Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2014 № 227 бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» ұсынылған мемлекеттік регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті (Бейсембаев М.Т.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы № 514
бұйрығымен бекітілген
«Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия беру, оны қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мынадай негізгі ұғымдар және аббревиатуралар пайдаланылады:
1) аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық ұйым;
2) уәкiлеттi мемлекеттiк орган – аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсiби ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі;
3) Комитет - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитеті;
4) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын Комитет пен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің жауапты құрылымдық бөлімшелері мен лауазымды тұлғалары;
5) мемлекеттік қызмет - аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензия телнұсқаларын беру;
6) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативті-құқықтық базаны қосқанда шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге бірыңғай кіруді ұсынатын ақпараттық жүйе;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралы арқылы жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, тиесілілігін, мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы;
8) ЭҚАБЖ - электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі.
3. Мемлекеттік қызметті Комитет көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
5. Мемлекеттік қызмет келесілер негізінде көрсетіледі:
1) 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (бұдан әрі – Аудиторлық қызмет туралы заң);
2) 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы (бұдан әрі – Лицензиялау туралы Заң);
3) 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ақпараттандыру туралы заң);
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 813 «Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» қаулысы (бұдан әрі - Стандарт);
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 «Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» қаулысы (бұдан әрі – Біліктілік талаптары);
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің қатысуымен көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
атқарушы органда - аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру және қайта ресімдеу порталда электрондық құжат және (немесе) қағаз тасығышта (бұдан әрі - лицензия);
порталда - аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын беру электрондық құжат нысанында (бұдан әрі – электрондық лицензия).
8. Стандарттың 8-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
9. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс. Порталдың жұмыс кестесі - тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпаратты, оның ішінде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Комитеттің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредиттеу және лицензиялау басқармасында мынадай телефондар арқылы: (8-717-2)74-31-14, 74-35-38, 74-35-60, 74-94-68, сондай-ақ Стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекен-жай бойынша алуға болады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайды.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі Стандарттың 16-тармағында көрсетілген бұзушылықтарға жол беру болып табылады.
Стандарттың 16-тармағында көрсетілген бұзушылықтарды өтініш беруші немесе аудиторлық ұйым жойған жағдайда, аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия алу, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру туралы өтініш Стандартқа сәйкес қарастырылады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қатысатын тұлғалардың ең аз саны – тоғыз.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:
1) өтініш беруші мен аудиторлық ұйым ұсынған ЭҚАБЖ тіркеу нөмірін беру және өтініш немесе жолдама хаттың екінші данасына мөртаңба қоя отырып, қағаз немесе электронды нысандағы құжаттар пакетін тексеру және қабылдау, басшылыққа тарату үшін беру;
2) жауапты құрылымдық бөлімшеге өтініш беруші немесе аудиторлық ұйым ұсынылған құжаттар пакетін тарату;
3) ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда екі жұмыс күні ішінде оны одан әрі қарастырудан жазбаша немесе электронды түрде дәлелді бас тартуды дайындау;
4) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген тізімге сәйкес өтініш беруші немесе аудиторлық ұйым ұсынған құжаттардың Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарастыру;
5) Мемлекеттік қызметті алушыға қатысты мәліметтерді оған аудиторлық қызметті жүзеге асыруға және лицензия алуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі туралы ақпаратты алу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне сұрату жолдау;
6) өтініш беруші немесе аудиторлық ұйымның аудиторлық қызмет саласындағы Біліктілік талаптары мен қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралы қорытынды дайындау, лицензия, оның телнұсқасын беру және лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын заң қызметімен келісу немесе лицензия беруден жазбаша дәлелді бас тарту туралы қорытынды дайындау;
7) лицензияны, телнұсқаны беру, лицензияны қайта ресімдеу туралы бұйрықты тіркеу;
8) лицензияны беру немесе лицензия беруден жазбаша түрде дәлелді бас тарту.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет ету (өзара әрекет ету) тәртібін сипаттау
15. Лицензия алуға ұсынылған құжаттар төмендегідей қабылданады:
1) Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасымен қолма-қол немесе пошта арқылы. Тізімдеме көшірмесі Комитет кеңсесінің қабылдаған күні көрсетіле отырып өтініш берушіге (беріледі) жіберіледі.
Қабылданған құжаттар қарастырылып, Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы қарастырып, ЭҚАБЖ-де тіркеу нөмірі беріліп, бақылауға алынады.
Тіркелген, тиісті түрде ресімделген құжаттар кейін орындаушыға тарату үшін Комитеттің басшылығына беріледі.
Комитет кеңсесінде өтінішке кіріс нөмірі мен қабылданған күні көрсетіліп тіркелуі құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады;
2) порталда – өтініш беруші лицензия алуға арналған өтінішін (талап етілетін құжаттар пакетімен бірге) «электронды үкімет» немесе «е-Лицензиялау» порталынан жібереді, ол қабылданған күні көрсетіле отырып Комитетке автоматты түрде түседі.
16. Заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда, заңды тұлғаны қайта ұйымдастырылуы кезінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу және оны қайта ресімдеу үшін заңды тұлға Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды отыз күнтізбелік күн ішінде ұсынуы қажет.
17. Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензияны жоғалтқан, бүлдіріп алған жағдайда, оның телнұсқасын алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
1) лицензияның телнұсқасын беру туралы өтініш;
2) лицензия телнұсқасын беру кезінде аудиторлық қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгендігін растайтын құжат;
3) лицензияны жарамсыз деп тану туралы мәліметтерді нөмірі мен беру күні көрсетілген мерзімді басылымдарда жарияланғандығын растайтын құжат.
Жоғалған немесе бүлінген лицензия лицензиат аталған құжаттарды берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
18. Мемлекеттік қызметті электронды нысанда көрсетуге қойылатын талаптар:
1) құпиялылық (ақпаратты рұқсатсыз алудан қорғау);
2) толықтық (рұқсатсыз ұстап қалудан ақпаратты және ресурстарды қорғау);
3) қол жетімділік (ақпаратты рұқсатсыз өзгертуден қорғау).
19. Мемлекеттік қызметті электронды нысанда көрсетудің техникалық шарттары: Интернетке шығу, БСН-нің болуы, порталды авторландыру, өтініш берушінің немесе аудиторлық ұйымның ЭСҚ-ның болуы.
20. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде келесі ҚҚБ қатысады:
1) Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасының қызметкері;
2) Комитет төрағасы;
3) Комитет төрағасының орынбасары;
4) Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредитациялау және лицензиялау басқармасының бастығы;
5) Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредитациялау және лицензиялау басқармасының қызметкері;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің басшысы;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің қызметкері;
8) Комитеттің Заң қызметі басқармасының бастығы;
9) Комитеттің Заң қызметі басқармасының қызметкері.
21. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы әрбір әрекетті орындау мерзімі көрсетіле отырып осы регламентке 1-қосымшада келтірілген.
22. Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру процесі осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
«Аудиторлық қызметпен айналысуға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша
1-кесте. ҚФБ іс-әрекетін сипаттау
№ Іс-әрекет (барысы, жұмыс ағымы) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
ҚФБ аты |
Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы |
Комитет басшылығы (төраға, төраға орынбасары) |
Комитеттің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредитациялау және лицензиялау басқармасы |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті |
Комитеттің Заң қызметі басқармасы |
Комитет басшылығы (төраға, төраға орынбасары) |
Комитеттің Ішкі әкімшілендіру және персоналмен жұмыс басқармасы |
Комитеттің Бухгалтерлік есеп және аудиторлық қызмет саласындағы бақылау, аккредитациялау және лицензиялау басқармасы |
2 |
Іс- әрекеттің (процестің, рәсімнің) атауы және оларды сипаттау |
ЭҚАБЖ-де тіркеу нөмірін бере отырып өтініш беруші немесе аудиторлық ұйым ұсынған құжаттар пакетін тексеру, қабылдау |
Жауапты құрылымдық бөлімшеге өтініш беруші немесе аудиторлық ұйым ұсынған құжаттарды үлестіру |
Өтініш беруші немесе аудиторлық ұйым ұсынған құжаттардың Стандартқа сәйкестігін, сондай-ақ, дұрыс ресімделгенін, анықтылығын, Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігін қарастыру |
Өтініш берушіге қатысты аудиторлық қызметпен айналысуға және лицензия алуға тыйым салынған заңды күшіне енген сот шешімі бар-жоқтығына тексеріс жүргізу |
Өтініш пен құжаттардың, сонымен қатар, лицензияны, көшірмесі н беру немесе қайта ресімдеу туралы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны қарастыру |
Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны және лицензияның, телнұсқасын беру немесе қайта ресімдеу туралы бұйрықты бекіту |
Лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын қайта ресімдеу туралы бұйрықты тіркеу |
Бұйрыққа қол қойған жағдайда жазбаша түрде хабарлама және аудиторлық ұйымға лицензияның дайын болғандығы жөнінде хабарлау |
3 |
Аяқталу нысаны (деректер, құжат ұйымдастырушылық-өкімдік шешім) |
Өтініш беруші немесе аудиторлық ұйым ұсынған құжаттар пакетін кейіннен орындаушыға үлестіру үшін басшылыққа беру |
Бұрыштама |
1) Құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда одан әрі қараудан жазбаша дәлелденген ба тартуды беру 2) Аудиторлық ұйыммен ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны немесе жазбаша дәлелденген бас тартуды дайындау және заң қызметіне келісу үшін тапсыру. Аудиторлық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру жөніндегі бұйрық жобасын дайындау және Комитеттің Заң қызметі басқармасына келісу үшін тапсыру. |
Аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салынған заң күшіне енген сот шешімі бар мәліметтерді беру . |
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды және бұйрық жобасын келісу немесе лицензия беру туралы дәлелді жазбаша бас тарту. |
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру туралы бұйрыққа қол қою немесе жазбаша дәлелді бас тарту. |
Лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру туралы бұйрықты тіркеу |
Лицензияны, лицензияның телнұсқаларын беру немесе жазбаша дәлелденген бас тарту. |
4 |
Орындау мерзімдері |
2 сағат |
1 жұмыс күні |
1) 2 күнтізбелік күн 2) 25 күнтізбелік күн |
15 күнтізбелік күн |
1 жұмыс күні |
1 жұмыс күні |
2 сағат |
3 сағат |
5 |
Келесі әрекеттің нөмірі |
2 баған |
3 баған |
4, 5, 6, 7 бағандар |
3 баған |
8 баған |
8 баған |
8 баған |
«Аудиторлық қызметпен айналысуға
лицензия беру, қайта ресімдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша