Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 "Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 379 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 желтоқсанда № 8156 тіркелді

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 14-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 27 мамырдағы № 171 «Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6306 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 9) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына заңдық сараптау жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Заңдық баға (legal opinion) оны беру туралы өтінім тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.».
      2. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады