылауды іске асыратын мемлекеттік орган;

      4) коммерциялық емес ұйым - негізгі мақсаты табыс табу болып табылмайтын және таза табысын үкіметтік емес стандарттар әзірлеушілер мен бекітушілер арасында бөліспейтін заңды тұлға (бұдан әрі - Әзірлеуші).

2. Консенсусты әзірлеу және қамтамасыз ету

      3. Стандартты әзірлеу келесі кезеңдерден тұрады:

      1) стандартты әзірлеуді ұйымдастыру;

      2) стандарттың алғашқы редакциясын әзірлеу;

      3) стандарттың екінші редакциясын әзірлеу.

      4. Әзірлеуші консенсустық органның бірінші отырысының күнін көрсете отырып, стандартты әзірлеуді бастау туралы БАҚ-ға ескерту-хабарламасын шығарады.

      5. Әзірлеуші ескерту-хабарламасын жариялағаннан кейін 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде жұмыс тобын әзірлейді және оның ережесін бекітеді.

      6. Консенсустық органның құрамына мүдделі органдар кіреді, оның ішінде:

      1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың өкілдері;

      2) отандық өндірушілер;

      3) соңғы тұтынушы, аталған стандарт бойынша тауарлар мен қызметтерді тұтынуға байланысты қызметтің өкілі;

      4) индустрия тұтынушысы, өндірістік өнімді (компоненттер) тұтынумен байланысты және стандартты сатып алу мақсатында негізге алатын қызметтің өкілі.

      5) ұйым тұтынушылары өнім, жұмыс және қызметтерді тұтынуға байланысты стандартты сатып алу мақсатында негізге алатын қызметтің өкілдері.

      7. 18 (он сегіз) ай ішінде консенсустық орган оның әзірленген күнінен бастап стандарт жобасының алғашқы редакциясын және оған қоса түсініктеме жазбасын әзірлейді.

      Бірінші редакцияны әзірлеу барысында құрылым, негізгі ережелер, стандарт талабының негізгі шарттарын анықтайды, осыған орай, стандарттаудың объектісін көшіруге, қолданыстағы үкіметтік емес басқа стандарттарды жасауға жол берілмейді. Тұтынушылар тараптарының пікірлері бірінші редакцияда толық нұсқада ескеріледі.

      8. Түсіндірме жазбада келесі ақпараттар көрсетіледі:

      1) тиісті құжатты және/немесе стандартты әзірлеудің тапсырыс берушісін/бастамашысын көрсете отырып, стандартты әзірлеуге арналған негіздеме;

      2) стандарттау объектісінің қысқаша сипаты;

      3) стандартты әзірлеудің мақсатқа сай негізі (стандартты әзірлеу туралы ынталандыру шешімін көрсете отырып);

      4) стандартты тиімді қолдану жөніндегі болжамдағы экономикалық, әлеуметтік сипаты және/немесе басқа да сипаты;

      5) стандарт жобасын әзірлеу туралы ескерту-хабарламасын жариялау және оны бұқаралық ақпараттық құралына орналастыру;

      6) шығыс құжаттар тізімі және стандартты әзірлеу кезінде қолданылатын басқа да ақпараттар тізімі;

      7) жұмыс тобы, әзірлеушінің, оның пошталық мекенжайын, байланыс телефон нөмірін және электронды пошта мекенжайын көрсете отырып, ұсынылатын мәлімет.

      9. Түсіндірме жазбасына жұмыс тобының басшысы мен хатшысы қол қояды және стандарт арқылы әзірлеушіге бекіту үшін жіберіледі.

      10. 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде әзірлеуші құжат бекітілген сәттен бастап, стандарт жобасының алғашқы редакциясын ашық талқылау туралы ескерту-хабарламасын БАҚ-ға орналастырады.

      11. Мүдделі тараптар стандарттың бірінші редакциясын қарастырады, ескертулер мен ұсыныстарын дайындап, оларды аталған жоба орналастырылған күннен бастап, 60 (алпыс) күнтізбелік күн ішінде әзірлеушіге жібереді.

      12. Стандарт жөнінде ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда, осы жайлы келіспеушіліктер болып жатса, әзірлеуші оны жою мақсатында, стандарттың бірінші редакциясын қарастыру үшін мүдделі тараптардың барлық өкілдерін шақырып, жұмыс тобының қайталанған отырысын ұйымдастырады.

      13. Стандарттың алғашқы редакциясы бойынша ескертулер мен ұсыныстар туралы талқылаулар аяқталғаннан кейін консенсустық орган 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде стандарттың екінші редакциясын әзірлейді.

      Стандарттың екінші (соңғы) редакциясын әзірлеу барысында стандарттың талабы нақтыланады, объектіні бағалау үшін оның қолданылуы анықталады, мүдделі тараптардың қызығушылығын қанағаттандыру бағаланады.

      14. Екінші редакциясын әзірлегеннен кейін консенсустық орган дауыс беруді жүргізу арқылы консенсусты ресми түрде тіркейді. Консенсус, егер стандартты қабылдауға консенсустық орган мүшелерінің үштен екі бөлігінің дауыс берсе, онда ол осы қорытынды бойынша қолжетімді болып есептеледі.

      15. Стандарт мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.

3. Стандартты бекіту, тіркеу, белгілеу

      16. Мүдделі тұлғалар консенсусқа қол жеткізген жағдайда, консенсустық орган Әзірлеушіге бекітуге 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде келесі құжаттарды қоса ұсынады:

      1) мүдделі тұлғалардан алынған ұсыныстар мен ескертулер;

      2) түсіндірме жазба;

      3) мүдделі тараптардан алынған пікірлердің қысқаша сипаттамасы;

      4) стандартты талқылау нәтижесі туралы және БАҚ-та ескертудің жарияланғандығы туралы мәлімет;

      5) дауыс беру нәтижесі.

      17. Әзірлеуші 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде:

      1) стандартты қарау нәтижесі бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстардың толыққандылығына ескертулер мен ұсыныстардың тиісті жиынтығын қарастыру, оларды есепке алудың толыққандылығы және жиынтықта келтірілген консенсустық органының қорытындысының негізділігін анықтау арқылы бағалайды.

      2) стандартты жаппай талқылау нәтижесін, сонымен бірге оны талқылау жүргізілген жиналыстың немесе отырыстың хаттамаларын қарайды.

      3) стандартты бекітеді.

      Әзірлеуші стандартты қарастыруда кемшіліктер анықталған жағдайда, түскеннен кейін 5 (бес) күн ішінде консенсустық органға жетілдіруге жолдайды.

      Стандарт бекітілген соң 10 (он) күн ішінде ұйым атауының аббревиатурасының белгілері, әзірленген стандарттың тікелей нөмірлеме бойынша нөмірі және стандарт бекітілген жыл көрсетіледі. Өкілетті органға стандарттың бекіткендігі туралы ескерту жолдайды.

4. Шығару, тарату және авторлық құқықтарды сақтау

      20. Стандартты шығаруды оны бекіткен Әзірлеуші немесе оның келісімі бойынша кез-келген мүдделі тұлға сыйақыны белгілей отырып жүргізеді.

      21. Сәйкестікті растау (бағалау) органдары әзірлеушінің рұқсатымен стандартты сәйкестігін растау мақсатында пайдаланады. Мұндай құқық берілген жағдайда, авторлық ақы белгілеуге жол беріледі.

      22. Стандарт авторы Әзірлеуші болып табылады.

      23. Стандарт таратылған жағдайда заңсыз жүзеге асырылудан қажетті қорғалу деңгейін және стандарттың өзектілігін растайтын әзірлеуші бекіткен ерекше белгі қойылады.

5. Есепке алу, өзгерту, жою, өзектендіру, қолданысқа енгізу
және сақтау

      24. Белгіленген тәртіппен өзгерту (қосымша, түзету және қолдану мерзімі мен шектеу) енгізу арқылы стандартты өзектендіру.

      25. Стандартқа өзгерту енгізу мүдделі жеке және (немесе) заңды тұлғалардан түскен ұсыныстар негізінде жүзеге асырылады.

      26. Стандартқа өзгерту енгізу:

      1) Стандартқа өзгертуді оның ережелері мен оның үзінділерін ауыстыру (модификациялау) немесе алып тастау қажет болған жағдайда, оның көлемі стандарт мәтінің 20 % аспаған жағдайда жүзеге асырылады;

      2) өндіріс технологиясын жаңартқанда;

      3) заң, өзара байланысы бар техникалық тәртіптемелердің талаптары өзгергенде, үйлескен стандарттардың және стандартта сілтеме жасалған немесе оған анағұрлым прогрессивті жаңа талаптар енгізілгенде;

      4) қолданыстағы стандарт бойынша дайындалатын өніммен жаңа өнімнің өзара алмасуы мен үйлесімділік талаптарын бұзбайтын халықаралық стандарттармен үйлескен жағдайда жүзеге асырылады;

      5) стандартты қолдану мерзімін ұзарту, шектеу және алып тастау.

      Стандартқа өзгерту енгізу стандартты осы ереженің 2 және 3 тараулары тармақтары тәртібімен осы бөлімнің талаптарының есебімен жүргізіледі.

      27. Аталған стандарт бойынша өнім шығару, қызмет көрсету тоқтағанда немесе осы объектіге ұлттық немесе халықаралық стандарттар бойынша техникалық регламенттер енгізілген немесе өзгертілген жағдайда стандарт жойылады.

      28. Стандартты жоюды әзірлеуші қызмет көрсету, осы стандарт бойынша өнім шығару, техникалық тәртіппен енгізілген немесе өзгертілген жағдайда жүзеге асырады.

      Стандартты есепке алуды әзірлеуші үкіметтік емес стандарттарды тіркеу журналында жүргізеді.

      Әзірлеуші жойылған жағдайда құқық қабылдаушы белгіленбестен стандарттың қолданысы тоқтатылады. Бұл жағдайда стандарттың қолданысын тоқтату туралы шешімді құзыретті орган жойылған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде қабылдайды, стандарттың ақпараттық көрсеткішінде қабылданады.

      29. Стандарттың қолданыс мерзімі қолданысқа енгізілгенен кейін 5 жылды құрайды.

      30. Стандартты әзірлеуші тұрақты түрде сақтауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады