«Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттерін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат
министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 178 бұйрығына
баспасөз релизі
Регламент Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұрағаттарынан шығатын және шет елге жіберілетін мұрағаттық анықтамалар мен мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін апостильдеу», «Мұрағаттық анықтамалар беру» және «Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызметтерін көрсету бойынша қызметін ұйымдастыру үшін бекітілген.
Регламент мемлекеттік қызметтерді көрсету (алу) процесінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті мен өзге заңды және жеке тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасы мен тәртібін белгілейді.
Регламент Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік қызмет» бөліміндегі «Мұрағат ісі» және «Ақпарат» кіші бөлімінде орналастырылған.
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігі