Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (46-шығарылым) бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 493-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8232 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 244 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 22.06.2020 № 244 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (46-шығарылым) бекітілсін.

      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Вице-министрi Е.Қ. Егембердіге жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

С. Әбденов


  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 493-ө-м бұйрығымен бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (46-шығарылым)
1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі - БТБА) (46-шығарылым) "Тігін өндірісі" бөлімінен тұрады.

      2. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

      3. Бұл тарауға осы өндіріске немесе жұмыс түріне тән жұмысшылардың кәсіптері енгізілген.

      4. Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар.

      5. "Жұмыс сипаттамасы" бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.

      6. "Білуге тиіс" бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар, басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

      7. Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

      8. Сонымен қатар, "Жұмыс сипаттамасы" деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.

      9. "Білуге тиіс" деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын, жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін, орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына, жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін, өндірістік сигнализацияны білуге тиіс.

      10. Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.

      11. Тарифтік-біліктілік сипаттамалар ерекше айтылған жағдайлардан басқа, осы бөлімде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдарда, меншік және ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.

      12. Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жеті разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

      13. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.

      14. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш (1-қосымша) көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.

      15. "Тігін өндірісі" бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2004 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Тігін өндірісі

      1. Кестеші

      Параграф 1. Кестеші, 1-разряд

      16. Жұмыс сипаттамасы:

      материалды кергішке тарту, жіптің ұшын түю, кестеленген жаймадағы аралық жіптерді кесу. Маржан, жіп таңдау. Есептеу, кесу және шоқ, щетка, шашақ жасау үшін бөліктің, бұйымның шетіндегі жіптерді тарту. Бұйымның бұрыштарын өңдеу.

      17. Білуге тиіс:

      материалды кергішке тарту, жіптің ұшын түю, аралық жіптерді кесу, жіптері әртүрлі өрілген матаның шетіндегі жіптерді тарту тәсілдері, жіпті есептеу ережесі, жіптердің, маржандардың түрлері мен түстері, ине мен жіптердің нөмірі.

      Параграф 2. Кестеші 2-разряд

      18. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, тюль, барқыт, крепдешиннен басқа) машинамен немесе қолмен кесте тігу, қарапайым немесе фасонды айшықпен сызықты мережкамен, суреттің бойымен қайып тігу, мата қиындыларындағы деректемелерді, операциялық кестелерді салу. Бұйымның шетіне шашақ тігу. Аппликация салып тігу. Кестеленген жеке бұйымдарды, фестондар мен шілтерді және кестелегіш машинамен жасалған тігіндерді арнайы қайшымен кесу. Тік мережка, тік сызықты нысандағы қарапайым мотивтер жасау үшін жіпті есептеу, кесу және тарту. Қарапайым немесе фасонды айшықпен көмкерлеу.

      19. Білуге тиіс:

      сызықты мережканы, деректемелерді қарапайым немесе фасонды айшықпен кестелеудің, суреттің жиегін қайып тігудің, аппликация жабыстырудың, кесіп алмай және жеке тігілген бұйымдардың суретін, фестондар мен шілтерді, тігіндерді бұзып алмай арнайы қайшымен қиюдың, тік мережка, тік сызықты нысандағы қарапайым мотивтер жасау үшін жіптерді тартудың, жиектерін көмкерудің әдіс-тәсілдері, жіпті есептеу ережесі, қолданылатын машиналардың мақсаты, жіпті керуді, тігіс жиілігін, жіпті сабақтауды, ине мен кергішті орнатуды, шөлмекті ауыстыруды, қолданылатын машинаны іске қосу және орнатуды реттеу ережесі.

      Параграф 3. Кестеші, 3-разряд

      20. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, тюль, барқыт, крепдешиннен басқа) машинамен немесе қолмен қарапайым және күрделілігі орташа айшықтар мен суреттерді: аппликациямен, біртегіспен, әр түрлі креспен, сатылы формалы мережкамен, мотивпен, бридпен, әр түрлі сеппемен, біртегіс білікшемен, төсемемен, бридтегі ілмекпен және суреттің жиегімен, бекіткішпен, ришельемен, канительмен, мишурамен, стекляруспен тігу. Суреті жоқ жерлерін, аппликацияларды, мотивтерді, суреттерді, ришельені, айшықтау машинасында жасалған айшықтарды арнайы қайшымен кесу. Суреті жоқ жерлерін, аппликацияларды, мотивтерді, суреттерді, ришельені, айшықтау машинасында жасалған айшықтарды машинамен кесу. Сынық, зигзаг тәрізді, фигуралық мережка, ромб, үшбұрыш, бұрыш түріндегі фигуралық мотивтер жасау үшін жіптерді есептеу, кесу және тарту.

      21. Білуге тиіс:

      қарапайым және күрделігі орташа айшықтар мен суреттерді кестелеудің, сынық, зигзаг тәрізді, фигуралық мережка, ромб, үшбұрыш, бұрыш түріндегі фигуралық мотивтер жасау үшін жіптерді есептеу, кесу және тартудың әдіс-тәсілдері, қолданылатын машиналардың жұмыс қағидаты, айшықтар мен суреттердің орналасуын есептеу және орналастыру ережесі.

      Параграф 4. Кестеші, 4-разряд

      22. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі материалға (капрон, шифон, жоржет, шілтер, барқыт, жұқа жібек матадан басқа) машинамен немесе қолмен күрделі айшықтар мен суреттерді (сызықтар мен геометриялық фигуралардың параллельдігін сақтауды талап ететін айшықтар мен суреттер, шағын пішінді суреттер, сондай-ақ кестелеу кезінде жіпті жиі үзуді талап ететін суреттер): аппликациямен, біртегіспен, әр түрлі креспен, сатылы формалы мережкамен, себеппен, бридпен, әр түрлі сеппемен, біртегіс білікшемен, төсемемен, бридтегі ілмекпен және суреттің жиегімен, бекіткішпен, ришельеме тартпамен кестелеп тігу: "әйел", "кепе", "қаз", "себетше", "қаракүл", "айналдыра орау" тігістерімен, канительмен, әсемдікпен, стекляруспен тігу. Картон сала отырып немесе тордың бұралған жібімен, жылтырақпен, ілмекпен бекіту.

      23. Білуге тиіс:

      күрделі айшықтар мен суреттерді кестелеп тігудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын машинаның құрылысы, жұмыс қағидаты және пайдалану ережесі.

      Параграф 5. Кестеші, 5-разряд

      24. Жұмыс сипаттамасы:

      әртүрлі материалға машинамен немесе қолмен аса күрделі көркем, стильді, түрлі түсті және кестелі айшықтарды "гипюр", "вологод шынысы", "венециандық тігіс", "қапталған тігіс" техникасымен, "жіп", "иірмелі", "кілем тәрізді" тігістерімен кестелеп тігу, капрон, шифон, жоржет, шілтер, барқыт, жұқа жібек матаға салатын айшықтар мен суреттердің барлық түрлерін кестелеу. Кісінің суреті, сурет, эмблемаларды кестелеу. Күрделендірілген көп түсті кесте, жаймалардың әр түрлі және түрлі түсті түрлеріне бағдарламамен басқарылатын жабдықтарда, бағдарламаны дискетке жаза отырып және перфокартаға баса отырып, аппликация орнату.

      25. Білуге тиіс:

      айшықтар мен суреттердің барлық түрлерін әр түрлі тігістермен және техника түрлерімен кестелеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын машиналардың құрылымдық ерекшеліктері мен пайдалану ережесі.

      Параграф 6. Кестеші, 6-разряд

      26. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі материалға машинамен немесе қолмен әртүрлі геометриялық немесе өсімдік оюларынан алынған аса күрделі көркем, стильді айшықтарды, басқа да элементтер мен мотивтерді, көркем материалды алдын ала зерттеуді, қосымша суреттемелерді және күрделі есептерді қажет ететін әр түрлі күрделі әшекейлерді және техника түрлерін қоса отырып көркем кестелеу.

      27. Білуге тиіс:

      күрделі есептер мен айшықтардың барлық түрлерін көркем кестелеу техникасының әр түрлі түрлерімен орындаудың әдіс-тәсілдері, ұлттық киімдерді тігу элементтері.

      2. Тігіп пішуші

      Параграф 1. Тігіп пішуші, 4-разряд

      28. Жұмыс сипаттамасы:

      материалды тігу кезінде пішу, ішкиім мен төсек орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын, үлгісін жасаушы ұйымнан алынған лекалоның силуэттық негізі бойынша өлшемін ала отырып, жөндеу кезінде қайта пішу,

      бұйымның фасонын таңдау, бұйымды тапсырыс берушінің дене бітіміне өлшеу, өлшеуден кейін бормен белгілеу және бөліктерді кесу, дайын бұйымдарды тапсырыс берушіге тапсыру. Ішкиімді, корсет бұйымдарын жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу.

      Жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын біліктілігі анағұрлым жоғары пішушінің басшылығымен анықтау.

      29. Білуге тиіс:

      құрастыру және пішу негіздері, ішкиім мен төсек орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын пішу, тігу және жөндеу технологиясы, үлгі жасаудың заманауи бағыттары, қолданылатын материалдардың мақсаты мен қасиеттері.

      Параграф 2. Тігіп пішуші, 5-разряд

      30. Жұмыс сипаттамасы:

      пальто-костюм, көйлек киімдерінің ассортименттері, өндірістік киімдердің бұйымдарын, үлгісін жасаушы ұйымнан алынған лекалоның силуэттық негізі бойынша өлшемін ала отырып, тігу, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту, қайта тігу кезінде материалдарды пішу,

      бұйымның фасонын таңдау, бұйымды тапсырыс берушінің дене бітіміне өлшеу, өлшеуден кейін бормен белгілеу және бөліктерді кесу, дайын бұйымдарды тапсырыс берушіге тапсыру, пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарына тапсырыс берушімен келісу, жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын біліктілігі анағұрлым жоғары пішушінің басшылығымен анықтау.

      Материалды тігу кезінде пішу және ішкиім мен төсек орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын жөндеу кезінде лекалалар бойынша немесе бөліктердің сызбасын тікелей материалдың өзінде салу арқылы қайта пішу,

      фасонды тапсырыс паспортында суретін сала отырып таңдау, тапсырыс берушінің дене бітімінің өлшемдерін алу, таңдалған фасонды бұйымдарды пішу үшін лекало жасау,

      жасау процессі кезінде бұйымды тапсырыс берушінің дене бітімі бойынша өлшеу, бормен белгілеу және өлшеуден кейін бөліктерді кесу, дайын бұйымдардың сапасын эстетикалық және құрылымдық-эргономикалық көрсеткіштері бойынша тексеру, дайын өнімдерді тапсырыс берушілерге тапсыру,

      ішкиімді және төсек-орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу, жөндеуге әкелінген материалдың немесе корсет бұйымдарының ақаулығын өздігінен анықтау.

      31. Білуге тиіс:

      пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын құрастыру және пішу негіздері, пішу, тігу, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту технологиясы, үлгі жасаудың заманауи бағыттары, қолданылатын материалдардың қасиеттері, ішкиімді және төсек-орын жабдықтарын, корсет бұйымдарын құрастыру және пішудің прогрессивті әдістері, пішу, тігу және жөндеу технологиясы, ақаулықтарын жою және бұйымды дене бітіміне келтіру тәсілдері, материалдарды оңтайлы пайдалану тәсілдері және бұйымға материалды жұмсау нормасы, фасонның суретін салу техникасы, киімді тігу және жөндеу кезінде материалды пішу бойынша қолданыстағы техникалық құжаттама, еңбек бөлінісімен және еңбек бөлінісі болмаған жағдайда тігуді ұйымдастыру әдістері.

      Параграф 3. Тігіп пішуші, 6-разряд

      32. Жұмыс сипаттамасы:

      пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын лекало бойынша немесе бұйымдардың сызбасын тікелей материалдың өзінде салу арқылы тігу кезінде, жөндеу кезінде қайта пішу, жаңарту және қайта тігу кезінде материалдарды пішу,

      фасонды паспортында суретін сала отырып, таңдау, тапсырыс берушілердің дене бітімінен өлшем алу,

      таңдалған фасонды бұйымдарды пішу үшін лекало жасау,

      бұйымдарды жасау кезінде бұйымдарды тапсырыс берушінің дене бітімімен өлшеу, бормен белгілеу және бөліктерін өлшеуден кейін қию,

      дайын бұйымдардың сапасын эстетикалық және құрылымдық-эргономикалық көрсеткіштері бойынша тексеру,

      дайын өнімдерді тапсырыс берушілерге тапсыру,

      киімді жөндеу сипатын тапсырыс берушімен келісу, жөндеуге әкелінген материалдың немесе бұйымдардың ақаулығын өздігінен анықтау.

      33. Білуге тиіс:

      құрастыру және пішудің прогрессивті әдістері, пальто-костюм, көйлек түржиыны киімдерінің, өндірістік киімдердің бұйымдарын пішу, тігу және жөндеу технологиясы, фасон, материал таңдаудың, киім бұйымдарын құрастыру және үлгісін жасаудың ерекшеліктері, киімнің ақаулықтарын жою тәсілдері және бұйымдарын дене бітімі бойынша келтіру тәсілдері, материалдарды оңтайлы пайдалану тәсілдері және бұйымға материалды жұмсау нормасы, фасонның суретін салу техникасы, киімді тігу және жөндеу кезінде материалды пішу бойынша қолданыстағы техникалық құжаттама, еңбек бөлінісімен және еңбек бөлінісі болмаған жағдайда тігуді ұйымдастыру әдістері.

      Параграф 4. Тігіп пішуші, 7-разряд

      34. Жұмыс сипаттамасы:

      жеке үлгісін жасауды талап ететін киімнің, аса күрделі, көркемділігі жоғары бұйымдарын тігу бойынша жұмыстар кешенін орындау. Суретші-модельердің немесе тапсырыс берушінің эскизі бойынша жаңа үлгі жасауға қатысу. Аса күрделі, көркемділігі жоғары бұйымдарын тігу кезінде біліктілігі анағұрлым төмен пішушілерге басшылық жасау.

      35. Білуге тиіс:

      киімді құрастыру мен материалды пішудің технологиясы, прогрессивті әдістері, киімнің үлгісін жасаудың отандық және шетелдік тәжірибесі, киімнің фасонын таңдаудың және пішілетін материалдың ерекшеліктері, киімнің ерекше оригиналды бұйымдарын құрастыру және үлгісін жасау әдістері, киімді құрастыру және үлгісін жасау жөніндегі қолданыстағы техникалық құжаттама.

      Ескерту:

      Киім бұйымдарының үлгісін жасаумен айналысатын пішуші "Пішуші-модельер" деп аталуы мүмкін.

      3. Лекало жасаушы

      Параграф 1. Лекало жасаушы, 3-разряд

      36. Жұмыс сипаттамасы:

      бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоға тілік жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған жұмыс және қосалқы лекало жасау. Киім бұйымдарының бауларына сызбаларға сәйкес қарапайым және күрделілігі орташа лекало жасау, барлық өлшемді киімдер бұйымдарының лекалоларын көбейту, киімнің сериялық бұйымдарына соңғы, жұмыс және қосалқы лекалоларды эталон мен шаблон бойынша жасау, лекалоның паспорттық деректерін толтыру (парашют өндірісінде).

      37. Білуге тиіс:

      әр түрлі материалдардан жасалған жұмыс және қосалқы лекалоларды кесу, жиектеу және таңбалаудың әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, материалдарды пішуге қойылатын техникалық талаптар, лекало жасау кезінде қисық сызықтарды салу үшін есептеу тәсілдері, киім бұйымдарының сызбаларын оқу ережесі, лекалоларды жасауға қойылатын техникалық шарттар, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Лекало жасаушы, 4-разряд

      38. Жұмыс сипаттамасы:

      бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоны тіле отырып, тіліктің көмегімен көшіру және кейіннен кесу арқылы жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған барлық өлшемді соңғы, жұмыс және қосалқы лекало жасау. Сызбаларға сәйкес парашюттің күмбезіне, ранеціне, камерасына, тысына лекало жасау, парашюттердің сынақ партиясына және парашют жүйелеріне (парашют өндірісінде) лекало жасау.

      39. Білуге тиіс:

      лекалоны көшірудің әдіс-тәсілдері, киім бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерінің атаулары, киім бұйымындағы бөліктердің саны, киім бұйымдарының күрделі бауларын пішу технологиясының ерекшеліктері, есептерді орындау және лекало жасау әдістері, лекало жасаудың техникалық шарттары және оларды келтіру тәсілдері, бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы және жасалатын лекалоларды таңбалау кезінде оны пайдалану ережесі.

      Параграф 3. Лекало жасаушы, 5-разряд

      40. Жұмыс сипаттамасы:

      бүкпе, бүрме, соңғы кертпені белгілеу үшін лекалоны тіле отырып, электронды жабдықта көшіру және кейіннен лазерлік машинада кесу арқылы жасау, жіптің үлестік бағыты және үлестік бағыттан шекті ауытқулар, минималды және максималды көлем бойынша шекті жалғау арқылы, деректемелерін көрсете отырып, таңбалап, жиектеп, байлауға арналған саңылау тесе отырып, дайын лекало бойынша киімнің барлық бұйымдарына арналған әртүрлі материалдардан жасалған барлық өлшемді соңғы, жұмыс және қосалқы лекало жасау. Лекалоны графикалық экранда суретін салмай-ақ, белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалды жұмсау нормасына сәйкес орнату. Лекалоның көлемін өлшеу және өлшем деректерін электронды жабдықтың жады блогында сақтау.

      41. Білуге тиіс:

      лекало жасау кезінде қолданылатын электронды жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасы, лекало жасаудың технологиялық бірізділігі, лекало көшірудің әдіс-тәсілдері, лекалоны тиімді орналастыру ережесі, киім бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерінің атаулары, киім бұйымдарындағы бөліктердің саны, лекалоны жасаудың техникалық шарттар және материалдарды жұмсау нормасы.

      4. Желімдеуші

      Параграф 1. Желімдеуші, 1-разряд

      42. Жұмыс сипаттамасы:

      желімдеуге, жабыстыруға арналған тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін бензинмен жуу жұмыстарын орындау, желімдегеннен кейін арнайы мата мен тігін бұйымдарының жіктерін пудралау.

      43. Білуге тиіс:

      желімдеуге, жабыстыруға арналған тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін бензинмен жуу жұмыстарын орындаудың әдіс-тәсілдері, желімдегеннен кейін арнайы мата мен тігін бұйымдарының жіктерін пудралау тәсілдері.

      Параграф 2. Желімдеуші, 2-разряд

      44. Жұмыс сипаттамасы:

      материалға астарды суреттер бойынша жабыстыру, тігін бұйымдарының бөліктерін желімдеу жұмыстарын, машинада немесе қолмен орындау. Тігін бұйымдарының жабыстырылған бөліктеріне жұмсақ пресс салу. Желімдеуден және жабыстырудан кейін тігін бұйымдарының бөліктері мен жіктерін кептіру және орау. Полиэтилен пленкадан жасалған пакеттерді полимер пленкаларды пісіруге арналған машинада жабыстыру.

      45. Білуге тиіс:

      астарлық бөліктерді материалға жабыстырудың, оларды желімдеу және ораудың әдіс-тәсілдері, орындалатын жұмыстарға арналған машиналар мен құрылғылардың мақсаты мен қолдану ережесі.

      Параграф 3. Желімдеуші, 3-разряд

      46. Жұмыс сипаттамасы:

      негізгі бөліктерді тігін бұйымдарына, тігін бұйымдарының жіктеріне теріс жағынан жабыстыру, оларды саңылауды, жіктің ортасына жабыстыру жұмыстарын машинамен немесе қолмен орындау. Жабыстырылатын бөліктерге желімдеу қоспасын жағу.

      47. Білуге тиіс:

      желімдеудің негізгі бөліктерін жабыстырудың, желімдеу қоспасын жағудың әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарының мақсаты, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, қолданылатын машиналардың жұмыс қағидаты.

      Параграф 4. Желімдеуші, 4-разряд

      48. Жұмыс сипаттамасы:

      негізгі бөліктерді тігін бұйымдарына, тігін бұйымдарының жіктеріне оң жағынан жабыстыру, бөліктерді жабыстыру, қолғаптың жіктерін желімдеу жұмыстарын машинамен немесе қолмен орындау.

      49. Білуге тиіс:

      бөліктерді жабыстыру, қолғаптың жіктерін желімдеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын машиналардың құрылысы.

      5. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы

      Параграф 1. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы, 1-разряд

      50. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін өндірісінің қалдықтарын материал түрі мен талшық құрамына қарай жинақтау.

      51. Білуге тиіс:

      тігін өндірісі қалдықтарын жинақтауға қойылатын талаптар.

      Параграф 2. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы, 2-разряд

      52. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін бұйымдарының, пішімнің жартылай дайын өнімдерін, әр түрлі материалдардың қалдықтарын, фурнитураларды артикулы, сорты, түсі, ені мен түрі бойынша буда-буда етіп жинақтау. Ілеспе құжаттар бойынша киім бұйымдарының, тігін бұйымдарының жартылай дайын өнімдерінің үстінің, астары мен қосымшаларының мақсатына сәйкес келуін тексеру. Дара бөліктерді жаю және сурет түрінде бағытталған түгі бар бөліктерді қайта жаю. Тігін бұйымдарының жекелеген өңделген бауларын дайын өнімдерді жасаудың технологиялық жүйелілігіне сәйкес жинақтау. Баулар мен таспаны артикулы мен түсі бойынша олардың қолданылуын алдын ала есептеусіз жинақтау, парашют өндірісіндегі пішім картасын толтыру. Шұлықтарды түсі, сапасы, өкшесінің биіктігі, қонышының ұзындығы бойынша жұптау, жарғақ таңдау және кесу, ізі бар рейтуздың жекелеген бөліктерін өңдейтін жерлерін белгілеу. Пішім картасының деректеріне сәйкес бағдар парақтарын дайын тігін бұйымының бағасын анықтамай толтыру.

      53. Білуге тиіс:

      тігін бұйымдарының, пішімнің жартылай дайын өнімдерін, әр түрлі материалдардың қалдықтарын, буданың, партияның фурнитуралары мен бауларын, жинақтарды артикулы, сорты, түсі, ені мен түрі бойынша жинақтау ережесі, тігін бұйымдарының жартылай дайын өнімдерінің, материалдардың, баулар мен таспаның түржиыны және олардың мақсаты, жинақталатын бұйымдағы бөліктердің саны, бағдар парақтарын толтыру ережесі.

      Параграф 3. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы, 3-разряд

      54. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі материалдардан жасалған дайын өнімдерді бағдар парағы мен нарядқа сәйкес түрі, фасоны, өлшемі, ұзындығы, түсі және прейскуранты бойынша жинақтау. ілеспе құжаттар бойынша тігін бұйымдарының, терінің өз мақсатына сәйкес келуін тексеру. Үлбірмен өңделген жаға, манжет және басқа да бөліктерді, табиғи үлбірден жасалған астарды түрі, сорты және өлшемі бойынша жинақтау. Пішімді дәлсіздіктерді кесу және жекелеген бөліктерін ауыстыра отырып, буда, жинақ етіп жинақтау. Пішімге арналған материалдың бөліктері мен қалдықтарын артикулы, түсі, өлшемі бойынша олардың қолданылуын алдын ала есептемей жинақтау. Пішімге арналған бау мен таспаны олардың қолданылуын алдын ала есептеп, жинақтау (парашют өндірісінде). Материалдар мен құрақтардың әртүрлі топтарын ескере отырып, дайын тігін бұйымының бағасын дайын бұйымдардың бағалар прейскуранты бойынша айқындай отырып, пішім картасының деректеріне сәйкес бағдар парақтарын толтыру.

      55. Білуге тиіс:

      әр түрлі материалдардан жасалған дайын өнімдерді бағдар парағы мен нарядқа сәйкес түрі, фасоны, өлшемі, ұзындығы, түсі және прейскуранты бойынша жинақтау ережесі, пішімге арналған материал бөліктерін, баулар мен таспаларды жинақтау, тігін бұйымдарының түржиыны мен өлшемі, тілу тәсілдері және пішім бөліктерін ауыстыру ережесі, жинақталатын бұйымды жасауға жұмсалатын материалды жұмсау нормасы, орналастыру схемасы, дайын тігін бұйымының бағасын айқындай отырып, бағдар парақтарын толтыру ережесі, дайын бұйымдардың бағалар прейскуранты.

      Параграф 4. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы, 4-разряд

      56. Жұмыс сипаттамасы:

      материалдардың бөліктері мен қалдықтарын төсемеде қалдықсыз немесе барынша аз қалдықпен пайдалану үшін әр түрлі тәсілдермен есептеу. Есептеу және пішу картасын толтыру. Материалдардың бөліктері мен қалдықтарын есептеу және оларды артикулы, түсі мен өлшемі бойынша жинақтау, төсеушімен бірлесе отырып пішімнің қалдықтарын сұрыптап, қоймаға тапсыру, парашют өндірісінде жоспарлау карталарын жасау. Материалдардың бөліктері мен қалдықтарын есептеу үшін ақпаратты дайындау және дербес электронды-есептеуіш машинасына енгізу, толтырылған карталарды басып шығару.

      57. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасы, материалдардың қалдықтарын әр түрлі тәсілдермен есептеу ережесі, пішім кестесі, жинақталатын бұйымдарға материал жұмсау нормалары, есептеу және пішу картасын толтыру ережесі, материалдардың артикулдары, жинақталатын материалдарға, пішім мен бұйымдарға арналған паспорттарды, жоспарлау карталарын, өлшеу ведомостерін толтыру тәртібі.

      Параграф 5. Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы, 5-разряд

      58. Жұмыс сипаттамасы:

      пішім кестесіне сәйкес тігін бұйымдарының барлық үлгілері және материалдардың түрлері бойынша матаның паспортын таңдай отырып, наряд-тапсырмаларды ресімдеу, материалдарды тиімді пайдалану есебін орындау, дербес электронды есептеуіш машинада жұмсалатын фурнитураны есептеу. Материалдар мен жапсырмалардың барлық түрлері бойынша пішім картасын ресімдеу.

      59. Білуге тиіс:

      қолданылатын жабдықтың құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасы, наряд-тапсырма жазу және пішім картасын ресімдеу тәртібі, дербес электронды-есептеуіш машинасына жұмсалатын фурнитураны есептеу, материалдарды тиімді пайдалануды есептеудің әдіс-тәсілдері, пішу кестесі, тігін бұйымдарының түржиыны мен өлшемдері, жинақталатын тігін бұйымдарына жұмсалатын материалдарды жұмсау нормасы.

      6. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы

      Параграф 1. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы, 1-разряд

      60. Жұмыс сипаттамасы:

      лента, шілтер, таспа, сутаж және басқа да әшекейлеу материалдарын бақылау. Материалдардың ұштық балқытарын өлшеу. Материал өлшеу қорытындысын ведомоске жазу.

      61. Білуге тиіс:

      материал ұзындығын бақылаудың әдіс-тәсілдері, материалдарды өлшеу ведомостерін толтыру.

      Параграф 2. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы, 2-разряд

      62. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі материалдардың ұзындығын өлшеу машинасында немесе үстелде бақылау.

      63. Білуге тиіс:

      материалдың ұзындығы мен енін бақылаудың әдіс-тәсілдері, бақыланатын материалдардың мемлекеттік стандарттары және техникалық құжаттамасы, өлшеу машинасының жұмыс қағидаты.

      Параграф 3. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы, 3-разряд

      64. Жұмыс сипаттамасы:

      барлық түрлі ас үй, төсек-орын жабдықтарын, үшкіл орамал, орамал, шарф, сондай-ақ лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің және сол бұйымдарға жасалған пішімнің сапасының эталон үлгілерге сәйкестілігін бақылау және сорттылығын анықтау. Бақыланатын материалдар мен бұйымдардың ақаулықтарын анықтауды есепке алу. Тауарлық белгілерді толтырудың дәлдігі мен дұрыстығын материалдар мен бұйымдардың өңделуі мен сорттылығына үстемеақылар мен жеңілдіктерді ескермей, тауарлық белгілер деректемелерінің соңғысына сәйкестігін тексеру.

      65. Білуге тиіс:

      бақыланатын бұйымдардың, лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын анықтаудың әдіс-тәсілдері, материалдар мен бұйымдардың сорттылығын айқындау ережесі, бақыланатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарттары және нормативтік техникалық құжаттама, бақыланатын бұйымдарды жасау технологиясы, анықталған ақаулықтарын есепке алу тәртібі.

      Параграф 4. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы, 4-разряд

      66. Жұмыс сипаттамасы:

      ішкиімнің, сырма көрпе, галстук, әр түрлі ойыншықтардың, қолғап, носки-шұлық, галантереялық және басқа да бұйымдардың сапасын бақылау және сорттылығын анықтау, сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау. Фурнитура мен өңдеу материалдарының сапасын бақылау. Пішім картасын ресімдей отырып, материал төсемесін бақылау. Бұйымдардың өлшеу деректеріне сәйкестігін тексеру.

      67. Білуге тиіс:

      бақыланатын бұйымдардың, фурнитура мен өңдеу материалдарының сапасын тексерудің әдіс-тәсілдері, материалдар мен бұйымдардың сорттылығын айқындау ережесі, бақыланатын материалдар мен бұйымдардың мемлекеттік стандарттары және нормативтік техникалық құжаттама, бақыланатын бұйымдарды жасау технологиясы, материал жаймасын бақылау ережесі және пішім картасын ресімдеу.

      Параграф 5. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы, 5-разряд

      68. Жұмыс сипаттамасы:

      көйлек түржиынының, куртка, бушлат, көкірекше, шалбар, қысқа комбинезон, жейде-форма, корсет бұйымдарын, өндірістік киім бұйымдарын, бас киім, такелаждық бұйымдардың және жартылай дайын өнімдердің сапасын бақылау, сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау, әр түрлі материалдардың сапасын электронды есептеуіш машинаны пайдалана отырып, бақылау. Жаппай өндіріс бұйымдарының сорттылығын және олардың мемлекеттік стандарттары мен техникалық шарттарына сәйкес, жеке тапсырыстар бойынша жөнделген және жасалған бұйымдарды анықтау. Сапасыз өнімге акт жасауға, ресімдеуге және өнім жеткізушілерге шағым білдіруге қатысу. Тапсырыс берушілердің жеке тапсырыс бойынша жасалған бұйымның сапасына жасаған шағымдарын қарауға қатысу.

      69. Білуге тиіс:

      бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдері, жаппай өндіріс бұйымдары мен материалдарының сорттылығын айқындау, бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптары, бақыланатын бұйымдарды жасау және жөндеу технологиясы, ақаулығын анықтау-өлшеу машинасының құрылысы, электронды есептеуіш машинаның құрылысы мен техникалық-пайдаланушылық сипаттамасы.

      70. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

      Параграф 6. Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы, 6-разряд

      71. Жұмыс сипаттамасы:

      жартылай дайын өнімдер мен пальто-костюм түржиыны бұйымдарын: пальто, жоғары үлбір бұйымдарының, астарлы және жиекті салымды курткалар, шинель, пиджак, фрак, визитка, мундир, китель, жалбағай, жакет, комбинезонның сапасын бақылау, сондай-ақ осы бұйымдарға арналған лекалолардың, жаймалардың, жаймалардың суреттерінің, трафареттер мен пішімдердің сапасын және эталон үлгілерге сәйкестігін бақылау. Жаппай өндіріс бұйымдарының сорттылығын және мемлекеттік стандарттарға сәйкес жеке тапсырыс бойынша жөнделген және жасалған бұйымдарды тапсырыс берушілерге беруге дайын екенін анықтау.

      72. Білуге тиіс:

      бақыланатын бұйымдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдері, көрсетілген жаппай өндіру өндірісінің түржиынындағы бұйымдардың сорттылығын анықтау ережесі, мемлекеттік стандарттың бақыланатын бұйымдар мен материалдардың сапасына қойылатын талаптар, бақыланатын бұйымдарды жасау және жөндеу технологиясы.

      73. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

      7. Көшірмесін жасаушы

      Параграф 1. Көшірмесін жасаушы, 2-разряд

      74. Жұмыс сипаттамасы:

      сурет контурын трафарет бойынша әр түрлі материалдарда парафин, жаққыш немесе тампонның көмегімен көшірме жасау.

      75. Білуге тиіс:

      суреттің көшірмесін трафарет бойынша жасаудың әдіс-тәсілдері, парафиннің қасиеттері.

      Параграф 2. Көшірмесін жасаушы, 3-разряд

      76. Жұмыс сипаттамасы:

      лекало жаймасын кішірейтілген көлемде машинада немесе қолмен көшіру.

      77. Білуге тиіс:

      лекало жаймасын машинада немесе қолмен көшірудің әдіс-тәсілдері, қызмет көрсетілетін машинаның құрылысы.

      8. Бас киімдердің үлгісін жасаушы

      Параграф 1. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 3-разряд

      78. Жұмыс сипаттамасы:

      мақта-мата мен кендір матадан (барқыт пен ши барқыттан басқа) жазғы бас киімнің барлық түрлерін үлгілер бойынша машинада немесе қолмен жасау және жөндеу.

      79. Білуге тиіс:

      мақта-мата мен кендір матадан бас киім жасаудың және жөндеудің әдіс-тәсілдері, жазғы типті бас киімнің түржиыны, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, машиналардың мақсаты қолданылатын құралдар мен оларды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 4-разряд

      80. Жұмыс сипаттамасы:

      кепка, фуражка, күнқағарсыз үлгілері бойынша машинада немесе қолмен әр түрлі шапкалардың, әйелдерге арналған жаздық, жиегі сырмаланып тігілген қалпақтарды әр түрлі материалдардан жасау және жөндеу, жүн және жібектен, мақта-мата барқыт пен ши барқыттан, сабан таспадан, жасанды үлбір, былғары мен күдеріден бас киім жасау және жөндеу.

      81. Білуге тиіс:

      көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, бас киім жасау технологиясы, қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс қағидаты.

      Параграф 3. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 5-разряд

      82. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен "сәлде" типті, бүрмеленген, әр түрлі материалдармен күрделі әшекейленген, сондай-ақ бас киімді табиғи үлбірден, былғары мен күдеріден, синтетикалық ши барқыттан, жібек барқыттан, "құс жүнінен", целлофаннан, рафтан, кендірден, моноталшықтан жасау және жөндеу.

      83. Білуге тиіс:

      көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері, операцияларды орындау жүйелілігі, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы.

      Параграф 4. Бас киімдердің үлгісін жасаушы, 6-разряд

      84. Жұмыс сипаттамасы:

      бас киімдердің үлгілерін машинада немесе қолмен әр түрлі материалдардан, былғары мен үлбірден жасау.

      85. Білуге тиіс:

      көрсетілген материалдардан бас киім жасау және жөндеудің әдістері, операцияларды орындау жүйелілігі, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы.

      9. Арнайы бас киімдер аппаратурасының монтаждаушысы

      Параграф 1. Арнайы бас киімдер аппаратурасының монтаждаушысы, 4-разряд

      86. Жұмыс сипаттамасы:

      дұлығаның астары мен басқа да арнайы бас киімдерге арналған аппаратураны монтаждау, монтаждаудың дұрыстығын тексеру.

      87. Білуге тиіс:

      арнайы бас киімдерге арналған аппаратураны монтаждаудың әдіс-тәсілдері, арнайы бас киімдердің түрлері, монтаждалған аппаратураны тексерудің әдіс-тәсілдері.

      10. Төсеуші

      Параграф 1. Төсеуші, 2-разряд

      88. Жұмыс сипаттамасы:

      қапсырмаларын, біріктіру буындарының орау қаптарын, тыстарын ашуға арналған материалдардың механизмдері мен құралдарының көмегімен төсеу, парашют өндірісінде орама жаймаларын орау. Материалдарды ұзындығы бойынша ашу қалдықтарын төсеу.

      89. Білуге тиіс:

      төселетін материалдардың қасиеттері мен артикулы, материалдарды ұзындығы бойынша ашу қалдықтарын төсеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын механизмдері мен құралдарының жұмыс қағидаты.

      Параграф 2. Төсеуші, 3-разряд

      90. Жұмыс сипаттамасы:

      материалдардың барлық түрлерін олардың тиімді қолданылуын есептемей, машинамен немесе қолмен төсеу. Материалды секцияның ұзындығы бойынша төсеуге арналған үстелді белгілеу, төсеменің ұзындығын тексеру. Төсеменің жоғарғы бетіне жаймалар мен трафареттердің суреттерін салу. Материалдарды парашюттің күмбезін, ранецтерін, камераларын, тысын олардың паспорттық деректері, физикалық-механикалық көрсеткіштері, түсі, эталоны бойынша таңдай отырып төсеу, парашют өндірісінде схемаға немесе сызбаларға сәйкес жайманы белгілеу.

      91. Білуге тиіс:

      материалдарды олардың тиімді жұмсалуын есептемей, төсеудің әдіс-тәсілдері, секциядағы үстелдерді орналастыру тәртібі және материалдарды төсеу тәсілдері, пішім түрін айқындау үшін төселетін материалдарды таңдау ережесі, төселетін материалдардың қасиеттері, парашют өндірісінде жайма төсеу кезінде схемалар мен сызбаларды оқу ережесі.

      Параграф 3. Төсеуші, 4-разряд

      92. Жұмыс сипаттамасы:

      материалдардың барлық түрлерін олардың тиімді қолданылуын есептеп, машинамен немесе қолмен төсеу. Парашют өндірісінде бұйымдарды пішуге арналған материалды қаптау кезінде ақаулықтарын белгілеп немесе кесіп тастап тексеру.

      93. Білуге тиіс:

      материалдарды олардың тиімді жұмсалуын есептеп, төсеудің әдіс-тәсілдері, дайын бұйымдағы шекті ақаулықтарды белгілеу тәсілдері және оларды бұйымның жасырын немесе жабық жерлеріне келтіру, тиімсіз қалдықтар, ұзындығы бойынша материал жоғалту лимиттері, материалдардың шектері мен белгілеу ережесі, қолданылатын машиналардың құрылысы.

      11. Лекалоның орналасуын жобалаушы оператор

      Параграф 1. Лекалоның орналасуын жобалаушы оператор, 7-разряд

      94. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі материалдардан жасалған пальто-костюм және көйлек түржиыны бұйымдарына лекало дайындаған және салған кезде үлгілерді математикалық өңдеу, лекалоны салу шарттары туралы ақпаратты электронды есептеу машинасына енгізу, жұмыс жаймасын өңдеу және оның ең тиімді нұсқасын жасау, лекалоның дайын жаймасын электронды есептеу машинасының дерекқорына енгізу.

      95. Білуге тиіс:

      лекало дайындаған және салған кезде үлгілерді математикалық өңдеудің әдіс-тәсілдері, ақпаратты электронды есептеу машинасына енгізудің тәсілдері мен техникасы, жұмыс жаймасын өңдеу және оның ең тиімді нұсқасын жасау әдістері, лекалоны дұрыс жаймаудың алдын алу және жою тәсілдері.

      96. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

      12. Тігін жабдығының операторы

      Параграф 1. Тігін жабдығының операторы, 3-разряд

      97. Жұмыс сипаттамасы:

      күрделігі орташа бөліктерді автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою. Пішім сапасын, бөліктердің, бұйымдардың, жіп пен түймелердің және қосымша материалдар түсінің сәйкестігін бақылау.

      98. Білуге тиіс:

      бөліктерді өңдеудің технологиялық параметрлері, тігіс түрлері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, қызмет көрсетілетін жабдықтың мақсаты мен жұмыс қағидаты, әр түрлі құралдарды, құрылғылар мен автоматтандыру құралдарының мақсаты мен оларды пайдалану ережесі.

      99. Жұмыс үлгілері:

      1) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу;

      2) саңылаулардың ілмектерін түю;

      3) клапандарды, белдіктерді, манжеттерді, сыналарды, шлицаларды, паттарды өңдеу;

      4) түйме тігу;

      5) киімнің бөліктерін бекіту;

      6) фурнитураларды қосу;

      7) тігістер мен бүкпелерді тегістеу.

      Параграф 2. Тігін жабдығының операторы, 4-разряд

      100. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін бұйымдарының күрделі бөліктерін автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, оларды жөндеуге қатысу. Әр түрлі материалдарды оларды тиімді пайдаланудың есебін жасай отырып, автоматтандырылған төсеу кешенінде төсеу процессін жүргізу.

      101. Білуге тиіс:

      тігін бұйымдарының түржиыны және олардың бөліктерін өңдеудің технологиялық параметрлері, қызмет көрсетілетін жабдықтардың мақсаты мен жұмыс қағидаты, оны жөндеу ережесі, әр түрлі материалдарды оларды тиімді пайдаланудың есебін жасай отырып төсеудің әдіс-тәсілдері, автоматтандырылған жабдықты басқару панеліне төсеу режимін орнату жүйесі, төсем ұзындығының шегі және орнату ережесі, көтеру механизмін реттеу тәсілдері және төсеу құрылғысының қозғалу жылдамдығы, төсеме сапасына қойылатын талаптар, материалдардың қасиеттері мен оларды төсеу ерекшелігі.

      102. Жұмыс үлгілері:

      1) жайманы фигуралық сырмамен сырып тігу,

      2) жағаны, өңірді, қайырманы, қалтаны өңдеу,

      3) бұйымның (шұлықтың) бөліктерін қосу.

      Параграф 3. Тігін жабдығының операторы, 5-разряд

      103. Жұмыс сипаттамасы:

      аса күрделі бөліктерді автомат немесе жартылай автомат тігін жабдығында өңдеу процессін жүргізу. Әр түрлі материалдарды бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған пішу кешенінде пішу процессін жүргізу. Автоматтандырылған пішу кешеніне техникалық қызмет көрсету. Электронды есептеуіш машинаны пайдалана отырып, әр түрлі материалдардың сапасын бақылау процессін жүргізу. Материалдардың бөліктері мен қалдықтарын электронды есептеуіш машинада есептеу және оларды пішу үшін артикулы, түсі мен көлемі бойынша жинақтау.

      104. Білуге тиіс:

      қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы, оны жөндеу ережесі, автоматтандырылған пішу кешенінің жұмыс қағидаты және пайдалану ережесі, пішу режимін түзету, пішім сапасына қойылатын талаптар, бақыланатын материалдардың сапасын тексерудің әдіс-тәсілдері, материал бөліктерін, пішім графикасын есептеудің әдіс-тәсілдері, материалдарды жұмсау нормасы және технологиялық қалдықтардың шекті пайызы.

      Параграф 4. Тігін жабдығының операторы, 6-разряд

      105. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі материалдарды бағдарламамен басқарылатын автоматтандырылған пішу кешенінде пішу процессін жүргізу және оны жөндеу. Пішу бағдарламасын әзірлеуге қатысу. Автоматтандырылған пішу кешеніне техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуге қатысу.

      106. Білуге тиіс:

      автоматтандырылған пішу кешенінің жұмыс қағидаты және пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін кешеннің құрылымдық ерекшеліктері, механикалық, электр және пневматикалық шағын жүйелердің құрылысы, автоматтандырылған пішу кешенінде ақаулықтардың пайда болуы себептері, олардың алдын алу тәсілдері, пішу сапасына қойылатын талаптар, пішу режимін түзету.

      107. Кәсіптік орта білім талап етіледі.

      13. Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші

      Параграф 1. Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші, 2-разряд

      108. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын өнімдерді, бөліктерді, әр түрлі материалдарды олардың қасиеттеріне қарай крахмалдау режимін айқындай отырып, қолмен крахмалдау. Крахмалданған бұйымдарды, бөліктерді, әр түрлі материалдарды кептіру. Крахмал ерітіндісін дайындау. Құрақтарды бояу. Құрақ бөліктерді тігін машинасында қайып тігу.

      109. Білуге тиіс:

      крахмалдау, кептіру және қайып тігудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, материалдардың жекелеген түрлеріне крахмалдау процессінің тигізетін әсері, крахмал ерітіндісін дайындау технологиясы, крахмалдың түрі мен сорты, олардың сапасына қойылатын талаптар, тігін машинасының жұмыс қағидаты.

      Параграф 2. Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші, 3-разряд

      110. Жұмыс сипаттамасы:

      матаның бетіне аппреттеуіш ерітіндіні бүріккішпен бүрке отырып тегістеп жағу. Матаның жиектерін түзету, матаны белгілі бір мөлшерде керу, кептіру камерасының қыздыру температурасын норма шегінде сақтау. Аппреттеуіш ерітіндіні дайындау.

      111. Білуге тиіс:

      аппреттеудің, өңдеу түстерін жасаудың әдіс-тәсілдері, аппреттеуіш ерітіндіні дайындауға қойылатын техникалық талаптар, бөшкеге дайын ерітіндіні құю техникасы, материалдардың құрылысы мен мақсаты, кептіру камерасының, қолданылатын құралдар мен өлшеу аспаптарының құрылысы.

      14. Плиссирлеуші-бүрмелеуші

      Параграф 1. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 3-разряд

      112. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада плиссирлеу және бүрмелеу. Материалды машинаға салу, плиссирлеу және бүрмелеу режимін белгілеу. Плиссе мен бүрмені бекітуге арналған ерітінді дайындау және жағу.

      113. Білуге тиіс:

      машинада плиссирлеу және бүрмелеудің әдіс-тәсілдері, плиссирлеу және бүрмелеу түрлері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, ерітінді дайындау рецептурасы мен технологиясы, оларды жағудың әдіс-тәсілдері.

      Параграф 2. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 4-разряд

      114. Жұмыс сипаттамасы:

      дайын қалыптарды пайдалана отырып, қолмен плиссирлеу және бүрмелеу. Материалды қалыптарға салу. Қалыптарды буландыру және кептіру.

      115. Білуге тиіс:

      қолмен плиссирлеу және бүрмелеудің, әр түрлі материалдарға арналған қалыптарды буландыру және кептірудің әдіс-тәсілдері.

      Параграф 3. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 5-разряд

      116. Жұмыс сипаттамасы:

      тік бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды пайдалана отырып, қолмен плиссирлеу және бүрмелеу. Тік бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды есептеу, белгілеу және жасау.

      117. Білуге тиіс:

      тік бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды есептеу, белгілеу және жасау ережесі, қалыптарды жасауға арналған қағаздың түрлері мен қасиеттері.

      Параграф 4. Плиссирлеуші-бүрмелеуші, 6-разряд

      118. Жұмыс сипаттамасы:

      фигуралық бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды пайдалана отырып, қолмен плиссирлеу және бүрмелеу. Фигуралық бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды есептеу, белгілеу және жасау. Плиссе мен бүрменің жаңа түрлерін жасау.

      119. Білуге тиіс:

      фигуралық бүрмелеп плиссирлеу және бүрмелеуге арналған қалыптарды есептеу, белгілеу және жасау ережесі.

      15. Тігінші

      Параграф 1. Тігінші, 2-разряд

      120. Жұмыс сипаттамасы:

      қатты және бір түсті маталар мен бұйымдарды, тегіс носки-шұлық бұйымдарын торлап жамау арқылы машинада немесе қолмен жөндеу, дайын бұйымдарды тазалау, әр түрлі бұйымдарды тігу және жөндеу кезінде фурнитураны, түймелерді түбін тартпай, қолмен қосу. Бұйымдардың фурнитурасын, әшекейлерін, үлбір жағасын, алу, фурнитура мен әшекейлегіштерді орау, химиялық тазарту және киімді бояу кезінде заттарды нөмірлеп таңбалау.

      121. Білуге тиіс:

      торлап жамау, дайын бұйымдарды тазалау, фурнитураны қосу, фурнитураны, үлбір жағаны, фурнитура орамасын, бұйымның таңбасын алу, өңдеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын машиналардың мақсаты мен жұмыс қағидаты.

      Параграф 2. Тігінші, 3-разряд

      122. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін бұйымдарын, үлгілерді жеке тапсырыс бойынша тігу, ішкиімді (труси мен итжейде), ас үй және төсек орын жабдықтарын (ақ жайма), әр түрлі материалдардан жасалған биялайды машинада немесе қолмен тапсырыстардың паспорттарына, мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттар мен белгіленген өңдеу технологиясына сәйкес жөндеу. Астарды, өңірлік және жылылау астарын өңдеу және жөндеу, үлбір қаптамасын төсемесімен тарту, бөліктердің тіліктерін, ілмектерін арнайы машинада орау, пішуші белгілеген сызықтарды симметриялы бөліктерге әр түрлі тәсілдермен көшіру, түймені түбін тарта отырып, тігу, бұйымды сөгу және бөліктерін тазалау, материалдың тік кесіктерін жабыстыру, әр түрлі бұйымдарды тігу және жөндеу кезінде ұсақ бөліктерді ылғалды-жылылап өңдеу.

      123. Білуге тиіс:

      көрсетілген тігін бұйымдарын тігу, жөндеу және ылғалды-жылылап өңдеу әдістері мен тәсілдері, тігін бұйымдарының бөліктерін өңдеу технологиясы, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, қолданылатын материалдардың құрылысы.

      Параграф 3. Тігінші, 4-разряд

      124. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін бұйымдарын, үлгілерді жеке тапсырыс бойынша тігу, үлбір астарлы жилеттерді, ішкиімді (пижама, кальсон, ішкөйлектер), фасонды төсек-орын жабдықтарын (көрпе тысы), көрпелерді, алжапқыштарды, қолғаптарды, өндірістік киім бұйымдарын және басқа да осы сияқты әр түрлі материалдардан жасалған бұйымдарды машинада немесе қолмен еңбек бөлінісімен немесе еңбекті бөліспей жөндеу және жаңарту. өндіріске жаңа үлгілерді енгізуге қатысу.

      Шалбарларды, қысқа комбинезондарды, сырт жейделерді, куртка, ер адамдарға арналған жилет (үлбір астарлы жилеттен басқа), корсет бұйымдарын, форма көйлектерді операция құрамында: өңірді, қайырманы, жағаны, мойынды, жең ойындысын, қалтаны, ілмектерді, алдыңғы жікті планкамен өңдеу, жағаны мойынмен қосу, көктелген жеңді жең ойындысына орнату, ілмекті қолмен көктеу, астарды пішу және бұйымның үсіне келтіру, кеуде тұсында форма қалыптастыру үшін үстіңгі бөлікті қолмен ылғалды-жылылық өңдеу, көктелген жеңді, көктелген өңір астарын, үстіңгі жағаны орнату, көрсетілген бұйымдарды, шалбардан басқасын, соңғы рет ылғалды-жылылық өңдеу жұмыстары болған жағдайда еңбек бөлінісімен тігу. Бұйымның жоғарғы және төменгі бөліктерін өңдеу, өңірдің астарына қатпарды қолмен көктеу, астарға жылы қабат астарды сырып тігу, үстінің бөліктерін қосу, астар мен жылы қабатты бұйыммен қосу, қолмен қалып беру үшін жасалған өңір қабатын ылғалды-жылылық өңдеу, бөліктердің көшірмесін престе алу, булау мен тазалаудан кейін бұйымның бөліктерін ылғалды-жылылық өңдеу, әр түрлі бұйымдарды тігу және жөндеу кезінде үстіңгі бөлігіндегі жапсырмаларды жабыстыру, қондырып тігу, сырып тігу арқылы жөндеу. Жеке бұйымдардағы ақаулықтарды суретті сақтай отырып, түзету, суретті және капрон бұйымдарды, трикотаж жайманы торлап жамау, тартылып қалған жіптерді түзету.

      125. Білуге тиіс:

      тігін бұйымдарының көрсетілген түржиынын тігу, жөндеу, ылғалды-жылылық өңдеу, торлап жамау технологиясы, әдіс-тәсілдері, бұйымдардың түржиыны, құрылысы, құрамдас бөліктері мен бөліктері, тігістердің түрлері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, қолданылатын машиналардың жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді түзету.

      Параграф 4. Тігінші, 5-разряд

      126. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін бұйымдарын, үлгілерді жеке тапсырыс бойынша тігу, шалбарларды, қысқа комбинезондарды, сырт жейделерді, куртка, ер адамдарға арналған жилет (үлбір астарлы жилеттен басқа), корсет бұйымдарын, форма көйлектерді операция құрамында: өлшеуден кейін бормен сызылған сызықтарды қалпына келтіру, үстіңгі бөліктерді пішу, сызықтарды алдын ала белгілеп алып, үстіңгі бөліктерін кесу, шалбардың белдігін пішу, жеңнің ойындысын көктеу немесе жеңді жабық ойындыға қондырып тігу, бюстгалтердің көкірекшелерін жабық кесіндіге қондырып тігу, шалбардың артқы бөлігін ылғалды-жылылық өңдеу және шалбарды соңғы рет ылғалды-желілік өңдеу жұмыстары болған жағдайда еңбек бөлінісімен тігу. Еңбек бөлінісімен тігу және жөндеу. Пальто, астарлы пиджак, фрак, визитка, жакетті, сыртқы үлбір киімдерді, шинель, плащ, китель, мундир, комбинезон, астарлы және өңірі астарлы куртканы, көйлек түржиыны бұйымдарын (сыртқы жейде, шалбар мен қысқа комбинезоннан басқа), операция құрамында: өңірді, қайырманы, жағаны, мойынды, жең ойындысын, қалтаны, ілмектерді, алдыңғы жікті планкамен өңдеу, жағаны мойынмен қосу, көктелген жеңді жең ойындысына орнату, лифті юбкамен қосу, астарды бұйымның сыртымен оның жиектеу бөліктері болған кезде қосу, ілмекті қолмен көктеу, астарды пішу және бұйымның үсіне келтіру, кеуде тұсында форма қалыптастыру үшін үстіңгі бөлікті қолмен ылғалды-жылылық өңдеу, көктелген жеңді, көктелген өңір астарын, үстіңгі жағаны орнату жұмыстары болған жағдайда еңбек бөлінісімен тігу. Табиғи үлбірден жасалған бас киімдерді үлбірді таңдай отырып жөндеу. Көркем торлап жамау, білдірмей торлау, жапсырмаларды қосып өру, әр түрлі бұйымдар мен материалдарды жөндеу кезінде тігістерді сөгу.

      127. Білуге тиіс:

      көрсетілген тігін бұйымдарының түржиынын тігу, жөндеу, ылғалды-жылылық өңдеу, көркем торлап жамау, білдірмей торлау, жапсырмаларды қосып өру технологиясы, әдіс-тәсілдері, бұйымның құрылысы, құрамдас бөліктері мен бөліктері, қолданылатын машиналардың құрылымдық ерекшеліктері.

      Параграф 5. Тігінші, 6-разряд

      128. Жұмыс сипаттамасы:

      тігін бұйымдарын, үлгілерді жеке тапсырыс бойынша тігу, әр түрлі материалдардан жасалған пальто, пиджак, фрак, визитка, жакетті, сыртқы үлбір киімдерді, шинель, плащ, китель, мундир, комбинезон, астарлы және өңірі астарлы куртканы, көйлек түржиыны бұйымдарын (сыртқы жейде, шалбар мен қысқа комбинезоннан басқа) жөндеу және жаңарту, операция құрамында: өлшеуден кейін бормен сызылған сызықтарды қалпына келтіру, үстіңгі бөліктерді пішу, сызықтарды алдын ала белгілеп алып, үстіңгі бөліктерін кесу, көрсетілген бұйымдарды соңғы ылғалды-жылылық өңдеу, көктелген жеңді жең ойындысына орнату жұмыстары болған жағдайда машинада немесе қолмен еңбек бөлінісімен тігу.

      129. Білуге тиіс:

      көрсетілген тігін бұйымдарының түржиынын тігу, жөндеу, ылғалды-жылылық өңдеу технологиясы, әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарының құрылысы, құрамдас бөліктері мен бөліктері.

      Параграф 6. Тігінші, 7-разряд

      130. Жұмыс сипаттамасы:

      эксклюзивті киім үлгілерін жеке эскиздер, эталон үлгілер және сынақ үлгілері бойынша әр түрлі мақсаттағы, құрылымдық тұрғыдан әр түрлі, табиғи, синтетикалық және қоспа матадан, трикотаждан жасалған киімдерді тігу.

      131. Білуге тиіс:

      әр түрлі мақсаттағы киім үлгілерін жасау технологиясы, көрсетілген түржиын бұйымдарын технологиялық өңдеудің жаңа әдістері, тәсілдері мен ерекшеліктері.

      16. Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы

      Параграф 1. Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 2-разряд

      132. Жұмыс сипаттамасы:

      табиғи үлбір материалдар, жартылай дайын бұйымдар, пішім, фурнитурадан басқа, әр түрлі материалдарды түржиыны, салмағы, саны, сорты бойынша ілеспе құжатта көрсетілген деректерге сәйкес қабылдау және тапсыру. Оларды жұмыс орнына және сақтайтын дерге тасымалдау. Орамасы мен таңбалануын тексеру. Түскен және жөнелтілетін материалдардың құжаттарын ресімдеу.

      133. Білуге тиіс:

      қабылдау және тапсыру ережесі, қабылданатын және тапсырылатын материалдардың түрлері, материалдарды, жартылай дайын бұйымдарды, пішімдерді, фурнитураны таңбалаудың, орау мен сақтаудың белгіленген тәртібі, оларды есепке алу ережесі, есеп жүргізу.

      Параграф 2. Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 3-разряд

      134. Жұмыс сипаттамасы:

      табиғи үлбір материалдар, жартылай дайын бұйымдар, пішім, фурнитураны түржиыны, салмағы, саны, сорты бойынша ілеспе құжатта көрсетілген деректерге сәйкес қабылдау және тапсыру. Дайын өнімнің көлемі бойынша жедел есеп жүргізу.

      135. Білуге тиіс:

      қабылдау және тапсыру ережесі, қабылданатын және тапсырылатын материалдардың түрлері, бұйымдардың түржиыны, табиғи үлбір материалдар мен дайын бұйымдарды таңбалаудың, орау мен сақтаудың белгіленген тәртібі, оларды есепке алу ережесі.

      Параграф 3. Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы, 4-разряд

      136. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі материалдарды, жартылай дайын бұйымдарды түржиыны, салмағы, саны, сорты бойынша пішім картасына сәйкес қабылдау және тапсыру. Пішімді, қалдықтарды шикізат түріне, үлгісіне қарай дербес электронды-есептеуіш машинасын қолдана отырып, есепке алу. Негізгі және қосымша материалдардың қолданылуын пішім картасына сәйкес талдау. Қалдықтарды уақтылы орау және қоймаға тапсыруды бақылау. Шикізатты қабылдау бойынша өнім жеткізушіге жасалған шағымдардың актісін жасау және ресімдеу.

      137. Білуге тиіс:

      материалдарды, жартылай дайын бұйымдарды, дайын бұйымдарды қабылдау және тапсыру ережесі, қабылданатын және тапсырылатын материалдардың түрлері, бұйымдардың түржиыны, пішімді, қалдықты, қосымша материалдарды есепке алу тәртібі, пішім картасын ресімдеу ережесі, дербес электронды-есептеуіш машинасын қолдана отырып, есеп жүргізу.

      17. Лекало жаюшы

      Параграф 1. Лекало жаюшы, 3-разряд

      138. Жұмыс сипаттамасы:

      жайманы суреттеме бойынша немесе суреттемесіз әр түрлі материалдарға жаю және өңдеу, жамау, төсек-орын және ас үй жаймасы, кашне, шарф, орамал, әр түрлі тыстардың, өндірістегі әр түрлі бөліктер, өзге де бұйымдар мен ойыншықтар бөліктерінің лекалосының жиектерін белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалдарды жұмсау нормаларына сәйкес айналдыра орау. Жайманың суреттемесінің бөліктеріне деректемелерді енгізу, бұйымның жекелеген бөліктерінің өңделетін жерлерін белгілеу. Жайманың трафарет бойынша алынған дайын суреттемесінің анық емес сызықтарын бормен белгілеу. Бұйымдардың бөліктері лекалосының аумағын машинамен өлшеу. Лекало аумағын айқындаудың нәтижесін жазу.

      139. Білуге тиіс:

      бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесі, материалдардың түрлері мен қасиеттері, жаю тәсілдері, нормативтік техникалық құжаттама, лекалосының аумағын өлшеудің әдіс-тәсілдері, бұйымдағы бөліктердің саны, материалдарды жұмсау нормасы, қызмет көрсетілетін машиналардың жұмыс қағидаты.

      Параграф 2. Лекало жаюшы, 4-разряд

      140. Жұмыс сипаттамасы:

      жайманы суреттеме бойынша әр түрлі материалдарға жаю және астар, сыртқы жейде, ішкиім, корсет бұйымдары, бас киім, өндірістік киім бұйымдары мен басқа да бұйымдар бөліктерінің лекалосының жиектерін айналдыра орау.

      141. Білуге тиіс:

      бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесі, жаюдың техникалық шарттары, текстильдік кінәраттарға жол берілетін орындар, бұйымдардың құрылымы, бұйымдардағы бөліктердің саны, бұйымның түржиыны.

      Параграф 3. Лекало жаюшы, 5-разряд

      142. Жұмыс сипаттамасы:

      жайманы суреттеме бойынша әр түрлі материалдарға жаю және пальто – костюм және көйлек (сыртқы жейдеден басқа) түржиыны киімдерінің сыртқы бұйымдарының бөліктері лекалосының жиектерін айналдыра орау. Жайманы суреттеме бойынша әр түрлі материалдарға жаю және астар, сыртқы жейде, ішкиім, корсет бұйымдары, бас киім, өндірістік киім бұйымдары мен басқа да бұйымдар бөліктерінің лекалосының жиектерін белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалдарды жұмсау нормаларына сәйкес айналдыра орау.

      143. Білуге тиіс:

      бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесі, материалдарды жұмсау нормасы, түктің, суреттің бағытын анықтау ережесі, материалдың беті мен суретінің түрін ескере отырып, лекалоны жаю ерекшеліктері.

      Параграф 4. Лекало жаюшы, 6-разряд

      144. Жұмыс сипаттамасы:

      жайманы суреттеме бойынша әр түрлі материалдарға жаю және пальто-костюм және көйлек (сыртқы жейдеден басқа) түржиыны киімдерінің сыртқы бұйымдарының бөліктері лекалосының жиектерін белгіленген техникалық шарттарға, шектеулер мен материалдарды жұмсау нормаларына сәйкес айналдыра орау.

      145. Білуге тиіс:

      барлық бұйымдардың бөліктері лекалосын тиімді жаю және жиектеу ережесі, лекалоны дұрыс жаймау және жиектерін дұрыс жиектемеуге байланысты туындайтын бұйым ақаулықтарының түрлері, оларды жою және алдын алу тәсілдері.

      18. Пішуші

      Параграф 1. Пішуші, 2-разряд

      146. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен таспаның, лентаның, жиектің, шілтердің, резина, шашақ, жиек, орама бөліктеріне, матаны, жалауға, туға, жамылғыға, тура төсек жамылғысы мен пердеге арналған материалды, ас үй және төсек-орын жабдығы, төсемені, орамалды, шарф, кашне, шлемнің астары, қапты жолаққа жиектеу немесе пленкалау, кенептен, миткаль, бөзден, жиһаздың барлық түрлеріне арналған кенептен жасалған дайындамаларды, матаның барлық түрлерін купонға, көркем жазуға арналған мата, текстильді-галантерея өндірісінде перде, тоқыма, тюль және кестеленген жайманы, қиғаштар мен түбіне арналған астарды, маңдайшаларға арналған бөліктерді, картон бұйымдарын, каркастарға арналған болатты пішу. Дөңгелек трикотаж жайманы бөлік бойына кесу. Сөмке, қап, ілмек, әр түрлі бауларға арналған таспаны белгілеп немесе шаблон бойынша кесу, әр түрлі бауларға, жіптерге, таспаның, ленталардың ұштарына балқытылған балауыз жағу, термокескіштерде таспаның, байдың ұштарын, пішуден кейін ленталарды балқыту, парашют өндірісінде паспорт пен бағдарлық парақты қоса отырып, баулар мен таспаны жинақтау.

      147. Білуге тиіс:

      пішу, балқыту, балауыз жағудың әдіс-тәсілдері, материалдардың түрлері мен қасиеттері, партиядағы бөліктердің саны, шектеулер мен сызбаларды оқудың ережесі, әр түрлі материалдарды пішуге арналған машиналарды, өлшеу құралдары мен құрылғыларды пайдалану ережесі.

      Параграф 2. Пішуші, 3-разряд

      148. Жұмыс сипаттамасы:

      фигуралық жаймалар мен пердеге, ойыншық өндірісіндегі барлық бұйымдарға арналған материалдарды, мақтаны, ватинді, марляны, жиһаздың барлық түрлеріне арналған бөліктерді дайындау үшін қаптау материалдарын, қиындылардан жасалған трикотаж бұйымдарын, погон, жұлдызшаларды, ілмектерді, түймелерді, қысқыштар мен басқа да ұсақ бөліктерді машинада немесе қолмен пішу. Материалды галстукке, шұлыққа, кенептен, миткаль, бөзден, жиһаздың барлық түрлеріне арналған кенепті кешенді пішу. Парашют өндірісінде ленталы күмбезге, күмбездердің ілмектеріне арналған ленталарды, аспалы сөмкелер тесілген камералардың шілтерін, жалғастырушы буындарды, күшейтпелі белдіктерді, стренгтерді, монтаждау бауларын партия етіп жинақтау және таңбалау, белгілей отырып пішу.

      149. Білуге тиіс:

      пішудің әдіс-тәсілдері, бұйымдағы бөліктердің саны, бөліктердің мақсаты және олардың пішіні, әр түрлі материалдарды пішуге арналған машиналардың жұмыс қағидаты.

      Параграф 3. Пішуші, 4-разряд

      150. Жұмыс сипаттамасы:

      мақта-мата және зығыр матаны, ішкиімнің, корсет бұйымдарының, астардың, аралық қабаттың, қолғап бұйымдарының, бас киімдердің, балаларға арналған тоқыма бөліктерді, жартылай жүн және пан-жіптен жасалған мақта-мата трикотаж жаймасының қалдықтарын, машинада немесе қолмен пішу. Тоқымасында кінәраттары бар жайманы көрсетілген түржиын бөліктеріне пішу (төсеу, лекалоны жаю, лекалоның жиегін жиектеу, пішу және жинақтау). Мақта-мата трикотаж жаймадан жасалған жартылай тұрақты және купондық бұйымдарды пішу. Жиһаздың барлық түрлеріне арналған материалдарды кешенді пішу. Тартпалы квадрат қалыпты парашютті, клапандарды, ауыспалы сөмкелерді, жұмсақ қаптарды, коуш тыстарын, жалғастырушы буындарды, лекало жиектері немесе лекалолар бойынша жиектеудің фигуралы сызықтары бойынша стренгілерді, лекалоны жайманың жоғарғы қабатына жаю, тік сызықты жіп бойында орналасқан мақта-мата және жібек матадан жасалған бөліктер лекалосының жиегін жиектеу, парашют өндірісінде жаймаға белгі салу. Лекало бойынша тексеру және бұйым бөліктерінің жиегіндегі дәлсіздіктерді кесу. Бөліктерді суретке сәйкес қиыстырып келтіру және кесу. Оң беті мен астардың бөліктерін пішу. Жинақтылығын тексеру.

      151. Білуге тиіс:

      бөліктерді лекало бойынша пішудің, тексерудің әдіс-тәсілдері және кемшіліктерді кесу, матаның оң бетін, түктің бағытын айқындау ережесі, соңғы нүктелерді салу тәртібі, ақаулықтар мен кінәраттардың себептерін жіктеу, бұйымның конструкциясы, жайманы жаю схемасы, оның ерекшеліктері мен қасиеттері, қолданылатын матаның артикулы мен өлшемдері, лекало мен трафареттер, материалдарды жұмсау нормасы және оларды тиімді пайдалану, материалдардың текстильді кінәраттарын түрлері, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы, қолданылатын бақылау-өлшеу құралдары мен құрылғыларын пайдалану ережесі мен құрылысы.

      Параграф 4. Пішуші, 5-разряд

      152. Жұмыс сипаттамасы:

      мақта-мата және зығыр матаны, пальто-костюм және көйлек түржиыны киімдерінің бұйымдары үстінің бөліктерінде мақта-мата және тоқыма трикотаж жаймасын машинада немесе қолмен пішу, химиялық талшықтарды қоса отырып, жүн, жібек мата, жібек трикотаж жайма, матаны, резиналанған матаны, үлбірді, үлбір бұйымдарға арналған өңдеу бөліктеріне арналған былғары, ішкиім бөліктеріне, корсет бұйымдарына, астарға, қолғап бұйымдарына, бас киімдерге арналған былғарыны, өндірістік киім және такелаждық өндіріс бұйымдарының бөліктеріне арналған материалдарды машинамен немесе қолмен пішу. Тоқымасында кінәраттары бар жаймаларды көрсетілген түржиын бұйымдарына пішу (төсеу, лекалоны жаю, лекалоның жиегін жиектеу, пішу және жинақтау). Жүн, жібек, мақта-мата, мақта-мата трикотаж жайманы көйлек және көйлек-костюм түржиыны бұйымдарына эксперименталдық, сынақ және авторлық үлгі пішу. Жібек және жүн жаймадан жасалған жартылай тұрақты және купондық бұйымдарды пішу. Парашют күмбездері, күмбез, камера тыстарын, жұмсақ сүзгілерді, қаптарды, портледтерді, лекало жиектерін жиектеу фигуралық сызықтары немесе талшықтардың орналасуына байланыссыз лекалолар бойынша әр түрлі материалдардан жасалған аспалы сөмкелерді пішу, жаю схемасын таңдау, іріктеу, парашют өндірісінде лекало жиектерін жаю және жиегін айналдыра сызу.

      153. Білуге тиіс:

      тиімді пішудің әдіс-тәсілдері, лекало жаю схемасын таңдау тәсілдері, қолданылатын машиналардың құрылымдық ерекшеліктері.

      Параграф 5. Пішуші, 6-разряд

      154. Жұмыс сипаттамасы:

      пішу машинасында немесе қолмен пальто-костюм түржиыны киімдерінің бұйымдары үстінің бөліктеріне (мақта-мата және матасынан басқа) пішу. Тоқымасында кінәраттары бар жаймаларды көрсетілген түржиын бұйымдарына пішу (төсеу, лекалоны жаю, лекалоның жиегін жиектеу, пішу және жинақтау). Әр түрлі материалдарды үлгі-эталон бұйымдарының оң бетінің, астарының бөліктеріне, сырт киім мен көйлек түржиынының эксперименталдық, сынақ және авторлық үлгідегі бұйымдарына пішу. Бұйымдарды жалғама материалдарды жинақтау. Парашют жабдықтарының эксперименталдық және сынақ үлгілерін, аспалы сөмкелерді, стренгілер мен парашют өндірісіндегі ерекше мақсаттағы бұйымдарды пішу.

      155. Білуге тиіс:

      пішудің әдіс-тәсілдері, парашют жабдықтары мен ерекше мақсаттағы бөліктері мен тораптарын, сондай-ақ сынақ және бірегей үлгілерін пішу технологиясының ерекшеліктері, материалдарды пішу ерекшеліктері, пішу машиналарын баптау және реттеу әдістері.

      19. Тігін бұйымдарын ТВЧ құрылғысында дәнекерлеу

      Параграф 1. Тігін бұйымдарын ТВЧ құрылғысында дәнекерлеу, 3-разряд

      156. Жұмыс сипаттамасы:

      белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес шаблон-электродтарды пайдалана отырып, жоғары жиілікті пісіру құрылғыларында термопластикалық материалдардан жасалған бұйымдардың бөліктері мен тораптарын біріктіру жөніндегі операцияларды орындау. Дәнекерлеу режимін айқындау. Электрод орнату.

      157. Білуге тиіс:

      бөліктер мен бұйымдарды біріктірудің әдіс-тәсілдері, дәнекерлеу режимі, шаблон-электродтардың қалыбы, шаблон-электродтарды орнату ережесі, қолданылатын материалдардың қасиеттері, қызмет көрсетілетін құрылғылардың жұмыс қағидаты.

      Параграф 2. Тігін бұйымдарын ТВЧ құрылғысында дәнекерлеу, 4-разряд

      158. Жұмыс сипаттамасы:

      бұйымның өңірін, жағасын, ілмектерін өңдеу операцияларын орындау, жеңді ашық жең ойындысымен және жағаны белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес шаблон-электродтарды пайдалана отырып, жоғары жиілікті пісіру құрылғыларында термопластикалық материалдардан жасалған бұйымдардың біріктіру жөніндегі операцияларды орындау.

      159. Білуге тиіс:

      көрсетілген операцияларды ТВЧ құрылғыларында орындаудың әдіс-тәсілдері, ТВЧ құрылғысының қуатын, дәнекерлеу уақыты мен басқа да параметрлерін реттеу, тігін бұйымдарын жасау технологиясы, қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылысы.

      Параграф 3. Тігін бұйымдарын ТВЧ құрылғысында дәнекерлеу, 5-разряд

      160. Жұмыс сипаттамасы:

      жеңді жабық жең ойындысымен және белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес шаблон-электродтарды пайдалана отырып, жоғары жиілікті пісіру құрылғыларында термопластикалық материалдардан жасалған бұйымдардың біріктіру жөніндегі операцияларды орындау.

      161. Білуге тиіс:

      көрсетілген операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарының түржиыны, операцияларды орындаудың жүйелігі, ТВЧ құрылғыларының құрылымдық ерекшеліктері.

      20. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші

      Параграф 1. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 1-разряд

      162. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі жабдықтарда ас үй және төсек орын жаймаларын, ойыншық өндірісіндегі жаймалардың барлық түрлерін, орамалдарды, тағы басқа осы сияқты бұйымдарды, бүкпе, жиырылыс, қыртыстарды тегістеу үшін бөліктердің материалдары мен пішімін ылғалды-жылумен өңдеу. Үтіктеу жабдығын қыздыру дәрежесін реттеу. Материалдың қасиетіне байланысты ылғалдандыру.

      163. Білуге тиіс:

      көрсетілген түржиын бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеудің әдіс-тәсілдері, температуралық режим, температураны реттеу тәсілдері, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеуде қолданылатын жабдықтардың түрлері.

      Параграф 2. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 2-разряд

      164. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі жабдықтарда фасонды төсек орын жаймаларын, дайын бас киімдерді, трикотаж және текстильді-галантереялық өндірісте әр түрлі жеке бұйымдарды, ойыншық өндірісіндегі бөліктер мен дайын бұйымдарды, жалғаулар қиыстыру жіктерін, жиегін түзетпей-ақ, бұйымның шағын бөліктерін, бұйымның сыртқы қабатымен қосылмаған астарын ылғалды-жылумен өңдеу. Материалдарды әшекейлеу. Үлбір және иық жапсырмаларын бекіте отырып, өңірдің астарын желіммен қосу. Барқыттан жасалған бас киімнің бөліктерін сөгу.

      165. Білуге тиіс:

      көрсетілген түржиын бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеудің әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеуде қолданылатын жабдықтардың түрлері мен қасиеттері.

      Параграф 3. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 3-разряд

      166. Жұмыс сипаттамасы:

      Әр түрлі жабдықтарда ішкиімнің, өндірістік киім бұйымдарының, трикотаждан жасалған сыртқы киімдердің дайын өнімдерін, галстуктерді, алжапқыштарды, бас киімдерді, корсет бұйымдарын, шалбардың алдыңғы бөлігін, бөліктер мен бұйымдардың жіктерін, жасанды үлбір астарды, ашық ойындыны, үстіңгі иық жапсырмаларын, астарды бұйымның сыртқы қабатымен, қосылатын жылы астармен қоса отырып, үлбір өндірісінде бұйымның тысын астармен қоса отырып ылғалды-жылумен өңдеу. Сыртқы тыстың бөліктерін желімделген төсемелерге, жиекке, аппликацияларды бөліктерге, бұйымдарға жабыстыру, көйлек түржиыны бұйымдарын булау. Әр түрлі материалдардан жасалған қалпақ-панамаларды, береттерді, жокейка, тақияларды, капорларды, пилоткаларды, шлемдерді, малақайларды (құлақшындардан басқа) булау, түзету, кептіру. Мауыты және былғары қалпақтарды, носки, унтыларды керіп түзету. Биялай, қолғаптарды түзету. Бас киім, погон өндірісінде жасанды былғарыдан жасалған бөліктерді престеу.

      167. Білуге тиіс:

      көрсетілген түржиындағы бөліктер мен бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, булаудың, түзетудің әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарын жасау технологиясы, көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеу үшін қолданылатын жабдықтардың түрлері, қолданылатын жабдықтар жұмысындағы шағын кемшіліктерді жою тәсілдері.

      Параграф 4. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 4-разряд

      168. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі жабдықтарда дайын бұйымдарды: бекеш, бушлат, жилет, комбинезон, қысқа комбинезон, форма көйлек, шалбар, көйлек түржиыны киімдерінің бұйымдары, трикотаж көйлек, пальто-костюм түржиыны сыртқы бұйымдарын және басқаларды, мойын, қарама-қарсы матадан жасалған жаға, қайырма, погон, пат, белдіктерді, өңірді, шлица, ойынды, жабық қайырма жеңді, бұйымның етегін, шалбардың артқы бөлігін ылғалды-жылумен өңдеу. Қарама-қарсы матадан жасалған жаға, қайырма, погон, пат, белдіктерді бұйымның жиегіне қосу. Үлбір, жүн, жібек, барқыт, табиғи және жасанды таспадан жасалған бас киімдерді булау, түзету, кептіру, пальто-костюм түржиынының дайын бұйымдарын және көйлек түржиынының барқыттан жасалған бұйымдарын булау.

      169. Білуге тиіс:

      көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, түзетудің, кептірудің әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарының түржиыны, операцияларды орындау жүйелілігі, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеу кезінде қолданылатын жабдықтардың түрлері.

      Параграф 5. Тігін бұйымдарын термоөңдеуші, 5-разряд

      170. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі жабдықтарда дайын бұйымдарды: пальто, шинель, сыртқы үлбір киімдерді, плащтарды, куртка, пиджак, фрак, визитка, мундир, китель, астарлы және жылыланған жакеттерді ылғалды-жылумен өңдеу. Бюстгалтерлердің көкірекшелерін қалыптау. Қалпақ, фуражка, әр түрлі материалдардан жасалған малақайларды булау, түзету, кептіру.

      171. Білуге тиіс:

      көрсетілген түржиындағы бұйымдарды ылғалды-жылумен өңдеудің, булаудың, түзетудің, кептірудің әдіс-тәсілдері, көрсетілген түржиындағы тігін бұйымдарын ылғалды-жылумен өңдеу кезінде қолданылатын жабдықтардың түрлері.

      21. Бас киімдерді қалыптаушы

      Параграф 1. Бас киімдерді қалыптаушы, 4-разряд

      172. Жұмыс сипаттамасы:

      әйелдерге арналған шляпалардың қаңқасын қалыптау. Қаңқасын желімдеу, кептіру. Қалыптарды кептіру шкафына салу және одан шығару.

      173. Білуге тиіс:

      әйелдерге арналған шляпалардың қаңқасын қалыптаудың әдіс-тәсілдері, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, бұйымдардың түржиыны мен қалыптардың түрлері, кептіру режим, желімнің мөлшері, кептіру шкафының жұмыс қағидаты.

      Параграф 2. Бас киімдерді қалыптаушы, 5-разряд

      174. Жұмыс сипаттамасы:

      фетр шляпаларды жүн және құс жүні қалпақтарынан қалыптау. Фетр шляпаларды желімдеу, ұзындығы мен еніне қарай керу, қалыпқа орналастыру, рельефін, бүкпелерін салу, түгін бағыттау, қалыпқа бекіту және кептіру. Қалыптарды кептіру шкафына салу және одан шығару.

      175. Білуге тиіс:

      желімдеу, сөгу, керу, қалыпқа керу, рельефін, бүкпелерін салу, түгін бағыттау, қалыпқа бекіту әдістері мен тәсілдері, фетр шляпалардың түржиыны және фетрдің түрлері мен қасиеттері, кептіру режимі, ақаулықтардың пайда болу себептері және олардың алдын алу шаралары.

      22. Фурнитурашы

      Параграф 1. Фурнитурашы, 2-разряд

      176. Жұмыс сипаттамасы:

      көкірекшелерді тарту және түймені, жіптерді әр түрлі материалдармен керу. Бөліктер мен бұйымдарды лактауға дайындау. Бөліктер мен бұйымдарды лактау және тегістеу. Әшекей баулар мен басқа да әшекейлерді әр түрлі материалдардан жасау. Кавалериялық жабдықтарға арналған саптарды және серуен әбзелдерін жасау, кавалериялық ер-тоқымның терлігіне үлкен сүре жасау.

      177. Білуге тиіс:

      бөліктер мен бұйымдарды тарту, керу, лактау, тегістеу және өңдеу бөліктері мен декоративті әшекейледі жасаудың әдіс-тәсілдері, алғашқы бояу, бояу, лактау, кептіру режимі, лак сапасы, қолданылатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, түстерін таңдау ережесі.

      Параграф 2. Фурнитурашы, 3-разряд

      178. Жұмыс сипаттамасы:

      иірілген жіпті және басқа да материалдарды түстері бойынша таңдау. Әр түрлі өңдеу бөліктерін (бау, кутас, помпон, шашақ, желбірек, вуалетка және тағыда басқа) қолмен немесе құрылғылардың көмегімен жасау. Әшекейлеу бөліктерін жасауға арналған құрылғыларды толтыру, тазалау, майлау, ұсақ жөндеу. Бұйымдардың сапасын бақылау.

      179. Білуге тиіс:

      әшекейлеу бөліктерін жасаудың әдіс-тәсілдері, фурнитураны жасауға арналған құрылғыларды пайдалану тәсілдері, жасалатын бұйымдардың түржиыны, иірілген жіптің, материалдардың түрлері, ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары және жою тәсілдері, жасалатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

      Параграф 3. Фурнитурашы, 4-разряд

      180. Жұмыс сипаттамасы:

      әшекей түймелерді, жіптерді целлулоидтан, ағаштан және басқа да материалдардан жасау.

      181. Білуге тиіс:

      әшекей түймелер мен жіптерді жасаудың әдіс-тәсілдері, түймелер мен жіптердің формасы, ақаулықтардың пайда болу себептері, олардың алдын алу шаралары және жою тәсілдері.

      23. Киім-кешек суретшісі

      Параграф 1. Киім-кешек суретшісі, 3-разряд

      182. Жұмыс сипаттамасы:

      сән үрдісін ескере отырып, күрделі емес киімдердің эскиздерін шығармашылық әзірлеу және материалда жекелеген бұйымдарды:

      халат, пижама, жеңіл көйлектерді, өндірістік киімдерді жасау бұйым жасау үшін материалдардың үлгілерін таңдау. Күрделі технологиялық буындарды өз бетінше жасау.

      183. Білуге тиіс:

      киімді мақсаты бойынша жіктеу, сурет, бейне, композиция, пластикалық анатомия негіздері, киімді құрастыру және үлгісін жасау тәсілдері, киім жасау және заманауи өңдеу технологиясы.

      Параграф 2. Киім-кешек суретшісі, 4-разряд

      184. Жұмыс сипаттамасы:

      сән үрдісін ескере отырып, әр түрлі түржиынды маталар үшін киім бұйымдарының күрделі эскиздерін шығармашылық әзірлеу. Үлгі эскизіне сәйкес құрылымдар мен лекалолар жасау, бұйымдарды технологиялық өңдеу және оларды материалда: жейде, юбка, шалбар, жилет, балалар киімдерінде жасау.

      185. Білуге тиіс:

      киімге қойылатын заманауи тұтынушылық талаптар, киімдегі "стиль" ұғымы, бұйымдарды түйіндер бойынша технологиялық өңдеу тәсілдері, киімді құрастыру әдістері мен жүйесі, киім-кешек тарихы.

      Параграф 3. Киім-кешек суретшісі, 5-разряд

      186. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі мақсаттағы жеңіл және сыртқы түржиыны киімдерінің эскиздерін шығармашылық өңдеу және оларды: көйлек, куртка, жакет, плащ, пальто, қысқа пальто, фрак, әр түрлі матадан жасалған пиджактарды жасау.

      187. Білуге тиіс:

      киім-кешек тарихы, киімді көркем құрастыру және үлгісін жасау, киімді әшекейлеу, киім бұйымдарын технологиялық өңдеудің барлық түрлері.

      Параграф 4. Киім-кешек суретшісі, 6-разряд

      188. Жұмыс сипаттамасы:

      эскиздерді шығармашылық жобалау, олар бойынша үлгілер жобалау және ұлттық дәстүрді ескере отырып, аксессуарлар мен көркем суреттелген маталарды пайдалана отырып, әр түрлі мақсаттағы киім-кешек жинақтары мен ансамбльдерін жасау.

      189. Білуге тиіс:

      текстиль бұйымдарын ресімдеудің заманауи бағыттары, киім-кешек пен оюды дамытудағы ұлттық ерекшеліктер.

      Параграф 5. Киім-кешек суретшісі, 7-разряд

      190. Жұмыс сипаттамасы:

      эксклюзивті үлгілер топтамасын шығармашылық әзірлеу. Перспективті үлгілер топтамасын құрастыру және оларды жасау.

      191. Білуге тиіс:

      әр түрлі кезеңдердегі қалып үлгілерінің дамуын зерттеу және талдау негізінде киім-кешек қалыптарын жобалау қағидаттары, эксклюзивті топтама жасаудың заңдылықтары.

      24. Тігуші

      Параграф 1. Тігуші, 2-разряд

      192. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі материалдардан бұйымдар тігу жөніндегі дайындық және қарапайым жұмыстарды машинада немесе қолмен орындау. Пішім сапасын, фурнитураның бұйымның түсі мен мақсатына сәйкестігін бақылау. Жіптің үзілуін болдырмау, шөлмекті ауыстыру. Жіптің тартылуын және тігістің жиілігін реттеу.

      193. Білуге тиіс:

      дайындық және қарапайым операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, қызмет көрсетілетін машиналардың мақсаты және пайдалану ережесі, иненің нөмірі, жіпті, бекіту, шөлмекті ауыстыру, жіптің тартылуын және тігістің жиілігін реттеу ережесі.

      194. Жұмыс үлгілері:

      тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, такелаждық және тоқыма өнеркәсібінің басқа да өндірістері.

      Өткізу:

      1) ілмектерді реттеуіштерге,

      2) икемді лентаны иіргішке.

      Айналдыру:

      3) бөлікті,

      4) жиегін, бұрыштарын түзете отырып бөліктерді, бұйымдарды,

      5) бұйымдарды.

      Қию:

      6) өңдеу бөліктерін,

      7) өңірдің астарын жиегіне және ілмекке.

      Дайындау:

      8) әр түрлі материалдардан сүйірлерді,

      9) жұмсақ тара,

      10) фирмалық лента (балқыту).

      Кесу:

      11) тігістің артығын,

      12) сыртқы бетінің, астарының, ілкі қабатының артығын,

      13) тегістеу жіктерін.

      Жасау:

      14) жіптен жасалған ілмектерді,

      Бор жағу,

      15) бормен таңбалау.

      Жағу:

      16) погондағы, орамадағы, маңдайшалардағы, лентадағы белгілер,

      Өңдеу:

      17) ас үй және төсек орын жаймасы.

      Қаптау:

      18) түйме.

      Қолмен тігу:

      19) бөліктерді айналдыруға арналған саңылауларды, басқа осыған ұқсас жұмыстар.

      Біріктіру:

      20) астар мен ішкі қабаттың тігісін сыртқы бетінің тігісімен.

      Бүгу:

      21) біздің ілмегін.

      Жабыстыру:

      22) бөліктерді.

      Жару:

      23) бөліктердің жиегін,

      24) жіктерді.

      Жарып кесу:

      25) жиектерін ілмектерге,

      26) бөліктерді ұзын бойына.

      Тілу:

      27) бауларды, шілтерді, жапсырмаларды, ілмектерді, белдіктерді.

      Қосу:

      28) ілмекті бөліктермен, бұйымдармен,

      29) резеңкенің ұштарын,

      30) резеңкенің, шілтердің, жиектің ұштарын бөліктермен, бұйымдармен,

      31) белдікті бұйыммен,

      32) этикеткаларды бұйыммен.

      Бекіту:

      33) сыртқы қабаттың, астардың ішкі қабаттың бөліктерін кнопкаға түймеге, "найзағайға".

      Тарту:

      34) тігістен кейін жинақтау үшін жіпті.

      Орау:

      35) шалбардың таспасын арнайы құрылғыға,

      36) тегістелген белдікті кассетаға.

      Ішіне салу:

      37) бөліктерді, түймелерді, кнопкаларды және басқа да қалтаға.

      Жөндеу:

      38) жұмсақ тара.

      Алып тастау:

      39) көктеу жіптерін.

      Тазалау:

      40) бөліктер мен бұйымдарды, щеткамен, химиялық құраммен,

      41) бұйымдарды өндірістік қоқымнан қағу арқылы,

      42) бұйымдарды өндірістік қоқымнан (жіп, жапсырма, көктеу жіптерінен),

      43) ішінде жылылау қабаты бар бұйымдардың ілмектерін.

      Трикотаж өндірісі.

      Өңдеу:

      46) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу (мақта-мата бұйымдары),

      47) дөңгелек шұлық автоматында жасалған носки-шұлық бұйымдары.

      Еңбек бөлінісінсіз тігу:

      Бас киім.

      Біріктіру:

      48) носки-шұлық және қолғап бұйымдарын жұптау,

      49) жайманың бөліктерін ұзындығы бойынша,

      50) жайманың бөліктерін ені бойынша,

      Торлау:

      51) шұлықтың шетін,

      52) ілмекті өңдей отырып шұлықтың үстін.

      Тоқыма-галантереялық өндіріс.

      Біріктіру:

      53) купондарды ұзындығы бойынша кестелеу үшін.

      Бас киім өндірісі.

      Кесу:

      54) құлақ ойындысы,

      Шлемнің қарауға арналған рамалары.

      Бүгу:

      55) белбеулерді.

      Өлшеу:

      56) бөліктер мен бұйымдарды.

      Өңдеу:

      57) өңдеу бөліктерін,

      58) маңдайшаларды.

      Орау:

      59) үстіңгі және төменгі шапканың жиегін.

      Қию:

      60) жасанды үлбірден жасалған бас киімдерді.

      Тесу:

      61) саңылау,

      Тарау:

      62) бас киім.

      Жұқалау:

      63) қалың жерлерді.

      64) басқа бұйымдар өндірісі.

      Дайындау:

      65) қақпақ, бау.

      Керу:

      66) Ту.

      Иіру:

      67) жіпті, арқанды жеке бөліктерге,

      68) арқанды.

      Біріктіру:

      69) иірілген жіпті.

      70) киіз басу өндірісі.

      Біріктіру:

      71) бөліктерді, техникалық киіз сүзгілерді, төсемелерді және тағыда басқа.

      Тоқыма өнеркәсібінің басқа да өндірістері.

      Тігу:

      72) автотөсемелер және басқа да бұйымдар,

      73) қаптар мен басқа да бұйымдар.

      Бекіту:

      74) тамбурлық тігістер.

      Қосып тігу:

      75) дайын маталардың бумасын.

      Біріктіру:

      76) матаны.

      77) жүн өндірісі.

      Өңдеу:

      78) орамалды.

      Параграф 2. Тігуші, 3-разряд

      195. Жұмыс сипаттамасы:

      әр түрлі материалдардан бұйымдар тігу жөніндегі қарапайым операцияларды машинада немесе қолмен орындау. Бөліктердің, бұйымның, қосымша материалдардың, жіптердің түсінің сәйкестігін бақылау.

      196. Білуге тиіс:

      бұйымдарды тігу бойынша қарапайым операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, тігістердің түрлері, материалдардың түрлері мен қасиеттері, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылысы.

      197. Жұмыс үлгілері:

      тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, тоқыма өнеркәсібінің киіз басу, такелаждық және басқа да өндірістері.

      Сырып тігу:

      1) жылы салмасы бар астарды.

      Қайып тігу:

      2) погон мен қолғаптағы суреттерді.

      Бекіту:

      3) блоктарды,

      4) кнопкаларды,

      5) шалбардағы ілмектерді,

      6) хольнитендерді,

      7) тігістерді.

      Бор жағу:

      8) бөліктердегі сызықтар,

      9) кнопка, ілмек, түймелердің орналасқан орны.

      Қолмен орау:

      10) үлбірден жасалған бөліктер,

      11) жылы астарды бұйымның сыртымен,

      12) өңір астарының қабаттарын.

      Торлау:

      13) сақиналарды,

      14) көрпе мен пледтердің жиегі,

      15) кілем мен кілем бұйымдарының жиектерін,

      16) саңылауларды,

      17) ілмекті,

      18) бөліктер мен бұйымдардың кесілген жерін тігіспен,

      19) жиектерін бүге отырып, бөліктер мен бұйымдарды кесу,

      20) бөліктер мен бұйымдардың кесіндісі, тігістері.

      Нөмірлеу:

      21) бөліктер.

      Өңдеу:

      22) үстінің бөліктерін (клапан, қабаттарын, белдік, пат, шлица және тағыда басқа),

      23) бұйымның етегін (трикотаж жайма),

      24) астарды,

      25) қалтаның астарын,

      26) ішкі қабатты,

      27) таспа сала отырып бұйымның ілмектерін.

      Тілу:

      28) үстінің бөліктерін.

      Көмкеріп тігу:

      29) жеңнің астарын ойындыға.

      Бекіту:

      30) жылы астардың жиегін өңірдің астарына,

      31) жіктерді,

      32) жіктерді астарға.

      Біріктіру:

      33) бұйымның бөліктерін,

      34) үстінің бөліктерімен жиекті, астарды,

      35) астарды, өңірдің астарын жылы астарға,

      36) астардың, жылылау салмасының жеңін ашық ойындыға,

      37) "молния" ілгегін жасауға арналған арнайы машинада иректемені таспаға,

      38) "молния" таспасын бөліктермен,

      39) қолмен фурнитураны, өңдеу фурнитурасын бұйымдармен, бөліктермен.

      Жиектеу:

      40) жіктерді.

      Тарау:

      41) жасанды үлбірден жасалған бұйымдардың жіктерін.

      Бүктеу:

      42) жейдені.

      43) үлбір өндірісі

      Сырып тігу:

      44) үлбір жиекті.

      Бекіту:

      45) ашық төсеменің шетін үлбір сыртының тиісті жіктеріне төсемені ішке қарай бүге отырып.

      Трикотаж өндірісі.

      Орындау:

      46) арнайы машинада резина тарту жұмыстары.

      Өңдеу:

      47) ерлердің ішкиімінің алдыңғы бөлігін планканың бөліктеріне,

      48) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын тігу (капрон, эластик),

      49) носки-шұлық бұйымдарының сүйір басын автоматтандырылған тігу үшін машинада.

      Тоқыма-галантерея өндірісі.

      Қаптау:

      50) көркем дара бұйымдарды.

      Салу:

      51) фуражканың қаңқасын оның негізі мен тысына.

      Такелаждық өндіріс.

      Дайындау:

      52) жылытқышта,

      53) рамалардың тұғыры.

      Сырып тігу:

      54) өңір таспасын плащ-палатканың жиегіне,

      55) плащ-палаткаға таспа сала отырып, иыққа орнататын салманы,

      56) планканы плащ-палатканың тілігіне.

      Тілу:

      57) такелаждық бұйымдар.

      58) басқа бұйымдар өндірісі.

      Өңдеу:

      59) заттық қаптар.

      Тігу:

      60) желдеткіш келте құбырлар,

      61) локомотивтерге, жеңге суфлені,

      62) жылытуға арналған тыстар.

      Параграф 3. Тігуші, 4-разряд

      198. Жұмыс сипаттамасы:

      машинада немесе қолмен әр түрлі материалдардан бұйымдарды тігу жұмысы бойынша күрделілігі орташа операцияларды орындау. Қызмет көрсетілетін машина жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою.

      199. Білуге тиіс:

      күрделілігі орташа операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, бұйымдардың түржиыны, авиацияда қолданылатын тігу материалдарының түрлері мен сапасы, қызмет көрсетілетін машина жұмысындағы ұсақ кемшіліктерді жою тәсілдері.

      200. Жұмыс үлгілері:

      тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, тоқыма өнеркәсібінің киіз басу, такелаждық және басқа да өндірістері.

      Өңдеу:

      1) астарлы ішкі қалталарды,

      2) бұйымның етегін,

      3) жеңнің ұшын,

      4) ашық ойындыларды,

      5) бұйымдардың кесіндісін өңдей отырып, ілмекті немесе ілгекті таспаны жартылай автоматта жару,

      6) күрделілігі орташа қатпар, жиырылыс (трикотаж жайма).

      Жиектеу:

      7) үстінің бөліктерін,

      8) астардың бөліктерін,

      9) үлбір астардың бөліктерін,

      10) тұтас перделік жайманың жиектері.

      Сырып тігу:

      11) кез келген бөліктегі өңдеу тігістері,

      12) сырғыма лента сала отырып, қайып тігілген белбеу мен манжет бойынша өңдеу сырма тігістері.

      Қиыстырып келтіру:

      13) бұйымның үсті арқылы, біріктірілетін жылылау бөлігіне астарды.

      Біріктіру:

      14) шалбардың қыры мен орта бөліктері,

      15) корсет бұйымдарындағы көкірекше бөліктерін жеке салынатын тігіспен,

      16) шілтерді бөліктермен және бұйымдармен,

      17) грацияның артқы бөліктері бар жарғақ,

      18) жеңі бар манжеттер,

      19) кесінді бөлікті корсет бұйымдарындағы көкірекше бөліктерін жеке салынатын тігіспен,

      20) астарды бұйымның үстімен, жеңнің төменгі бөлігімен,

      21) иықтың салмасы, жеңнің түпкі қондырмасы,

      22) иық ойындысын мақта-мата таспасымен,

      23) астардың, жылылаушы астардың жеңін жабық жең ойындысымен,

      24) жеңді ашық ойындыға және регланға,

      25) "молния" таспасын бұйымдармен,

      26) ілмекті немесе ілгекті таспаны бұйыммен,

      27) белдікұстағышты шалбардың үстіңгі бөлігімен және белбеумен,

      28) балақбауды шалбардың, рейтуздың балағымен,

      29) 3, 4 бөліктен тұратын корсет бұйымдарының көкірекшелерін (астарлы),

      30) көкірекшелерді корсет бұйымдарындағы өн бойы ашық кесіндімен сырма тігіспен.

      Қалыптастыру:

      31) машинада үлкен етіп бөліп бұйымның бөліктеріне бүкпелер жасау.

      Сырып тігу:

      32) аппликацияны,

      33) жиекті бөліктеріне 2 инелі машинада,

      34) былғарыны "зиг-заг" машинада,

      35) өлшемдік таспа сала отырып немесе икемді сызық сала отырып, белдікті қырынан, астынан және үстінен әдіпті немесе өңдеуді,

      36) өлшемдік таспа немесе ілмек бау сала отырып, корсет бұйымдарын қырынан, астынан және үстінен әдіпті немесе икемді таспаны,

      37) икемді таспаны сала отырып, корсет бұйымдарындағы көкірекшелерді қырынан және бүйіріндегі бөліктерін үстінен өңдеуді,

      38) бүйір бөліктерін және ластовицаларды әдіптей отырып, корсет бұйымдарындағы көкірекшені тіліктері бойынша өңдеу,

      39) әдіпті әдіптей отырып және қаңқаны сала отырып, корсет бұйымдарындағы көкірекшенің төменгі бөліктерін әдіптеу тігістері,

      40) икемді таспаны етегі бар лифке,

      41) юбканы бюстгалтерге, полуграцияға жабық контур бойынша икемді таспаны.

      Сырып тігу:

      42) корсет бұйымдарындағы көкірекшені әдіптеу жіктерін.

      Жүн салу:

      43) астарды үлбір тысқа,

      44) жылылау қабатына қосылған астарды үлбір қабатқа.

      Үлбір өндірісі.

      Біріктіру:

      45) тығынды бас киімдерге,

      46) үлбір астарды жеңнің, қолғаптың сыртқы қабатына.

      Трикотаж өндірісі.

      Қосып тігу:

      47) икемді таспаны жүргізе отырып, арнайы машинада сыртқы бұйымдарды.

      Сырып тігу:

      48) мойны, манжеті, жағасы арқылы өңдеу тігістерін,

      49) жиектерін бүге отырып, бұйымның немесе жеңнің төменгі бөлігі бойынша өңдеу тігістері.

      Біріктіру:

      50) жағаны мойынмен,

      51) жапсырма қалтаны, қабатты, клапанды бөліктерімен (бұйыммен),

      52) планканы бұйыммен,

      53) рельефті тігістерді.

      Өңдеу:

      54) жағаны.

      Еңбек бөлінісінсіз тігу:

      55) шалбар,

      56) шөлке автоматтарынан балалардың киім-кешегін,

      57) ішкиімге арналған трикотаж бұйымдарын (комбинация, ұйықтауға арналған жейделер, пеньюар),

      58) қолғап бұйымдары,

      59) шұлық,

      60) рейтуз.

      Жасау:

      61) жалпағынан бүгіп бұйымдарда бүкпе жасау.

      Сөгу:

      62) юбканың, шалбардың, тоқыма көйлектің мойнын, жең ойындысын, инішін, етегін (үстін);

      63) тігістерді.

      Тоқыма-галантерея өндірісі.

      Еңбек бөлінісінсіз тігу:

      64) бант,

      65) жапсырмалар,

      66) галстук,

      67) погон,

      68) ерлердің баулары,

      69) ерлердің помочтері,

      70) ерлер мен әйелдердің белбеулері,

      71) регат.

      Қию:

      72) көрпе мен пледтердің бұрыштарын 4 жағынан (дөңгелектеу).

      Айналдыра тігу:

      73) көрпе мен пледтерді "зиг-заг" тігісімен айналдыра тігу.

      Бас киім өндірісі.

      Майыстыру:

      74) қалпақтардың жиегін.

      Қаптау:

      75) картон, парусина және тағыда басқа күнқағарларды.

      Такелаждық өндіріс.

      Өңдеу:

      76) майланған кендір арқанмен тартылған палатка.

      Тігу:

      77) брезент;

      78) авиацияда қолданылатын жібек, брезент және тағыда басқа материалдардан жасалған бұйымдар- ұшақ кабинасын іштен қаптауға арналған баулап тігу, құрал-жабдықтардың сөмкесі, пилот пен штурманның креслосының тысы, мотор мен жеңге арналған тыс, тегістеу, жамауды байқалмайтын тігіспен тігу, материалды сызбалар мен шаблондар бойынша ашу, ұшақтың жұмсақ керек-жарағын жөндеу және тігу;

      79) палатканың шатыры, тұйығы, қабырғасы, терезесі, есігі, желдеткіш орындары;

      80) тент;

      81) антеннаға арналған қаптама.

      Біріктіру:

      82) жіп, ағаш қақпалар, планкалар және басқа да бөлшектер.

      Жүн өндірісі.

      Өсіру:

      83) қарапайым өрілген техникалық шұға.

      Басқа бұйымдардың өндірісі.

      Өңдеу:

      84) рюкзак.

      Әдіптеу:

      85) кез келген формалы тесікті.

      Біріктіру:

      86) майланған, кендір арқанның ұштарын.

      Параграф 4. Тігуші, 5-разряд

      201. Жұмыс сипаттамасы:

      бұйымдарды әр түрлі материалдардан тігу жөніндегі күрделі операцияларды машинада немесе қолмен орындау. Қызмет көрсетілетін машинаның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою.

      202. Білуге тиіс:

      күрделі операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, тігін бұйымдарының түржиыны, қызмет көрсетілетін машинаның жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою тәсілдері.

      203. Жұмыс үлгілері:

      тігін, үлбір, трикотаж, тоқыма-галантерея, бас киім, басқа бұйымдар, тоқыма өнеркәсібінің киіз басу, такелаждық және басқа да өндірістері.

      Бормен белгілеу және қию (бұйымды):

      1) өңірін, лацканды, мойынды, жең ойындысын, бұйымның етегін,

      2) жағаны,

      3) суретті (торды, жолақтарды) қиыстырып келтіру кезінде үстінің бөлшектері.

      Қолмен орау:

      4) ілмекті.

      Өңдеу:

      5) өңірді;

      6) жағаны;

      7) мойынды;

      8) бөліктерді терең отырғыза отырып (трикотаж жайма);

      9) капюшон;

      10) сырт киімнің бөліктеріндегі тілік қалта;

      11) лацкан;

      12) әдіптелген ілмек;

      13) жабық ойындылар;

      14) алдының планкамен тіліктері;

      15) рельеф (трикотаж жайма, жасанды үлбір);

      16) аса күрделі бүрмелер, тартпалар (трикотаж жайма);

      17) 10 сантиметр кемінде 5 бүрмеден келетін бүрмелер мен тартпалар (негізі тоқыма перделік жайма).

      Сырып тігу:

      18) бұйымның етегі мен жеңін сырып тігу;

      19) резина сала отырып, жеңнің төменгі жағын сырып тігу;

      20) өңірі, лацканды, жағасын сырып тігу;

      21) погондарды жиекке.

      Бекіту:

      22) астарды, ішкі салманы ойындылардың тігістеріне.

      Қию:

      23) сырт киімнің бөліктеріндегі саңылауларды;

      24) алдыңғы бөлігін планкамен өңдеу үшін.

      Біріктіру:

      25) мойны бар жаңалар мен капюшондар;

      26) сырт бөліктері бар ішкі жағынан жапсырма қалта;

      27) бөліктері мен бұйымдары бар жапсырма қалталар;

      28) өңірлі, қабат лацканды жиектер;

      29) юбкалы лифтер;

      30) манжетті жеңнің төменгі бөлігімен бір тігіспен;

      31) саусақшаларды қолғапқа;

      32) үлкен саусақты қолғапқа;

      33) жоғарғы бөлігі жиектелген жағдайда астарды жоғарғы бөлігімен;

      34) белдікті шалбардың, юбканың, куртканың жоғарғы бөлігімен;

      35) жеңді бұйымның жабық жең ойындысымен орнатпай;

      36) "молния" таспасын бұйымдарға (трикотаж жайма);

      37) көкірекшелерді бюстгалтердің жабық кесіндісіне.

      Үлбір өндірісі.

      Жасау:

      38) үлбір бұйымдардың юбкасындағы бүрмелер.

      Сырып тігу:

      39) оюланған қолғап (сыртқы беті).

      Біріктіру:

      40) жиектер, әдіптерді биялаймен;

      41) қолғап.

      Трикотаж өндірісі.

      Еңбек бөлінісінсіз тігу:

      42) сыртқы трикотаж бұйымдары.

      Біріктіру:

      43) биялайды саусақшалармен;

      44) қолғапты;

      45) сызықтарды қолғаппен.

      Тоқыма-галантерея өндірісі.

      Еңбек бөлінісінсіз тігу:

      46) қалыңдықтың желегі.

      Бас киім және киіз басу өндірісі.

      Жапсырмалар:

      47) фуражкаларға тіректі.

      Сырып тігу:

      48) табиғи және жасанды талшықтардан жасалған таспаны үлгі формасы бойынша.

      Өңдеу:

      49) былғары бас киімнің қалпақтары.

      Кесу:

      50) табиғи үлбірден жасалған бас киімдер.

      Сырып тігу:

      51) сабаннан жасалған шляпа.

      Біріктіру:

      52) амортизаторлардың тарамдарын шлемофонның үстімен;

      53) жиекті, оқалы бас киімдердің бөліктері;

      Такелаж бұйымдар өндірісі.

      Орау:

      54) бау сақиналарды немесе тұйық жіптерді сала отырып дөңгелек саңылауларды.

      Өңдеу:

      55) саңылауларын қаптай отырып, сақина бауларды немесе тұйық бауларды сала отырып, болат арқанмен тарта отырып палатканы.

      Тігу:

      56) терезесі мен есігін бітеу отырып, рифтерін сырып тігу арқылы палатканың шатырын, тұйығын, қабырғасын палаткаға.

      Орналастыру:

      57) палаткалардың қаңқасы.

      Жүн өндірісі.

      Өсіру:

      58) күрделі өрімдердің техникалық мауыты.

      59) басқа бұйымдардың өндірісі.

      Өсіру:

      60) жіптердің, майланған кендір арқандарды коушке.

      Салу:

      61) буйкаларды, кранецтерді, кеудешелерді тығынмен.

      Салу:

      62) туларға күрделі суреттер.

      Қосып тігу:

      63) сөмкелердің жиектерін.

      Біріктіру:

      64) болат арқандардың бастарын.

      Арасын тігу:

      65) қуыршақтарға арналған париктерді полиэтилен және пластизоль қалпақтарға.

      Параграф 5. Тігуші, 6-разряд

      204. Жұмыс сипаттамасы:

      бұйымдарды әр түрлі материалдардан тігу жөніндегі күрделі операцияларды машинада немесе қолмен орындау.

      205. Білуге тиіс:

      аса күрделі операцияларды орындаудың әдіс-тәсілдері, қызмет көрсетілетін машиналардың құрылымдық ерекшеліктері.

      206. Жұмыс үлгілері:

      Тігін, үлбір өндірістері.

      Пальто-костюм түржиыны бұйымдарының бөліктерін біріктіру:

      1) жеңді пальтоның, шинель, сыртқы үлбір бұйымдардың, пиджак, фрак, визитка, мундир, китель, плащ, куртка, жакет, комбинезондардың жең ойындысымен.

      Үлбір өндірісі.

      Біріктіру:

      2) тері-үлбір бұйымдарындағы жиектерді сала отырып, юбканы лифке.

      Бас киім өндірісі.

      Перделеу:

      3) шляпа.

      Біріктіру:

      4) фибра күнқағарларды маңдайшамен, фуражкамен.

      Такелаждық бұйымдардың өндірісі.

      Біріктіру:

      5) астарды бұйыммен,

      6) тұйықты палатканың қабырғасымен, шатырымен.

  Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына
(46-шығарылым) 1-қосымша

Жұмысшылар кәсіптерінің алфавиттік көрсеткіші

Р/с

Кәсіптердің атауы

Разряд диапазоны

Беті

1.

Арнайы бас киімдер аппаратурасының монтаждаушысы

4

16

2.

Бас киімдердің үлгісін жасаушы

3-6

15

3.

Бас киімдерді қалыптаушы

4-5

33

4.

Желімдеуші

1-4

9

5.

Кестеші

1-6

3

6.

Көшірмесін жасаушы

2-3

15

7.

Киім-кешек суретшісі

3-7

35

8.

Лекало жасаушы

3-5

8

9.

Лекало жаюшы

3-6

26

10.

Лекалоның орналасуын жобалаушы оператор

7

18

11.

Материалдарды, пішім мен бұйымдарды жинақтаушы

1-5

10

12.

Материалдарды, лекалалар мен бұйымдарды бақылаушы

1-6

12

13.

Материалдар мен дайын бұйымдарды өңдеуші

2-3

20

14.

Материалдарды, жартылай дайын бұйымдар мен дайын бұйымдарды қабылдаушы

2-4

25

15.

Плиссирлеуші-бүрмелеуші

3-6

20

16.

Тігіп пішуші

4-7

5

17.

Пішімін

2-6

27

18.

Төсеуші

2-4

17

19.

Тігін жабдығының операторы

3-6

18

20.

Тігінші

2-7

21

21.

Тігін бұйымдарын ТВЧ құрылғысында дәнекерлеу

3-5

30

22.

Тігін бұйымдарын термоөңдеуші

1-5

31

23.

Тігуші

2-6

36

24.

Фурнитурашы

2-4

34


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады