Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айнылымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 429 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8205 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 140 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 124/ОД бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 29.04.2014 № 140 және ҚР Өңірлік даму министрінің 05.05.2014 № 124/ОД бірлескен бұйрығымен (алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін он күнтiзбелiк күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiледi).

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Е.Ғ. Кәрібаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. «Улар, қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 тамыздағы № 242 және Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 2 қыркүйектегі № 171 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп танылсын (2011 жылғы 22 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 449-450 (26843) нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2010 жылғы 8 қазанда № 6528 тіркелген).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасы            Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің               Экономикалық даму және
      орынбасары – Қазақстан            сауда министрі
      Республикасы Индустрия            ______________ Е. Досаев
      және жаңа технологиялар
      министрі
      ______________ Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы      
Премьер-Министрінің орынбасары – 
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің   
2012 жылғы 28 қарашадағы № 429   
және Қазақстан Республикасы     
Экономикалық даму және сауда министрінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328  
бірлескен бұйрығына         
1-қосымша              

Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел - зардаптардың ауырлық дәрежесін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдылығы;
      2) бақылау субъектілері - уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою қызмет түрлерін атқаруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар.
      3. Улар айналымы саласындағы Өлшемдер мыналарға бөлінеді:
      1) объективтік, бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түрлеріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;
      2) субъективтік, тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласындағы заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты анықталады.
      4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына бастапқы жатқызу объективтік өлшемдер есебімен жүзеге асырылады.
      5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарына одан кейінгі жатқызу субъективтік өлшемдер есебімен жүзеге асырылады.
      6. Улар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемдерін есепке ала отырып, тексерілетін субъектілер:
      1) тәуекелдің жоғарғы тобына:
      уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жоюды;
      уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалануды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;
      2) тәуекелдің орташа тобына уларды сатып алу, сақтау, өткізуді жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады;
      3) объективтік өлшемдер бойынша тәуекелдің төменгі тобына бақылау субъектілері жатқызылмайды.
      7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейіннен бөлу улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Тәуекел өлшемдері бойынша балдар жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін жинақталады.
      9. Жиынтық қорытынды нәтижелері тәуекелдің тиісті дәрежелері бойынша тексерілетін субъектілерді мынадай тәртіпте бөлу үшін пайдаланылады:
      1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 7 және одан асатын бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
      2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 3-тен 6 балға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
      3) елеусіз тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 0-ден 2 балға дейін жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
      4) тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа және төменгі дәрежелеріне ауыстырылуы мүмкін;
      5) тәуекелдің орташа дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;
      6) тәуекелдің орташа және елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері анағұрлым жоғары және анағұрлым төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;
      7) тәуекелдің елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін.
      10. Тәуекелдің бір тобы ішінде жоспарлы тексеру өткізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:
      1) анағұрлым үлкен тексерілмеген кезең;
      2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.

Улар айналымы саласындағы 
жеке кәсіпкерлік аясында 
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемдеріне       
қосымша         

Улар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында
тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Өлшемдер

Балдар

1

2

3

Уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою

1.

Жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база мен мыналардың болмауы:


технологиялық желі

5

сынақ зертханасы

5

мамандандырылған өндірістік ғимарат

7

арнайы жабдықталған қойма

7

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай.

2

2.

Уларды дайындауға және өңдеуге арналған технологиялық регламенттің болмауы;

7

3.

Мыналарды:


жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді

3

еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды

3

медициналық бақылауды

3

метрологиялық бақылауды

3

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы.

3

4.

Тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының болмауы;

7

5.

Күзет қызметіне арналған лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмауы;

7

6.

Арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдарының болмауы;

7

7.

Ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал аварияларды жою жоспарының болмауы;

5

8.

Ұйымның басшысы бекіткен уларды өндіру, өңдеу, сақтау, өткізу, жою жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтың болмауы.

5

Уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану

1.

Жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық база мен мыналардың болмауы:


сынақ зертханасы

5

арнайы өндірістік ғимарат

7

өндірістің техникалық жобасына сәйкес уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма (үй-жай) немесе мамандандырылған сыйымдылықтың болмауы

7

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайының болмауы.

2

2.

Мыналарды:


жабдықтарды, механизмдерді, технологиялық желілерді пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді

3

еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғауды

3

медициналық бақылаудың болмауы

3

метрологиялық бақылаудың болмау

3

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы.

3

3.

Тиісті арнайы білімі мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының болмауы

3

4.

Күзет қызметіне арналған лицензия немесе күзетуге өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы шарттың көшірмесінің болмауы

7

5.

Арнайы қорғаныш киімі, жеке қорғаныш құралдарының болмауы

7

6.

Ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын жүргізу кезінде ықтимал аварияларды жою жоспарының болмауы

5

7.

Ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтың болмауы.

5

Уларды сатып алу, сақтау, өткізу

1.

Жеке меншік құқығында уларды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманың болмауы

7

2.

Мыналарды:


еңбек қауіпсіздігін бақылау мен қоршаған ортаны қорғаудың

3

медициналық бақылауды

3

улардың есепке алынуын қамтамасыз ететін қызметтердің болмауы.

3

3.

Тиісті арнайы білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органда аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік ережесін оқудан және білімін тексеруден өткен мамандардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің және улармен жұмыс істейтін жұмысшы персоналдың білікті құрамының болмауы

7

4.

Күзет қызметіне арналған лицензия немесе арнайы жабдықталған қойманы күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмау

7

5.

Арнайы қорғаныш киімінің, жеке қорғаныш құралдарының болмауы

7

6.

ұйымның басшысы бекіткен уларды сатып алу, сақтау, өткізу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу бойынша нұсқаулықтың болмауы.

5

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрінің орынбасары – 
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің   
2012 жылғы 28 қарашадағы № 429   
және Қазақстан Республикасы     
Экономикалық даму және сауда министрінің
2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 328  
бірлескен бұйрығына         
2-қосымша              

Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері,
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана
отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік
аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

      1. Осы қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі - Өлшемдер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тәуекел – оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
      2) бақылау субъектілері - мынадай қызмет түрлеріне лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар:
      босатылған оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндiруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзiрлеу, өндiру, жөндеу, алу және өткiзу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу.
      3. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы Өлшемдер мыналарға бөлінеді:
      1) объективтік, бақылау субъектілерінің жүзеге асыратын қызмет түрлеріне байланысты тәуекелдердің маңыздылығына негізделген;
      2) субъективтік, тексерулер нәтижелері бойынша анықталған бақылау субъектілерінің лицензиялау саласында заңнаманы бұзушылыққа жол беруіне байланысты айқындалған.
      4. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға бастапқы жатқызу объективтік өлшемдер есебімен, жүзеге асырылады.
      5. Бақылау субъектілерін тәуекел топтарға одан кейінгі жатқызу субъективтік өлшемдер есебімен, жүзеге асырылады.
      6. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерінің объективті есебімен, тексерілетін субъектілер:
      1) тәуекелдің жоғары тобына мыналарды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады:
      босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
      босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу;
      монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру;
      монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алу;
      2) тәуекелдің орташа тобына мыналарды жүзеге асыратын бақылау субъектілері жатады:
      монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу;
      жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;
      3) Бақылау субъектілері объективтік өлшемдер бойынша тәуекелдің төменгі тобына жатқызылмайды.
      7. Тексерілетін субъектілерді тәуекел топтарына кейінгі бөлу Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдеріне қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Тәуекел өлшемдерінің балдары жалпы жиынтық қорытындыны анықтау үшін жинақталады.
      9. Жиынтық қорытынды нәтижелері тиісті тәуекел дәрежелері не тексерілетін субъектілерді бөлу үшін мынадай тәртіпте пайдаланылады:
      1) жоғары тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 7 және одан асатын бал жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
      2) орташа тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 3-тен 6 балды қоса алғанда жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
      3) елеусіз тәуекел тобына тексерулер нәтижесінде 0-ден 2 балды қоса алғанда жинаған бақылау субъектілері жатқызылады;
      4) тәуекелдің жоғары дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа және төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;
      5) тәуекелдің орташа дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің төменгі дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін;
      6) тәуекелдің орташа және елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері анағұрлым жоғары және анағұрлым төменгі дәрежеге ауыстырылуы мүмкін;
      7) тәуекелдің елеусіз дәрежесіндегі бақылау субъектілері тәуекелдің орташа дәрежесіне ауыстырылуы мүмкін.
      10. Бір тәуекел тобы ішінде жоспарлы тексеру өткізуге тексерілетін субъектілерді іріктеу мынадай қағидат бойынша жүзеге асырылады:
      1) анағұрлым үлкен тексерілмеген кезең;
      2) жинаған балдарының анағұрлым үлкен саны.

Қару-жарақ, әскери техника мен 
жекелеген қару түрлері,    
жарылғыш және пиротехникалық 
заттар мен олар қолдана отырып
жасалған бұйымдар айналымы 
саласындағы тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдеріне     
қосымша            

Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару түрлері,
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолдана
отырып жасалған бұйымдар айналымы саласындағы жеке кәсіпкерлік
аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері

Өлшемдер

Балдар

1

2

3

Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды әзiрлеу, өндiру

1.

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімнің болмауы;

2

2.

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болмауы;

7

3.

Қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми базаның болмауы;

5

4.

Мыналарды:


арнайы өндірістік ғимараттың болмауы

7

жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмнің болмауы

7

әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайлардың болмауы

7

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі қоршалған, оқшауланған өндірістік-техникалық базасының болмауы.

2

5.

Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсатының болмауы

2

6.

Пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарының болмауы

5

7.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісімнің болмауы

3

8.

Ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы

5

9.

Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болмауы

2

10.

Күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісімнің көшірмесінің болмауы.

3

Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды жөндеу

1.

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімнің болмауы

2

2.

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болмауы

7

3.

Қызметтің көрсетілген кіші түріне қатысты әзірлеу және өндіру мәселелері жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттар жиынтығы түріндегі ғылыми база

5

4.

Мыналарды:


арнайы өндірістік ғимараттың болмауы

7

жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмнің болмауы

7

жөндеу жүргізілгеннен кейін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайлардың болмауы

7

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын жеке меншік құқығындағы қоршалған, оқшауланған өндірістік-техникалық базасының болмауы.

2

5.

Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсатының болмауы

2

6.

Пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем құралдарын қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшем құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдарының болмауы

5

7.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісімнің болмауы

3

8.

Ұйымның басшысы бекіткен әзірлеу, өндіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы

2

9.

Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болмауы

5

10.

Күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісімнің болмауы.

7

Монтаждауды, реттеудi, жаңартуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеудi және сервистiк қызмет көрсетудi қоса алғанда, оқ-дәрiлердi, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерiн, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндiруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткiзу

1.

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білімнің болмауы

2

2.

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандардың болмауы

7

3.

Жеке меншік құқығындағы оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын сақтауға арналған, қоршалған, оқшауланған, арнайы жабдықталған қойманың болмауы

7

4.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен келісімнің болмауы

3

5.

Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсатының болмауы

2

6.

Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, модернизациялауды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдарды, жабдықтарды есепке алу және сақтау жөніндегі журналдың болмауы

2

7.

Күзет қызметіне лицензия не оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арнайы жабдықталған қойманы иеленуші мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйымның арасындағы келісімнің болмауы.

7

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу

1.

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасының болмауы

2

2.

Техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандардың болмауы

7

3.

Жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған өндірістік-техникалық базаның және мыналардың:


сынақ зертханасының болмауы

5

арнайы өндірістік ғимараттың болмауы

7

арнайы жабдықталған қойманың болмауы

7

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын өндірістік-техникалық базасының болмауы.

2

4.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмауы

3

5.

Ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың тәжірибелік үлгісін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы

5

6.

Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы

2

7.

Аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың болмауы

2

8.

Күзет қызметіне лицензия не күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарттың болмауы.

7

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру

1.

Заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасының болмауы

2

2

Тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен:

7

жабдықтарды, механизмдерді, құрылғыларды, жарақтарды, көлікті, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматиканы пайдалануды және техникалық қызмет көрсетуді

3

еңбек қауіпсіздігін, технологиялық регламенттің орындалуын, периметр мен қоршаған ортаны қорғауды бақылауды

3

метрологиялық қамтамасыз етуді, кіру бақылауы мен дайын өнім сапасын қамтамасыз ететін білікті мамандардың болмауы

3

3.

Ұйымның басшысы бекіткен жарылғыш заттарды дайындауға арналған технологиялық процестің регламенті мен жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың болмауы

5

4.

Жеке меншік құқығында өндірістік-техникалық базаның немесе өзге заңды негізде қоршалған, оқшауланған және мыналардың:


сынақ зертханасының болмауы

5

арнайы өндірістік ғимараттың болмауы

7

арнайы жабдықталған қойманың болмауы

7

жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайдың болмауы.

2

5.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмауы.

3

6

Материалдарды, жартылай фабрикаттарды (әзірлемелерді), жинақтаушы бөлшектерді, дайын және жарамсыз бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы

2

7.

Аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсаттың болмауы;

2

8.

Күзет қызметіне лицензия не өндірістік-техникалық базаның иесі мен күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт көшірмесінің болмауы.

7

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу

1.

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасының болмауы

2

2.

Тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандардың болмауы

7

3.

Жеке меншік құқығында қоршалған, оқшауланған, жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманың болмауы

7

4.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болмауы

3

5.

Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журналдың болмауы

2

6.

Аумақтық ішкі істер органы берген жарылғыш заттарды сақтауға рұқсат

2

7.

Күзет қызметіне лицензия не күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен арнайы жабдықталған қойманы оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған күзет қызметіне шарт.

7

Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алу

1.

Заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары, оның ішінде оның филиалының басшысы немесе оның орынбасары, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрімен айналысатын жеке тұлға үшін жоғары техникалық білім, жарушының бірыңғай кітапшасы

2


(Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін осы тармақшасы бойынша мәліметтерді ұсыну талап етілмейді)


2.

Тиісті техникалық білімі, жарушының бірыңғай кітапшасы, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган аттестаттаған оқу ұйымында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын оқудан және білімін тексеруден өткен білікті мамандар (Пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды өзінің өндірістік мұқтажы үшін сатып алатын шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін осы тармақшасы бойынша жарушының бірыңғай кітапшасының білікті мамандар болуы туралы мәліметтерді ұсыну талап етілмейді)

7

3.

Жеке меншік құқығында немесе өзге заңды негізде қоршалған, оқшауланған, жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма

7

4.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензия не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт

3

5.

Жарылғыш және пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды есепке алу және сақтау бойынша журнал

2

6.

Аумақтық ішкі істер органының жарылғыш заттарды сақтауға арналған рұқсат

2

7.

Күзет қызметіне лицензия не арнайы жабдықталған қойманың иесі мен лицензиясы бар мамандандырылған ұйым арасында оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге арналған шарт көшірмесі.

7

Босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу

1.

Заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2

2.

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

7

3.

Жеке меншік (стационарлық және (немесе) ұтқыр) немесе жалға беру құқығындағы қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:


арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модуль, көтергіш механизм, жабдықтар

3

босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрауыштарын сақтауға

2

арналған найзағай бұрғышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойма


босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандары бар үй-жай немесе арнайы алаң

3

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай

3

4.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензияның не қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт

3

5.

Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты

2

6.

Пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары, оның ішінде радиацияны өлшеу құралдары

5

7.

Ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын оқ-дәрілерді жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар

5

8.

Кәдеге жаратылған босатылатын оқ-дәрілердің материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал

2

9.

Өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлға

3

10.

Күзет қызметіне лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.

7

Босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу

1.

Заңды тұлғаның басшысында немесе оның орынбасарында, оның ішінде оның филиалының басшысында немесе оның орынбасарында, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын жеке тұлғада жоғары техникалық білімі;

2

2.

Тиісті техникалық білімі, мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар білікті мамандар;

2

3.

Жеке меншік құқығында, қоршалған, оқшауланған және мыналарды қамтитын өндірістік-техникалық базасы:



арнайы өндірістік ғимарат, құрылыс, көтергіш механизм, жабдықтар

5


босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойма

7

босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және қайта өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жай немесе арнайы алаң

5

жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жай.

2

4.

Қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензияның немесе қауіпті жүктерді тасымалдауға лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт

3

5.

Қызметтің мәлімделген түрі бойынша мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің немесе оның аумақтық органдарының рұқсаты

2

6.

Пайдалану шарттарына және олар үшін белгіленген өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келетін өлшеу құралдары

5

7.

Ұйымның басшысы бекіткен персоналды қауіпсіздік техникасына оқыту жөніндегі және босатылатын қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтар

7

8.

Босатылатын қару-жарақтың, әскери техниканың, арнайы құралдардың материалдарын, жинақтаушы бөлшектерін, бұйымдарын есепке алу және сақтау бойынша журнал

2

9.

Өрт қауіпсіздігі және күзет шараларын ұйымдастыруға жауап беретін лауазымдық тұлға

3

10.

Күзет қызметіне лицензия немесе өндірістік-техникалық базаны оқ-дәрімен атылатын қаруды пайдалана отырып күзетуге күзет қызметіне лицензиясы бар мамандандырылған ұйыммен шарт.

7

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады