"Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 658 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8220 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 152 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 11.03.2014 № 152 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қ.С. Тыныбековке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне (П.К. Нокин) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2012 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 658 бұйрығымен    
бекітілген       

«Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет
РЕГЛАМЕНТІ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-115-2-баптарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 2106 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және одан шығуды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті (ІІМ КҚПК) - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ІІМ) функцияларына халықтың көші-қоны мәселелері кіретін бөлінісі;
      Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) - азаматтыққа және саяси пана берумен байланысты мәселелер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады;
      құрылымдық-функциялық бірліктер (ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөліністері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер;
      азаматтыққа қабылдаудың оңайлатылған тәртібі – халықаралық келісімдерде көзделген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау тәртібі.
      3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – көші-қон полициясы бөліністері) көрсетеді.
      4. Мемлекеттік қызмет Стандарттың 6-тармағында көрсетілген адамдарға көрсетіледі.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      6. Мемлекеттік қызмет:
      1) «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының;
      2) «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығының;
      3) Стандарттың негізінде көрсетіледі.
      7. Тұтынушыға Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау не Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама (қағаз тасымалдағышта) беру не болмаса қызмет ұсынудан бас тарту туралы дәйекті жауап мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі болып табылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар

      8. Мемлекеттік қызметті көші-қон полициясы бөліністері тұтынушының тұрақты тұрғылықты жері бойынша көрсетеді.
      9. Мемлекеттік қызмет аптасына бес жұмыс күні 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сондай-ақ сенбі күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін көрсетіледі. Қабылдау кезекке тұру тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері ІІМ-нің: www.mvd.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде және облыстар, Астана және Алматы қалалары ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – ІІД) интернет ресурсында, сондай-ақ ресми ақпарат көздері мен көші-қон полициясы бөліністерінің ғимараттарында орналасқан стенділерде орналастырылады.
      11. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында белгіленген.
      13. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көзделген.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-әрекеттердің
(өзара іс-қимыл жасасу) сипаттамасы

      14. Көші-қон полициясы бөліністерінде құжаттарды қабылдау «терезелер» арқылы жүзеге асырылады, онда көші-қон полициясы инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетіледі.
      Құжаттарды көші-қон полициясы бөлінісіне тапсырғаннан кейін тұтынушыға стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мыналарды:
      құжаттардың нөмірін және қабылдау күнін;
      сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрін;
      құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын; құжаттарды
      қабылдаған көші-қон полициясы қызметкерінің тегін, аты, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы талон беріледі.
      15. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.
      16. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне мынадай ҚФБ:
      1) ішкі істер органдарының қалалық, аудандық (қаладағы), кенттік көші-қон полициясы бөлімінің (бөлімше, топ) қызметкері;
      2) ІІД Көші-қон полициясы басқармасының қызметкері;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы департаменттері;
      4) ІІД-нің бастығы, ІІД бастығының орынбасары;
      5) ІІМ КҚПК Азаматтық және иммиграция басқармасы;
      6) Комиссия тартылады.
      17. Әрбір әкімшілік іс-қимылды (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-ның әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) дәйектілігі мен өзара іс-қимыл жасасуының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.
      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әкімшілік іс-әрекеттің қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимыл жасасу сызбасы осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

«Қазақстан Республикасының  
азаматтығын қабылдауды және 
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне    
1-қосымша         

Әкімшілік іс-әрекеттердің (рәсімдердің) дәйектілігі
мен өзара іс-қимыл жасасу сипаттамасы

      1-нұсқа. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау (азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәселелерін қарау процессі Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады».

      1-кесте

Негізгі процестің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

4

5

6

2

ҚФБ атауы

ҚАІІО

ҚАІІО

КҚПБ

ҰҚКД

ҚСАЕАЖК

КҚПБ

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ге жолдау

Іс материалдарын тексеру, ҰҚКД-ға және ҚСАЕАЖК-ға сұрау салу жіберу

Арнайы есептер бойынша өтініш берушіні тексеру

Арнайы есептер бойынша өтініш берушіні тексеру

Материалдарды қалыптастыру және оны ККПБ-ге жолдау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Журналға тіркеу және алу туралы анықтама беру

Ілеспе хат

Сұрау салуды жіберу

КҚПБ-ға жауап

КҚПБ-ға жауап

Ілеспе хат

5

Орындау мерзімі

10 минут

15 күн

15 күн

30 күн

30 күн

30 күн

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4,5

6

6

7

      кестенің жалғасы

Негізгі процестің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

7

8

9

10

11

12

КҚПК

ПӘ

КҚПК

КҚПБ

ҚАІІО

ҚАІІО

Материалдарды тексеру, іс бойынша қорытынды шығару, істі ПӘ-ге жіберу

Өтінішті қарау, Президент Жарлығының жобасын дайындау

Істі және Президент Жарлығының көшірмесін КҚПБ-ға жіберу

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау немесе одан шығу туралы анықтама ресімдеу, іспен бірге анықтаманы ҚАІІБ-ға жіберу

Азаматтарға өтінішті қарау нәтижесі туралы хабарлау

Бір уақытта ұлттық паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін (Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын) алып Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы немесе азаматтығынан шығу туралы анықтаманы өтініш білдірушіге беру

Ілеспе хат

Президент Жарлығы

Ілеспе хат

Ілеспе хат

Өтініш берушінің хабарламасы


30 күн

30 күн

10 күн

10 күн

10 күн

10 минут

8

13

10

11

12


      2-нұсқа азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарын және этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау процессі

      2-кесте

Негізгі процестің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынның) №

1

2

3

4

5

2

ҚФБ атауы

ҚАІІБ

ҚАІІБ

КҚПБ

ҰҚКД

ҚСАЕАЖК

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру

Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ге жолдау

Іс материалдарын тексеру, ҰҚКД-ға және ҚСАЕАЖК-ға сұраныс жіберу

Арнайы есептер бойынша өтініш берушіні тексеру

Арнайы есептер бойынша өтініш берушіні тексеру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастырушылық-өкімдік шешім)

Журналға тіркеу және алу туралы талон беру

Ілеспе хат

Сұрау салуды жіберу

КҚПБ-ға жауап

КҚПБ-ға жауап

5

Орындау мерзімі

10 минут

3 күн

3 күн

30 күн

15 күн

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4,5

6

6

      кестенің жалғасы

Негізгі процестің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

6

7

8

9

10

КҚПБ

ІІД басшылығы

КҚПБ

ҚАІІБ

ҚАІІБ

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау және одан шығу туралы дәлелді қорытынды шығару, ІІБ басшылығына жіберу

Іс материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау және одан шығу туралы қорытындыны бекіту

Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау және одан шығу туралы істі ҚАІІБ-ға жіберу

Өтініш білдірушіге шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлау. Теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш білдірушіге жазбаша дәлелді бас тарту жіберу

Бір уақытта оның ұлттық паспортын алу мен Қазақстанның азаматтығын қабылдау туралы немесе азаматтығынан шығу туралы анықтаманы өтініш білдірушіге беру

Дәлелді қорытынды

Бекітілген қорытынды

Ілеспе хат

Өтініш білдірушіге хабарлау


7 күн

10 күн

2 күн

3 күн

10 минут

7

8

9

10


      1-нұсқа. «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау (азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарын қоспағанда) және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу мәселелерін қарау процессі».

      3-кесте. Негізгі процесс – азаматтықты қабылдау немесе азаматтықтан шығу мәселелері бойынша оң шешім қабылдау

Негізгі процесс (барысы, жұмыс ағыны)

Қалалық, аудандық ІІБ

КҚПБ

1. Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және тексеру

3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге, ҚСАЕАЖК-ге сұрау салуларды жіберу

2. Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

6. Материалдарды қалыптастыру, істі КҚПК-ге жолдау

11. Өтініш берушіге шығарылған қорытынды нәтижелері туралы хабарлау

10. Қазақстанның азаматтығын қабылдау немесе азаматтықтан шығу туралы анықтаманы ресімдеу және оны іспен бірге ҚАІІБ-ге жолдау

Бір уақытта оның ұлттық паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін алып (Қазақстан Республикасының жеке куәлігін және паспортын). Қазақстанның азаматтығын қабылдау туралы немесе азаматтығынан шығу туралы анықтаманы өтініш берушіге беру.



ҰҚКД

ҚСАЕАЖК

4. Өтініш берушіні арнайы есеп бойынша тексеру

5. Өтініш берушіні арнайы есеп бойынша тексеру


КҚПК

Қазақстан Республикасы ПӘ

7. Материалдарды тексеру, іс бойынша қорытынды шығару, ПӘ-ге істерді жолдау

8. Өтінішті қарау, Президент Жарлығының жобасын дайындау

9. Істерді және Президент Жарлығының көшірмесін КҚПБ-ға жолдау


      2-нұсқа азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдайтын Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы азаматтарын және этникалық қазақтарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау мәселелерін қарау процесі

      4-кесте. Негізгі процесс – азаматтықты оңайлатылған тәртіппен қабылдау мәселесі бойынша оң шешім қабылдау

Негізгі процесс (барысы, жұмыс ағыны)

ҚАІІБ

КҚПБ

ІІД басшылығы

1. Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және оны тексеру

3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСАЕАЖК-ге сұрау салуларды жолдау

7. Істің материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы қорытындыны бекіту

2. Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

6. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы дәлелді қорытынды шығару, оны ІІД басшылығына жолдау


9. Өтініш берушіге шығарылған қорытындының нәтижелері туралы хабарлау

8. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы істі ҚАІІБ-ге жолдау


10. Бір уақытта оның ұлттық паспортын алып, Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы немесе азаматтығынан шығу туралы анықтаманы Өтініш берушіге беру.



Негізгі процесс (барысы, жұмыс ағыны)

ҰҚКД

ҚСАЕАЖК

4. Өтініш берушіні арнайы есеп бойынша тексеру

5. Өтініш берушіні арнайы есеп бойынша тексеру

      5-кесте. Баламалы процесс – Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы теріс шешім қабылдау

Баламалы процесс (барысы, жұмыс ағыны)

ҚАІІБ

КҚПБ

ІІД басшылығы

1. Өтініш берушінің құжаттар топтамасын қабылдау және оны тексеру

3. Істің материалдарын тексеру, ҰҚКД-ге және ҚСАЕАЖК-ге сұрау салулар жолдау

7. Істің материалдарын тексеру, Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудан бас тарту туралы теріс қорытындыны бекіту

2. Істі қалыптастыру және оны КҚПБ-ға жолдау

6. Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы теріс қорытынды шығару, ІІД басшылығына жолдау


9. Өтініш білдірушіге шығарылған қорытынды нәтижелері туралы хабарлау

8. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы істі ҚАІІБ-ге жолдау


10. Өтініш берушіге бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жіберу



Негізгі процесс (барысы, жұмыс ағыны)

ҰҚКД

ҰҚКД

4. Өтініш берушіні арнайы есеп бойынша тексеру

5. Өтініш берушіні арнайы есеп бойынша тексеру

«Қазақстан Республикасының  
азаматтығын қабылдауды және 
одан шығуды тіркеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне    
2-қосымша         

Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі әкімшілік
іс-қимылдардың қисынды дәйектілігі мен ҚФБ арасындағы өзара іс-қимыл
СЫЗБАСЫ

Қосымшада мынадай аббревиатуралар қолданылады:

ПӘ - Президент Әкімшілігі;
КҚПБ – Көші-қон полициясы басқармасы;
КҚПК – Көші-қон полициясы комитеті;
МАБ – мекенжай-анықтама бюросы;
ҚАІІО – қалалық (аудандық) ішкі істер органы;
ҚСжАЕАК – Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет;
ҰҚКД – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Департаменті;
ІІД – Ішкі істер департаменті;
ІІМ – Ішкі істер министрлігі. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады