"Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу" электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 179 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 желтоқсанда № 8180 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 655 бұйрығымен

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға
лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу» электрондық
мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 7 қарашадағы № 179 Бұйрығына
Баспасөз-релизі

      Регламент теле -, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру, лицензияны қайтадан рәсімдеу мемлекеттiк қызметi бойынша Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi көрсететін қызметін ұйымдастыру үшін бекітілген.
      Регламент мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын, орталық мемлекеттік және басқа да жеке және заңды тұлғалардың іс-қимыл (өзара әрекеттесу) сипаттамасын белгілейді.
      Бекітілген регламент Министрліктің интернет-ресурсында орналасқан: www.mki.gov.kz («Нормашығармашылық қызметі» бөлімінің «Нормативтік-құқықтық актілер (Ақпарат басқармасы)» бөлімшесінде).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз